Семинар сабақ.
Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқытуда ойын түрінің
тиімділігі»
Сабақтың мақсаты:
Елбасы
Жолдауында кез келген мектеп оқушысының жоғары деңгейде шет тілін
оқып-үйренуіне жағдай жасалуын жолға қою міндеті атап
көрсетілген.
Сол
себепті Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл
саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет
тілін оқытудың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру болып
табылады.
Сондықтан
ағылшын тілін оқытуда ойын элементтері оқытудың тиімділігі
оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын
арттыруында, оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне
көмектесуін түсіндіру.
Сабақтың өтілу әдісі: интеллектуалды сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
қосымша оқулықтар, компьютер,
интерактив тақта.
Сабақтың барысы:
Ойын-оқушылардың шығармашылдығы мен ой-өрісін дамытушы
факторы. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық
технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің
басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы
бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы,
өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің
талабы.
Еліміздің
басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын
тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы
қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп
қабырғасынан оқытып шығару-біздің казіргі кездегі міндетіміз.
Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп
отыр.
Кәсіби
тілдік қарым-қатынасты қалыптастыру үшін ойынды жиі қолдану тек
тәжірибелік міндеттерді ғана шешіп қоймай, сондай-ақ тәрбиелік
міндеттерді де шешеді.
Ойындар бес негізгі түрге
бөлінеді:
1) стол
үсті ойындары
2)
дидактикалық ойындар
3)
қозғалыс ойындары
4) іскерлік
ойындар
5) интеллектуалдық
ойындар
Бұл ойындар оқушылардың зор
белсенділігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа,
жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар–шаралар,
жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Сабақ
барысында пайдаланатын кейбір ойындардың
үлгілері:
1. «Міlling» – «Сыңарыңды
тап» жаттығуы
Бұл жаттығуды кез келген пән
сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және
«В» тобы. Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші
топқа – оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі. Олар сынып
бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.
Мысалы: Тақырып :
«Holidays»
«А» тобына: «В»
тобына:
-
HALLOWEEN It“s a holiday for children in
Britain.Children dressed in costumes knock on their neighbours“
doors and ask if he/she would like «trick» or
«treat»,
-
NEW
YEAR HOLIDAY People begin celebrating this
holiday on December 31. Many families watch
television.
2.
« Сөйлемді аяқта…»
Тақырып: « Eating in Great
Britain»
Бұл жаттығуды да кез келген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В»
тобы. Өткен тақырып бойынша бір топқа сөйлемнің басы, екінші топқа
сөйлемнің аяқталуы беріледі, олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз
сыңарларын табу керек.
Мысалы: «А» тобына: «В»
тобына:
A good
example is the traditional British Sunday lunch which consists… …of
roast-beef, roast potatoes and Yorkshire pudding.
British
breakfast consists of … …cornflakes with milk, toasts with
marmalade, honey and tea.
3.
Teaching with limited Resources:-« Шектелген ресурстармен оқыту»
Бұл жағдайда мұғалім сынып бөлмесіндегі бар заттарды қолданып сабақ өткізеді. Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу.
«Hot
chair»-«Ыстық орындық»
Тақтаның алдына 2 орындық қойылады. Біреуі- «true»,
екіншісі–
«false». Тақтаның алдына 4-6 оқушы шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Оқушылар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған оқушы ойыннан шығады. Жеңген оқушы тиісті «5» бағасын алады.
4. “Kim`s
Game” ойыны.
Оқушының сумкасындағы заттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан сон бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your
eyes! What“s missing?
5.“Bingo”ойыны
Бұл жаттығуды да кез келген пән сабағында қолдануға болады. Оқушыларға керекті трафареттер мен қиынды қағаздар таратылады. Тақырып бойынша трафареттің ішіне сөздер жазылады. Мұғалім керекті тақырып бойынша айтқан сөздерді оқушылар қағазбен жауып отырады. Кімде бір қатарда ұзынынан немесе көлденеңінен сөздер жабылса, сол оқушы жеңіп шығады. Бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, біз олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек. Сонымен қатар өз тәжірибемнен бірнеше сабақтар үлгісін ұсынып отырмын.
Theme:
“He kikes apple”- Ол алманы ұнатады.
Қорытынды:
Өтілген сабақ бойынша
қатысқандардың пікірлерін ортаға салу және сабақты
талдау.
Оқытушы: Сарманов
А