Саусақ жаттығулары арқылы бала тілін дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саусақ жаттығулары арқылы бала тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Саусақ жаттығулары арқылы бала тілін дамыту Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ұсақ саусақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру. Дамытушылық-түзету: Оқушылардың ықылас зейінін,сөздік қорын,байқампаздығын,есте сақтау,қабылдауын дамытуға,икемділікті арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыпты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: жануарлардың суреттері ,доп, арттикуляциялық және саусақ жаттығуларының суреттері, қыстырғыштар. Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі. Назарларын сабаққа аудару. -Сәлеметсіздер ме, балалар! -Көңіл-күйлерің қалай? (Саусақ арқылы көңіл-күйін көрсету) Психогимнастика мимика жаттығуымен қоса. - Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келді, қонақтарға сәлем берейік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Саусақ жаттығулары арқылы бала тілін дамыту

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ұсақ саусақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру.

Дамытушылық-түзету: Оқушылардың ықылас зейінін,сөздік қорын,байқампаздығын,есте сақтау,қабылдауын дамытуға,икемділікті арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: жануарлардың суреттері ,доп, арттикуляциялық және саусақ жаттығуларының суреттері, қыстырғыштар.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Назарларын сабаққа аудару.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Көңіл-күйлерің қалай? (Саусақ арқылы көңіл-күйін көрсету)

Психогимнастика  мимика жаттығуымен қоса.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келді, қонақтарға сәлем берейік.

-Жымиямыз! (Балар күліп, сәлемдеседі).

- Қонақтар бізге неге келген екен?

Қабағымызды көтеріп таңғаламыз.

- Күн де бүгін бұлтты болып, көңіл –күйімізді бұзып тұр ма?

-Кәне, қабағымызды түйіміз.

- Жоқ. Біздің көңіл-күйімізді еш нәрсе бұзбайды. Себебі бізді, алда тамаша бір сабақ күтіп тұр.

Кәне, жымиямыз, күлеміз!

-Ал, енді тағы бір рет қайталаймыз. Біз таңғалуды білеміз!

Біз күлкіні жақсы көреміз! Біз қабақ түйюді білеміз!

Біз күлкіні жақсы көреміз!

ІІ Қозғалу жаттығуын орындайық

- Ал, балалар сабағымызды бастамастан бұрын, қозғалу жаттығуын орындайық. (Әуен қосылады)

Міне, күз мезгілінің соңғы айы, Қолын былғап шақырды.

Бір кезде баяу  жел соқты, Жапырақтар билей бастады.

Бір кезде қатты жел соқты, Терезенің пердесі қозғала жөнелді.

Жел басылып қалды, Енді өкшемізді көтеріп,тез орнымызды табайық.



III. Саусақ жаттығулары

«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

Саусақтар жүреді. 

Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап,  алға-артқа  жүреді



Гүл. Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады,  Саусақтар ашылады

Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаңда.

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.



IV. Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.



«Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)

Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)

V. Сергіту сәті

"Бармақтар отбасы" Видеоролик



VI.

Қыстырғыштар арқылы біз әртүрлі жануарлардың мүсіндерін жасайық.



Тілек” жаттығуы.

Психолог: біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын.

Ал, қазір мен мына доты сіздерге беремін. Барлығымыз бір- бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір- бір жылы сөз айтып допты беріп отырамыз.

Қоштасуға допты алған себебім, әрқашанда бір-бірімізбен бір отбасының баласындай топтасып, сыйласып жақсы жұмыс жасайық. Менің сізердерге тілер тілегім алдарыңыз ашық, жарқын болсын.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
3403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі