Материалдар / Семіздік ауруында імбір тамырын емдік мақсатта қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семіздік ауруында імбір тамырын емдік мақсатта қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда үйірме жұмысы берілген. Імбір тамырының химиялық құрамының ерекшеліктері ескеріле отырып, семіздікте қолдануға болатын құрамы імбір тамырынан дайындалған қайнатпа, ұнтақ, салат түрлерін және тәтті цукат, конфет түрлерін ұсындылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Наурыз 2024
156
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ембергенова Ж. Қ

Түркістан жоғары медицина колледжі, оқытушы, «Жасыл дәріхана» үйірмесінің жетекшісі.


Тақырыбы: Семіздік ауруында імбір тамырын емдік мақсатта қолдану

«Ауру- астан»

Халық даналығы

Үйірменің негізгі бағыттары:

  • Тақырыптың өзектілігін анықтау мақсатында статистикалық мәліметтер жинақтау;

  • Қосымша ем-шаралар ретінде дәрілік өсімдіктерді тиімді қолдану жолдарын іздестіру ;

  • Науқастарды емдеуге дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрілік түрлерді салыстырмалы түрде қолдану және нәтижесін бақылау.

Тақырыптың өзектілігі:

«Жасыл дәріхана» мүшелері Қазақстанда семіздікке шалдығу деңгейін анықтау мақсатында статистикалық мәліметтер жинақтағанда мына деректер анықталды: Қазақстандағы балалардың 22 пайызы, ал ересектердің 55 пайызы (соның ішінде әйелдер 58 пайыз, ерлер 53 пайыз) артық салмақ жинаған немесе семіздік дертіне шалдыққан. Бұл оларға қант диабетіне шалдығу қаупі төніп тұр деген сөз. Ұлттық Дұрыс тамақтану орталығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, жастар арасында денсаулыққа аса үлкен зиян келтіретін, денсаулықты ақсататын тамақтар мен сусындарға деген сұраныс жоғары. Біз « Жасыл дәріхана» үйірмесінің мүшелері семіздіктің туындау себептерін анықтау және оның алдын- алу үшін жүргізілетін қосымша ем- шараларын іздестіру мақсатында Түркістан қалалық «Ақмарал» ауруханасының эндокринолог- дәрігерімен бірлесе отырып, семіздіктің әртүрлі деңгейімен есепте тұратын науқастарға зерттеу жұмыстарын жүргіздік.


Зерттеу жүргізілген нысандар:


Зерттеу объектілері:


«Ақмарал» қалалық ауруханасы;

ТЖМК «фитобар»

Семіздікпен есепте тұратын науқастар;

Семіздікпен күресуде қолданылатын дәрілік өсімдік шикізаттары;


Тәжірибелік бөлім

« Жасыл дәріхана» үйірмесінің мүшелері семіздіктің туындау себептерін анықтау және оны емдеу кезінде жүргізілетін қосымша ем- шараларын іздестіру мақсатында Түркістан қалалық «Ақмарал» ауруханасының эндокринолог- дәрігерімен бірлесе отырып, семіздікпен есепте тұратын науқастарға зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Тіркеу кітапшасына соңғы үш айда 18 науқас семіздікпен тіркелген, соның ішінде 7-сі ер адам, қалған – 11-і әйел адам екендігі анықталды.

Біз, үйірме мүшелері семіздікпен тіркелген науқастардан екі науқасты бақылауға алдық. Олардың жалпы қан талдауын, биохимиялық қан және несеп талдауларын зертханаға жібердік.

Бақылауға алынған науқастардың сараптама нәтижелері

Зерттеу жүргізуге дейін

1 науқас , 54 жаста,

(дене салмағы 83 кг)

2- науқас, 42 жаста,

(дене салмағы 92 кг)

Қан талдауы


Лейкоциттер – 12,0

ЭТЖ 17,0


Қан талдауы


Лейкоциттер – 12,0

ЭТЖ 17,0


Биохимиялық қан талдауы


Жалпы ақуыз - 67

Несеп нәрі – 5,2

Глюкоза – 8,1

АлаТ – 0,74

Билирубин

жалпы – 20,52

Биохимиялық қан талдауы


Жалпы ақуыз - 70

Несеп нәрі – 4,7

Глюкоза – 10,5

Ала Т – не хват сав.

Билирубин жалпы – 19,53

α-амилаза белсенділігі қан және несеп талдауы

Қанда – 8,4

Несепте – 30,2

α-амилаза белсенділігі қан және несеп талдауы

Қанда – 14,7

Несепте – 48,0



Науқастардың арасында сауалнама жүргізіп, олардың өмір сүру салты мен тамақтану ерекшеліктеріне және қолданатын дәрі-дәрмектеріне көңіл аудардық. Семіздік белгілері байқалған адамдарда ұйқы безінің қызметінде, жүрек, бауыр қызметінде кейбір ауытқулар байқалған. Қан талдауында глюкозаның мөлшері жоғары. Бұл науқастардың терісі үнемі дымқыл, тез ісініп, қабынады, қол-аяқтары тез ұйып, жансызданады, аяқтарында және денесінің басқа да бөліктерінде әртүрлі деңгейдегі ісінулер бар. Оларда жиі шөлдеу және аштық сезімі байқалады, асқазан –ішек жолдарының тонусы төмендеген.

Семіздікке шалдыққан науқастар ұзақ мерзімде ем қабылдаулары қажет. Осындай жағдайларда тамақтану рационын дұрыс ұстай отырып, негізгі емдеумен қатар қосымша ем-шараларды дұрыс қолданса, семіздіктің алдын алуға және оны жеңілдетуге болады. Қосымша ем-шара ретінде дәрілік өсімдіктерді қолдану адам ағзасына зияны аз және тиімді әдістердің бірі. Дәрілік өсімдіктерді зерттей келе, құрамында дәрумендері көп және қан құрамындағы глюкоза мөлшерін азайтатын әсері бар імбір тамырын таңдадық.

Осы мақсатта біз бақылауға алған науқастарға імбір тамырынан өзіміз дайындаған қайнатпа, ұнтақ, салат түрлерін және тәтті цукат, конфет түрлерін ұсындық.


Імбір тамырынан дайындалған өнім

Құрамы

Дайындалуы

Өнім түрі

1

Імбір цукаты

Імбір тамыры 100 г

Құмшекер 300 г

Су 150 г


Қабығы аршылған імбір тамырын баяу отта бір сағат қайнатамыз. Үш жүз гр құмшекер мен жүз елу мл судан дайындалған сиропқа қайнатылған імбір тамырын салып, бір сағат баяу отта дайын болғанша қайнатамыз.Дайын цукаттарды пергамент қағазында кептіреміз. Сосын қант ұнтағына немесе кокос түйіршіктеріне аунатып аламыз.

Picture 1

2

Імбір тамырынан дайындал

ған кәмпит

Імбір тамыры

20 г

Құмшекер 200 г

Су 100

қант ұнтағы 30 г


Імбір тамырынан сироп дайындаймыз. Дайын сиропты

пергамент қағазына шәй қасықпен сиропты дөңгелектеп құйып, бөлме температурасында қатырамыз.

Picture 2

3

Імбір тамырынан дайындал

ған мармелад

Імбір тамыры

20 г

Құмшекер 50 г

Су 100 г

Желатин 30 г

Күнжіт дәндері 15 г

Імбір тамырынан сироп дайындаймыз. Дайын сиропқа ерітілген желатин қосып, баяу отта 30 мин. ұстаймыз. Арнайы қалыпқа құйып, үстіне күнжіт дәндерін сеуіп, тоңазытқышта суытамыз.

Picture 3

4

Імбір тамыры

ның қайнатпасы

Імбір тамыры 2 г

Қайнаған су

200 г


Імбір тамырының 2 г үстіне 200 г қайнаған су құйып, су моншасында жарты сағат қыздырамыз. Дайын қайнатпаны 20 минут суытып, сүзіп аламыз.

Picture 33

5

Імбір тамырынан дайындалған салат

Імбір тамыры

20 г

алма 200 г

апельсин 3-4 бөлік

лимон 2/1 бөлік


Імбір тамырын майда үккіш арқылы майдалап, алманы төрт бұрыштап майда етіп тураймыз. Араластырып, аскөк жапырақтарын араластырып, дәміне қарай апельсиннің бірнеше бөлігін және лимон сөлін қосуға болады. Жалбыз жапырағымен сәндеп столға қоямыз.

Picture 1

№1; 2; 3; 4 көрсетілген імбір тамырынан дайындалған заттарды науқас өз бетінше оңай дайындап ала алады және үнемі тамақ рационында қолдана алады.

Імбір тамырынан дайындалған қайнатпаны шәй және су орнына күні бойы қабылдап отырады. Аштық сезімін басу үшін тамақ орнына цукат, кәмпит және салаттарды пайдаланған тиімді. Імбір тамыры ағзадағы түрлі іркілулер мен артық су мөлшерін сыртқа шығара отырып, ағзаның вирустарға қарсы тұру қабілетін де арттыратыны байқалды.

Науқастардың тағам рационын және өмір салтын, ұстанымын бақылай отырып, келесі тағам рационын және таңертеңгілік жаттығуларды ұсындық:

1-ші таңғы ас: - імбір цукаты; - алма және майсыз ірімшік - белокты нан – імбір шайы; 2-ші таңғы ас: - теңіз жапырағы мен омлет; -імбір кәмпитімен - імбір шайы;


12 1-ші таңғы ас: - қайнатылған балық - көкөністер мен імбір тамырынан салат;- белокты нан - майсыз айран 2-ші таңғы ас: - майсыз ірімшік – імбір шайы; 3-ші түскі ас: - картоп пен қиярдан салат - вегетариандық сорпа - бауырдан жасалған бу котлеті- сәбіз пюресі - қатқан нан – імбірдің тамырынан дайындалған қайнатпа;


13 4-ші сәскелік ас: - імбір тамыры мен алманың салаты;

5-ші кешкі ас: - ірімшіктен омлет - жасыл бұршақ - белокты нан - майсыз айран -– імбірдің тамырынан дайындалған қайнатпа;

 Науқастардың осы диетаны ұстануын және күнделікті өміріне мына өзгерістерді енгізуін қадағалап отырдық :

- жаяу серуендеу;

- көп жүру;

- таңертеңгі жаттығулар;

- физикалық белсенділік; Физикалық белсенділікке күнделікті аула ішін сыпыру, бөлме едендерін шаңсорғыш құралдарын қолданбай, өз күшімен атқару сияқты талаптарды қойдық. Осы талаптарды үзбей орындаған үш ай мерзімі өткенде науқастарда аштық және шөлдеу сезімі, шаршағыштық, тершеңдік көріністері азая бастады. Ал алты ай барысында қан құрамындағы қант мөлшері қалыпты көрсеткіште тұрақтап, дене салмағы төмендеп, өздерін бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл сезінетіндерін айтты.

ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

1. 1 науқас, 54 жаста, (дене салмағы 83 кг- 72 кг- ға түсті. )

Талдаудың аты

Зерттеу жүргізгеннен кейін

Қан талдауы


Лейкоциттер – 8,5

ЭТЖ 13,0

Биохимиялық қан талдауы


Жалпы ақуыз - 62

Несеп нәрі – 5,2

Глюкоза – 6,2

АлаТ – 0,50

Билирубин жалпы – 20,15

α-амилаза белсенділігі қан және несеп талдауы

Қанда – 8,5

Несепте – 42,0


2. 2- науқас, 42 жаста, (дене салмағы 92 кг) семіздіктің 1 дәрежелі түрімен 6 жылдан бері, яғни 2017 жылдан бері тіркеуде тұрады. Қабылдайтын дәрілері: мазиндол, лантус. Науқас тағам рационын ұстамай, імбір тамырынан дайындалған заттарды пайдаланбай жүргенде қандағы қант мөлшері – 10,5-ке дейін көтерілген. Науқастың рационына кәдімгі қарамықты (гречиха) ұнтақтап, 2 ас қасығын 1 стақан кефирге (айран) салып, жарты сағаттай бұқтырып, араластырып, тамақ орнына 2 рет, таңертең және кешке қабылдауды ұсындық, сондай-ақ біздің бақылауымызбен імбір тамырынан дайындалған заттарды қабылдады:

1 імбір цукатын аштық сезімі басталғанда;

2 імбір тамырының қайнатпасын су орнына күні бойына;

3 імбір тамырынан дайындалған кәмпиттерді тамақтану алдында;

4 імбір тамырынан дайындалған салатты тамақ кезінде;

Тағам рационына қосымша қызылша сөлін және жантақтың 15,0 шөбін 1л қайнаған сумен тұндырып, 1 тәулік қараңғы жерге қойып дайындалған тұнбаны су орнына қолданды. Осы ем-шараларды 6 ай үзбей қолданған соң, қанның құрамына қайта зерттеулер жүргізгенде (наурыз 2019 ж), қант мөлшері 5,4 көрсеткішті көрсетті. Ал дене салмағы 85 кг- ға түсті.

2-Науқас, 42 жаста, (дене салмағы 92 кг -85 кг- ға түсті ).


Талдаудың аты

Зерттеу жүргізгеннен кейін

Қан талдауы


Лейкоциттер – 8,5

ЭТЖ 13,0

Биохимиялық қан талдауы


Жалпы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!