Материалдар / "Шертпе күй негіздері" үйірме жоспары 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Шертпе күй негіздері" үйірме жоспары 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шертпе дәстүрінің ерекшеліктерін түсіндіру, қол қойылымын үйрету, шертіп ойнау және перне басу әдістерін түсіндіру, оқушы білімін жан-жақты ету, музыкалық білімін жетілдіру, оқушының еліне, салт-дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту, орындаушылық шеберлігін дамыту мақсатында өткізуге арналған үйірме жоспары. Үйірме жетекшілеріне өте тиімді тәжірибе алмасудың бір түрі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
695
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ: «Шертпе күй негіздері» (жалпы шолу, орындау)

Сыныбы :  4

Сабақтың мақсаты :Шертпе дәстүрінің ерекшеліктерін түсіндіру.Қол қойылымын үйрету. Шертіп ойнау және перне басу әдістерін  түсіндіру.

Білімділігі :.Оқушы білімін жан-жақты ету. Музыкалық білімін тереңдетіп оқыту, жетілдіру.

Тәрбиелігі : Оқушының еліне,  салт-дәстүріне,  өнеріне деген  сүйіспеншілігін ояту.

Дамытушылығы : Орындаушылық  шеберлігін  дамыту.

Сабақтың түрі : Ашық сабақ

Сабақтың әдісі :а)  теориялық

                              б)  практикалық

Сабаққа қажетті көрнекіліктер : Домбыра, оқулықтар, плакат, үлестірме қағаздар

Сабақ жоспары : 

  1.      Ұйымдастыру

  2.      Үй тапсырмасын тексеру

  3.      Жаңа сабақ         

    а)  теориялық

    б)  практикалық

  1.      Сергіту сәті

  2.      Қорытындылау

  3.      Үй тапсырмасы

  4.      Бағалау

Сабақтың жүрісі

1.ҰйымдастыруОқушының отырысын тексеру, оқу-құралдарын түгендеу

2.Үй тапсырмасыДо мажор гаммасы, соль мажор гаммаларын ойнату. Халық күйі «Кеңес». Жатқа ойнату. Қателерімен жұмыс жасау. Қосылып ойнау.

3. Жаңа сабақ

а) теориялық

Біз осыған дейін төкпе күйлерін орындап жүрміз.Мысалы: «Жастар биі», «Кеңес» т.б. Енді бүгінгі сабақта шертпе дәстүрі туралы негізгі мағлұматпен таныстыру. Алайда музыкалық салаға бармас бұрын біз халықтың ауызекі тілінде саусақтың байырғы атауларын есімізге түсірейікші.

               1 – саусақ  

             Бас бармақ

               2 – саусақ

             Балалы үйрек

               3 – саусақ

             Ортан терек

               4 – саусақ

             Шылдыр шүмек

               5 – саусақ

             Кішкентай бөбек

 

Сол қол саусақтарының белгілері.(осы жерде А3 форматының көлемінде жасалған алақан пішінін қолдану.)

               Бас бармақ

             Б

               Сұқ саусақ

             1

               Ортанғы саусақ

             2

               Аты жоқ саусақ

             3 немесе    ас

               шынашақ

             4

 

Саусақтың перне басатын жұмсақ етін «мамық» деп атаған. Төкпе күйлерге қарағанда, шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы әр ішекте кезектесе жүреді. Бүгінгі сабағымызда қос ішекте шертіп ойнау және пернені басу ережелерімен танысамыз.Әуелі оң қол қойылымына тоқталайық. Қағыс қаққанда оң қолдың сұқ саусағымен қатар саусақтар басын біріктіріп, топтастыра қағу немесе осы саусақтарды бірінен кейін бірін тізбектей шерте қағу әдістері жиі кездеседі. Жоғары қағыс сұқ саусақпен жоғары қағылады.(Плакатта бейнеленген қол қойылымы сызбасымен жұмыс жасау). Аспапта қағыс түрлерін ойнап көрсетіп , балаға тартқызып жұмыстану керек.

Шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғанымен, оның айтарлықтай өзгешеліктері де бар. Олар негізінен мыналар:

а) Бұл дәстүрде 1,2,3 – саусақтар жиі қолданылады.

ә) 3,4 – саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі.

б) Бас бармақ сирек пайдаланылады.

Жаттығулармен жұмысты  бастамас бұрын, перне басатын саусақтардың тәртібін қайталау. Саусақ қойылымдар нотаның үстіне 2 түрлі жолмен жазылады. «Соль» ішегінде ойналатын дыбыстардың саусағы нотаның үстіне,ал «ре» ішегінде ойналатын дыбыстардың саусағы нотаның астына жазылады.

Жаттығулармен жұмыс:

  1.      Төмен қағысқа арналған жаттығу

  2.      Жоғары қағысқа арналған жаттығу

  3.      Шертпе дәстүріндегі алма – кезек қағыстарға арналған жаттығу

 

б)практикалық

Енді қаншалықты түсінгенімізді бағамдау үшін Ә.Шоқанбаевтың «Этюд» ін талдап,ойнап көрейік. Этюдке  анализ жасайық.(Оқушыға сұрақтар қою арқылы этюдтың өлшемін, кілттік белгілерін,екпінін сұрап,оның жауаптарын толықтыра отырып, талдауға кірісемін). Аспапта ойнап көрсетіп, баламен шығарамыз. ( Этюдты А3 қағазына жазылған плакаттан талдау, ойнату.

 

4.Сергіту сәті.

Енді кішкене бой сергітіп алайық.Магнитті тақтаға оқушыға жасырын сурет қиындыларын шашыратып тастап, соның артында берілген тапсырмаларды орындату. Әр қиындыдағы тапсырманы орындаған сайын өз ұяшығына орналастырады. Сурет қиындылары жинақталғанда домбыра аспабының бейнесі құралады. Оқушы осы суретті  қолдана отырып, домбыра құрылысын айтып өту керек.Сурет қиындыларындағы сұрақтар:

  1.      Саусақтың байырғы атауларын ата.

  2.      Шертпе күйінде оң қол саусақтарының орналасуы және қолданылуы.

  3.      Шертпе күйінде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері.

  4.      «Соль» ішегінде ойналатын дыбыстардың саусағы нотаның қай жағынан жазылады.

  5.      «Ре» ішегінде ойналатын дыбыстардың саусағы нотаның қай жағынан жазылады.

 

 

 

5. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта танысқан шертпе дәстүріндегі қағыс ерекшелігі мен перне басу тәсілдерін қорытындылау. Сабақ бойына айтылған тақырыпты пысықтап, шолып өтемін. 1,5,3 – жаттығуларды пайдаланып нақтылау.

6. Үйге тапсырма

Алдын ала оқушыға арнап жазып дайындаған жаттығуларды беріп, үйден орындап келуге тапсырма беру.

7.Бағалау

Оқушы белсенділігіне,білімділігіне,тапқырлығына қарай бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!