Сәулелі ғұмыр
биіктері
(әдеби сазды
кеш)
(Фанфар ойнатылады, сахнаға
екі жүргізуші шығады)
Дайындаған: Иманова Гаухар
Бердихановна
“Білім-инновация” ер балаларға
арналған
№1 лицей-интернатының 8А сынып
тәрбиешісі
1-
жүргізуші:
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма
қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта,
Адам?
Ар ма, өмір, бар әлемді баурына алып
шайқаған!
2-жүргізуші:
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына
қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па,
жарандар?
Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар,
Адамдар!
1-
жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешіміздің құрметті
көрермендері!
2-жүргізуші:
Қазақ елі тәуелсіздігінің 30 жылдығымен
баршаңызды құттықтаймыз!
1-
жүргізуші: Дүниедегі ең тәтті сөздің не
екенін білесіз бе? Ол, әрине, азаттық, тәуелсіздік. Тәуелсіздік –
бабалар аңсауы. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің
тамырында жатқан құдіретті ұғым.
2-жүргізуші:
2021 жыл - елімізді
тәуелсіздіктің бесігінде тербеткен отызыншы жыл. Осы 30 жыл ішінде
Қазақстан өз алдына дербес, зайырлы ел болды. Әрісі қазақ
хандығынан бастап, берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті
жалғастырып келе жатқан атадан тараған ұрпақтың парызы - осы
аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті
көтеріп, Отанды қастерлеп өту - әрбір ұрпақтың
міндеті.
1-жүргізуші: Осы орайда, тәуелсіздік
мерекесін бүгінгі 2021-2022 оқу жылына тұспа-тұс келетін
халқымыздың біртуар перзенттерінің мерейтойлық даталарымен
байланыстырып, сәулелі ғұмыр биіктерінің шығармашылығына бірге
бойлауға шақырамыз!
2- жүргізуші:
Ендеше, тәуелсіз ел ұрпақтарына өздерінің
сәулелі ғұмырымен үлгі болған дара тұлғаларымызға арналған «СӘУЛЕЛІ
ҒҰМЫР БИІКТЕРІ» атты кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
1-
жүргізуші:
Үміт еткен көзімнің нұры,
балам,
Жаныңа жәрдем берсін Хақ
Тағалам.
Атаң мұнда анаң мен
есен-аман,
Сүйіп, сәлем жазады бүгін саған,-деп білім
жолына шыққан немересіне аталық ақ тілегін арнаған кім екенін
білесің бе?
2- жүргізуші:
Әрине, ол ұлтымыздың дара ұстазы Ыбырай
Алтынсариннің атасы Балғожа би емес пе? Расында да, сол кездегі
бала Ыбырайдың болашақта қазақтың ағарту саласының негізін қалайтын
мықты тұлға боларын атасы сезген болар,
сірә?
1-
жүргізуші:
Туғанына 180 жыл толып отырған
«дала қоңырауы» Ыбырай атамыздың
қазақ балаларына қалай әріп танытқаны туралы бейнебаянды
тамашалайық.
ЭКРАНДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
ТУРАЛЫ
1-
жүргізуші:
Сәлем жолдап шәкіртке дұғай -
дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді
былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен
де
«Кел, балалар, оқылық!»- деді
Ыбырай.
2-
жүргізуші: Расында да, «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңі
күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны
іспетті.
«Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен
достарым»,-деп бүкіл ұлт болашағын келер ұрпағына үлкен үмітпен
жүктеп, келешектен қуаныш күтті. Ендеше, Ыбырай салған сара жолдың
мұрагерлері бізді Ыбырайша білімге
шақырады.
«Кел, балалар, оқылық» өлеңі
оқылады (біртіндеп 8 оқушы ортаға жанып тұрған
шырақпен шығып, өлеңді оқиды. Домбырамен сүйемелдеу
болады).
1-
жүргізуші:
Ел басына күн туып, сын сағаттар соққанда,
жалынды жырымен халық жанына жалау болған ақындар аз емес қазақта.
Соның бірі - жыр алыбы Жамбыл атамыз. «Қазақтың Гомері» атанған
сегіз қырлы, бір сырлы ақынның бір бойында ақындық, жыраулық,
жыршылық, айтыскерлік өнер ғажап
тоғысқан.
2-
жүргізуші: Үстіміздегі жылы Жамбыл атамыздың туғанына
175 жыл толып отыр. Жамбыл шығармашылығының айтулы бір саласы -
айтыс. Тілімен құс тістеген ақын өз дәуірінде қазақ, қырғызға аты
мәшһүр айтыскерлердің бәрін жеңген, сөз танитын жұрттың бәрін
мойындатқан. Бүгінгі кеште Жамбыл атамыздың осы өнерін бойға
сіңірген дарынды жастарымыз айтыс өнерінен аз-кем дүние тарту
етпек.
ЭКРАНДА ЖАМБЫЛ ТУРАЛЫ
БЕЙНЕБАЯН
Сыныптың екі ақын жігіті айтыстан шағын
үзінді көрсетеді.
1-
жүргізуші:
Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген
алаштың ай маңдайлы аруы, Қазақстанның және КСРО-ның
халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланова апамыз
2022 жылдың 1 қаңтарында туғанына 100 жасқа
толады.
2-
жүргізуші:
Кезінде берген бір сұхбатында
күміс көмей апамыз мынадай естелік айтқан
екен: «Мен қайда жүрсем де, қазақтың әнін
ғана емес, қазақ қыздары киген ұлттық киімі мен салт-дәстүрін де
өзіммен бірге өмір бойы серік еттім. Кезекті бір сапарымда
Ұлыбритания еліндегі әйел басшының бірі: «Қазақ әйелдерінің киген
киіміне қарап-ақ олардың қандай халық екенін тануға болады. Бұл
киім байлық пен талғамды аңғартады», - дегені
бар.
1-
жүргізуші: Демек, Қазақтың Розасы Кеңес дәуірінің
өзінде-ақ, әлемнің қай түкпіріне бармасын, халқының мәдениетін,
әдебін, өнерін, салт-дәстүрін насихаттай білген. Бұл да бір ерлік,
халқына деген зор махаббаттың
белгісі.
2-дүниежүзілік соғыс кезінде оқ борап тұрған
майдан далаларында жауынгерлерге рух беріп, оларды жеңіске
ұмтылдыру мақсатында әскер өмірін әнмен көркемдегені де ерлік емей
немене?
2-
жүргізуші: Роза апамыздың ізін басып келе жатқан жас
таланттар жоқ емес. Олай болса, әнші репертуарын өзінше орындайтын
әнші шәкірттеріміздің өнерін
тамашалайық.
ЭКРАНДА РОЗА БАҒЛАНОВА ТУРАЛЫ
БЕЙНЕБАЯН
Ән: «Ах, Самара,
городок»
-
жүргізуші:
Ақындық - Алланың қазаққа көл-көсір етіп
тарта салған сыйы секілді. Қазақтың әрбір ақынын көктегі бір-бір
жұлдызға пара-пар десек, артық айтпаспыз. Биылғы жыл -
ұлттық поэзия патшалығындағы
пайымдауы өзгеден бөлек, сырлы, сымбатты сөз иесі Мұқағали
ақынның 90 жас мерейтойы. Осы ретте
ақын Тұманбай Молдағалиевтің Мұқағали туралы
мына пікірі еріксіз еске түседі: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана
жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің
жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз». Расында да, жапырақ
жүрек жас қайыңға сырын ақтарған Мақатаев поэзиясы ерекше
әлем.
2-
жүргізуші: Ақиық ақынның Отан жайлы жырларын бүгінгі
жастарымыздың орындауында тамашалайық
/6 оқушы кезекпен
оқиды/.
ЭКРАНДА МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ТУРАЛЫ БЕЙНЕБАЯН,
ӨЗ ДАУСЫМЕН ОҚЫЛҒАН ӨЛЕҢДЕРІ
Ән:
«Есіме мені
алғайсың».
1-жүргізуші:
Бүгінде Хантәңірінің
мұзбалағы, поэзия падишасының бір ауыз өлеңін жатқа оқымайтын қазақ
жоқ шығар?! Иісі қазақтың жүрегіне жол тапқан жыр иесі «қара
өлеңнің қаймағын қалқып алған». Оның поэзиясы адам сезімінің
миллион қылын шертіп, өзінше әсем бір күйге бөлейді. Мұқағали
ақынға қандай теңеу, эпитет арнасақ та көптік етпейді, оны мына
отырған көрермен де жақсы біледі. Одан да қазір кезекті ақынның
жырларына берейік.
-
жүргізуші:
Ақиық ақынның өлеңдерін ортаға
шығып жатқа оқып беретін көрермендер болса мархабат! (Көрермендер
арасынан ақынның жырын жатқа оқушыларға кезек
беріледі)
1-жүргізуші:
Тарих толқыны ХХ ғасырдың жиырмасыншы
жылдарының аяғында, отызыншы жылдарының басында сахнаға алып
шыққан тұлғаның бірегейі – Шара Жиенқұлова. Ол тарих сахнасына
өзі ғана шығып қойған жоқ, қазақ ұлттық биін балетке ұластыра
мәдениетіміздің бір саласын аяқтандырды, көне дәстүрді аялады,
жаңа өнерді негіздеді. Бұл – ұлы тұлға ғана жасай алатын ұланасыр
құбылыс!
-
жүргізуші:
Шара апамыздың шын есімі -
Гүлшара болатын. Ол ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халық
билерін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеген. Ш. Жиенқұлованың
жетекшілігімен «Айжан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» және т.б.
көптеген билер дүниеге келді. Сахналық бидегі бейнелердің ішкі жан
сұлулығын шебер шендестіре білген Шара қазақ би өнерінің дамуына
мол үлес қосты.
1-жүргізуші:
1983 жылы сөз зергері Ғабит
Мүсірепов:
«Біздің мақтанышымыз –
Шара!..
Сахнаның еркесі де, сәні де Шара! Оның сезім
сергітетін шыншыл өнері мен қайталанбас ізтаңбасы мейлінше
жарқырап көрінді. Бұл – талант иесінің туған халқына қалтқысыз
қызмет етуінің тамаша
үлгісі»,– депті. Өнер бағасын біліп өткен, өз бағасын
білгізіп өткен Ғабекеңнен артық айту мүмкін бе? Алдағы келер
жылда қазақтың талантты биші қызы Шара Жиенқұлованың туғанына -110
жыл. Осы орайда аяулы апамыздың құрметіне талантты оқушыларымыздың
орындауында «Қара жорға» биін назарларыңызға
ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Жылдар өтер... тәуелсіз
елімізге әлі талай дарынды тұлғалар дүниеге келер, бірақ қазақ
халқының мәртебесін аспанға көтерген тарихи жұлдыздардың есімі
қашанда биіктен көрінер. Келер ұрпақпен бірге
жасамақ.
2-жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым,
бүгінгі әдеби-сазды кешіміз де өз мәресіне таяды. Кешімізді
«Атамекен» әнімен аяқтаймыз (хор, балалар көк ту мен жалаушалармен
шығады).
1-жүргізуші: Келесі кездескенше аман-сау
болыңыздар!