жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сауат ашудан ашық сабақ Ж дыбысы мен әрпі
|
Күні: 25. 01. 2017 Сынып: 1 Б сынып |
Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: 0 |
||
|
Мұғалімнің есімі: Забенова Алия Ермековна |
Мектеп: Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі. |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Жалау-флаг |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
1.Амандасу салтымыз Оқып біліп жатырмыз Келген қонақ сіздерге Сәлем бердік жалпымыз.
2.Сабағымызды «Ойлан тап» ойынымен бастаймыз. Мен қолымдағы допты әр оқушыға сұрақ қойып лақтырамын. Сендер сұрағыма жауап беріп маған қайтарып бересіңдер.
-Балалар , сендерге ойын ұнады ма? Ал кәнекей орнымызға отырайық. Бірінші топ дауыстылар тобы боласыңдар. Екінші топ дауыссыздар тобы боласыздар. ІІ. Өткенді пысықтау. Өткен сабақта біз дауысты дыбыс Ә дыбысымен танысқанбызда. Қазір дауыстылар тобы ә
дыбысына байланысты топтастырып сөздер
жазады. Дауыссыздар тобы ә дыбысына байланысты
кластер құрастырады. |
Шаттық шеңбері |
|
|
Сабақтың ортасы |
ІІІ. Жаңа сабақ. Мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын айтып, дыбыстық талдау жасайсыңдар.
1. Қараңғыда жымыңдай
жанады, 2. Сумандаған тілі бар. Бұрандаған ізі бар. Тіл ұшында уы бар. Ол не? (Жылан) 3..Шүберек қабығы іші құс мамығы. (жастық) 4. Көктемде көк боп туады, Бұтақтарға қонады. Малынғандай алтынға, Күзге түсі оңады. (Жапырақ ) 5. Ішіне тамақ салынған Есігі тастай жабылған (Жұмыртқа)
Бейнежазба:
сиқырлы әліппе ашылып, «Ж» дыбысынан
басталатын сөздер айтылады. «Ж»дыбысы жайлы түсінік беру. «Ж»
дыбысының айтылу артикуляциясымен
таныстыру..
Ж дыбысының әрпін көрсетіп
ілу. Ж баспа, жазба түрі. Ж дыбысы ұяң дауыссыз
дыбыс. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
|
Сергіту сәті |
«Дыбысты анықта» Ойынның шарты: Балалар орындарын тұрып, мұғалім «ә» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «ж» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
|
Қызықты тапсырма |
3. Топтық жұмыс. Жаңбыр тамшыларынан сөздер құрау.
|
Оқулық, дәптерлер. |
|
|
Бекіту |
Ойын: «Кім тез
ойлайды?». |
||
|
Қорытындылау. |
-Бүгін қай дыбыспен
таныстық? |
||
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия
|
Кеменің суреттері |
|
Табиғатқа саяхат бөлімі бойынша Ж дыбысы мен әрпі тақырыбында ашық сабағым өткен болатын.
Сабақтың мақсаты:
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтан күтілетін нәтиже Барлығы жаңа білімді меңгеріп,тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылай алды. Кейбірі алған білімді өмірде қолдана алады.
Аталған мақсат пен күтілетін
нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың
әдіс-тәсілдерін ойластыра келе, сынып оқушыларының жасы 6-7
аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды солардың жас
ерекшеліктерінің деңгейіне сай
жоспарладым.
Сабақты әдеттегідей ұйымдастырудан бастадым.
Оқушылармен, жаңа күнге сәттілік тілей отыра, амандасып, сабаққа
қатысымын тексеріп, оларды топқа бөлдім. Топ ережесін еске түсіріп
екі топқа жайғасып
отырды. 1-топ –дауыстылар, 2- топ
дауыссыздар. Сабақ барысында оқушылар
тыңдалған материал бойынша өз пікірлерін айтып, берілген тақырыпқа
әңгіме құрап айта білді. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық
нормаларға сәйкес дұрыс айтты. Тақырыпты түсініп, тыңдап,
жетекші сұрақтар арқылы талқылады.
Алған білімді өмірде қолдана алады деп ойлаймын.
Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Осылайша диалогтік оқыту жүзеге асты.
Оқушылар алдынғы сабақтарға қарағанда бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады.
Топтар бір-бірінің таныстырылымдарын «екі
жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады. Бұл тапсырманы орындау
барысында оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын жасауды
аяқтай алмағандықтан мен оларға қосымша 2 минут уақыт
бердім.
Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың
қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында
бағалаудың «Үш шапалақ» түрін қолдандым. Бұл оқушылардың сабаққа
белсенді қатысуына, тіпті тұйық оқушылардың ашылуына да оң әсерін
тигізді, себебі өз сыныптастарының қолдауына ие болған олардың
бойында өз күшіне деген сенімділік
артты.
Өз сабағымды талдай келе оның сәтті және сәтсіз өткен тұстарына тоқталайын. Сабақта жаңа тәсілдерді қолдануымның мынадай тиімділігі болды: оқушылар жеке, жұпта, топта оқу-жазу әрекеттерін іске асырды, әр оқушы өз білім алуына жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге, жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады және бұл олардың танымдық қабілеттерінің жоғарылауына, сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын оятты. Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым. «Бала жаны көрнекілікті жақсы көреді» демекші, сабағымда интерактивті тақта арқылы тапсырмаларды көрнекі түрде көрсету және тапсырмаларды орындауда пайдалану уақыт үнемдеуге көмектесті.
«Кинорежиссер
Аяған Шәжімбаев атындағы
№3 Явленка орта мектебі» КММ-
бастауыш сынып мұғалімі Забенова А.Е.



«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ

Өткізген: 1 «Б» сынып мұғалімі Забенова А.Е.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген