Материалдар / серуен сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

серуен сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топтың дене тәрбиесі сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
622
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

1,2 технологиялық картасы

Қыркүйек айы I апта

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Кіші саласы: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Серуен»

  • Нұсқаушының соңынан саптізбек бойымен спортзалды айнала жүру;

  • Сап құрылымын өзгертіп үш тізбекке тұру;

  • Құралсыз ЖДЖ;

  • Екі паралель сызықтың ортасынан жүру және жүгіру (ұз.-3м, ені -15см);

  • Бір орында тұрып оңға, солға бұрылып өз өзінді айнала қос аяқпен секіру;

  • Қимылды ойын «Өз сыңарыңды тап»;

  • Аз қимылды ойын «Көпіршіктер».

Мақсаты: Балаларды бір-бірден тізбек құрып саппен жүруге және жүгіруге жаттықтыру; кішірейтілген тірек алаңында жүру барысында толық тепе-тендікті сақтауға үйрету; орнында тұрып секектеп секіргенде екі аяқпен жерден жігерлене серпінуге және жерге жұмсақ қонуға жаттықтыру.

Жабдықтары: баулар; түрлі-түсті кішкене орамалдар (текшелер) балалар санына қарай.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының басқарымдық әрекеттері

Баланың іс-әрекеті

I кезең - мотивациялық-

қозғаушы

Балаларды бір қатар құрап сапқа тұрғызу.

Дұрыс тұруын - кеудесін шалқақ ұстап, иегін көтеріп, ішін тартып, қолдарын екі жанына тигізе «сымдай керіліп» тұруын қадағалау.

-Балалар, қарандар спортзал қандай әсем. Бұл спортзалда біз дене шынықтырумен айналысамыз!

Спортзалға кіреді, емін-еркін тұрады, спортзалды қарап өтеді. Бір қатар құрап сапқа тұрады .

II кезең –ұйымдасты-рушылық- ізденушілік

Залды айнала нұсқаушының соңынан жүргізу, жүгірту. Жүру және жүгіру кезіңде жаттығулар алмастырылады .

ЖДЖ орындау үшін, үш саптізбек қайта құрап тұрғызады. Қалай үш саптізбек қайта құрап тұруын балалардың есіне түсіреді және көмектеседі.

Құралсыз ЖДЖ жасатқызады. Санақты қолданып жаттығулардың бір мезетте басталуына және аяқталуына назар салады.


Негізгі қимылдардың түрлері:

А) «Көпіршек арқылы көгал жерге» - тепе-теңдік жаттығу- екі сызық арасымен жүру және жүгіру (ені-15см, ұз. 3м).

Көпірше арқылы көгал жерге аяғын бұлаққа суламай өтуін ұсынады. Көпіршіден өткенде нық тепе-теңдік және дұрыс мүсін сақталуына назар аударады. Екі рет жай жүріп өткен соң көпіршені тез жүгіріп өтуге команда береді.


Б) «Секеңдеген қояндар» - оңға, солға бұрылып өз-өзінді айнала қос аяқпен секеңдеу.

Педагог бір орында тұрып оңға солға бұрылып өз-өзінді айнала қояндар секілді қос аяқпен секіруді жүріспен алмастыруды ұсынады.

Секеңдеу музыка сүйемелдеумен орындалады


«Өз сынарынды тап» қ/о ұсынады. Ойыннын ережелерін түсіндіреді.

Аз қимылды ойын «Көпіршіктер» өткізеді.

Залды айнала нұсқаушының соңынан жүреді, жүгіреді. Жүру және жүгіру кезіңде жаттығулар жасайды.

Үш саптізбек қайта құрып тұрады

Нұсқаушының түсіндіру және көрсету бойынша онымен бірге және санақ қолданып ЖДЖ орындайды



Екі кіші топқа бөленеді. Көпіршеден толқынды әдісімен жүріп өтеді.

Көпіршеден көгал жерге бұлаққа аяғын суламай өтуге тырысады.

Жүру барысында қол белде, жүгіргенде қолмен емін-еркін теңгеру.

Орнында тұрып оңға, солға бұрылып өз-өзінді айнала қос аяқпен 8-10 рет секендеу жасайды. Қолдары ырғақпен жоғары-төмен қозғалады) - қояндар секілді. Балалар іс-қимылды ойын ережелеріне сәйкес орындайды.

Ойын ойнайды.

III кезең- рефлексивті-түзеуші


Балаларға бірлесіп жұмыс жасағаны үшін ризалығын білдіреді, ептілікті көрсеткен балаларды атап өтеді.

Епті болу үшін не істеу керектігін өз пікірлерін айтады. Қоштасып спортзалдан шығады.

Күтілетін нәтиже:

Жалпы дамытатын жаттығу кешенін жасайды;

Дене шынықтыру жаттығуларының ағзаға әсер етуін түсінеді;

Қозғалмалы ойындардың түрлерін жасауда шығармашыл ұстаным қолданады.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!