Материалдар / Сенсорика "Кірпілер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сенсорика "Кірпілер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2018
2387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиешінін аты-жөні:

Білім беру салалары: Таным.

Бөлімі: Сенсорика.

Тақырыбы: «Кірпілер».

Мақсаты:

Білімділік: «көп», «аз», «біреу» ұғымдарын қалыптасытыру; Дамытушылық: кеңістік түсініктерін дамыту;

Тәрбиелік: сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: ойыншық кірпі, кірпіні жасауға арналған ермексаз, күнбағыс дәні, мүсінлеуге арналған тақтайша мен сүлгі.

Сөздік жұмыс: тікенекті.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Кірпінің балаларын тап» дидактикалық ойыны:

-Балалар, қараңдаршы, кірпі ана бізге қонаққа келді. Бірақ ол көңілсіз сияқты. Қалай ойлайсыңдар, неліктен? Кірпі-ана маған кішкентай балаларының одан тығылып қалғанын айтты. Ол балаларын табуға сендерден көмек сұрайды.

-Кірпінің балалары қайда жасырынып қалғанын білесіңдер ме?


Балалар кірпінің балаларын іздейді(үстелдің, орындықтың асытынан, себеттің ішінен, төсектің астынан.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Кірпілер қандай?» дидактикалық ойыны.

-Кірпі-ана қандай?

-Ал кірпінің балалары қандай?

-Кішкентай кірпілер қаншау?

-Ал үлкені ше?

-Қараңдаршы, жасыл көгалда қанша кірпі отыр?

-Ал қанша кірпі сары көгалда отыр?

Балалармен жеке жұмыс.

Сергіту сәті.

Тікенекті кірпі келеді,

Шыршаға ұқсап жайқала.

Жинап жеміс-жидекті,

Асығар үй-жайына!

Сөздік жұмыс: тікенекті.


«Тікенек жаса» дидактикалық ойыны.

-Ал қазір, балалар, үстелдеріңе жақындаңдар. Қараңдаршы, сендердің үстелдеріңнің үстінде кірпілер жатыр. Бірақ олар бір түрлі екен. Оларда не жоқ?

-Кірпілердің арқаларына тікендерін қайтаруға көмектесейік пе?






-Үлкен.

-Кішкентай.

-Көп.

-Біреу.


-Көп.

-Аз.



Қимыл-қозғалыстар жасайды.

Қайталайды: тікенекті

Үстелге жақындайды.


-Тікенек жоқ. Бәрі келіседі. Балалар күнбағыс дәндерінен тікендер жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Жарайсыңдар, балалар! Кірпілеріміз тамаша болды. Кірпілерімізді арқаларынан сипайықшы. Олар қандай болып шықты?


-Тікенекті болады.



Күтілетін нәтиже: 
Жасайды: арқасы тікенекті кірпіні;

Түсінеді: кірпі тікенекті болатынын, «аз», «біреу» және «көп» ұғымдарын;

Қолданады: кірпі туралы және оның өмір сүру ортасы туралы білімді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!