Материалдар / Шешендік сөздер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шешендік сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
үйірме ,қосымша білім беру педагогтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
600
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі:

Тобы:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:


Шешендік өнер.Өнер алды-қызыл тіл

Сабақ мақсаттары

Халық ауыз әдебиеті түрлерін біледі. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атай алады. Білімді топтастарына түсіндіріп тың мағлұмат қоса алады.

Бағалау критерийі

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді қолдана алады.

Мәтінді дауыстап дұрыс, әрі түсініп оқиды, рөлге бөліп оқиды.

Жанрлық ерекшеліктері бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін ажыратады

Тілдік мақсат

Шешендік сөздерді түсініп оқуды үйренеді.Шешендік сөздер, халық, мақал-мәтелдер.


Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, алгебра


АКТ-ны қолдану дағдылары

Проектор, компьютер ,жұмыс дәптері


Бастапқы білім

Халық ауыз әдебиетінің түрлері туралы біледі. (мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі)

Сабақтың басы 10 минут























  1. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 1 минут

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!


Топқа бірігу

Мақалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар арқылы топқа бірігу.

  1. Шеше, шеше,

Неше кесе

Сынды кеше?

  1. Ел іші алтын бесік

  2. Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттама.

1-топ Төле би ауылы (жаңылтпаштар)

2-топ Қазыбек би ауылы ( мақалдар)

3-топ Әйтеке би ауылы ( жұмбақтар)


  1. Үй тапсырмасын бекіту. 3 минут

Суреттер бойынша жұмбақтар құрастырып келу

Суреттер бойынша жұмбақтар құрастырады.

( шаңсорғыш, керік, дәптер, ай)


«Көршіңді бағала» әдісі арқылы жұпта бір-бірін бағалайды.













Суреттер







Сабақтың ортасы 20 минут



























Білу және түсіну 10 минут

Сабақ тақырыбын білу , мазмұнын ашу мақсатында видеожазба тамашалаймыз.

  1. Видеожазба көрсету

Білім алушылардың ойын тыңдау

Шешендік сөздер - қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік сөздер деп халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздерін айтамыз.

Билер сөзі- көркемсөз өнерінің шынайы үлгісі. Халқымыз ежелден билерді қадірлеп, олардың жағымды сөздерін есте сақтаған. Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады» деген ұлағатты сөздер бар.

  1. Слайдпен жұмыс ( билер)

Төле бидің даналығы, шешендік нақыл сөздері ел арасында кең таралған. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да, Төле биден бата алмай кетпеген. Төле бидің өзгеден артықшылығы – өте адал адам болған. Егер адал болмаса, бүкіл қазақ батырлары алдына барып бата алар ма еді?

Әйтеке Байбекұлы- қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.Әбіхайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Әйтеке бидің шын есімі Айтық.

ҚБ ауызша қолдау, мадақтау

Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлы – Қаратау маңында дүниеге келген. Қазақ пен қалмақ хандықтары арасында бейбіт келісім жасауға ықпал еткен.

  1. 1-топ

«Шынжыр» әдісі бойынша Үш бидің шешендік сөздері мәтінін оқиды.

Дескрипторы: Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды.

Төле би:

Уа, халқым, сөз қадірін білесің:

Жаңбыр жаумаса – жер жетім,


Басшы болмаса- ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...


Атың жақсы болса-

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса –

Жан мен тәннің шырағы.

Қазыбек би:

Аты жаманның арманы кетер,

Баласы жаманның дәрмені кетер.

Төле би:

Рақмет, дәл тауып жалғастырдың,

Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің...

Мынау жиналған халыққа тағы не айтасың,

Қаздауысты Қазыбек би?

Қазыбек би:

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат,

Аймалайтын - анаң қымбат,

Мейірімді – апаң қымбат,

Кіндік кескен –жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат.

Төле би:

Сөзің – асыл, Қаздауысты Қазыбек.

Ендігі сөздің кезегі өзіңде, Әйтеке би.

Әйтеке би:

Бай болсаң , Халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң,

Жауға найзаң тисін.

Әумин!

2-топ

Дескрипторы: Мәтіннен жалқы есімдерді табады.

3-топ

Дескрипторы: Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер тауып айтады.

  1. Рөлге бөліп, мәнерлеп оқу

видеожазба







































Сергіту сәті

1 минут

Қарлығашқа ұқсайық

Қане қанат жазайық.

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып –ұшып алайық.


Аяқталуы 9 минут







кері байланыс


Қ осымша тапсырма беру








Кері байланыс.БББ кестесі

Білем

Білдім

Білгім келеді













Үйге тапсырма: Үш бидің шешендік сөздері


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды?, неліктен?






Б. М.Асқарова ______________________



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!