Материалдар / СЕМЕЙДІҢ МҰҒАЛІМДЕР СЕМИНАРИЯСЫ – ҚАНЫШ СӘТПАЕВ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

СЕМЕЙДІҢ МҰҒАЛІМДЕР СЕМИНАРИЯСЫ – ҚАНЫШ СӘТПАЕВ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел болашағының жарқын болуы жан-жақты рухани білім алған, отаншылдық сезімін бойына сіңірген рухы мықты ұрпақтың қолында. Бүгінгі һәм ертеңгі заман талаптарына ұлтжандылығы мен елмандығы сай сондай өскелең ұрпақты ізгілікке баулып, іліммен шыңдай түсетін оқу орындарының бірі – Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
1431
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СЕМЕЙДІҢ МҰҒАЛІМДЕР СЕМИНАРИЯСЫ – ҚАНЫШ СӘТПАЕВ



Ел болашағының жарқын болуы жан-жақты рухани білім алған, отаншылдық сезімін бойына сіңірген рухы мықты ұрпақтың қолында. Бүгінгі һәм ертеңгі заман талаптарына ұлтжандылығы мен елмандығы сай сондай өскелең ұрпақты ізгілікке баулып, іліммен шыңдай түсетін оқу орындарының бірі – Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі.

1922 жылдан бергі бұл оқу орнынан қанша мың оқытушы кадрлар даярланып шығып,қаншама мың жас ұрпақты тәрбиелеп шығарды десеңізші. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында ашылған Қазақстандағы оқытушылар даярлайтын Семейдің тұңғыш мұғалімдер семинариясы (қазіргі М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж), тамаша тарихы бар оқу орнының тамаша тарихы әуелгі кезеңінен аз да болса мағлұмат беретін сол жинақ кітапта барлық кезеңдердегі оқу орнының қалыптасуы мен дамуы, сол уақыттарда оқыған, білім алған білім алушылар мен қызмет еткен оқытушылар, олардың еңбектері мен ағартушылық қызметтерін білу және тану маңызды.

Қай-қай түлегі де бек қасиеттеп, зор мақтаныш тұтатын педагогикалық колледж тарихы халқымыздың әр жылдары осы ұяда білім алып, қайсыбірі кейіннен осында оқытушылық қызмет атқарған аяулы перзерттері Әбікей Сәтпаев, Нұрғали және Нәзипа Құлжановтар, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Биахмет Сәрсенов, Сейітбаттал Мұстафин, Халел Ғаббасов, Тайыр Жомартбаев, Ғалиақпар Төребаев, Мәннан Тұрғанбаев, Ахат Шәкәрімұлы, Шәкен Айманов, Әзілхан Нұршайықов т.б. есімдері арқылы әр қазаққа ардақты бола түспекке керек.

Ә.Марғұлан Семей техникумына оқыған кезін, ұстаздарын еске алып: «Ұстаздарымыз жақсы болды. Жас кезімде Семейде Ә.Сәтбаев, Сироткин, Виноходовтан сабақ тындадым. Виноходов географиядан сабақ беретін,Магеллан бұғазынын қай жерде екенін,Марко Полоның жүрген жолын картадан көрсетуді сұрағанда: «Магелландай бол» деп тағлым айтып отыратын», - дейді.

Ұлылар білім алған Семей қазақ мұғалімдер семинариясының ең алғаш құрылған қысқа мерзімде ұйымдасу кезеңін басынан өткізді де, қазіргі таңда республикадағы алдыңғы қатарлы оқу орнына айналды.

Әуелде, Семей мұғалімдер семинариясы, кейін педтехникум, училище атанған, бүгінде ұлы қаламгер есімін иеленген білім ошағының өзіндік тағлымды тарихы бар. Бұл колледж – ел Тәуелсіздігі тарихында күрескерлік рухымен, тұлғалы түлектерімен айрықша дараланған білім ордасы. Бұл оқу орны – қазақ елінің тәуелсіздігі жолында бүкіл саналы ғұмырын арнаған Алаштың арда тұлғаларының білім бесігі, шығармашылық өмірлерінің алғашқы баспалдағы. Бұл білім ошағында Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтпаев, Әлке Марғұлан, Ермұхан Бекмаханов, Шәкен Айманов, Әди Шәріпов, Әзілхан Нұршайықов сынды ұлтымыздың қайраткер ұлдары білім алып, үлкен өмір жолына аттанды.

Қара Ертіс бойындағы қалың елдің өскелең ұрпағы оқыған білім ұясы Семейдің мұғалімдер семинариясы мен шалғай мекен – Баянауылдағы Сәтпаевтар әулетінің тарихи байланысы әріден басталады. Өмірбаяндық дерегінің бірінде Қаныш Сәтпаев: «... алған білімі үшін немере ағам, ескі интеллигент Әбікей Зейінұлы Сәтпаевқа өзімді өмір бойы борыштармын деп санаймын» - деп жазады.

Біз оқу орнының тарихын, қазіргі жайын түгел шолуды мақсат ете отырып, оқу орны туралы арнаулы еңбек жазуға осы уақытқа дейін толық қамтылған еңбектің болмағанын айта кеткіміз келеді.

2013 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжің 110 жылдық мерейтойы қарсаңында колледж директоры, ф.ғ.к. Жанаева Шағангүл Алдамжарқызының ұйымдастыруы және басшылығымен «Алаштың білім ордасы» атты танымдық кітап жарық көрді.

Кітап Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесіндегі байырғы педагогикалық оқу орындарының бірі – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 110 жылдық даму тарихына арналады. Оқу орнының тарихына арналған тұңғыш еңбекте педагогикалық коллеждің ашылған уақытынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тыныс-тіршілігі хронологиялық ретпен берілген. Танымдық-ғылыми сипаттағы кітап оқу орнының өткен тарихы маңызды мұрағаттық құжаттармен және фотосуреттермен расталып, түлектердің естеліктерімен тартымды сипатталған.

Қазіргі таңда колледжімізде 33 атаулы дәрісхана бар. Олардың ішінде №200 дәрісханаға Әбікей Зейінұлы Сәтпаевтың, ал №202 дәрісханаға Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың есімдері берілген. Атаулы дәрісханалар М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 110 жылдық мерейтойында салтанатты түрде ашылды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - қазақ және Кеңес Одағының геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Қ.Сәтбаев  - (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының Қ.И.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.

Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. "Қаныштың әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын...".

Әбікей Зейінұлы кезінде өзі оқыған әрі сол уақытта мұғалімдік қызметке өзі жолдама алып отырған мұғалімдер семинариясына бауыры Қанышты оқуға шақырып: «... ашылғанына біраз ғана жыл болған, оқытушыларын жақсы білемін, өте білікті жандар» деп кеңес береді. Деректерге сүйенсек, аға ақылын құп көрген Қаныш 1914 жылы Семейге, мұғалімдер семинариясына оқуға түседі.

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" демекші, табиғатынан зерек Қаныш 1909-1911 жылдары өзінің туған ауылындағы орыс - қазақ мектебінде оқиды.

1914-1918 жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясын оқып бітіреді. Мұғалімдер семинариясында  Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды аса көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы  қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.

Семинарияда оқыған жылдарында Қаныштың үздік білімімен, ынта-жігерімен, талантымен көзге ерекше түскен озық шәкірттерінің бірі болғандығы Қайым ағаның мұрағаттық деректерімен айқындалады. Бұған қоса, Қаныш туралы естеліктерде оның 1917 жылы науқасқа шалдығып, оқудан қол үзіп, емделуіне тура келгенде, семинарияның педагогикалық шешімімен оның келесі класқа емтихансыз көшірілуі де ұстаздардың өнер-білімге құштар шәкірті ретіндегі ғылымпаз жасқа көрсеткен өзіндік құрметі.

Әлкей Марғұлан семинарист Қаныштың оқуымен қатар, география қоғамына үздіксіз барып, онда қазақ тарихы, Абай, Шоқан, Ф.М.Достоевский туралы оқылған әр лекцияны қалт жібермегендігін айтады. Қаныш Семейде оқыған тұсында тек семинарияның оқу бағдарламасымен шектеліп қалмай, ғылымның әр саласына да жастайынан ден қойған.

Қ.Сәтпаевтың соншалықты айрықша интеллектуалдығы мен энциклопедиялық білімпаздығы, жылдар өте келе, өзінің халық ауыз әдебиетін зерттеулеріне, әдеби-мәдени-тарихи тақырыптардағы тың ізденістері мен құнды еңбектеріне ұласады].

Жігерлі жас өзге де талантты жастармен бірге, қаладағы халықтың мәдени өмірін жандандыруға көп үлес қосқан. Сол уақыттарда Семейде «Шығыс кеші» деген атпен ойын-сауық кештері өткізіліп отырған. Бұл кештерді ұйымдастырып-өткізуде мұғалімдер семинариясының оқытушылары мен оқушылары аса белсенділік танытқан. Осындай тағлымды кештерді ұйымдастырушылардың қатарында шәкірттерін өнерге баулыған семинария мұғалімдері, ерлі-зайыпты зиялылар Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар. Сондай кештердің бірі – 1915 жылдың 13 ақпанында Семейдің приказчиктер клубында өткен мәдени-этнографиялық қайырымдылық кеші. Кештен түскен қаржы Петроградтағы мұсылман-соғыс ауруханасы мен тұрмысы нашар қазақ шәкірттерінің мұқтаждығын өтеуге пайдаланған.

Кешке талапты да, талантты қазақ жастары және семинария шәкірттері Жүсіпбек Аймауытов және Қаныш Сәтпаевта белсене қатысты. Сол уақыттың «Айқап» (1915 ж, №5), «Қазақ» (1915ж, №110), «Сибирьская жизнь» (1915ж, №52) сынды белгілі басылымдарында, ол кеш туралы бірталай мақалаар жарияланған. Ол кеште семинарист Қаныш И.Крыловтың Абай аудармасындағы «Бұлбұл мен есек» мысалын мәнерлеп келтіріп оқып беруімен қатар, мандолина аспабында да шебер ойнап, кеш салтанатына өнерімен сән үстеп, жұртшылықты талантымен тәнті етті. Кейін ел ішінде қызметте жүргенде де үнемі мәдени-көпшілік шаралардың басы-қасында болып, ұдайы белсенді ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленгендігі және белгілі.

Институтты бітіргеннен кейін Қ.И.Сәтбаев өзінің туған еліне оралып, өмірінің басым көпшілігін оның геологиясын зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін жасауға арнап, барлау, ғылыми ізденіcтерінің нәтижесін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға зор үлес қосты.

Қаныш Имантайұлы 1920-1930-шы жылдары кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей қатынасуымен бірге Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев академия президенті ретінде ғылым мен өндірісті байланыстыруға, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге үлкен мән беріп отырды. Ол өзі негізін қалаған Ұлттық ғылым академиясының 1946-1952 және 1955-1964 жылдар аралығында 16 жыл басқарды, ал геологиялық ғылымдар институтына үш жылдық үзілісті қоспағанда 1941-1964 жылдар үздіксіз жетекшілік етті.

Қ.И.Сәтбаев сол кездегі Кеңес елінің жоғарғы марапат белгісі Ленин орденінің төрт рет иегері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері. Алайда осындай атақ-дәрежелерге қарамастан Қ.Имантайұлы әкімшілдік-әміршілдік жүйе орнатқан қоғамдық тәртіпке сенімсіз адам болып та саналған.

1940 жылдың соңы мен 1950 жылдың басында сталиндік билеу жүйесінің Кеңес мемлекеті зиялыларына қарсы басталған үшінші саяси қуғын-сүргін кезінде Қ.И.Сәтбаев оның құрбандығына шалына жаздады.

1964 жылы 31 қаңтар күні Москваның Кузнецово деген орманды аймағына орналасқан Кремль ауруханасында Қаныш Имантайұлының жүрегі соғуын тоқтатты.

Халқымыздың рухани өміріндегі ерекше ұлы тұлға Қ.И.Сәтбаевтың есімі халқының жанында мәңгі сақталмақ. Оның есімі өзі ұзақ жылдар жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтына, Алматы, Балқаш, Семей т.б. қалалардағы көшелерге, кіші планетаға берілген.

Қ.Имантайұлының құрметіне Жоңғар Алатауы, жотасындағы мұздақ пен шың, Қаратаудағы ванадий кен орны рудаларында табылған "Сатбаевит" минералы "Академик Сәтбаев" гладиолус гүлі аталған. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сан қырлы талантын, ақыл-ой парасатын туған халқының мерейін үстем етуге жұмсады. Оның өнегелі өмір жолы баршамызға үлгі.

Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп және көптеген ғалымның ескерткіштері бар. Оның есімі Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтына, бір қала мен ғаламшарға, еліміздің ең ірі техникалық оқу орны Қазақ ұлттық техникалық университетіне берілген.

Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі аталған. Қазақ ғылыми академиясының тұңғыш президенті геология ғылымының 20-ғасырдағы аса көрнекті оқымыстысы академик Қаныш Сәтпаев ең алғашқы педагог-мұғалімдерінің бірі.

Қ.Имантайұлы қазақ тілінің үлкен қамқоршысы екенін «ер Едіге» эпосын қазақ тіліне мұқият түсіріп бергендігімен дәлелдесе, математикалық және ғылыми-техникалық терминология жасаудағы ең алғашқы ірі авторларының бірі екендігін осы аталып отырған оқулық арқылы білеміз. Бұл кітаптың құндылығы қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Б.М.Қасанов ғылыми тұрғыдан дәлелдеп отыр. Көлемі 1642 беттен тұратын осы қолжазба болашақ ғалымның 20 жасында жазған тұңғыш ғылыми еңбек екен. Бұл кітап А.П.Киселевтің алгебрасы негізінде жазылған. Бірақ бұл жалаң аударма емес.

Қаныш аға аудармамен қатар осы негіздей қазақ мектептеріндегі оқушылардың білімі мен талап деңгейін ескере отырып, шөп, мал түрлерін санауға, сол кезеңдегі сауда-саттық ұғымдарына байланыстырып көптеген жаңа мазмұнды оқу бағдарламасына сәйкес есептерді құрастырған. Қолжазбаның соңында 220 математикалық терминдердің қазақша байланысын енгізген. Қолжазбаның ішінде араб графикасымен жазылған 592 бет, латын графикасымен жазылған 1440 бет, 30-35 баспа табақ болавтын математикалық қолжазбалары Қазақстан Республикалық мемлекеттің орташа мұражай қорында сақталған.  Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы - іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы болып табылады.

Қаныш Имантайұлының пайдалы кендердің болжам карталарын құрастырудың методологиялық теориялық негіздерін айқындауға қосқан үлесі зор.

Сәтбаев өзінің өмірінде 640 ғылыми жұмыстан астам жұмыс жазды.

Шығыс Қазақстан облысының Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында жеке текті құжаттар өте көп сақталған, осындай аса бағалы, құнды, қызықты, мағыналы құжаттардың ең бірегейі – Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қоры болып табылады.

Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туралы құжаттар Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына 60 жылдары келіп түскен болатын. Құжаттарға қор нөмірі берілді. Қазір осы қорда ол туралы барлық құжаттар сақталған.

Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқай өңірде, қашан дүниеге келгендігін куәландыратын құжаттар толығымен бар.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығындағы құжаттарда нақтылы жазылған. Сонымен қатар, сақталған құжаттардың арасында марапатталған мақтау қағаздары, медальдары, куәліктері мен хаттары т.б. құжаттары мұрағат қорын толықтырып тұр.

1. Семей, Қазіргі заман тарихының құжаттама орталығы, Қор 416, іс-2

2.1915ж, №5, «Қазақ» 1915ж, №110, «Семипалатинский телеграф» 1915ж, №24, «Сибирскаяжизнь» 1915ж, №52 сынды белгілі басылымдарындағы мақалалардан көшірмелер.

3. Академик К. И. Сатпаев и наука Казахстана: статьи, очерки, воспоминания. - Алматы: Ғылым, 1999. – 272 с.

4. Қ.Сәтбаевтың Т.Кошкинаға жазған хаттарынан (1925-1929 жылдар) үзінділердің көшірмелері.

5. Алаштың білім ордасы (редакция алқасы: Жанаева Ш.А., Мұқанов Т.К.) Семей: Тенгри баспасы.-2013ж, -293б.

6. Төлеужан Мусин. Өмір баспалдақтары. –Алматы.-1983.-226б.

Білімнің қара шаңырағы – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 110 жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жанаева Шағангүл Алдамжарқызының басшылығымен аталмыш оқу орнында Қаныш Имантайұлы Сәтпаев атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Ғылыми-зерттеу орталығына №202 дәрісхана берілді.

Аталмыш ғылыми-зерттеу орталығы, дәрісханада қоғам қайраткеріне арналған стенд, жеке портреті және жинақ папкалары мен фотосуреттері жинақталған альбом, видеоматериалдармен жинақталған. Осы ғылыми-зерттеу орталығы, дәрісхананы заманауи жабдықтармен жабдықталған.

2014 жылдың 22 қыркүйек күні 110 жылдық мерейтойын тойлау күні ғылыми-зерттеу орталығы, дәрісхана салтанатты түрде ашылды.

Дәрісхана меңгерушісі - Қойгельдина Бақытгүл Жумагалиевна.

Аталмыш ғылыми-зерттеу орталығы, дәрісханада жұмысын жандандыруда зерттеуші топ құрылған. Зерттеуші топтың 3 жылдық жұмыс жоспары мен құрамы әзірленген.

Болашақта да М.О.Әуезов атындағы колледж оқытушылары мен білім алушылары Қаныш ағамыздыңерең еңбегін қалың жұртқа насихаттауда атқарар игі істері әлі алдыда.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Академик Каныш Сатпаев: фотоальбом. – Алматы: Атамұра, 1999. –160 с.

  2. Академик Сатпаев: (К 110 – летию со дня рождения). - Алматы: 2010. – 273 с.

  3. Академик К. И. Сатпаев и наука Казахстана: статьи, очерки, воспоминания. - Алматы: Ғылым, 1999. – 272 с.

  4. Алаштың білім ордасы (редакция алқасы: Жанаева Ш.А., Мұқанов Т.К.) Семей: Тенгри баспасы.-2013ж, -293б.

  5. Қаныш Сәтбаев. – Павлодар: ЭКО ҒӨФ, 2003. – 208б. - (Рухнама).

  6. Мир Сатпаева / сост. Каменев Е. А., Жайлыбай Г., Тнимов М. – Алматы: Шартарап С, 1999. – 304 с.

  7. Мұхамедханов Қ.Тамаша тарихы бар техникум.-Алматы.-1992ж.

  8. Мұхамедханов Қ.Тамаша тарихы бар техникум //Семей таңы.-1992.-№67.-10-11б.

  9. Родина Сатпаева: фотокнига / сост. О. В. Таланова. - Алматы – Павлодар: Жибекжолы, 1999. – 336 с.; илл.

  10. Сәтбаев К. И. Қазақстан менін Отаным. – Алматы: Ғылым, 1999.- 464б.

  11. Сармузин Ғ. Өнеге. Алматы: Жазушы.-1975.-250б.

  12. Сәрсеке М. Қаныш Сәтбаев: роман–эссе. – Астана: Фолиант, 2008. -648 с.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!