Материалдар / Семинар - тренинг. Өзіңді – өзін тани біл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар - тренинг. Өзіңді – өзін тани біл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұнда ПСИХОЛОГТАРҒА ата-аналар жиналысында қолдануға болатын психологиялық семинар - тренингтердің жоспары берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2024
161
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы – отанымыздың ошағы.

Отбасында адам бойындағы асыл

қасиеттер жарқыра қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім -

жақындарына,туған - туысқандарына

деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев


Тақырыбы: «Отбасымен жұмыс жасау барысында арттерапия әдістемесін қолдану» тақырыбындағы ата-аналар жиналысына психологиялық семинар - тренинг

Мақсаты: Арт-терапия арқылы ата-ананың бала тәрбиелеуде сапасының жоғарылауына, өз деңгейінде болуына ықпал ету. Ата-ана мен баланың отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау, қарым-қатынас пен болашағы жайлы түсінік қалыптастыру және бағыт бағдар беру.

Тренинг құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Түстер арқылы темпераментті анықтау

Қуыршақтерапия жаттығуы.

ІІІ. Негізгі бөлім.

«Гүл бейнесіндегі - Отбасы суреті» әдістемесі

ІV. Қорытынды бөлім.

«Келесі кездескенше!»

«Қоштасу» жаттығуы.


Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен, кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

Қайырлы күн, жауапкершілігі жоғары, ең белсенді, құрметті ата-аналар! Сіздердің ата-аналар жиналысына келгендеріңіз, осы дәрежеде екенін білдіреді.

Арттерапия элементтері арқылы, гүл бейнесін жасау. Авт. С.Браташ

Ал енді жиналысымызды, қолымыздағы, кіре берісте алған, екі түсті салфетканы аламыз. (ата аналар жиналысына келіп, актовый залға кіре берісте, столға түрлі түсті салфетканы жайып қойылады. Ата аналарға өздерінне ұнаған бір түсті салфетканы алындар деп айтылады. Қосымша әр қайсына, бір ақ салфетка беріледі)

Осы екі салфетканы алып, өзіміздің еркімізге қарай гүл жасаймыз. Енді жасаған гүлдеріңізге көңіл бөлсеңіз. Сіз екі түрлі түсті салфеткамен гүлді жасадыңыз. Мұнда гүлді қалай жасағанына қарай баға қойылмайды. Өйткені мағынасы, осы гүл арқылы, балаңыздың өміріне, тәрбиесіне, қаншалықты, сіздің әсеріңіз тиетіні жайлы көрсету болып табылады. Алдымен өздеріңіз тандаған түрлі түсті салфетканың, түсі жайлы қысқаша сипаттама берейін. Психологияда әр түрлі түстің, өзінің ерекше мағынасы бар: мысалы жасыл түсті тандаған адам, темперамент бойынша жасыл сангвиник, бұл дегеніміз ақыл-ойдың шапшаңдығы, тапқыштығы бар, адамдармен тез тіл табысатын, өте қажырлы, әрі жұмысқа қабілетті адам. Кызыл флегматик сыртқы көрінісі салмақты, мақсаты айқын. Өз ісіне ұқыпты. Ол бастаған ісін соңына дейін тыңғылықты орындап шығатын, өз ісінің сапалы болуына ерекше көңіл бөлетін адам. Сары холерик белсенді, адамдармен қарым-қатынаста тік, дегенмен шешімге келеді. Айтыс-тартыста тапқыр. Кек сақтамайды, қызба мінезді адам. Көк меланхолик, бұлар шығармашыл, ойшыл жандар. Жалпы айтқанда, толық мәлімет алу үшін, жеке кеңеске жазылсаңыз болады.

Ақ салфетканы мен баланың аппақ жанындай таза, әлі толық мінезі қалыптаспаған бала деп көрсеткім келді. Енді сіздер осы екі түспен жасалынған гүлдеріңізге көңіл бөлсеңіз, мұнда сіздің бойыныздағы қалыптасқан мінезіңіз, қағидаңыз,сөзіңіз, іс-әрекеттіңіз, қабілеттеріңіз балаға фундамент ретінде әсер етеді дегім келеді. Бала мен ата-ананың арасындағы өзара байланыстың өте маңызды екенің айтқым келеді.

Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек, олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап–жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы. Ата-ана, мұғалім, психолог жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызады, оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін байқап, қамқорлық танытады;

Тақырыбы: «Гүл бейнесіндегі - Отбасы суреті» әдістемесі авт. Л.Лебедева

Мақсаты: Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін, отбасылық жылуды, бір біріне жақындықтарын бақылау.

Отбасы ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға жағдай жасау,нығайту, жағымсыз көңіл – күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу өзін еркін сезінуге көмектесу.

Орындау ережесі: Әр кім өзінің отбасындағы мүшесін гүлге теңеп сурет салуы керек.

Құрал жабдықтар: интерактив тақта, видеослайд, ақ қағаз, түрлі – түсті бояу, өшіргіш.

Міндеті: Отбасы мүшелерін суретке түсіру ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан қарым-қатынасты клиенттің бағалауы және одан әсерленуі, мазасыздануын анықтау.

Нұсқау: Отбасыңыздағы әрбір жанды өзіңіз қалаған гүл бейнесімен бейнелеңіз.

Суреттер бойынша интерпретация

Суреттерді талдау: Қатысушылар өз суреттерімен бірге басқалардың суреттеріне қарап талдау жасайды.

Суреттерді талдау кезінде, клиентке қойылатын сұрақтар:

1. Суреттен қандай көңіл-күй сезіледі?

2. Қандай ерекшеліктер бар? (әрбір отбасы мүшесінің ерекшелігі, қайталануына мән беріледі).

3. Қоршаған ортада өсімдіктер өзін қалай сезінеді, қаншалықты табиғи көрінеді?

4. Суретші қандай сезімдерді көрсеткісі келген?

5. Суретші қайсы нысанға көп көңіл бөлген?

5. Автордың өзі суретте қандай орында тұр?

6. Гүлдер өзара қалай жайғастырылған?

7. Барлық отбасы мүшелеріне орын жетті ме?

8. Шын мәніндегі отбасы бейнеленген ба, әлде қиялдағы отбасы ма?

9. Гүлдер арасында қайтыс болған туысқандар мен жақын ағайындар бар ма?

10. Салынған суреттегі түстерге көніл бөлінеді. Қаншалықты бір-біріне түсімен, формасымен ұқсайды.

11. Егер суретте гүлдер құмыран немесе бір ыдыстың ішінде салынған болса, клиенттен бұл ыдыстың ішінде бір нәрсе бар ма деп сұрайды.

Осы суреттер жайлы талдау өткізіліп, осы суреттерді көнілінен толық шығатындай етіп аяқтауына тапсырма беріледі

.

«Келесі кездескенше!» жаттығуы

Мақсаты: өзара түсінушілік пен сенімді арттыру; қатысушылармен кері байланыс жасау.

Құрал: жұмсақ ойыншық.

Нұсқау: менің қолымда сиқырлы қуыршақ. Ол жарық, жылу, қуаныш, бүгінгі күн бақытын әкеледі. Сіз бір-біріңізге сиқырлы қуыршақты жалғай отырып, бүгінгі тренинг жөнінде әсерлеріңізді бөлісесіз және қатысушыларға өз тілегіңізді білдіресіз.

Біздің бүгінгі тренигіміз аяқтала келді. Келесі кездескенше сау болыңыз деп тараймыз.

Талдау: Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар? Нені болашақта қолданар едіңіздер?


Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Барлығымызға белгілі бір сыныпта қабілеті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Біздің мақсатымыз оқушыларымызға, педагог-психолог маман ретінде еңбегімізбен үлес қосу.


Пайдаланған әдебиет

Андреева Т.В. Семейная психология: -СПб.: Речь, 2004.- С.244

Столин В.В. Системная семейная психотерапия //Вопросы психологии. –1982. -№4 –С. 105-115.

Алешина Ю.Е. Цикл развития семьи: исслед.и проблемы. -Вестник МУ Сер14 №2.- С.122.

Мясищев В.Н. Психология отношений. - М.: Институт практической психологии, Личность в экстремальных условиях. - М.: Политиздат, 1989. –С. 303.

Педагогика Учебное пособие/ Под.ред. В.А. Сластенина.- М.,2004.-С.189.

Алешина Ю.Е. Цикл развития семьи: исследования и проблемы // Вестник Моск.ун. Сер. 14 Психология. 1987.№ 2.-С. 60-72.

Земска М. Семья и личность.- М.1986.-С.123.

Жүнісова-Елшібаева Қ.Ғ. Қазақ отбасы мәселелерінің психологиялық аспектілері. -А.; 2010.- Б.131.











Созақ ауданы, Таукент кенті

І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп

Браташ Сауле Мухамедияровна




Тақырыбы: Өзіңді – өзін тани біл!

Мақсаты: Адамдар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көніл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Тренинг құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

  1. Танысу мен қағиданы қабылдау.

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. «Шаңырақ» жаттығуы

  2. «Өмір жолы» Релаксация

  3. Тест: "Қай жолды таңдадыңыз?"

  4. Арттерапия әдісі. Тақырыбы: “Менің өсуіме кедергі бар”.

  5. «Мен кіммін қоршаған ортада?» жаттығуы

ІV. Қорытынды бөлім.

  1. Сергіту сәті: «Табиғат мінезі» жаттығуы. Музыкатерапия

  2. Сенің жұлдыздық сәтін” жаттығуы.


  1. Танысу мен қағиданы қабылдау.

Жүргізуші қасындағы адамнан өзін таныстыруды сұрайды. Қатысушылар өздерін ерекше шеберлікпен таныстырулары керек. (қимыл арқылы, дауыс ырғағымен, т.б.). Жаттығу тізбек сияқты жүріп, соңында кімнің танысуы ерекше болғаны талқыланады.

Танысқаннан соң топішілік қағида құрады. Мысалы:

  • Бірін-бірі тындау.

  • Белсенді қатысу.

  1. «Шаңырақ» жаттығуы. авт. С.Браташ

Мақсаты: Адам өзінің бойындағы жақсы қасиеттерді іздеп бағалау, сенімділігін арттыру, психикалық көңіл-күйлерін көтеру, отбасында бір –біріне деген құндылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру.

Әрбір адамның бойында өзінің ерекше қасиеті бар, ал сол ерекшеліктер бізге жеті ата – бабамыздаң гендер арқылы бойымызға еніп, өмірімізге де сініп, әсерін берген.

Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған.

Осы бір ең алғашқы, ата - бабамыздан мұраға қалған киіз үйіміздің шаңырағын ашып, ішіндегі бір қасиетін оқып жіберсеніз, сіз жеті ата-бабаңыздан өзіңізге жеке бойынызға берілген бір қасиеттін бар екенін білесіз.

Енді өзінің бойындағы қандай қасиет бар екенің ортаға салсаңыз.

Сізге бұл қасиеттің бойыңызда бар болғаны белгілі ме?

Сізге бұл қасиет ұнады ма?

Сол қасиеттің бойынызда болғаны, сізге жаңалық болды ма?

Бұл қасиет өміріңізге қаншалықты керек деп ойлайсыз?

Арманызға жетуге бұл қасиет көмек бере ала ма?

Тамаша екен, ал енді біле білсеңіз, адам өзінің миын тек орта есеппен 5 % пайыз қана пайдалана біледі екен, ал қалған 95 % пайыз ұйықтап жатыр десек те болады. Ал егер адам алдына шын көңілмен армандаған бір мақсатын қойып, сол бағытта жұмыс жасаса ол мақсаты орындалатынына 95 % пайыз дәлелденген.

Сонымен, құрметті семинарға қатысушылар, жақсылап жайғасып, армандаған мақсаттарыңыз жайлы ойласаңыз да болады...

  1. «Өмір жолы» Релаксация

Мақсаты: көңіл – күйін көтеру, өзіне деген сенімін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру.

Алдымен ыңғайлы жайғасып, көзіңізді жұмыңыз. Еркін отырыңыз. Енді терең тыныс аламыз.

Ауаны ішке өткізіп, іштей 10 - ға дейін санап, демді ауыздан баяу шығарамыз. Менің дауысым сазды әнмен сіздің толық босансуыңызға мүмкіндік береді.......

Осы мезгілде еркін отырып ойға бөленгеніңіздің өзі... жан дүниеңізге қаншалықты маңызды екенін өзіңіз ғана білесіз. Сіз ішкі ойыңызбен бақылаңыз, қалай отырғаңыңызды қандай сезімде болғаныңызды толық бақылаңыз....

Енді ішкі ойыңызбен сыртқа шығыңыз, сіздің көнілінізге далада қаңдай ауа райы тамаша деген сезім келді. Сіз сол бір тамаша сезіммен аялдамаға барып тұрсыз.

Сол бір уақытта алдыңызға көлік келіп тоқтады. Сіз өз еркіңізбен көліктің ішіне кіріп, өзіңізге ұнаған орынға отырдыңыз, көлік болса орнынан жылжып кете берді...

Сіз терезеге қарап, жол бойындағы.. табиғатты .. көріп тамашалап отырсыз биік таулар, ну орман, шексіз теңіз. Осы кезде көлік жай ғана бір аялдамаға келіп тоқтады.

Сіз жан - жаққа қарап бір ғана жолды көрдіңіз, сол жолмен келе жатырсыз алдыңызда биік әдемі әшекейленген сарай көрінді. Сіз жақындап осы сарайға келіп ішке кірдіңіз.....

Бұл тамаша сарайдың ішінде көп бөлмелер бар екен, сізге арнайы бір бөлменің есігі ашық тұрғандай болды, сіз сол бөлмеге, көніл бөліп кірдіңіз кітаптарға толы бөлме екен Осыншама кітапқа толы сөрелерді тамашалап тұрғанда көзіңіз қабырғада ілініп тұрған бір суретке түсті де бойынызды баурап алды.

Жақын келіп суретті қарасаңыз бұл суретте өткен өміріңіздің барлық кезендерін суретші жинап салған сияқты, мүмкін сізге солай көрінді ме, әйтеуір, сол бір мезгілде алдыңыздан, ойнап жүрген балалық шағыңыз, анаңыздың жылы алақаны, әкеңіздің күлімдеген көзқарасы, балалық достарыңыз, мектептегі оқып жүрген кездеріңіз, алғашқы махаббат сезімі, өзіңіздің, осы күнгі, өміріңізге дейін, аспандағы жұлдызбен жарысып өткендей болды.........

Осыған таңқалып тұрған кезіңізде бұл сарайда тек өзіңіз ғана емес тағы да бір адамның бар екенін сезініп жан жаққа қарадыңыз...............

Бөлменің бір шетінде кітап оқып отырған ақсақал қарияны көрдіңіз...

Сіз ақ сақалды аппақ қарияның қасына барып, жылы жүзіне қарағанда, жүрегіңіздегі сырт әлемге көрсетпеген сезімдеріңіз жайлы бәрін айтып бөлістіңіз.....

Осы кезде ақ сақалды қария «Балам, бәрі де жақсы болады деп сізге күлімсіреп қарады.

Сіз осы бір қуаныш сезімін жүрегіңіздің түпкіріне жайғастырып қойдыңыз, өйткені, бұл сезім, сізге өмір жолыңызда нақты бағытпен көмек беретіне сенімдісіз.

Сөйтіп жүре бере, аялдамаға келіп, қайтып сізді күтіп тұрған көлікке отырып, шыққан жеріңізге келдіңіз ....

Сонымен бойыңыздағы алған әсеріңіз тек өзіңізге тән екенін біліп, мен үш деп санағанымда көзіңізді жай ғана ашып ішкі жан дүниеңізге қайтып оралыңыз.....

1. Мен бақыттымын

2. Арманыма жетемін

3. Өзімнің жан дүниеме оралдым Кері байланыс

  1. Тест: "Қай жолды таңдадыңыз?"

Болашағыңыздың жарқын болуын қаласаңыз, жүрегіңізге үңіліп, болмысыңызды танығаныңыз жөн. Өзіңіздің қандай адам екеніңізді білмей тұрып, өзгенің сырын ұға алмайсыз. Сол себепті төмендегі суретте берілген есіктердің бірін ойланбастан таңдаңыз. Таңдау жасамайынша жауаптарын оқымаңыз.
№1 есікті таңдаған болсаңыз
Еркіндік жолын таңдадыңыз. Сіз үшін бос кеңестік пен тәуелсіз болудың маңызы зор. Әрбір қадамыңыз үшін жауап бере аласыз. Шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланасыз. Алдыңызға қойған мақсатыңызға жетпей тынбайсыз. Өміріңіздің әрбір секундына қуанып, уақытты дұрыс жұмсай білесіз.
№2 есікті таңдаған болсаңыз
Сіздің жолыңыз – артық адамдарға орын болмайтын шағын ғана әлем. Жалғыз қалғанды жаныңыз сүйеді. Әлемді жалғыз шарлап, түрлі шараға баруды ұнатасыз. Әңгімелесуші мен қамқоршыға зәру емессіз. Достарыңызды қатты жақсы көретінің рас. Алайда жалғыз қалуды су тамшысындай ұнатасыз.
№3 есікті таңдаған болсаңыз
Сізді алда талай қызықты күндер күтіп тұр. Өміріңізді сұлулық, тосын сый, қызықты оқиға дегендерсіз елестете алмайсыз. Жалғыздықты мүлдем дерлік ұнатпайсыз. «Қанша өмір сүрсең де, үйренуден жалықпа!» қағидасына сай өмір сүресіз. Айналаңызға үнемі қызығушылық танытып, сұрақ қойып жүресіз.
№4 есікті таңдаған болсаңыз
Таңдаған жолыңызға қарап, сізді таңғажайып оқиғалар күтіп тұрғандығын айта аламыз. Әр кез болашағыңыз туралы ойлап, жаңа нәрселердің дәмін татуды ұнатасыз. Ұшқалақ мінезіңіздің арқасында қауіпсіздік мәселесін ұмытып кетесіз. Үнемі ережелерді бұзып жүрсеңіз де, айналаңыздағылар сіздің болмысыңызға, батылдыңызға қайран қалады. Сіз туралы «Уақытын босқа шығындап жатыр» деп айтатын тірі жан табылмайды. 
№5 есікті таңдаған болсаңыз
Сіздің есігіңіз барлығы үшін ашық. Шынайы сұлулық пен жүрек тыныштығы өте маңызды. Мақсат пен оған жету жолына да қызығасыз. Ағыспен жүзіп, қандай жағдай болса да, тұрақтылықты таңдайсыз. Жанжалдың алдын алуды білесіз.
№6 есікті таңдаған болсаңыз
Сіз сабыр мен бейбітшілікті таңдадыңыз. Жалғыздық, тыныштық, қырағылық – өмір атты ұзақ жолда адал серіктеріңіз. «Ескі дос жаңа таныстан артық» деген қағиданы ұстанасыз. Шындықтың беті ашылмайынша тынышталмайсыз. Үнемі өмірдің мәнін іздеуден жалықпайсыз. Бастағы білімнің сапалы болғанын қалайсыз. Сізді ойшыл, философ деп айтсақ та болады. 

  1. Арттерапия әдісі. Тақырыбы: “Менің өсуіме кедергі бар”.

Мақсаты: Адам өзінің бойындағы жақсы қасиеттерді іздеп бағалау, сенімділігін арттыру, өзі жеткен биіктікті теріске шығармау.

Құрал жабдықтар: ақ қағаз, түрлі – түсті қаламдар, өшіргіш.

Міндеті: Қатысушыға өзінің бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай білу.

Нұсқау: Мына параққа тақырып бойынша ойынызға не келеді соны салыныз.

Талдау сұрақтары: Бейнені салып болған соң, ол туралы өзініздің атыңыздан айтып берініз. Осы кезде пайда болған өз сезімдеріңізге деген көніліңізді бөліп, көрсетіп отырыңыз. Осылайша ой жалғаса береді.

  1. «Мен кіммін қоршаған ортада?» жаттығуы

Мақсаты: Адам бойындағы ерекше қасиеттер туралы түсініктер беру. Кешігірім ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу, өзіне деген сенімділікпен оптимизмге бағыттау.

Нұсқау: Әр қатысушының арқасына жабыстырылған бір ақ А4 парақтың бетіне әркім өз еркімен, барлық қатысушыларға жеке байқалған немесе өзінің ойынша адамның бойындағы бар бағалы құндылықтарын жазады.

Талдау. Кері байланыс.


  1. Сергіту сәті: «Табиғат мінезі» жаттығуы. Музыкатерапия

Мақсаты: Ұжым арасында қарым-қатынас нығайту, жағымсыз көңіл – күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу өзін еркін сезінуге көмектесу.

Нұсқау: топ төрт қатарға бөлініп (көктем, жаз, күз, қыс болып), ең алғашқы қатардағы тұрған жетекші, музыка ырғағымен, қимыл қозғалысымен бір бидің түрін көрсетеді, оның артында тұрған адамдар сол биді бірдей әдемілеп қайталау керек. Келесі музыка басталғанда, алдындағы жетекші, соңғы қатарға тұрып, келесі бір бидің көрінісін көрсетеді. Қай топ бірдей, бір адам сияқты, жақсы би көрінісін көрсетсе, сол топ ұтқаны.


  1. Сенің жұлдыздық сәтін” жаттығуы. Мақсаты: өзіне деген сенімділігін арттыру, қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау.

Нұсқау: қатысушылар екі топқа бөлініп, екі қатар болып тұрады. Енді соңғы қатардың оң жағында тұрған қатысушыға осы екі қатардың ортасымен, өзің жұлдыз ролінде сезініп, ортадан өту керек деп айтылады.

Ал қалғандарына, оны атақты жұлдызды қалай қошеметтейміз, солай оны қошеметтеу (шапалақпен) керек екенін айтылады және келесінде сол жағындағы қатысушы ортадан өтеді. Ойын барлығы ортадан өткен сон аяқталады.

Талдау. Кері байланыс.























9


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!