400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шешендік өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Шешендік өнердің қыр сырлары және тарихы. Оны зеріттеген грек ойшылдардының әр түрлі пікірлері. Әр түрлі қызықты мәліметтер.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Шешендік
өнер

Өркениет туын көтерген елдердің
бәрінде көркем сөз өнері ежелден
бағаланғанына дау жоқ. Ал ежелгі
гректер бұл өнерді аса жоғары
бағалап, шешендік өнерге баулитын
ойлы ортасы мен білім ордалары
болғанымен тарихтан таныспыз.
Халық көп жиылған ортада әсерлі сөз
сөйлеуді қайраткерге тән құндылық
ретінде таныған гректер сөз
салмағының бағасын білумен қатар,
шешендіктану ғылымын білім беру
көзіне айналдырып, жүйелі
теориясын жасап шығарған ел
ретінде танылды.

Эллада ғалымдары мен философтары еңбектерінде
тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді.
Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон,
Демокрит, Аристотель және басқалары шешендік өнер
тарихының қалыптасуында ерекше орын алады.

Ертедегі Үндістан мен Вавилон, Ассирия мен Египетте
мәнерлі де шешен сөйлеу үлгілері дәріптелген болса, басқа
да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты ежелгі Қытайда
шешендік ой-пікірлердің дамуына Конфуций және оның
ізбасарлары ерекше ықпал етті. Азиядағы «Кабуснама» да
шешендік шеберлікті меңгеру кітабы ретінде танылды.

Жалпыадамзаттың тұрғыдан келгенде, сөз
мәдениеті үғымы өзінің тамырын көне
замандардағы этикалық ілімдерден алады.
Мәселен, қытай философы Конфуций өз
ілімінің түп қазығы етіп «адамсүйгіштік»
(жэнь) проблемасын алады. Оның
пайымдауынша, тек адамсүйгіштік қасиет
қана адамды басқаларды сыйлайтын,
ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін,
шындықтан басқаға мойын бұрмайтын,
батыл да байсалды, ілтипатты, достыққа
берік, сөзге ұстамды, көмекке дайын етіп
қалыптастыра алады.

Осы ой Платонның «мінсіз мемлекет жасаудың жолы -терең
білім, ал тәрбие ісінің басты міндеті - адамдарды ізгі ниетті,
ержүрек, таза, өнерлі азаматқа айналдыру» деген
тұжырымында жалғасады. Аристотельдің пікірінше, «ең жақсы
адам - ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды
адам. Қайырымды, аң пейілді кісінің жүрісі жайлы, даусы
төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс». Осы талаптар адамның
ішкі мәдениетіне, адамгершілік сапасына, сөз әдебіне тікелей
қатысты.

Шешендік сөздердің қазақ халқы тарихымен байланысты тарихы
тіпті терең. Ол ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі
күнге дейін ұлтымыздың ұлы құндылығы ретінде дәріптелуде.
Қазақ даласында дүниеге келіп, ғұмыр кешкен дала даналары да
бұл өнердің болмысына, ерекшеліктеріне жан-жақты
тоқталған.Шешенге қажет қасиеттер туралы жалпыадамзат
игілігіне айналған ой-тұжырымдармен таныс болыңдар.

Назарларынызға
рахмет!
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.04.2022
273
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі