Материалдар / Шешендік сөз дәтүр және жаңашылдық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шешендік сөз дәтүр және жаңашылдық

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір студентке әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2021
310
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

сабақ жоспары

_______


Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз, дәстүр жаңашылдық,

шешен сөзіне қойылатын талаптар.

Сабақтың мақсаты: Шешендік өнердің иесі-шешен адамның бойындағы қасиеттерді, шешендікті үйрену жолдарын нақты дәлелдермен түсіндіру, шешенге қойылатын талаптарды оқушы санасына сіңіру. Сөз өнеріне қызықтыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерге баулу. Шешендік өнерді үйрену жолдарына үйрету, білім-білік дағдыларын жетілдіру. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар. 
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы 
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, мәселе қоя іздендіру, топтық жұмыс, логикалық тапсырма талдау, сатылай комплексті талдау т.б. 
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылырмен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Бүгінгі күнді тақтаға жазу
4. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Жаңа сабақ: 




Шешендік сөз туралы ұғым-түсінік

Шешендік сөз – сөз мәдениетінің жоғарғы формасы. Ауызекі сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін меңгерген адам ғана шешендік сөзді туындата алады. Шешендік ақыл-ойға негізделгендіктен, халық жадында сақталып, нақыл сөздер сияқты ұрпақтан-ұрпаққа ұалып отырады. Шешендік сөз көпшілікке қаратып айтылады. Сондықтан шешен сөйлеу өнерінде де қарым-қатынасұа түсіп отырғаны адамдардың мінез-құлқы, адами қасиеттері, сөйлеу мәдениеті мен тыңдау мәдениеті, әдеби тіл заңдылықтарын жетік білуі негізге алынады.

Шешендік сөздің түрлері сан алуан: шешен әңгіме, шешендік толғау, діни сөз, шешен құттықтау сөз, шешен тілді баяндама және т.б. Шешендік сөз -әртүрлі тақырыптағы шешендік өнердің іс-жүзіндегі нәтижесі.

«Шешендік өнер» (грек.-риторика) деген ұғым «шешен сөйлеу»дегенді білдіреді, әу баста латын тілінен алынған «шешендік өнер» термині «әдемі, сенімді сөйлей білу қабілеті» деген мағынада жұмсалады. Ал «шешендік сөз» деген атау сол әрекеттен туған мәтінді атауға жұмсалады. «Шешендік өнер» ұғымы қазақ тілінде «шешендік» деген атаумен беріледі.


Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі-сөз, сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың. Ей, перзентім, сөздің оңы мен терісіне, өңі мен астарына айрықша мән беріп, мағыналы етіп сөйлеу үшін әрекет істе. Шешен кемеңгерлердің кеңесінде болып, сөзді сөйлей білу өнерін үйрен. Қай кезде болсын шешендік өнерінің шегінен шықпа. Аузыңнан шыққан сөзің тыңдаушыға , тыңдаушының жүрегіне қонымды , жеңіл болсын. Сөз үйренуден жиренбе.


Тапсырма


Қазақтың асыл-маржан бірнеше сөздерінің ішінен кереметтей бірнеше нақыл сөздер жаз


Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма Шешендік сөз туралы ұғым-түсінік тақырыпты жазу



Негізгі:

1. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. – Орал:2012

2. Бектұров Ш.К.Қазақ тілі.- Алматы: 2006

3. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы:2005

4. Қыдырниязова А.Б. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. – Астана: 2007

5. Лингвистикалық сөздік. – Астана: 2000

6. Мұхтаров С. Қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі. – Алматы: 2001



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!