Материалдар / «Шебердің қолы ортақ» сайыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Шебердің қолы ортақ» сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Шебердің қолы ортақ» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. Шығармашылыққа баулу. Сөздік қорын байыту. 2. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, көмек беру және қарым-қатынастыққа үйрету. 3. Танымдық белсенділігін арттыру. Сабақтың міндеті: Оқушылардың қызығушылығын ояту. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, ой қорытуға дағдылау. Іздемпаздыққа баулу. Сабақтың типі: Қоғамдық білім байқауы, өткен материалдарды жалпылау. Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ. Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, математика, бейнелеуөнері, биология, география. Сабақ әдісі: Сайыс сабақ. Құрал-жабдықтар: Жіп, ине, қайшы, түрлі-түсті қағаз, пышақ, тақта, т. б. І. Ұйымдастырубөлімі: - сайыстың тақырыбымен таныстыру, - сайысқа қатысушы топтармен таныстыру, - әділқазы алқаларымен таныстыру. - сайыстың шарттарымен таныстыру)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2021
971
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Шебердің қолы ортақ»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. Шығармашылыққа баулу. Сөздік қорын байыту.
2. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, көмек беру және қарым-қатынастыққа үйрету.
3. Танымдық белсенділігін арттыру.  
Сабақтың міндеті: Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, ой қорытуға дағдылау. Іздемпаздыққа баулу.

Сабақтың типі:  Қоғамдық білім байқауы, өткен материалдарды жалпылау.

Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, математика, бейнелеуөнері, биология, география.

Сабақ әдісі: Сайыс сабақ.
Құрал-жабдықтар: Жіп, ине, қайшы, түрлі-түсті қағаз, пышақ, тақта, т. б.

І. Ұйымдастырубөлімі:

- сайыстың тақырыбымен таныстыру,

- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,

- әділқазы алқаларымен таныстыру.

- сайыстың шарттарымен таныстыру)

ІІ. Сайыс барысы: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі 

«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық»- дейді ғой халық даналығы. Қазақтың қолөнері шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Еңбек адам баласының өмірдегі ең негізгі іс әрекеті екенін сендер мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап білесіңдер және онсыз тіршілік жоқ екенін  жақсы түсінесіңдер. Халқымыз «Баланы-жастан» дейді. Тәлім тәрбие алуың да теңіздей терең білім игеруді бастауың да қабілет, икемділікті бойыңа сіңіруің де бәрі-бәрі еңбекпен байланысты. Технология пәнінің мақсаты да өздеріңді үлкен еңбек жолына апарар икемділікке, шеберлікке баулиды. Сендер технология пәнін оқи отырып, түрлі еңбек құралдармен қалай жұмыс істеу керектігін, жұмыс орындарын дұрыс пайдалана білу, техникалық қауіпсіздік пен тазалық гигенасын сақтауды үйрендіңдер. Қазір сол үйренген білімдерің мен шеберліктеріңді бүгінгі сабақ барысында көрсететін боласыңдар.

Біз бүгін «Шебердің қолы ортақ» атты сайыс сабағымызды ұсынғалы отырмыз. Бұл сайысымыз 8 және 9 сыныптар оқушылары арасында өтеді. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, біздің күнделікті іс әрекеттеріміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық, тапқырлық та өте қажет. Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз алдымыздағы материалдардан әр түрлі заттар жасап, өзіміздің қолөнерге икемділігімізді және жан-жақты шеберліктерімізді көрсету болып табылады. Сонымен сайысымызды бастайық.

Біз бүгін «Шебердің қолы ортақ» атты сайыс сабағымызды ұсынғалы отырмыз. Бұл сайыс 8,9 сыныптар арасында өтеді. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, біздің күнделікті іс әрекеттеріміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық, тапқырлық та өте қажет. Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз алдымыздағы материалдардан әр түрлі заттар жасап, өзіміздің икемділігімізді көрсету. Сонымен жарысымызды бастайық.

Сайысқа 8 оқушыдан тұратын 2 топ қатысады.

Сайыс 6 турдан тұрады.

1-тур. Топтардың таныстыруы. Әр топ өз тобын таныстырады

2-тур. Шығармашылық жоба. Әр топ өздері жасаған бұйымдарын қорғау.

3-тур. Эрудиттер сайысы. Ұлттық қолөнерге байланысты ойынның шартымен әр топқа 10 сұрақ қойылады.

4-тур. Отандық брентті бірге жасайық. Топтар белгілі бір тауар түріне жарнама жасайды.

5-тур.Қолөнер. Берілген тапсырмалар бойынша жұмыстар жасайды.

6-тур. Экологиялық жоба жасау. Тұрмыстық қалдық заттардан бұйымдар жасап шығару

Сонымен жарысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

1-тур. Топтардың таныстыруы. Әр топ өз тобын таныстырады Топтың аты, ұраны, эмблемасымен таныстырады. Ортаға «Ісмерлер» тобынын және «Шеберлер» тобын шакырамыз.

2-тур. Шығармашылық жоба. Әр топ өздері жасаған бұйымдарын қорғау . Үй тапсырмасы бойынша оқушылар өздері жасап әкелген бұйымдарын қорғайды.

3-тур. Білім сайысы. Ұлттық қолөнерге байланысты ойынның шартымен әр топқа сұрақ қойылады.

«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны.

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Оларды бір-біріне қарама-қарсы тұрады.  Ортаға бос екі орындық қойылады.  Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді  білдіреді.Қазір ұлттық қолөнерге байланысты сөйлемдер оқылады. Бұл тұжырымды дұрыс деп санасаңдар, онда тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс.   «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы топтың ойыншысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады да ұпай сол топқа беріледі.

«Ісмерлер» тобынына

1. Киіз үй сүйегіне шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық жатады.

2. Қымыз ашытуға арналған, ысталған теріден жасалған ыдысты торсық деп атайды. саба

3. Шанағы ағаштан , ішектері аттың қылынан , тиектері асықтан қойылған шекті , іліп ойнайтын аспап ( қылқобыз) жетіген

4. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағамға құрт жатады.

5. Бір заттың бетіне оюды дәлдікпен, жарасымды орналастыруды ритм деп атайды? композиция

6. Тамақ сақтайтын, оюлы, әшекейлі ағаш сандық ( кебеже)

7. Детальдердің ішкі, сыртқы көлемін, тесіктердің тереңдігін, биіктікті 0, 1мм дейінгі дәлдікпен өлшейтін құралды стусло деп атайды.
(
штангенциркуль)

8. Садақтың оғын салатын әшекейлі киіз қап ( қорамсақ)

9. Қазаннан бауырсақ сүзуге арналған сым темірден жасалалатын құралды Кепсер атайды? Кепсер

10. Адамға қолайлы болуы үшін Электр құрал - саймандарының саптары ағаштан, пластмассадан жасалады. ток өткізбес үшін

«Шеберлер» тобына


  1. Әсемдік бұйымдар жасайтын шеберді зергер

2. Ою-өрнектің екі жағының бірдей болуын ырғақ деп атайды?

симметрия

3. Арнаулы үлгіге пішіп, қалыпқа салып тіккен, бүркіттің басына кигізіп қоятын әшекейлі былғарыны ( томаға)

4. Балашық, ерісі, желі, көк , сағанақ деген киіз үй сүйегінің бөлігін шаңырақ деп атайды. (кереге)

5. Киім, үй мүліктерін ілуге арналған жиһазын абдыра деп атайды (адалбақан)

6. Мата бетіне түсірілген әшекейлі тегіс өрнек (кесте)

7. Сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызын кілегей деп айтады. Қаймақ

8. Ертоқымның аттың мойынына кетпес үшін былғарыданқайыспен астарлап, шашақтап, қымбат тастармен шытыралап жасалатын ат әбзелін өмілдірік деп айтады. Құйысқан

9. Жұмсақ былғарыдан тігілген , ою бастырылған жеңіл аяқ киімді (мәсі) 10. Қуырылған бидай, тарыдан ұнтақтап даярлайтын ұлттық тағамды жент деп атайды. (талқан)

4-тур. Отандық брентті бірге жасайық .Топтар жергілікті жерде өндірілетін тауар түріне жарнама жасауы керек.

5-тур. Қолөнер. Топтар тапсырмалар бойынша жұмыстар жасайды

  1. Шеге қағу

  2. Бисер тізу

  3. Сым темірмен жұмыс

  4. Түйме қадау өнері

  5. Электр құралдарын жөндеу

  6. Шаштараз өнері

Шеге қағу
1 минут аралығында шегені берілген түзу сызық бойымен қағу. Бұл сайыста әр топқа белгіленген сызығы бар рейка беріледі. Оқушылар сол сызық бойымен әрбіреуі бір шегеден майыстырмай сызық бойымен қағып рейканың астындағы сызықтан түзу шығару керек.

Бисер тізу . 1 мин ішінде инеге бисерлер өткізіп тізу (кім көп тізіп шығады).

«ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ». Шарты шашты әдемілеп өріп, сәндеу қажет. Шашты әдемілеп өріп, сәндеген командаға 5 ұпай беріледі.

Түйме қадау. Инені сабақтап түйіндеу түйме қадау ( бір сурет шығару түрлі түсті түймелерден)

Металмен жұмыс. Сым темірді ию арқылы белгілі бір бейнелі бұйымдар жасау .

Тұрмыстық электр бұйымдарын жөндеу. Ақауы бар тұрмыстық электр бұйымдарын жөндеп, қалпына кетіру.

6-тур. Экологиялық жоба жасау. Топтар тұрмыстық қалдық заттардан бұйымдар жасап шығару керек 5 минут .

Құрметті көрермендер, қатысушылар енді жалпы ұпай санын есептеп жарыста жеңген жеңімпаз топты марапаттау үшін әділ қазыларға сөз берейік.

Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі

1. Бас бармақ- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2. Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3. Ортан терек- ойласу. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4. Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?

5. Кішкентай бөбек- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Қорытынды.
«... Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады». Әл – Фараби бабамыз айтқандай Кез келген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, еңбектің арқасында барлық нәтижеге қол жеткізуге болады»- деп сайысымызды аяқтағым келеді.

Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!


ШҚО Тарбағатай ауданы

«Өкпеті» орта мектебінің

көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Башахов Болат Орынғазыұлы





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!