Материалдар / Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында мақала

Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Майдангерлердің ерлігі жайлы мағұлмат беру.30 мыңнан астам майдангерлер орден, медальдармен марапатталған. 16 адам 3 дәрежелі Даңқ орденінің толық иегері атанды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
324
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абылғазина Айгерім Ерболқызы тарих пәні мұғалімі


Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында

Өз қадірін білмеген- ер қадірін білмейді,

Ер қадірін білмеген- ел қадірін білмейді.

Б. Момышұлы

Тарихымыз қайғы қасіретке толы. Саяси – әлеуметтік дауылдан, қиян-кескі ұрыстан қазақ халқы тарихтың талай тәлкегіне түсті, көптеген оқиғаларды басынан кешірді. Сонда да ұрпақ тәрбиесінде санамызға кек тұту егілмей қалған, кеңдік сақталған. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген ойды бойға сіңіріп өскен тұлғалар дарқан, кең мінезді келеді. Қазақ халқы тар жол тайғақ кешулерден арып- шаршаса да, қажып-қаңсыраса да әрқашан қадір- қасиетін жоғалтпай, ар-намыс, абыройын төкпей шығып отырды. Қазақстанда тұратын әрбір адамның, әр азаматтың бойына Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті, құрметті тәрбиелеп дамыту керек.

1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Қазақ тарихындағы ең бір биік шыңы – шыңырауы деуге болады. Соғысқа қатысқан қазақ – жауынгер халық екенін іспен дәлелдеді, ерлік көрсетті. Ал тылда қалған қазақтың бір жартысы зауыттарда сол соғысқа жұмыс істеп қару-жарақ шығарса, соғыс пен жұмысқа жарамайтындар үйлеріне – біреулері жер аударылған халық өкілдерін жылы қабылдап, екіншілері Ресейдің майдан шеңберінде қалған қалаларынан эвакуацияланған халықты үйлеріне бауырмашылықпен жылы қабылдап, жоқтық заманында барымен бөлісті. Осыдан, басқа ұлттар Қазақтың кім екенін танып, білді. Әрбір қазақстандық жанұяда арғы атасы болсын, аталары, әке, әжелері соғысқа қатысты. Аман-есен тірі оралғандары бар, сонымен қатар ажал қуып қаза болғандары да аз емес. Үлгі тұтар аталарымыз Бауыржан, Қасым, Рақымжан аталардың, тағы да мыңдаған соғысқан ардагерлердің еңбектері орасан зор[1,392б]Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Сол соғыста бұрынғы Семей облысынан ғана 93 мыңнан астам адам елін, жерін қорғауға қолына қару алып қан майданға аттанған. Семейлік жауынгерлердің ерлігіне ерекше тоқталған жөн.

30 мыңнан астам майдангерлер орден, медальдармен марапатталған. 16 адам 3 дәрежелі Даңқ орденінің толық иегері атанды.

Олар:

1. Фазыл Әділбаев

2. Петр Николаевич Борков

3. Николай Федорович Кужелев

4. Федор Егорович Маслин

5. Василий Николаевич Кондратьев

6. П.А Крахмалев

7. А.Е Капорин

8. Александр Михайлович Кузнецов

9. В.Н Фоминых

10. Николай Иванович Киселев

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің бәрі батыр делік. Қатардағы батырлар туралы сөз қозғасақ.

Асылхан Табылдыұлы Бекбаев Ұлы Отан соғысының ардагері. 1942 жылы маусым айында армия қатарына шақырылды. 1942-43 жылы Петропавловскідегі авиамеханиктер дайындайтын әскери мектепте оқып, оны тәмәмдаған соң бірден майдан даласына жіберілді.

13 авиаполкте механик , кейін 6- гвардиялық бомбалаушы авиациялық дивизияда техник болды. Белоруссия жерінде жараланып жатқан Асылхан госпитальда өзінің болашақ жары Татьянамен танысады. Адамдардың өмір жолы бір-бірімен ұштасып жатады. 1950 жылға дейін Совет Армиясының қатарында болған. А.Т Бекбаев 15 шақты орден, медальдармен марапатталған. Екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені, « Құрмет белгісі» ордені, « Ұлы Отан соғысында Германияны жеңу» медалі.

1956 жылдан Семейдің педагогикалық училищесінде қызмет атқарды. 25 жылдай директор болды. Болашақ педагог мамандарды дайындаудағы үздік еңбегі үшін «СССР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

Әзілхан Нұршайықов Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және А.А Фадеев атындағы мемлекетаралық сыйлықтың лауреаты.

Ә. Нұршайықов1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы «Келін сүйегі» деген жерде туған. 1936 жылы Жарма ауданындағы « Ақбұзау» орталау мектебін бітірген. Соғыстың алдында Семей педучилищесінің 1-курсынан соғысқа кетеді. 1941 жылы 5 желтоқсан күні Жарма аудандық әскери комиссариат әскерге алып Алматыға аттандырды. 100- атқыштар бригадасының солдаты болған. Әскерде артиллерист – зеңбірек командирі болды. 786 күн майданның алғы шетінде зеңбірек сүйретіп жүріп, жау оғынан тірі қалып, жеңіспен туған елге қайтты.

Белгілі жазушы «Дүрбелең» және «Шырғалаң» романдарының авторы. Соғыс жылдары Ә. Нұршайықовтың журналистік қызметі басталды. Оның өлеңдері майдандық «Сталин үшін алға» , «Алға, жауға қарсы», «Суворовшы», «Республикалық Социалистік Қазақстан» және облыстық газеттерде жарияланып тұрады. Майданның өміріне, жерлестерінің ерлік пен еңбектері туралы әңгімелер жазып тұрған. Мәншүк Мәмбетоваға арналған « Жан құрбы» өлеңі, « Атамыз Жамбыл ақынға» деген толғауы жарияланды. « Майдандағы қуаныштар» деген очеркі, « Көсет» деген тұңғыш поэмасы, « Алғыс» деген әңгімесі, «Семей жігіттері Отан үшін ұрыста» деген мақаласы өлеңдерін «Екпінді» газетіне жіберіп тұрды. Сөйтіп Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейін зеңбірек командирі болып, майданда фашистермен соғыса жүріп «Екпіндінің» тапсырмаларын үздіксіз орындап тұрған.[2,1б]

Әзілханның соғыс сапары Германияның Висмар қаласында аяқталды. Содан 1945 жылы 15 қарашадағы әскерден қайтып, елге оралмастан Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түскен.

Соғыс кезінде еңбегі үшін ІІІ дәрежелі Даңқ, ІІ дәдежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерліктегі еңбегі үшін», «Батырлығы үшін», « Вершаваны азат еткені үшін» медальдарымен және «Қызыл Армияның үздігі» белгісімен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Президентінің 1945 жылғы 24 сәуіріндегі Жарлы бойынша Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығына байланысты «Ерен еңбегі үшін медалі» тапсырылды. Міне Ә. Нұршайқовтың жауынгерлік жорығы осындай.[3]

Адамдардың өмір жолы бір-бірімен ұштасып жатады. Соғыстың алдында Семейдегі педагогикалық училищеде 1935-1936 жылдары Қабдуакит Мағауиянов оқыған еді. Қабырға газеті ілінсе-ақ болғаны оқушы қауым Мағауияның кезекті туындысын іздейтін. Қабырға газетінің маңында жиылғандар күлкіден тиылмайтын. Соғыс басталды, Мағауия Отан қоғауға аттанды. Майданда авиацияның борт-механигі болып істеп, жеңіспен елге оралды. Содан ұзақ жылдар дарынды журналист «Семей таңы» газетінде қызмет істеді. «Ақ көңілдің аты арымайды, тоңы тозбайды» деген сөз осы Қабдуакитке арналған.

Семей өлкесі еңбеккерлері тылда ерен еңбектің үлгісін көрсетті.1941 жылы 23 маусымда Семей ет комбинатының митингісіне 2500 адам қатынасты. Слесарь Лопатин – « Уақытпен есептеспей еңбек етеміз, жоспарды орындап қана қоймай артығымен орындаймыз, сапалы өнім береміз» деген ұранмен Кеңес халқы еңбек етті. Экономика соғыс жағдайына көшірілді, әскери өнімдер бере бастады. 1941 жылы Семей қаласының өнеркәсібі 85 түрлі өнім түрлерін берді, соның 23 түрі соғыс өнімі еді, ал 1942 жылы -125, 1943 жылы-153 түрлі өнім берген.

1942 жылы Семей ет комбинаты Одақтық социалистік жарыстың жеңімпазы атанып Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Соғыс жылдары ет комбинаты 103470 тонна ет, 21130 колбаса өнімдерін, 100 млн банкі ет консервілерін шығарған. « Кеме жөндеу заводы айлық жоспарын артығымен орындады. Күндіз-түні қызу жұмыс жүріп жатыр» деп жазған еді. 1942 жылғы 9 шілдеде шыққан « Прииртышская Правда» газетінде. «Әсіресе Андрей Кривощей завод ұжымының құрметіне бөленді» делінген. Семей кеме жөндеу заводы талай рет Одақтық Социалистік жарыстың жеңімпазы болған.

« Барлық күш майданға көмек беруге жұмылдырылсын!» - міне тыл ұландарының негізгі ұраны осындай еді.

Семей станциясының теміржолшылары Түрксіб темір жолы бойынша 1943-44 жылдары социалистік жарыстың жеңімпазы атанған. Мемлекеттің қолдауынсыз қысқы дайындықты және жұмыс жоспарын орындаған[4,3б].

Турксибтің Шар бөлімінің теміржолшылары бірнеше рет Одақтық Социалистік жарыстың жеңімпазы болғандықтан мемлекеттік қорғаныс комитетінің Қызыл Туын мәңгілікке сақтауға берілген. 1941 жылы қыркүйек айында қалада антифашистік митинг өтті. Қала жастары комсомолдар Ленинград қорғаушыларына ержүрек жастарына хат жолдады. Қала жастары норманы 200% орындауға, әскери білімді игеруге, жауынгерлік қаруды меңгеруге уәде берді. Семей тері-илеу комбинаты майдандағы жауынгерлерге арнап тон, тері кеудеше, шинель, қолғап т.б өнімдер шығарған. Жауынгерлер: - «Сендердің өз қолдарыңмен жасаған заттарыңды алдық, өте сапалы екен. Рахмет жерлестер» -деп жазған.

Соғыстың ауыртпалығына қарамастан қала экономикасы алға қарай дамыған. 1943 жылы 1940 жылмен салыстырғанда жеңіл өнеркәсіп 4 есе , жергілікті өндіріс 2,5есе көбейген. Республикалық жарыстан үш алғашқы орынды Семейдің « Большевичка Украина» фабрикасы, мемлекеттік тері зауыты және мақта-мата тоқыма фабрикасының комсоиол- жастар бригадалары жеңіп алған. [5,172б].

Соғыс жылдары жастар тамаша еңбек еткен, 2-3 норма берген Стахановшылардың 88% жастар еді. 50 комсомол- жастар бригадасы жұмыс істеді , оның 25-і «гвардиялық және майдандық» бригада деген атаққа ие болған. Семей теміржолында Галкин мен Казаковтың сменасы, Шар станциясында Жақсылықовтың бригадасы социалистік жеңімпазы атанды. Түйтебек Байскаков 13 жасар бала 1942 жылы ет комбинатына жұмысқа алынды. Ол кезде еңбек етуге жас цензі төмендетілген еді. Содан ширек ғасырдай еңбек етті. 1966 жылы 14 маусымда Еңбек ері атағын алды, Руфина Трухина Ленин ордені және Октябрь революциясы орденімен марапатталды.

Адамзат тарихы талай азаттық күресті, ерлікті біледі. Бірақ тарих Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бұқаралық ерлікті, ынтымақтастықты білген жоқ. Уақыт жылжып өтіп жатар, бірақ ешқашан да халықтың Отансоғысындағы майдан мен тылдағы жан қиярлық ерлігі мен еңбегі халық санасынан өшпейді. [6,475бет]

Ұлы Отан соғысы жылдары Семейліктер майданда керемет ерлік көрсетті, тылда қажырлы жұмыс істеді. Соғыс құрбандарын, соғыс ардагерлерін білу, оларды қастерлеу бүгінгі ұрпаққа міндет. Өз елімізді, өз ерлерімізді мақтан тұтпасақ, біз қалай патриот боламыз? Олбіздің елдігімізгеде ұлтымызға да үлкен сын. Батырлар даңқ іздеген жоқ. Оны Отанды қорғаушыларға өмірдің өзі берді. Осы даңқты сақтау Отанға берілгендікті, Отанға деген сүйіспеншілікті жастардың бойына сіңіру тамаша жауынгерлік дәстүрлерімізді болашақ ұрпаққа жеткізу-бүгінгі ұрпақтың абыройлы борышы.

«Жеңіс – оңайлықпен келген жоқ» Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдында беделі асқақтап, биік шыңдардан көріне білді.







Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Боздақтар. Семей облысы. Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш кітап. Алматы 1995 ж. 392 бет.

  2. Әзілхан Нұршайықов. Әке туралы сөз//«Дидар» газеті 20 қаңтар 2001 ж. №6-1

  3. Жанар Чушекова. Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында//Семей таңы 15 сәуір

  4. Әзілхан Нұршайықов. Майданға да бірге кірген// Семей таңы газеті. 04.12.1979.

  5. Ерлікке тағзым// «Ертіс өңірі» газ. 06.05.2004ж.№2

  6. Семипалатинск.А.1984. 149-172 бет.



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!