Материалдар / шебер сынып "Оқытудағы критериалды бағалау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

шебер сынып "Оқытудағы критериалды бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұнына сай критериалды оқыту- оқу үрдісінде оқушы білімін критерий, дескриптор арқылы бағалау болып табылады. Бұл шебер сыныпта критериалды бағалау туралы түсінік береді және бағалау критерийін құру жолын көрсетеді. Дескриптор құруға арналған тапсырмалар арқылы практикалық білімдерін толықтырады, тапсырманы өздері орындауға мүмкіндік алады.Сонымен қатар, сыни тұрғысынан ойлаудың бірнеше әдіс-тәсілдері көрсетілген. Бұл тренинг әсіресе жаңа жүйедегі курстан өтпеген ұстаздарға көмегін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2018
1077
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы:

Оқытудағы критериалды бағалау

Мақсаты:  

Оқу үдересінің  әрбір кезеңінде оқыту сапасын жақсарту үшін критериалды бағалауды  түсіндіру

Оқыту нәтижелері:  

Оқытудағы критериалды бағалау түрлерін біледі;

Дескриптор құрып үйренеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Маркер,АКТ, қима қағаздар, А3,А4 қағаздары, бейнефильм, стикер, үлестірмелі материалдар, плакат.

Оқыту  әдістері:

АКТ,СТО,«Рефлексиялық нысана», «Үш көмекші» әдісі

  1. Жеке жұмыс

  2. Топтық жұмыс

Тапсырмалар:


Сұрақтар, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу, түйіндеу

Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлеметсіздер ме әріптестер! Мен  сіздердің бүгінгі «Бағалау  және  оның  түрлері» атты  семинарға қатысқандарыңызға қуаныштымын.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті        

 

Коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

Психологиялық ахуал


Шеңберге тұрып, бір-бірінің артына қағазға тілек жазып береді


Топқа бөлу

«Үш көмекші» әдісі бойынша топқа бөліну

 «Жүрек», «Бас», «Қол»

Сонымен қатар суреттерге байланысты мағлұмат беріледі:

Шульман «үш көмекші» деп «бас,жүрек, қолды» атаған. Ол осы атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады деп есептейді. Мұндай пікірді біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтің қара сөздерінен де кездестіреміз. «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жаңа форматты мұғалім осы үш көмекшіні дұрыс пайдалана білуі керек.

«Жүрек», «Бас», «Қол» суреттерді таңдау арқылы мұғалімдер үш топқа болініп отырады.

Сонымен қатар суреттерге байланысты анықтама алады.

Негізгі бөлім

«Эксперимент с рисом Эмото Масару» атты бейнефильм көрсету. Сол арқылы семинар тақырыбын анықтау.

Бейнефильмді тамашалайды. Коучингтің тақырыбын айқындайды.

Тақырыпқа таныстырылым көрсету

Теориялық білім алады.

Сергіту сәті

«Аталым» атты сергіту сәтін жүргізу.

Белгілі атауларды атап, келесі ойыншыны ортаға шақырады. Орынын таба алмаған ойыншы ортада ойынды жалғастырады.




Аудиторияда жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.




Жинақтау

Бағалау критерийін, дескриптор құруға тапсырмалар беріледі. Өзара бағалау әдісі орын алады.

Критерий, дескриптор құрып, басқа топтың тапсырмаларын тексереді

Қорытынды рефлексия

«Рефлексиялық нысана» технологиясы

Сабақтан  алған   әсерлерімен  бөліседі, рефлексиялық нысана технологиясына деңгейлерін анықтайды, бағалайды.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!