Материалдар / Шебер - сынып "Жаңартылған білім беру аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шебер - сынып "Жаңартылған білім беру аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жаңартылған білім беру аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау" шебер сынып бастауыш сынып ұстаздарына арналды.Шебер сыныпта критериалды бағалау түрлері көрсетілді.Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру жолдары көрсетілді.Ұстаздар өз сыныптары бойынша белгілі бір тақырыпты алып, сол бойынша дескриптор құрады.Оқушылардың оқу жетістігін балдық жүйе бойынша бағалауға мысалдар келтірді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1290
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау


Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін

бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі

анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық

стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін

болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

Білім алушы оқытудың қай сатысында?

Олар білім алуда неге талпынады?

Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?екенін түсінеді.

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі

жетілдіріп отыруына жағдай жасау;

3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;

4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:

–– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;

–– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

–– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;

–– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы

ақпараттар ұсыну.

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті

жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және

жиынтық бағалау. Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ

тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі

бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.

Критериалды бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Бөлім/ортақ тақырыптар

бойынша жиынтық бағалау



Жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау

Білім беру деңгейлері бойынша қорытынды жиынтық бағалау






Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады.

Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім

алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы

бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар.

Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға,

оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге

мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға

ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл,

баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта

білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.

Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін

анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу

үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін

жетілдіру үшін қолданады.

Кері байланыс беру

Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім

алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу

үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;

тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай

емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын

жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;

кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге

қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың

жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімге де, білім алушыға да 2-кестеде

ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап

беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.

2-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары

Мұғалім

Білім алушы оқытудың қай сатысында?

Олар білім алуда неге талпынады?

Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?

Білім алушы • Мен оқытудың қай сатысында тұрмын?

Нәтижеге қалай қол жеткіземін?

Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет?

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды

кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау

жасау. Мұғалімге барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нәтижелеріне

жүйелі талдау жүргізу ұсынылады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау

нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған

бақылау парағын қолдануына болады

Жиынтық бағалау үдерісі

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының

мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі

кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін,

дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.

Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім

бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім

алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар

немесе балл қою кестелері көмектеседі.

Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау,түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.

Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау,түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп,оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына,

оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу

мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық

бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/

ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары

анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды

жоспарлау және ұйымдастыру

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру,21

жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес

жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың

рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:

жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;

тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен

айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.

Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе

ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын

анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға

жататын оқу мақсаттарының саны пәндерге байланысты әр түрлі

болуы мүмкін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!