Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Саз өнерінің шебері (Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:
Саз өнерінің шебері
Өткізген: Кумашева Айман Кенесбаевна
Сыныбы: 6б
2018 оқу жылы
Кештің тақырыбы: «Саз өнерінің шебері»
Кештің мақсаты: Жас ұрпақты Шәмші шығармашылығымен таныстыру, Шәмшінің қайталанбас саздарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Кештің көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер, әдебиеттер, журналдар т.б
Мұғалім: Бұл кеш биылға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқандығын айтып кеткім келеді.
Музыка орындалады. (екі жүргізуші ортаға шығады)
Арстан 1-ж:Армысызжар ардақты ағайын!
Фарида 2-ж Бармысыздар жаны жайсаң ән сүйер қауым!
Арстан: Теңдесі жоқ дарынның арқасында, қазақтың әнін өзгеше биікке көтерген, көзінің тірісінде – ақ аты аңызға айналып, халықтың ыстық ықыласына бөленген, қазақтың халық әртісі, Мемлекеттік әнұранның авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ вальсінің королі, Шәмшә Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттауға арналған «Саз өнерінің шебері» атты кешімізге
-
1 жүргізушілер бірге: Қош келдіңіздер!
2- жүргізуші Мұғалім:Музыка- жүректің тілі, шынайы өмір. Атақты биолог Ч.Дарвин: «Егер маған өмірді екінші рет берсе, мен белгілі мөлшерде әрі кеткенде аптасына бір рет музыка тыңдауды ереже қылар едім. Бұл талғамдардан айырылған бақыттан айырылғанмен тепе-тең»,- деп баға берген екен.
Еліміздің елдігін, жеріміздің кеңдігін, салтымыздың сарынын, дәстүріміздің діңгегін, тіліміздің тынысын танытатын сан жылдар бойы қазақтың даласы мен баласын, бабасы мен данасын ән әуенімен тербеткен, әндері сонау шет елдерде шырқалған, Шәмші шығармашылығының шырқау шыңы биік десек артықтық емес шығар.
-
Фарида: Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Осы көлдің жағасын 1927 жылы бір жағы қыстамшылық қуған Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалады.
Қалдаяқтың шын аты - Әнапия. Оң аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап кеткен. Татарлардың гармонын, қазақтың домбырасы мен қобызын ш ебер орындайтын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді.
Басқа баладай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап Қалдаяқ:
- Мен сені қиссадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Мына даусың патша емес әншіге көбірек ұқсайды екен,- дейді. Баладан басқа байлығы жоқ кедей әрі өнерпаз әке баланың атын Жамшид қояды.
Жәмшит деген ат алған сол бала отыз жыл өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып «Қазақ вальсінің королі» атанды.
Мұғалім:
Сағындырған әндер – ай тамсандырған,
Арасында жылдардың жол салдырған.
Кешені мен бүгінді тоғыстырып
Әр жүрекке еріксіз ән салдырған.
Сағындырған ән келді арамызға,
Табындырған ән келді арамызға.
Құдайым қуат берсін баянды етіп,
Бүгінгі игі шара бастамаға.
Пейілі дархандығы даладайын,
Мерейі күндей нұрлы анадайын,
Сағындырған әндер – ай бүгінгі кеш,
Әннен шашу шашамыз ал, ағайын!!!
1-жүргізуші:Фарида: Қазақстан қойнауы дәнге де әнге де кенге де толы ырысты, берекелі өлке. Шәмшінің еліміздің тыныштығына, бірлігіне арнап 1956 жылы Жұмекен Нажмиденовтың сөзіне жазылған, еліміздің Әнұранына айналған әні «Менің Қазақстаным». Бүгінгі кешімізді осы әнмен ашпақпыз. «Менің Қазақстаным»
Арстан: Ұнайды баршаға
Тыңдайды тамсана
Әлдилеп жанды барады,
Әндерің сырлы, Шәмші аға !
Әндерің сазды, Шәмші аға !
2- жүргізуші:
Мұғалім:Әр
адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?
Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол Ана.
Ана - теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерлерінің қай -
қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін
болған. «Ана туралы жырдың» тууы.
Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дүниесіне жетелеген аяулы
анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың
арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке
шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.
- Балам, деді көзіне жас алып,- жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл
өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін.
Бақытты бол балам.
- Апа қарыздармын саған... Қарыздармын апа. Сенің басыңа кесенеден
ескерткіш орнату қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең
асылын ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын деді Шәмші. Бұл
1959 ж 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан
соң, 1961 ж орындады. Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін
борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы
еді.
Фарида:Ұйқысыз түндер өтіпті таңнан нұр
сауған
Нәресте үні шекер-ау күтіп тұрса алдан
Дүниеге сені әкелген жанды ардақтап
«Ана туралы жыр» әні шырқалған
Орындайтын: Наурызгалиевтар отбасы
-
Жүргізуші: Мұғалім:
Бірде - бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді жатырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй күйсіз жүрген кездері болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған өлеңі – «Дүнген қызы». Бұл әнді Шәмші белгілі ақын Сабырхан Асановпен бірлесе отырып шығарған екен. Бірде Шәмші өзімен бірге Сабырхан Асановты ертіп Жамбыл өңірін аралауға кетеді. Бірге жүрген сапарда екеуі «Отырардағы той», «Теріскей», «Сағынышым менің», «Фосфорлы Жамбыл», «Әсемсің әніңдей» сияқты әндерді жазады. Бірі сазын, бірі мәтінін шығарып жүрген күндердің бірінде «Дүнген қызы» әні дүниеге әкеледі. Әуелі бұл әннің сазы кейін мәтіні келген екен. Жамбыл өңірінде Дүнген ауылы бар. Кезінде Шәмші сол ауылда тұрып, дүнген халқымен сіз-бізі жарасқан деседі. Сол ауылдың тұрғыны дүнген қызын Шәмші өз сазына қосқан. Сазгердің сезімін сүйіспеншілікке толтырып, тәнті етіп, әсем әнге арқау болған «Дүнген қызы» бұл күнде көзі тірі көрінеді. Шәмшідей ақпейіл жанның нәзік жүрегін сезім мен сазға бөлеген дүнген аруының құрметіне шығарылған ән қазақтың сүйіп айтар әніне айналды.
Арстан:Жалын атқан сезім сыйлап баршаға,
Жүректерді шаттандырдың қаншама
Жан жүйемді тебіренткен тәтті әуен,
Жаса мәңгі, Ән жұлдызы-Шәмші аға!
«Дүнген қызы» атты әнін Томпишевтар отбасының орындауында
қабыл алыңыздар.
2 –
жүргізуші:
Мұғалім:
Бір күні Шәмшіге бір қара торы, дембелше
жігіт жолықты да «Мен Қалқожа Жолдықпаевпын»
деді
- Е, болсаң бол. Оны маған несін, айтып
отырсын?
- Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір
өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда алдымда сескенбеймін.
Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауыппын.
Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу
жолықпады сізге?
- Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда
осы Арыстың бойында
туды.
- Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ ?
Айналайын ерке өзеннің аруларын неге ән етпедіңіз? Оларды әлде
жақтырмайсыз ба?
- Әй, бала, сен қалай – қалай сөйлейсің? Мен
кімді ән қылам, кімді....онда шаруаң
бар?
- Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге
жырламайсыз? Мен Қалқожа, соны айтуға келдім – деді де тайып
тұрды.
- Өй, әлгі ит не деп кетті? – деді
Қасымдағылар.
- Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті, -
дедім мен. Шәмшінің
«Арыс жағасында» әннің жазылуына әлгі жігіт
себеп болды. Оның көз алдындағы небір аруларды
келтіріпті.
Ән «Арыс жағасында» орындайтын Имашевтар
отбасылары. Қабыл
алыңыздар.
1-Жүргізуші: Мұғалім:Серік Жанәбілдің
сөзі. Шәмші қайтыс болар алдынды әлде бір нәрселер ойыма
түсіп:
Шәмші! Сен осы «Қайықта» әнін жазарда Нұрсұлтан Әлімқұловқа тақырып бердің ба? – деген едім.
Шәмші сәл ойланып, күрсініп: Өмірдің өзі ұшан – теңіз. Бәріміз осы қайықпен жүзіп өтеміз.Ал, менің қайығымда ескек болған жоқ. Бүгінге дейін ескексізқалқып келемін. Соны жазғыздым, - деді...Ащы жазылған мақала екен. Жүрегім ауырып кетті.- дейді Серік Жанәбіл.
Ән: «Қайықта» орындайтын Кожамұраттар отбасы.
Деректі фильм көрсету.
Фарида: Қазақ бар жерде Шәмші бар,
Жасайды бізбен мәңгілік.
Шырқалса, Шәмші әндері
Атқандай еді таң күліп.
Сұлу Арыс сулары,
Еркелеп ағар тербеліп.
Ғашықтар жүрді жағада
Жүрекке әнмен дем беріп.
1-ж: Мұғалім:Шәмші жүрегінен шыққан ән әуездері Мұхтар жүрегінен жыр болып төгіліп, өзара үйлесімділік тауып жатты. Бірде екі дос достарының үйлену тойына бармақшы болады. Не сыйласақ екен деп ойлана отырып, тойға сыйлық ретінде екеуінің қаламынан шыққан жыр «Ақ бантик» тарту еткен екен.
Әні: Ш.Қалдаяқов Сөзі М.Шаханов : «Ақ бантик» орындайтын Ысқақовтар отбасы
Арстан:Халқымның жүрегінде мәңгі есімің,
Сазыңмен тербетеді тал бесігін.
Қазақтың вальстерін қасиетті
Шәмші аға орынына қойып бердің.
Шәмшінің «Қуаныш вальсін» білмейтін жан кемде-кем болар.
2 - жүргізуші:Мұғалім:
- Шәмшінің тұнып тұрған сыр
шындығымен, шынайылығымен және сезімге терең бойлауымен
ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып,
халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 1950 жылдан бастап
шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956 - 1962 жж.
Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда оқыды. 40 жылдан
астам шығармашылық қызметінде Ш. Қалдаяқовтың 300 - ге жуық
музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш. Қалдаяқовтың
өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен
қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске
көтерді.
Папури орындайтын: Сагиевтар
отбасы
Мұғалім: Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше. Ш. Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапайымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды.
1 – жүргізушіФарида:
Құйрықты жұлдыз секілді
Туды да көп тұрмады
Көрген білген өкінді
Мін тағар жан болмады – деп Ғ. Құрманғалиев ағамыз айтқан
екен.
Мұғалім: Қазақ даласын әнмен тербеткен
Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен
арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той - думан да
өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге
дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен
тұтасып, синоним болып кетті.
Шәміл-ау!
Шәмші қайда ?
Шәмші қайда?
Шәмшіге айт,
Тағы да бір таңдандырсын!
Жандандырсын, жүректі, жандандырсын!
Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер,
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!- деп Мұқағали ақынымыз жырлағандай, шарамызды «Ән аға» әнімен аяқтаймыз. Бәріміз бірге.
2 –
жүргізуші:Арстан:Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын
ағайын.
1 – жүргізуші
Фарида: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт
туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей
талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, Ш.Қалдаяқовтың «Саз
өнерінің шебері» атты кешті жабық деп
жариялаймыз. Келгендеріңізге
көп – көп рахмет.