400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша "Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері" тақырыбында ашық сабақ берілген Ашық сабақта центрлік бұрыш шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану жан -жақты көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №орта мектебі КММ












Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы:

Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш







Математика пәні мұғалімі:

Сынып: 7







Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4

Мектеп: 51

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

оқу бағдарламасына сілтеме

7.1.1.30


Сабақ мақсаттары

шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану

Бағалау критерийі

шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдейді және қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты:

шеңберлердің орналасуын олардың центрлерінің ара қашықтығы мен радиустарына тәуелділігін сипаттайды;

Бөлім бойынша лексика мен терминология:

- шеңбердің центрі, радиусы, диаметрі;

- хорда;

- шеңбердің доғасы, оның бұрыштық шамасы;

- жартышеңбер;

- центрлік бұрыш, центрлік бұрыштың градустық шамасы;

Құндылықтарға баулу


Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, топтық жұмыс барысында өзгелердің көзқарасына құрметпен қарауға баулу


Пәнаралық байланыстар

Осы бөлімде алған білімдері циркуль және сызғыш көмегімен фигураларды салудың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызады, «Сызу », «Көркемөнер» пәндерін табысты оқудың негізін қалайды, дәлелді пайымдаулар дағдыларын қалыптастырады.

Тақырып бойынша

алдыңғы білім

Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтықты таба білу. Биссектриса және орта перпендикуляр ұғымдарын нүктелердің геометриялық орындары ретінде білу, оларды транспортир және бұрыштық көмегімен тұрғыза алу.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жатығулар түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру сәті. Білім алушыларды шеңбердің элементтері арқылы төрт топқа бөлемін. Білім алушылардың сабаққа назарын шоғырландыру мақсатында «Ойға жүйрік?» ойынын ойнатамын. Тақтаға екі фигураның (шеңбер, дөңгелек) суреттері ілінеді, білім алушылар суреттерде қандай фигура екендігін және екі фигураның бір-бірінен айырмашылықтарын ажыратады. Бұл ойын арқылы өткен сабақты қайталайды.

[9] http://www.metodkopilka.ru/urok_geom etrii_v_7_klasse_na_temu_svoystvo_kasateln oy_k_okruzhnosti._sv


Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс. «Зерттеу» әдісі.

Білім алушыларға киіз үйлердің макеті таратылып,сол бойынша зерттеу жұмысы жасатылады, табанының радиусын, диаметірін және <АВС бұрышының гардусын өлшеп дәптерге жазады, дәптерлерімен алмасып бір-бірінің дәптерін тексереді.

Сергіту сәті. «5 Бұрыш»

Білім алушылар бұрыштың түрлерін іс-қимыл арқылы көрсетеді

Кітаппен жұмыс. 4 есепті топпен бірлесе отырып дәлелдейді.

№18.19

Дескриптор.

  1. Шеңбердің элементтерін біледі

  2. Сызбасын сала алады

  3. Үшбұрыштың қасиеттерін қолданады

  4. Үшбұрыштың медианасын, биіктігін таба алады

  5. Хорданың ортасы арқылы жүргізілген диаметр осы хордаға перпендикуляр болатынын дәлелдейді

№18.20

Дескриптор

  1. Шеңбердің элементтерін біледі

  2. Сызбасын сала алады

  3. Үшбұрыштың қасиеттерін біледі, қолданады

  4. Шеңберге іштей сызылған бұрыштың қасиеттерін қолданады

  5. Шеңбердің ең үлкен хордасы диаметр екендігін дәлелдейді

№18. 21

Дескриптор

  1. Шеңбердің элементтерін біледі

  2. Сызбасын сала алады

  3. Үшбұрыштың қасиеттерін қолданады

  4. Үшбұрыштың теңдігінің белгілерін біледі

  5. Шеңбердің тең хордалары оның центірінен бірдей қашықтықта болатынын дәлелдейді

№18. 22

Дескриптор

  1. Шеңбердің элементтерін біледі

  2. Сызбасын сала алады

  3. Үшбұрыштың қасиеттерін біледі, қолданады

  4. Үшбұрыштың теңдігінің белгілерін біледі

  5. Шеңбер центрінен бірдей қашықтықта жатқан хордалар тең болатынын дәлелдейді

oystvo_diametra58249.htm https://www.youtube.co m/watch?v=73ywTxhL Zto

http://bilimland.kz/kk/#l esson=10077


Сабақтың соңы

Кері байланыс. Балмұздақ

Білім алушыларға түрлі түсті дөңгелек парақшалар таратылады. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі, әліде түсініксіз сұрақтарын жазады.

Қима қағаздар

Саралау


Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Білім алушылардың қажеттілігіне қарай тапсырма беру арқылы саралаудың «тапсырма» тәсілі, зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы саралаудың «қарқын» тәсілі, білім алушыларға қолдау көрсету арқылы саралаудың «диалог және қолдау көрсету» тәсілі жүзеге асады.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау арқылы дескриптормен бағаланады;

«Өзін-өзі бағалау» әдісі;

Түзету жұмыстарын жүргізу арқылы бағалау;

«Балмұздақ» әдісі арқылы кері байланыс алу.


Сынып бөлмесін желдету,

Дұрыс отыруын қадағалау;

Білім алушылар сергіту сәтінде дене жаттығуын жасайды


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңызба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақта бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
921
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі