Материалдар / Сценарий М.Мақатаев

Сценарий М.Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдеби кеш өткізуге арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
4187
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» 1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді жыр сүйер қауым! 2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен халық жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді бастаймыз. Биыл ақын атамыз тірі болса 87 жасқа толар еді. 1-жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында Күй ойнайды қазағымның жанында Жүрегіңнің, жүрегіңнің дүрсілі Күмбірлеген домбырасы барында 2-жүргізуші: Домбыра, жүрегімнен үндес едің Өзіңмен сырласымдай тілдесемін Бабамнан қалған мұра сен болмасаң Өмірдің не екенін білмес едім 1-жүргізуші: Бүгінде саңлақ сардары санаулы, самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінде көкіректің тұңғиық сырын сыбызғы сазымен тербеген сыршыл әуен Мұқағали Мақатаев мұрасы. Мұқағали өзінің аз өмірінде әдебиетімізде мол мұра қалдырған дарын. Өмірде бір өзен. Өлеңіде бір өзендей тұңғиық терең сыр. Мұқағали жырлары бірде үн-түнсіз шымырлап қайнап, тереңге тартып, бірде ақкүміс бұлттарын түйдектетіп, аспанға атқан өмірдің өзіндей. 2-жүргізуші: Мен туған жер - Қарасаз баурайдағы, Жалғанда жер біткеннің балқаймағы Есім кетіп жүргенде ес білдірген Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы Іркес-тіркес ағады қара сулар Қарасаң суларда да таласу бар Бұл суларға менің көп бересім бар Бұл сулардан менің көп аласым бар Бақытымғой Қарасаз келіп қонған Кисем – киім, ішсем –ас, көлік болған Мендей ұлдың осы жыр мыңын тауып Әлі күнге маңына жерік болған,деп ақын өзі жырлағандай 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, қасиетті Қарасаз ауылында дүниеге келген.

1-жүргізуші: Сырым да осы, Жырым да осы, Алдыңда, Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты Мұқағали Мақатаев бар мұнда, - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туылған күні. «Арыз жазып өтейін» өлеңі. Бүгін менің туған күнімОй бәлі-ай!Мына адамдар неге жатыр тойламай?!Банкет жасап берер едім өзім-ақТәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай!Мына дүние неге жатыр үндемей?!Алаулатып тойдың шоғын үрлемейҚұшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,«Мына шапанМына атың, мін» - демейМына жұртқа жақпады ма әлденем?!Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?Халқым,Сенің қасиетіңді білем депБасқа әуремен өмірім өтті ме?Айтамын деп қуанышым мұңыңдыБасқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?Мен бәрібір өзіңменен бір боламӨзегіне тепсең дағы ұлыңды. 1-жүргізуші. Әкесі Сүлеймен - қарапайым шаруа адамы, аздап ұсталығы да болған. Осы өңірде колхоз ұйымдастырушысы болды. 1941 жылы майданға аттанып соғыстан оралмады. Үйде әжесі, туған анасы, екі інісі бар еді. Мұқағали Алматыдағы Шет тілдер институтына неміс тілі факультетінде оқып жүріп, артындағы үй ішінің тұрмысы ауыр болғандықтан, оқуды еріксіз тастап, ауылға қайтыпты. Өзінің зеректілігінен бе, аздаған оқуынан ба, Мұқағали неміс тілін едәуір білетін.



«Әке аманаты» өлеңі. Мәнерлеп оқитын 6-сынып оқушысы Өмірбай ӘсемАттанарда алыс жолғаТапсырды әкем аманатынСерт етіп мен де алдым қолқаӘкемнің берген «асыл затын»Сұстандырған суық лебіСоғыс жылы, қыстың кезіӘкем сонда аймалап меніАманат еткен мынау еді сөзі:«Тыңда, балам, тыңда, күнімБолуға жара қолқанат!Кәрі анаң, сәби інің,Барлығы саған аманат!Менде сенің он жасыңдаАтадан жетім қалғанмынАса ақылды болмасам даАманатын алғанмын 2-жүргізуші: Ақынды әжесі Тиын баққандықтан шешесі Нағиманды «Нақа» деп атаса керек. Анасы Нағиманың айтуынша, Қарасаздың Шалкөде жағы жағы саздау екен де, сазда қаз жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, почта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттерді алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып, белін буып дайындап қояды екен.Міне, ақын осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген. «Ана сен бақыттысың, жыламағың» әні. Орындайтын 10-сынып оқушысы Нұрғалиева Салтанат. 8-сынып оқушысы Дадажанова Заринаның мәнерлеп оқуында «Қара өлең» атты өлеңі.

1-жүргізуші: Атасының аты-Мақатай, әжесі-Тиын. Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі - мейірлі, кісілігі мол, адуынды адам еді. Әжесіне арнап ақын өлең жазды да, Н.Тілендиевтен ән жазуды сұрайды. Ән тамаша болып шығады. «Әжем, ұлы әжем, еңбегің ақталды» деп қатты қуанады, қуанып тұрып жылайды да. 2-жүргізуші: Сендерге бір ой салғым келіп тұр. Мұқағалидың әжесі туралы бір естелік бар еді, соны 6-сынып оқушысы Сәрсенбек Ерсұлтаннан тыңдап көрейік. Оқушы: Ақынның атасы көкпар шауып жүріп аттан құлап, аяғы сынды. Ел-жұрт оны аттың алдына өңкеріп, аяғын салбыратып әкеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде әжесі атасына: «Мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек» - дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, әжесі аяқты шауып тастап, жуып, таза шүберекпен байлап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бәрін дұрыс істегенін айтып, батасын береді. Мінезіне қарап әжесіне атасы «Көкдауыл» дейді. 2-жүргізуші: Ақынның жары – Лашын. Әрі бақытты, әрі бейнетті, азапты, әрі арманды жан. Мұқағалидың мұңы мен музасын, өмірге көктем гүліндей дүркіреп келген асау да дарынды, ағынды өлең дастандарын алғаш тыңдаған адам. 1-жүргізуші: Ақынның жары болу оңай дүние емес. Ол үшін ақынның нәзік жанын түсіне білу, оның ыстығына, суығына шыдау кез-келген адамның қолынан келетін шаруа емес. 1-жүргізуші: Ақынның жарына арналған қанша өлеңі бар деп ойлайсыз? 2-жүргізуші: Білмеймін, бірақ көп, әрқайсысының өз тарихы бар. 1974 жылы Мұқағали қатты сырқаттанып ауруханаға жатып қалады. Ауруханаға барған сайын Мұқағалидың жүдегенін, күндегісінен төмен екенін байқадым. Нардай, сүйекті жігіттің көз алдымда шөгіп бара жатқаны жаныма батты. Мұқағали бір жалт қарағанда шыдай алмай күрсініп жібердім. Іштей «Япыр-ай, не деген сұмдық, жоқ қой ол бізге» дедім. Мұқағали сезіп қалды. Дереу сөзге айналдырғым келді. Ертесі кешкілік тағы барғанымда дәптері ашық жатыр екен. «Күрсінбеші» деген тақырыбына көзім түсті. «Күрсінбеші» өлеңін мәнерлеп оқитын 8-сынып оқушысы Нұрғалиева Арайлым «Менің анкетам» өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі. Дәрігер: №17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз. Дәрігер: Туған жеріңіз? Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. Дәрігер: Туған жылыңыз? Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің. Дәрігер: Шыққан тегіңіз? Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. Дәрігер: Білімің ше? Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын. Дәрігер: Ана тілің? Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар. Дәрігер: Қайда істейсің? Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар. Дәрігер: міндеттісің бе әскерге? Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде. Дәрігер: Шет елдерде болдың ба? Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ. Дәрігер: Мекен - жайың? Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін. Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек. Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің. Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.) 6-сынып оқушысы Раман Азиза «Емханада» өлеңі 6-сынып оқушысы Қалдарбек Қымбат «Жоқ, дәрігер»өлеңі 2-жүргізуші: Мұқағали аға балаларды жанындай жақсы көретін, қанша ашуы келсе де, балаларды көргенде майдай ериді екен. Балаларын ұйқысынан оятып, улатып-шулатып балабақшаға сүйрегенде жаны ашып, дұрыс көрмейді екен. Қазіргі кезде әкенің жасына жеткен ұлы Жұлдыз Алматы қаласында прокурор қызметін атқарады. «Поэзия» өлеңі 8-сынып оқушысы Қалдарбек Гүлназ«Үш бақытым» өлеңі 6-сынып оқушысы Қалдарбек Қымбат

1-жүргізуші: Мұқағали армандаған туған жердің, туған елдің иесі біздер. Яғни, Мұқағалидың ұрпақтарымыз. Аманатың орындалды, Мұқағали аға! 2-жүргізуші: Ақынның қандай кітаптарын білеміз? 1-жүргізуші: «Өмір өзен», «Өмір дастан», «Шолпан», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Соғады жүрек», «Жырлайды жүрек», «Қош бол махаббат», «Аққудың қанатына жазылған жыр» 2-жүргізуші: -Кеңес дәуірінде Мұқағали шығармасы бағаланбады, керісінше қысым көрсетілді. Ақын үшін бұл ауыр соққы болды. Ел басындағы ағалар теріс қарап, ақынға есіктерін жапты.

1-жүргізуші: Сәби болғыңыз келе ме? 2-жүргізуші: Әрине, сәби болғым келеді.

«Сәби болғым келеді» әні, қабыл алыңыздар. Орындайтын 11-сынып оқушысы Қалдарбек Дильназ.

«Махаббат» диалогы       Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?        Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.        Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?        Күл боп бірге соңынан кетер едім.        Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?        Жел боп қуып, ақыры жетер едім.        Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?        Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

1-жүргізуші: Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін, сөзсарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған сопақ жолды жалғастырған Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін оймен сезімге байланысын, оның құдіреттілігін таныта білді.

«Наурыз думан» әні , қабыл алыңыздар! Орындайтын 8-сынып оқушысы Көбек Бибінұр.

1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев өз еңбегінде былай дейді. Бірде Мұқағали, әйелім Дариға үшеуміз қыдырып келіп, күрең шайды рахаттана ішіп отырғанда көңіл көтеріп отырып әйеліме:-Дариға домбырамды берші маған!-деппін. Қиялдағыны көзбен шалатын Мұқағали әлгі сөз естіп, әсер етіп, әсем жырды төге салды да, енді, осыған ән жазыңыз, аға!-деді. Сөйтіп тамаша бір ән дүниеге келді. 2-жүргізуші: «Нұраға енді мені босатыңыз, айдан аса үйіңізде болдым. Алғыс! Мына құрғыр бауыр болмай барады, мен кеттім. Үйден шығып кетті. Екі-үш күннен кейін Мұқағали ауруханаға түсіпті деп естідім. Дариға анда-санда тамақ кіргізіп тұрды. Бір барғанда Мұқағали маған хат беріпті. Мұқағали бұл дүниеден өткеннен кейін әлгі хатты қолыма берді. Сол хаттағы «Есіңе мені алғайсың» өлеңі екен. Мұқағали қасымда жақта көзімнен жасым сорғалап отырып, әнді жаздым, - дейді ұлы композитор Нұрғиса Тілендиев ағамыз. «Есіңе мені алғайсың» әні. Орындайтындар: Қалдарбек Дилназ бен Нұрғалиева Салтанат.

2-жүргізуші: 1976 жылы наурыздың ортасында «Өмір дастан» таңдамасы шықты. Осы кітабында өз қолымен жақсы көретін адамдарына автограф жазып қалдырады. Сонда бәріне «27 наурыз 1976 жыл» деп жазылған. Сол тура өмірден өткен күн. Сол сияқты: Ұмыт болып есебің де, өсегің де Ұйықтап кетсем болды төсегімде Қырықтың бесеуінде, - деп жазғаны да сөзсіз орындалды. Дәл сол айтқан жасында мәңгілікке ұйқыға кетті. 1-жүргізуші: Ақынның жары Лашын Мұқағалидың өмірінің соңғы минуттары туралы естелігінде былай деген екен. «Мұқағали кірпігі әрең қимылдап ауруханада ақырғы күндерін әрең күтіп жатты». Әбден арыған, сөйлеуге шамасы жоқ, сол қалпымен жатып, ақырғы күшін жинап, ақырғы рет тілге келді. -Лашын, такси әкел. Одаққа барайық. Балаларым жас еді. Бітпеген жұмыстарым бар еді деп сыбырлап әрең –әрең айтып шықты. Сөйтіп Мұқаң өзінің сүйікті жазушылар одағына әлдене айтқысы келіп жатып жан тәсілім етті. 2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында өткізіліп отырған «Мұқағали -мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды ән кешімізді аяқтаймыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ