Материалдар / Шешендік сайыс сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шешендік сайыс сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға тәжірибе алмасу мақсатында ұсынып отырмын.Халқымыздың би-шешендерінің өнегелі істерін насихаттау үшін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2018
5501
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қанекей, тілім, сөйлеші»

Мақсаты: Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқушыларға ұғындыру, мән-мағынасын ашу. Шешендік сөздер арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд

Сайыстың барысы


Жүргізуші: Қош келдіңіз құрметті көрермендер!

Әрдайым қуанышқа кенелгендер.

Бастайық, кешімізді рұқсат болса,

Бәріңіз тамашалап көріңіздер –

дей отырып, бүгін №264 мектеп-лицейінің 6-сыныптар арасында өткелі отырған «Қанекей, тілім, сөйлеші» атты шешендік өнер сайысына қош келдіңіздер!

Қазақтың халық ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орынққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын жоймаған, заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтипатына ие болып отырған түрі - шешендік сөздер. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр. «Шешендер сөзі - ақылдың көзі» екендігін ескерсек, бабаларымыздан қалған сол мұраны дәріптеу - біздің борышымыз. Олай болса, біздің бүгінгі 5-сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Толғауы тоқсан – қызыл тіл» атты шешендік өнер сайысымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.

Бүгінгі сайысқа барлығы 6 сынып қатысқалы отыр, әр сынып белгілі бір шешен ауылы болып саналады. Олай болса, сайысқа қатысушы сыныптар - шешендер ауылымен таныс болыңыздар.

5 «А» сыныбы «Әнет баба» ауылы

5 «Л» сыныбы «Қазыбек би» ауылы

5 «Б» сыныбы «Жиренше шешен» ауылы

5 «В» сыныбы «Сырым шешен» ауылы

5 «Г» сыныбы «Төле би» ауылы

5 «З» сыныбы «Билер» ауылы

6 «Г» сыныбы «Жәнібек би» ауылы

6 «З» сыныбы «Әйтеке би» ауылы

Ендігі кезекте сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар:

І кезең. «Сәлем – сөздің анасы» Әр сыныптың өз тобын таныстыруы.

ІІ кезең. «Мақал – сөздің мәйегі» Берілген сөздерді қатыстырып, мақал-мәтел құрау.

ІІІ кезең. «Шешеннің сөзі - ақылдың көзі» Шешендік сөздерден көрініс көрсету.

Бүгінгі сайыста топтардың өнері мен білімін бағалап, әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі: Төлендиева Гүлмира апай

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мұратаева Майя апай

  3. Мектебіміздің бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Смайылова Шолпан апай


Мақсат емес, бәйге алып жарыстыру,

Мақсат - шәкірт білімін салыстыру.

Рұқсат болса басталсын ал, қанекей,

Бірін-бірі әрбір топ таныстыру

дей отырып, «Сәлем – сөздің анасы» атты сайысымыздың алғашқы бөлімін бастаймыз. Яғни, әр шешен ауылы өздерін таныстырып өтсін. (Әр топ кезек-кезек шығып, өздерін таныстырады).

Мақал мәтелдер - ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол халықтың өмір-тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан өмірлік мұрасы. Шешендік сөздер де мақал-мәтелдерді байытып, оның сарқылмас көліне ылғи үзілмей құйылып отыратын бір саласы болып табылады. Олай болса біз бүгінгі сайысқа қатысушыларымыздың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндігін байқау үшін сайысымыздың «Мақал - сөздің мәйегі» деп аталатын келесі бөлімін бастайық. Интерактивті тақтадан сіздерге берілген сөздерден мақал-мәтел құрастырып айту керек.


Батыр Білім Жазу

Көсем ОРТАҚ Тіл ӨТЕДІ Сөйлеу БҰЛАҚ

Шешен Сөз Оқу

Ақын Ақыл Тоқу

«Шешеннің тілі ортақ, «Сөз сүйектен өтеді», «Оқу - білім бұлағы,

Шебердің қолы ортақ» Таяқ еттен өтеді Білім - өмір шырағы»


Ата Тіршілік Бас

Аға ЖОНАР Адам БҰЗАР Көз ӨТКІР

Бала Жануар Тіл

Туыс Дүние Құлақ

«Ата көрген оқ жонар, «Тау мен тасты су бұзар, «Тіл қылыштан өткір»

Ана көрген тон пішер» Адамзатты сөз бұзар»


Ендігі кезекте оқушыларымыз сайысымыздың келесі бөліміне дайындалғанша, 5«Б» сынып оқушыларының «Қаражорға» биін тамашалаңыздар!


Қазақ – табиғатынан ділмар, шешен халық. Сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді айрықша қадірлеген. Тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы салиқалы, терең, қысылшаңда қиыннан қиыстырып жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай білген. Қазақ тарихында елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, халқының мұң-мұқтажын жоқтаған ділмарлар көптеп саналады. Олай болса, осындай шешендердің әділ төрелігі мен өткір жауаптарына куә болатын келесі кезеңіміз «Шешеннің сөзі - ақылдың көзі» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша оқушыларымыз шешендік сөздерден көрініс көрсетеді. Олай болса, ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.


Жүргізущі: Әділ қазылар алқасы ақылдасып, ұпай сандарын есептеп, өз шешімдерін шығарғанша әсем әнді қабыл алыңыздар.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену жалықпау, -

дей келе, бүгінгі сайыстағы жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз. (Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау).

Қорытынды: Біздің бүгінгі сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз - қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқушыларға ұғындыру, мән-мағынасын ашу, шешендік сөздер арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу болатын. Осы мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз.

Құрметті көрермендер, сайысқа қатысушылар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!