400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

шеберлік сынып әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

Б. Д.Эльконин


Шеберлік сынып:

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.


-Шығармашылық деген не? (мұғалімдердің ойын тыңдау)

//-Шығармашылық - жаңа нәрсені жасау немесе ашу». Н.Н.Немов.


-Біреулері поэзия жазады, кейбірі суреттер, ал кейбірі жай ғана арман. Ең бастысы, бұл жан үшін және рухани қанағаттандыру әкелді.

.

-Академик П. Капицаның айтуынша Шығармашылықтың мәні, кез-келген құндылыққа ие сапалы жаңалықты ашу мен құру.//


- «Оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда топтық жұмыстың ролі» атты шеберлік сыныбымызды бастамақпыз.

Ұсынылғалы отырған әдісіміз топтық жұмыста қазақ тілі сабағында қолдануға болады. Бұл әдіс «Есімнен сөйлем құрастыру» деп аталады.

Тапсырма: әр топ өз тобында қай ұстаздың есімі ұзақ болса соны таңдап алады. Бір сөйлемді жазбаша құрастырады. Сөйлемнің әр сөзі олардың есімінің келесі әрпінен басталуы қажет.

Мысалы, Асқарбек: Ақсақал сірескен қабағын ашып, риза болып, еміреніп кетті.

Топтар: «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

Келесі әдіс «Буриме» деп аталады.

Тапсырма: Буриме деп берілген ұйқастарға өлең жолдарын құрастыру.

... ... ... батырам,

... ... ... отырам.

... ... ... шақырам,

... ... ... атынан!

Әр топ ұйқастарды пайдаланып, 1 шумақ өлең жазылу керек.

Ал, негізі өлең М. Мақатаевтың «Жаз едім кеше, айналып күзге барам ба?» атты шумағынан алынған.

Күз болып тұрып, бақтарды ойға батырам,

Күз болып келіп, қасыңа сенің отырам...

Отырам дағы, жазыңды сенің шақырам,

Аймалап тұрып, сөйлеймін жаздың атынан!..

Әр топ шумақтарын оқиды. «Бас бармақ» арқылы бағалау.

Келесі әдіс «Мәтін құрау».

Тапсырма: Бейне үзік қойылады. Бейнеүзіктен тақырыпқа сай, мазмұнының негізігі ойын ашатындай мәтін құрау. «Критерий арқылы бағалау» жүргізіледі.

Еркін микрафон.

Берілген сабақтар бойынша ұстаздар өз пікірлерін айтады. Сөз әр топтан екі мұғалімге беріледі (алдын-ала стикер арқылы белгіленеді).















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі