400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Шегіртке мен құмырсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Құнанбайұлының аудармасы "Шегіртке мен құмырсқа" мысалына эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шегіртке мен құмырсқа


Жалқаудың жаны тәтті. Расымен, адам өзін аяп, сәл қиындықты көтере алмағандықтың кесірінен өмірі сан құбылатыны сөзсіз. Ұлы Абайдың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы осының дәлелі екені сөзсіз.

Қай заманда да шегіртке мен құмырсқа кейпіндегі адамдарды кездестіреміз, сол қазанның сорпасында бірге қайнап жатқанымызды білеміз бе?

Иә, Абай атамыздың «Адал еңбекпен мал іздемек- ол арлы адамның ісі», - демекші қоғамда осы нақыл сөзге кереағар істер мен ұғымдар көптеп кездеседі. Қазіргі заманауи технологияны меңгереміз деп, туылған баладан еңкейген қартымызға дейін өз уақытын және мақсатын басқара алмай жүргендер қаншама? Жақсы өмір сүрудің кілті- еңбек пен білімде екенін білсек те, адам бойындағы жалқаулықты , мансапқұмарлық, қанағатсыздықты, көз бояушы іс-әркеттерді жеңе алмаса керек. Қазіргі адамдардың басым бөлігі оңай жолмен ақша мен пайда тапсам деп жарқ ұрып жүргені рас, сол бақытқа жетудің кілті еңбектеніп, ғылым мен білім іздеу, өз-өзіңді әрдайым жетілдіріп, рухани азық жинау деп ойлаймын. Себебі білімді адам бола тұра, сол білімді теріс қолдану да қоғам үшін қауіпті. Ұлы ойшыл Әл-Фараби айтпақшы «Тәрбиесіз алынған білім- адамзаттың қас жауы». Сол себепті еңбек, білім, тәрбие қатар жүретін ұғымдар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші , қорытындылай келе «Адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық- еріншектік, ондай адамның іске мойны жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38-ші қарасөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші – залымдық» деген екен.




Туегалиева Алина

8 «Г» сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.03.2021
676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі