Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шеңбер және дөңгелек
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт
дәстүрі мен
әдет-ғұрыптары
Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын
арттыру мақсатында «шеңбер және дөңгелек тақырыбымен
таныстыру»
Білімділік:
Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін
арттыру. Ғасырлар бойы халқымыздың өмірі мен тұрмысына арқау болған
салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ырым-тыйым сияқты қазақ мәдениеті мен
тұрмыс тіршілігін
насихаттау.
Дамытушылық:
Оқушылардың өз ойын еркін айтуға, ұлттық
құндылықтарымызды бағалауға, өз пікірін еркін айтып, қорытынды
жасай білуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Ежелден қалыптасқан халқымыздың озық
дәстүрлерімен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін терең түсініп,
халқымыздың дәстүрін дәріптейтін ұрпақ
тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ізденіс
сабағы
Сабақтың әдісі: Топпен
жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық «геометрия »
,қанатты сөздер, плакат, слайдтар, стикер,интерактивті
тақта
интербелсенді тақта т.б.
суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
кезеңі
Сыныпты топқа бөлу (ырым-тыйым сөздері
арқылы)
Қызығушылығын
ояту
Слайдтар көрсету (салт-дәстүрге
байланысты)Мектебімізде
өткізілген «Қыз сыны» , «Жігіт сұлтаны» туралы
мәлімет көру.
Міне, балалар слайдтан көргендеріңдей небір
керемет салт-дәстүрлерлерді математика сабағында пайдалануға
болады.Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да сол –
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары.
Мен осы тақырыпты оқушылардың математикаға
деген қызығушылығын ояту мақсатында «Шеңбер және дөңгелек »
тақырыбына алғанды жөн көрдім.Сабақты салт-дәстүрге байланысты екі
топқа бөлдім.
1 «Жігіт сұлтанына» байланысты
салт-дәстүрлер
2. «Қыз сынына» байланысты
салт-дәстүрлер
ІІ. Мағынаны
ажырату
Оқушыларға алдын-ала ″Шеңбер және дөңгелек ″
тақырыбын қазақ халқының салт-дәстүрлерімен қалай байланыстыруға
болатынын оқып келуді
тапсырдым.
Сыныппен «Шеңбер және дөңгелек» тақырыбына
постер дайындау арқылы оқушылар киіз үй элементерінде кездесетін
салт-дәстүрге байланысты топтастыру стратегиясын
жасады.
Киіз үйдің суреті бойынша «Шеңбер және дөңгелек » тақырыбын байланыстырды.
Нағыз кәусар
жігітті,
Нағыз қайсар
жігітті,
Нағыз бұлбұл
жігітті,
Нағыз дүлдүл
жігітті,
Анықтайтын кез
келді!
1-топ
«Жігіт
сұлтаны» салт-дәстүрі:
Оқушылар ″Жігіт сұлтаны ″ туралы айтып постер
қорғады.
Байқау
бағдарламасы:
1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын
жер». (таныстыру)
«Шеңбер және дөңгелек» тақырыбы бойынша
айту
2.«Ел іші, өнер кенші» (өз өнерлерін
көрсету)
Шеңбер мен дөңгелекті қазақ халқы қандай
жағдайда қолданған .Сол туралы оқушылар айтып
өтеді.
3.«Үй тапсырмасы..» Үйден жасап әкелген
қазақтың шеңбер мен дөңгелекке қатысты бұйымдарын
көрсетеді.
4.«Білімді жүзден озар...» (викториналық
сұрақтар) Қыздар ұлдарға тақырыппен байланыстырып қазақтың
салт-дәстүрінен сұрақ
қояды.
5.«Тіл қаруы – сөз» ( қазақтың ырым-тиым
сөздері).Жігіттер өз өнерлерін көрсетіп сөз
айтады.
2-топ. «Қыз
сыны» туралы постер
қорғайды.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде
аруларымыз өздерін таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және
сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға
түседі.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде өз
өнерлерін көрсетеді.(яғни шеңбер және дөңгелекке қатыстырып өлең
құрау.)
3. «Қол өнер» берілетін тапсырма «Шеберлік»
деп аталады. Қазір сіздерге түрлі - түсті қағаздар беріледі, өз
қиялдарыңыздан шеберлік таныту.(Ұлттық бұйым түрлерін салып , онда
кездесетін шеңбер және дөңгелек жайында
айту)
4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін
көрсету.(Қазақ қыздары киетін ұлттық киім ішінен шеңбер мен
дөңгелек кездесетін киімді
көрсету)
5. «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып
келген тағамды қалай жасағанын айтып
қорғау.
Сергіту
тренингі
«Қыз қуу» ойыны(3
мин)
ІІІ. Ой толғаныс
Жаңа сабақты
бекіту. ″Екі жұлдыз – бір
тілек″
Бірінші топ екінші топқа тілек
айтты. «Қыз сыны
» дәстүрі қызықтырды. Ұсынысымыз: Сол
дәстүрлерді өздері көрініс ретінде көрсетсе жақсы болар еді.
Оқушылар өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе
білді.
Екінші топ бірінші топқа тілек
айтты.
Ұсыныс: ел арасындағы ырым-тыйымның қайдан
шыққандығын айтып, ұғындырып
отырса.
Оқушылар ойларын еркін, тұжырымды жеткізе
білді.
Кері
байланыс
1. Нені
үйрендім?
Көркем әдебиетті көп оқу керек екендігін
үйрендім
2. Нені
білдім?
″Жігіт сұлтаны ″ , «Қыз сыны» туралы қазақ
салт-дәстүрлерін
білдім.
3. Не
ұнады?
Маған сыныптастырымның өз ойларын еркін,
жүйелі жеткізуі, постер қорғауы, қазақ – салт дәстүрлеріне деген
қызығушылығы ұнады.
Сонымен, балалар, бүгінгі біз халқымыздың
тамаша салт-дәстүрлерін, «Шеңбер және дөңгелек » тақырыбын оқып
білдік.
″Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы
бар″ дегендей қазіргі уақытта сол дәстүрлердің тозығы емес, озығын
өмірге бейімдеп пайдалануымыз қажет. Сол кезеңнің дәстүрлерінің
бүгінгі заманға сай келмейтіндері бар . Сендердің ойларың
қандай?
Екінші, киіз үйдің элементтерін геометрияны
білмей –ақ жасай білген ата-бабамыз. Сендер қалай
ойлайсыңдар?
Бағалау
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағы арқылы білім
деңгейлерін
саралады.
Ашық сабақты өткізген
“Балғын орта мектебі”КММ
Математика пәні мұғалімі
Касаинова Айнаш Кабидолдиновна
«Жігіт
сұлтаны»
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ
жігітінің бойындағы қасиеттерімен
таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау,
әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна
мәдениетін қалыптастыру,
дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер
нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар,
шарлар.
Байқауға қатысатындар: 1-3 класс
оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар,
мектеп әкімшілігі,бастауыш класс
оқушылары.
Байқау
барысы.
1. Ұйымдастыру
кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады,
қонақтарды
орналастыру.
1 –
жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл
рухы бар, парасатты жігіттер сайысы
өтпекші.
2 –
жүргізуші:
Нағыз кәусар
жігітті,
Нағыз қайсар
жігітті,
Нағыз бұлбұл
жігітті,
Нағыз дүлдүл
жігітті,
Анықтайтын кез
келді!
1 –
жүргізуші:
Уа, халайық,
халайық,
Мұнда назар
салайық!
Ата жолын
жалғамақ
Ел дәстүрін
қолдамақ
Ел намысын
қорғамақ.
Ұлдар шықсын
ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық!
Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға
шығады)
1.Аяпов
Алихан
2.Берікбай
Нұржалғас
3.Қырықбай
Санжар
2 –
жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы
сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға
беруші қазылар алқасымен таныс
болыңыздар!
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары:
Таңсықбаева Ақөрік
Сағырбайқызы
2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Шамакова Динара
Уразбаевна
3.Мектеп директорының оқу - ісінің әдіскері:
Кашкинбаева Гүлнар
Советовна
1 –
жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім
биші,
Талабына
қарайық.
Кімдер зерек, кім
жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым
бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып
өтейін.
Байқау
бағдарламасы:
1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын
жер». (таныстыру) – 3
мин.
2.«Ел іші, өнер кенші» (өз өнерлерін көрсету)
– 3 мин.
3.«Үй тапсырмасы..» - 3
мин
4.«Білімді жүзден озар...» (викториналық
сұрақтар) – 4 мин.
5.«Тіл қаруы – сөз» (ең үздік құттықтау) – 3
мин.
Бағалауда қатысушылардың өз – өзін ұстауы,
әртістік өнері, киім үлгілері, құттықтаудың ерекшелігі мен маңызы
ескеріледі.
2 –
жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен
сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын
күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей
отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге
сәттілік тілейміз.
1 –
жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында
жетеді,
Әлі талай сынақтардан
өтеді.
Мына отырған баршыңызды
өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп,
Сайысымыздың бірінші
бөлімі
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын
жер...». деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін
таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер
деймін,
Бір басына өнері жетер
деймін.
Бәскеге түскен сегіз жігіт
кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер
деймін.
Сайыскерлер өздерін таныстырып
өтеді
2 –
жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер
тегіменен
Туып өскен мекені,
еліменен.
Бәрі де ақын
көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп
өлең.
Парасатты ер
жігіт,
Ақылымен әр іс
біледі.
Өнерің барда
жігіттер,
Тоқталып сірә,
іркілме.
Жұрт қарасын
қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып,
сайысымыздың «Ел іші, өнер кенші...» бөлімін
бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар
қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән
салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге
алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан
салыпты.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Үй
тапсырмасы...»
(Оқушылар үйден өз қолдарымен жасаған
бұйымдарын
көрсетеді)
1 –
жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап
бер,
Келді кезек тапқырлықты
танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер
сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп
«Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек
береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Салт
дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5
балл.
Келесі кезекте «Тіл қаруы – сөз» (ең үздік
құттықтау) бөлімі. Құттықтау уақытына 3 мин
беріледі.
2 –
жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл
рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз
шешімін шығарғанша оқушыларымыздың әсем биін карсы
алыңыздар.
1 –
жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар,
ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін
тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар
алқасына сөз
береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз
білейікші,
Сұлтаны деп мектептің
жүрейікші.
Қазыларға тек қана
әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік
тілейікші.
2 –
жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік»
күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты
шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан
мықтысын!
Құттықтайық ал
енді
Сұлтан болған
баланы
Өрге жүзіп
өнері,
Тауға өрлесін
талабы.
Қуанышты
жанары,
Шоқтай болып
жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен
марапатталады.Марапаттау:
1.Бас жүлде – «Жігіт
сұлтаны»
2. «Дарынды
жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір
сырлы».
4. «Өнерпаз
жігіт»
5. «Парасатты
жігіт»
6. «Алғыр
жігіт».
7. «Шымыр
жігіт».
8. «Шешен
жігіт»
1–
жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ
жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі
үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта
сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын
дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын!
Келесі кездескенше, күн нұрлы
болсын!
Викториналық
сұрақтар
1-класс
№1
1.Сөйлеу не үшін
қажет?
2.Сиырдың
төлі.
№2
1.«Кел, балалар оқылық» өлеңінің
авторы?
2.Сиырдың
төлі.
№3
1.Сөз неден
құралады?
2.Жылқының
төлі.
№4
1.Жуан дауысты дыбыстарды
ата?
2.Түйенің
төлі.
№5
1.Времена
года.
2.Назови гласные
буквы?
2-класс
№1
1.Апта
күндері.
2.Тұсаукесер тойы қай кезде
тойланады?
№2
1.Как путешествует
растения?
2.Что обозначают слово
«Бешбармак»?
3-класс
1.Төрт түлікті
ата.
2.Шілдехана қай кезде
тойланады?
Математика сабақтарында ұлттық ойын түрлерін қолдану
Уақыт мектеп мұғалімдеріне
жастарды жаңа заман талабына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухында
тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілдіжауапты міндеттер жүктеп отыр.
Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі
бар.
Еңселі ел болып, ана тілін, ата салтын, дәстүрін қайта түлетуде.
Жаңарған елге жаңа тіл заңы және тұжырымдамалар баяндамалар тәрбие
жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу-
тәрбие жұмыстарына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерін қолдану керек. сондай оқу-тәрбие негіздерінің бірі-
ұлттық ойындарымыз.
Ол - сандағы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін
өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақтың математикамен
байланысты ұлттық ойындары: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары дене
шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар болып
бөлінеді. Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бір саласы
болып есептеледі. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын
егжей-тегжейлі білуді баланың баланың санасына ойын арқылы
жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз.
Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымық емес.
Жас ұрпақты өнерсүйгіштікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттергебаули
отырып, елді қорғау, ар-намыс үшін күресе білуге, өзінің дінін,
салтын сақтауға тәрбиелеу- біздің бірінші кезектегі міндетіміз.
Ойын және түрлі жанрлар арқылыоқу процесін жандандырып, сабақтың
сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар.
Халық ойындарын математика сабағына пайдалану оқушының алған
білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыруға қолайлы. Математика
сабағындахалық ойындарын қолданудың түрлі жолдары быр. Мысалы, ойын
сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.
Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел
қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында
қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл-
күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру. Сабақтың соңында ойынды
тақырыпты бекіту немесе сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында
падаланылады. Ұлттық ойындарды өткен сабақты қайталау кезінде де
қолдануға болады. Мұндай қайталау балалардың қиялдарын қозғап,
зеінін кеңейте түседі. «Қаз тойғанына емес, орғанына семіреді»
деген халықтың дана сөзі әрдайым есте болуы шарт.
Математикангы оқып-үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін
жеделдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он
саусақ», өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы
оқушылардың ой-жүйесін қалыптастыруға болады. Әр сабақ мазмұны
ойынмен байытылып отырса, оқушылардың белсенділігі арта түседі.
Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушылардың алған
білімдерін пысықтап, ойлау қабілеттерін дамыта аламыз.
Ауызша есептерді есептегенде жаттықтыру үшін «Қай қолымда?», «Үш
әділ», «Сөз мәнісін байқайық», «Торғай мен бұтақ», «Мың қойда неше
бақайшақ бар?» т.б.
Ұлттық ойындарды математика сабағының барлық түрлеріне келтіруге
болады. Мысалы: «Теңге ілу», «Орамал тастау», «Арқан тартыс»,
«Көкпар», «Бәйге», «Ақсүйек», «Алтын сақа», «Ханталапай», асық алып
жауап беру, карточкалармен жұмыс жасағанда «киіз үйді» пайдалануға
(киіз үйдің керегесіне карточкаларды іліп қояды)болады. Мұнда
оқушылар киіз үйдің атауларын атап үйренеді.
Мысалы:,«Алтын сақа» ойынынан заттарды санай отырып, салыстыруды
оқып-үйренеді. Қайсысы көп, қайсысы аз? Нешеуі артық? Нешеуі кем?
Есеп құрастыру, белгісіз азайғыш, азайтқыш, қосылғыштарды тауды
білетін болады.
«Ақсүйек» ойынын орнату үшін, сүйектің формасындай карточка жасап,
артқы жағына тапсырманы жазып қоюкерек. Тақтаға екі оқушы шығады,
қайсысы бірінші орындаса, сол оқушы ақсүйекті табады. «Орамал
тастау» теңдеу шешуге, әріпті өрнектердің мәнін табуға
арналған.
Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланып, оқушылардың ойлау
қабілеттері дамытылады, есептеу дағдылары жетілдіріледі,
пәнге деген қызығушылықтары артады, ұлттық
салт-дәстүрде тәрбиеленеді.
Бастауыш сынып оқушылары ойын баласы болғандықтан, сабақ тақырыбына
байланысты сабаққа ойын элементтерін көбірек енгізіп, сабақты
түрлендіріп, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын
арттырып отыру қажет. Ойын арқылы баланың сөйлеу қабілеті, оқуға
деген ынтасы, белсенділігі арта түседі. Оқытып- тәрбиелеудегі
негізгі мақсат- оқушыларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек
ете білуге даярлауолардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде
жүргізілген жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәнді
ойын түрлері, оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Әр
сабақта ойын түрлерін орнымен пайдаланып, оны қызықты ету жас
бүлдіршіндердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген
сүйіспеншілігін арттырады. Ойынды балалар тек сабақтан зерігіп,
шаршаған кезде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген
негізгі білім, ұғымдар мен түсініктерді берік меңгеру мақсатында да
жүргізген дұрыс.
Ойын арқылы оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйреніп, ойлау
қабілеті дамып, өздігінен қорытынды жасай алатын болады. Қолданатын
ойын түрлері барлық сабақта тақырыпқа байланысты өтіледі.
Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызметтің өзіндік
түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайында
бейімделуін қамтамасыз етуге тиісті. Бастауыш мектептің міндеті-
баланың жеке басының қабілетін анықтау және дамыту, оқу,
жазу, санаудың берік дағдаларын үйрету, мінез-құлықтың
мәдениетінқалыптастырумен бірге ұлттық салт- дәстүрде тәрбиелеу.
Қай халықтың болсын жас ұрпақты тәбиелеу дәстүрі сол халықтың
ұлттық мінез-құлқына, сана- сезіміне, салтына және дүниетанымына
байланысты болғандықтан әр ұлттың психологиясына сай педогогикасы,
яғни ұлттық мектебі болады. Демек ұлттық мектептердің негізі сол
халықтың психологиясы. Ендеше алдымен ұлттық психологияны кеңінен
зерттеуді қолға алу керек.
Аталған ойындарды математика сабағында қолдануды нақтырақ
көрсетейік.
«Орамал тастау» ойыны (теңдеулерді шешу).
Мақсаты: теңдеулерді шешуді пысықтау, әріпті өрнек құра білу.
Керекті құрал: орамал.
Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлінеді де бір-біріне қарама-қарсы
тұрады немесе отырады. Жүргізуші орамалды1-топтың шеткі отырған
балаға береді. Ол ойыншы қарсыласына теңдеу немесе әріпті өрнек
жасырады: (х+7=15). Белгісіз қандай санға 7-ні қосқанда 15
шығады?
Қарсы топтағы бала орамалды қағып алады да жауабын айтады. Егер
жауабы дұрыс болмаса, өнер көрсетеді не не ойыннан шығып кетеді де
бақылаушы болып отырады. Егер жауап дұрыс болса, ол ойынды әрі
қарай жалғастырады. Енді ол теңдеу жасырады. Жауапты тек орамал
ұстаған, аты аталған бала ғана айтады. Мұғалім ойынды өзі қалауынша
күрделендіруіне болады.
«Ақсүйек» ойыны (белгісіз санды табу)
Мақсаты: Белгісіз санды таба білу, өрнектің мәнін табу.
Керекті құралдар: Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті
өрнектер мен теңдеулер.
Ойынға сынып оқушылары толық қатысады. Кестедегі белгісіз
сандардыңорнына «ақсүйек» «тығылып» жатады. Кім дұрыс шығарса сол
табады. Дұрыс шығармаса көрмей аттап
кетеді.
Сурет 1 Белгісіз санды табу.
Кім «ақсүйекті» көп жинаса, сол ұтады. Ойын әрі қарай
түрлендіріліп, жалғастырылып отырады. Көп «ақсүйек»
жинаған балабағаланады, мадақталады.
«Теңге ілу» ойыны.
«Теңге ілу» ойынын оқушыларға қандай да бір тапсырманы орындағанда
ойнауға болады.
Мақсаты: балаларға берілген тапсырмаларды ойната отырып орындату.
Ұжымды түрде жұмыс істеуге баулу.
Керекті құралдар: Бірнеше нөмір жазылған дөңгелектер.
Дөңгелектердің мөлшері («теңгелер») үлкен болмағаны жөн. Сынып
оқушылары екі, үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір бала «шыбық ат»
мінеді. Ойынды басқарушы жүргізеді. Ойын басталатын жерге
қазаншұңқырға ұқсатып шеңбер сызып дайындап қояды. Сызылған
шұңқырға ұқсайтын дөңгелек шеңбердің ортасына ыдыс қойып, соған
«теңгелер» салынады. Әр топтан бір бала атпен шауып барып тоқтамай,
ыдыстан «теңгені» іліп алып кетеді. Әр сайыскерлердің іліп алған
«теңгелерін» есептеп, сол «теңгенің» нөмеріне сәйкес
карточкалардағы мысалдарды шығарғандары есептеледі. Қай топ көп
«теңге» алып, сол «теңгелерден» жазылған нөмірге сәйкес
карточкалардағы тапсырмаларды дұрыс орындаса, сол топ жеңеді.
Үзіліс уақытында оқушылармен түрлі ойындар ойнаудың да тиімділігі
дәлелденген.
Ондай ойындарға барлық оқушылар қатысады. Онға дейінгі сандарды
атап шығу үшін тақтаға, мысалы он ұлттық аспаптардың суретін
іліп қоюға болады. Сонда оқушы неше аспап бар екенін санайды және
аспаптардың атын атап шығады: Сыбызғы, Сазсырнай, Керней, Жетіген,
Домбыра, Дабыл, Шертер, Қобыз, Асатаяқ, Тастауық.
Үш, төрт, бес, жеті сандарын қазақ халқы жиі қолданады. Сондықтан
осы сандардың мағынасын оқушылар білгені дұрыс. Бастауыш сынып
мұғалімдері үшін сабақты ойын түрінде қызықты да мазмұнды етіп
жүргізу мұғалімнің өзіне, шығармашылық ізденісіне, әртүрлі
әдістемелік әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалана біуіне
байланыста. Осыған орай матемтика сабағында түрлі жанрларды
пайдаланудың схемасын беріп, оны әрі қарай жүргізудің жолдарын
қарастырдық (сүлбіні қараңыз).
Оқыту барысында қарапайым математикалық ұғымдарды, геометриялық
фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш т.б) ұғындыру қажет. Сондай- ақ ол
ұғымдарды балалардыңадамгершілік қасиетін дамытумен бірге ежелгі
салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, ұлттық мұрамыздыұрпақтан-
ұрпаққа жеткізу мақсатында келтіріп беруге болады.
Керегенің суретін көрсетіп, ондағы төртбұрыштарды санауға
болады.
Мұндағы сансыз төртбұрыштар «кереге» деп аталады. Керегенің әрбір
көзі төртбұрыш тәрізді. Неліктен осылай аталады деген сұрақ тууы
мүмкін. Төртбұрыштары көп болғандықтан солай аталатын шығар? Ал,
онда бұрыш дегеніміз не? Керегенің бір көзіне дұрыстап қарайықшы.
Төртбұрыштың төрт қабырғасы бар. Қарама -қарсы қабырғасы тең.
Сөйтіп төртбұрышты есімізге түсіруге болады. Енді осы төртбұрыштың
бір қабырғасына көңіл аударайықшы. Кесінді екенін көріп тұрсыңдар.
Төртбұрыш неше кесіндіден тұрады? Әрине төрт кесіндіден. Кесінді-
екі жағынан да нүктелермен шектелген түзудің бөлігі деп кесіндінің
анықтамасын қайталауға болады. Енді бұрыш дегеніміз не? Екі кесінді
қалай орналасқан? Олар бір нүктеден шығып тұр. Ендеше бұрыш
дегеніміз-бір нүктеден шыққан екі түзу. Демек, төртбұрышта неше
бұрыш бар екен? Әрине төрт бұрышы бар.
Үшбұрыш та мұнда бар,
Төртбұрыш та мұнда бар.
Кесінді мен нүктелер
Керегеде ол да бар.
Ойлы көзбен қарасаң,
Түзу, қисық сызықтар.
Кездеседі таба алсаң,
Доғал, сүйір бұрыштар.
Кесінділер бір нүктеде кездесіп,
Екеу ара бұрыш жасап алыпты.
Бір көзінде керегенің жүздесіп,
Қараңдаршы төртбұрыш боп қалыпты.
Осылай геометриялық фигураларды қайталауға болады.
Сурет 2- үшбұрыш пен төртбұрыш
Бір күні үшбұрыш пен төртбұрыш ерегісіп қалыпты. «Сенде не
бары үш ақ бұрыш бар, ал менде ол -төртеу»- деп мақтаныпты
төртбұрыш.
Бұл екеуінің айтысып жатқандарын өтіп бара жатқан бесбұрыш пен
алтыбұрыш естіп қалады.
-Бауырларым-ау неге сонша таласасыңдар, үшбұрыш сен де, төртбұрыш
сен де, мына біз де көпбұрышпыз! Айырмашылығымыз тек
бұрыштарымыздың саны әртүрлі. Шеңбер мен дөңгелекке қарағанда
бұрыштарымыз баршылық. көпбұрыштың тағы бір артықшылығы
қабырғаларымыз да жеткілікті: бесбұрышта –бес,
алтыбұрышта-алты,..., онбұрышта –он қабырға бар. Сондықтан біз
дауласпауымыз керек,-депті бесбұрыш пен алтыбұрыш.
Ағаларының ақылын тыңдаған үшбұрыш пен төртбұрыштатуласып, қайта
дос болыпты.