Шеберлік сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеберлік сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1)Халық әндерін талдау арқылы, аспаппен бірге ойнағандағы ерекшеліктерін ажырата білу. Білімділігі: Дәстүрлі халық әндердің шығармашылығына тоқталып, орындалу ерекшелігін үйрету. Халық әнін талдау арқылы оқушының ой –өрісін ноталық сауатын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің

Ж.Байгуттиева атындағы балалар өнер мектебі







Шеберлік сабақ



«Дәстүрлі халық әндерін орындаудағы

негізігі әдістер»





Дәстүрлі ән пәнінің жоғары санатты мұғалімі:

Орынбай Гүлмайя Арысбайқызы














2023жыл


Сабақтың  тақырыбы:  «Дәстүрлі халық әндерін орындаудағы негізгі

әдістер»


Сабақтың мақсаты:

1)Халық әндерін талдау арқылы, аспаппен бірге ойнағандағы ерекшеліктерін ажырата білу.

2)Логикалық ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге дағдыландыру,


Білімділігі:

Дәстүрлі халық әндердің шығармашылығына тоқталып, орындалу ерекшелігін үйрету.


Дамытушылық:

Халық әнін талдау арқылы оқушының ой –өрісін ноталық сауатын, шығармашылық қабілетін дамыту.


Тәрбиелік:

Шығарманың авторымен таныстыру қазақ халқының музыка өнері арқылы, оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа сабақ.


Сабақтың  көрнекілігі: Домбыра аспабы, видео – аудио жазбалар, сөз жұмбақ, ой жұмбақ, күйсандық.


Техникалық құрал. Үнтаспа


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Сергіту сәті

4.Жаңа сабақ

5.Бекіту

6.Қорытындылау

7.Үйге тапсырма

8.Бағалау.


І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.




ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Дауыс ырғағымен жұмыс.

2. «Туған жер» Б.Тәжібаев әндету.

Актуалдау: Біз өткен сабағымызда Б.Тәжібаевтің өмірбаяны, шығармашылығымен таныс болдық.Б.Тәжібаеватің шығармаларының бірі «Туған жер»әнін ойнап үйрендік. Бұл әннің шығу тарихын білесіңбе?


Сергіту сәті:

Музыкалық біліміңді шыңдап көптеген қызықты сұрақтардың жауабын еске түсіру үшін «сөз жұмбақ» шешіп көрейік.










Ә














Л


















Ә

















У














Л















І

















М

























1.1987жылы Алматы мемлекеттік консерваториясында қандай кафедра ашылды?

2.Арқа әншілік мектебінің өкілі?

3. «Күміс көмей»,«Жез таңдай» атауы кімге берілген?

4. Музыкалық шығарманы орындауда кездесетін уақытша тыныс алу белгісі?

5. Асау кер ат жүрмейді-ай ...... деп басталатын ән?

6.қандай нота?

7. Дауыстың бірінші тірегі?




Міне сөз жұмбақты шеше отырып «Әләулім-ай» шығармасын үйренеміз


Жаңа сабақ: Халық әні «Әләулім-ай»

Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны — ән.Ән — халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән — өнер.Халық әндері —адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән — табиғат суреттемесі. Ән – халықтың өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік  ән  арқауына айналып отырған. Ерте дәуірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді.Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде  қалыптасады.   Оның бір  ғана  саласыменшұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп онердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі — Дәстүрлі халық өнері.Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән — өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз. Халық әннің келесі бір қасиеті — әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған. Халық әндеріне тән тағы бір белгі — әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрылады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терен сезім арқылы тербеліп, көркем кесте — өлең түрінде сыртқа шығып отырған.

Халық әні «Әләулім-ай» - бір төмен, екі жоғары қағыста және, сұқ саусақтыңқара қағысымен орындалады. Екі ішектен басып. қос ішектегі қағыспен ойнайды. «Соло» яғни жеке өзі ойнау, басты әуені орындаушыда болады, оны қара қағыз әдісімен орындап(бір төмен екі жоғары) жалғастырады. Қайырмасында біз күрделі қағыстардың барлығын қолдана отырып тиісті ноталарды жылдамдықыбір келкі ұстай отырып ойнаймыз.Өлшемі 2/4. Екпіні ауыспалы кейде жүрдек,кейде коңыржай тездете орындайтын жерлері де бар. Тақырыпқа сай динамикасын сақтай отырып орындалатын шығарма.





Shape2 Shape1

Қағыстар



Шығарманы талдау




Shape3

Әләулім-ай





Shape5 Shape4

Ырғақ

Динамика

(нюанс)









Бекіту:

1.Халық әні дегеніміз не?

2.Қағыстың түрлерін ата?

3.Халық әні «Әләулім-ай» туралы не білдің?, не білгің келеді?

4. Жаңа тақырыптан қандай жаңалық алдың?

5. Бүгінгі сабақ ұнады ма?



Қорытындылау:Бүгін біз халық әндерімен және олардың орындаушылық ерекшеліктерімен таныс болдық.Халық әні «Әләулім-ай» атты әнді аспапта ойнап, қостап үйрендік.Әрқашан қазақ халқының музыка өнерін халқымыздың қасиетті жәдігер –жауһарын сақтау, ұрпаққа жеткізу міндетіміз.



Үй жұмысы: Халық әні «Әләулім-ай»нотамен санап ойнау және әр түрлі  ырғақпен ойнау – оң қолдың білек  буынның  қозғалысын қалыптастыру.


Бағалау.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2023
443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі