Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / «Сазды аспап –сазсырнай, Шежірелі –шертер, Екі ішекті-домбыра» атты мектепішілік ісшара
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
«Сазды аспап –сазсырнай,
Шежірелі –шертер,
Екі
ішекті-домбыра»
атты мектепішілік
ісшара
Ұлт-аспаптар
бөлімі
Оспанов М–домбыра сыныбы
оқытушысы
Калелова А–шертер және сазсырнай сыныбы
оқытушысы
Өткізілетін күні:
«14»03.2024ж
Уақыты: Сағат
«1500»
Мақсаты:
Көне аспаптарымыздың мәртебесі мен маңызын
келешек ұрпағымызға кеңінен насихаттау, оқушыларымыздың аспапты
үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын
арттыру.
Патриоттық сезімін оятып, тарихи
құндылықтарымызды құрметтеуге
баулу.
Көрнекілігі:аспаптар туралы слайд, аспаптар - Шертер, үш
ішекті добмыра, екі ішекті домбыра, сазсырнай, шаңқобыз т.б
аспаптар
Түрі:метепішілік шара. /оқушылармен
өткізіледі/
Барысы:
Сөз: Калелова
Анар
Кіріспе
сөз: Құрметті бүгінгі ісшарамызға жиналған
оқушылар және ұстаздар!
Бүгінгі«Сазды аспап –сазсырнай,
Шежірелі –шертер, Екі ішекті-домбыра»атты ісшарамызға қош
келдіңіздер!
Мұхтар Әуезов айтқан
екен: ...қалың қазақ елі тартқан
сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі
шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп
күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым деген
екен.
Сөз: Калелова
Анар
Музыка мәдениетінің өркеніне ой жүгіртіп, әр
алуан деректерге жүгінсек, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны
хақ. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, саздан, малдың
терісінен, сүйегінен, мүйізінен, ішектен, қылдан, тағы басқада
дыбыс шығаруға мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасап
алады екен. Біз тек жалғыз домбырамен шектелмей, ел арасында
сақталып қалған аспаптарын халық арасында қолданылуы жайлы,
сыбызғы, сазсырнай, жетіген, шертер, үш ішекті домбыра, екі
ішектідомбыра, оркестр, ансамбльдерде кеңінен пайдаланып жүрген:
даңғара, тоқылдақ шаңқобыз сияқты аспаптарымыз туралы әңгіме
қозғау.
І.Олай
болса біз – шертер аспабына және осы аспапқа ұқсақ үш ішекті
домбыра аспабына тоқталып өтсек.
Шертер туралы не білеміз
балалар?
Үш ішекті қос-бұрау домбыра
туралы не білеміз?
Қазақ халқының музыкалық
аспаптарының тарихы жайында сөз қозғағанда бірден көз алдымызға
бірден домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы сияқты түрлері келеді. Әрі
музыкалық аспаптар туралы деректер көп жағдайда көшпелелер тарихына
қарай бойлап, жаугершілік заманда хабар беру мақсатында, аңды
үркітуге, діни салт-жоралғыларда, ән-күйшілік өнер мен қатар
шипагерлік өмірде де қолданысқа ие
болған.
Шертер
Шертер - қазақ халқының
шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті
музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен
қобыздың арғы тегі болып саналады. Сырт келбеті қобызға жақын,
көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып,
шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау
тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен
ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне
болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз
өзгеріске ұшыраған.
Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық
аспаптар музейінің қорында сақталған аспаптардың әрқайсысының
өзіндік тарихы бар. Осы орайда үш ішекті, шертіп ойнайтын, қазақтың
аспаптық музыка мәдениетіндегі көне аспаптардың бірі – шертер
аспабы жайында танымдық мақсатта сөз қозғағанды жөн көріп
отырмыз. Музей мәліметтеріне сүйенетін болсақ, көбінесе
ән-жыр, дастандарды қостауға арналған, бақташылар арасында кең
таралған аспап. Бұл құралдың ерекшелігі шертердің құрылысы мен
формасы негізінде домбыраға ұқсас болған, мойны, қысқа, қыл ішек
тағылған, үлкендігі қобыздай. Қырғыздың комузы секілді шертер де
пернесіз. Шертердің ескі суретін біз суретші, поляк революционері
Бронислав Залесскийдің 1865 жылы «Қырғыз далаларындағы тіршілік»
атты альбомын оқи отырып Б. Сарыбаев көптеген мағұлмат алады.
Маңғыстау жеріне жер аударылған Залесский өзінің альбомында қазақ
ертегілерін жазып, ол ертегілер бойынша өзінше суреттер де салған.
Гравюралық бір суретте Мырзақай деген жыршы бейнеленген. Оның
қолында мойны қысқарақ, пернесіз, шанағы ойықша етіп жасалған шағын
аспап бейнеленген. Аспапты сол қолына ұстап, оң қолының
саусақтарымен шертіп ойнайтыны көрініп тұр. Сондықтан бұл аспапты
Сарыбаев шертер деп тұжырымдады. Және мұны ол музыка аспаптарын
жасайтын экспериментальды шеберханада альбомда көрсетілген
шертердің үлгісін жасады.
Үш ішекті –қос бұрау
домбыра- домбыра тобындағы сирек қолданылатын үш
ішекті нұсқасы. Ертедегі өнерпаздар арасында колданыста болған, бұл
домбыра негізінен Шығыс және Орталық Қазакстан өңірлерінде дамыған.
Кәдімгі екі ішекті домбыраның құрылысынан және жасалу тәсілінен
айырмашылығы жок. Аспап ішек санымен және орындалатын
шығармаларымен ерекшеленеді. Ұлы Абайдың кезінен, өз ән-күйлерін
сүйемелдеген, үш ішекті тарихи домбырасы сақталған. Шанағы ұзынша,
бұрышты, бет тақтайы қайыннан жасалған, шегелермен бекітілген,
мойыны жалпақтау болып
келеді.
Үш ішекті домбыра – қазақтың
көне музыкалық аспабы. ХVІІ – ХVІІІ ғасырда пайда болған бұл аспап
екі ішекті домбырадан да ерте жасалған. Аспап Шығыс Қазақстан
аймағында кеңінен таралған. Дана Абай, Шәкәрім, Шәкір Әбенов сынды
халық ақындары тартқан.
Аспапта ойнау тәсілі шертерге
жақын. Қазақ халық күйлерімен қатар, өзге де елдердің шығармаларын
орындауға болады. Аспаптан шыққан қоңыр үн құлаққа жағымды,
тыңдаушыға үлкен рухани әсер
сыйлайды.
Үш ішекті домбыраға ұқсас
аспапты моңғол, қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, хақас халықтарының
ұлттық музыкалық аспаптарының арасынан көруге
болады.
Қазіргі таңда біздің
мектебімізде шертер және үш ішекті домбыра аспабын меңгеріп жүрген
оқушыларымыз бар. Олар: оркестрде, ансамбльде, жеке орындауларда
және этно ансамбльде өнер көрсетіп, бірнеше концерттерде,
конкурстарда жүлделі орындармен мектебіміздің намысын қорғап жүрген
оқушыларымыз бар.
/Шертер аспап видеосы
экраннан/
Ал енді, қос ішекті (яғни
екі ішекті) домбыраға кезек
берсек....
«Екіішектіңбірінқатты,бірінсәл-сәлкембұра.Нағыз қазақ қазақ емес,
нағыз қазақ - домбыра-депжырлағандай,халқымыздыңғасырларбойыжинақталғанұлттыққұндылығымендүниетанымындәлсуреттепжеткізеалатынқоңырүндідомбыраекенідаусыз.
Қадыр ақынның айтып кеткен бір
ауыз сөзі қазақ үшін өміршең ұғымға айналды. Қазақ пен домбыра егіз
ұғым іспеттес.Содан болса керек, қазақта домбыраның түрі де, жасау
тәсілі де көп. Ғалымдардың айтуынша, бүгінде қазақта домбыраның
20-дан астам түрі бар. Олардың кейбірі көне түрлері болса, енді
бірі - жаңасы.
Қазіргі таңда домбыраның келесідей түрлері
бар: ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар, кең шанақты, шіңкілдек,
балдырған, балашық, аша, үш ішекті, қуыс мойын, шертер, т.б. Өткен
ғасырдан бері қолданысқа енген оркестр домбыралары тағы бар: қоңыр
дауысты (альт), жіңішке дауысты (прима), ащы дауысты (секунда) бас
домбыралар (екі нұсқасы),
қозықұйрық.
Ал домбыраның кең қолданылатын түрлері жайлы
сөз қозғарда жазушы, күйші, қазақтың біртуар ұлы Таласбек
Әсемқұловтың"Домбыраға тіл бітсе" атты еңбегіне тоқталып
өткен жөн.
Күйшінің айтуынша, қазақ арасында кең тараған
домбыраның екі түрі бар: бірі - қауақ домбыра, екіншісі - қалақ
домбыра.
Батыс Қазақстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан,
Түркіменстан, Ауғанстанда кең таралғаны -қауақ
домбыра.Ал Орталық Қазақстан, Жетісу, Семей өңірінде
тараған домбыра -қалақ
домбыра.Оның үші түрі бар:иықты, бүйірлі,
сауырлы домбыра.
Домбыра - түркі халықтарына ортақ көне аспап.
Қазақтағы"Домбыра"сөзі
башқұрттарда"домбыра",тәжіктерде"домбурак",буряттарда
"домбро", моңғолдарда"домбор",түріктерде"томбра"деп
аталады.
IІІ.
Сазсырнай.Сөз: Калелова
Анар
Сазсырнай-үрлемеліаспап.Сазсырнайысқырыпойналатынфлейталартобынажатады.Кейбірсазсырнайдыңысқырғыштетігіболмайды.Оғанқазақхалқыныңсазсырнайымысал.Сазсырнайғаұқсасаспаптаркөптегенхалықтардакездеседі.Атауыәрхалықтыңөзтіліндеайтылатынаспаптыңпішінідеәртүрлі.Оныңпішініншеберлерқұсқа,балыққа,көпбастыатқа,жұмыртқағаұқсатыпжасай 900 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз