Материалдар / Шет тілін оқытуда драматизация ынтаны арттыру құралы ретінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шет тілін оқытуда драматизация ынтаны арттыру құралы ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Аннотация: Бұл мақалада білім беру жүйесіне сәйкес мектепте шет тілін оқытуда драматизацияның мағызы, ерекшеліктері меп сипаттамасы және де тиімді жақтары қарастырылған. Кілт сөздер: драматизация, импровизация, театр, драмалық әдістер мен тәсілдер, жатттыгулар, ассоциация, мимика. Annotation: This article discusses the importance, features and characteristics of dramatization in the teaching a foreign language at school in the education system as well as the most effective aspects. Key words: dramatization, improvisation, theater, dramatic methods, exercises, association, facial expressions. Аннотация: В данной статье рассматриваются важность, особенности и характеристики драматизации в обучении иностранному языку в школе в системе образования, а также наиболее эффективные аспекты. Ключевые слова: драматизация, импровизация, театр, драматические методы, упражнения, ассоциации, мимика.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2022
302
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ДРАМАТИЗАЦИЯ ЫНТАНЫ АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ


Нурмуханова Нуржанат Магсаткызы

4-курс студенті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

e-mail: n.nurmukhanova00@mail.ru

Ғылыми жетекшісі: Шунайбекова Кльжиян Мендыгалиевна

Аға оқытушы


Аннотация: Бұл мақалада білім беру жүйесіне сәйкес мектепте шет тілін оқытуда драматизацияның мағызы, ерекшеліктері меп сипаттамасы және де тиімді жақтары қарастырылған.

Кілт сөздер: драматизация, импровизация, театр, драмалық әдістер мен тәсілдер, жатттыгулар, ассоциация, мимика.

Annotation: This article discusses the importance, features and characteristics of dramatization in the teaching a foreign language at school in the education system as well as the most effective aspects.

Key words: dramatization, improvisation, theater, dramatic methods, exercises, association, facial expressions.

Аннотация: В данной статье рассматриваются важность, особенности и характеристики драматизации в обучении иностранному языку в школе в системе образования, а также наиболее эффективные аспекты.

Ключевые слова: драматизация, импровизация, театр, драматические методы, упражнения, ассоциации, мимика.

Бүгінгі күні шет тілінде сапалы білім беру заман талабы болып отыр. Соған орай жастарды бәсекеге қабілетті, жаңа заманға сай қаруландыру мақсатында білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Білім беру ұйымдарында сабақ беру үрдісін оңтайландыру үшін түрлі технологиялар, бағдарламалар қабылданды. 7 модульдік оқыту жүйесі де кірістірілген болатын. Әрине, мүмкіндігі орасан зор болатын бұл технологиялар шәкірттердің білім сапасын ғана көтеріп қоймай, өзіндік ойлауына, шығармашылық ізденісіне де тигізер пайдасы көп.

Соның ішінде, менің көзқарасым бойынша ең тиімді тәсіл – шет тіліндегі сабақтарды драматизация арқылы оқыту деп есептеймін. Мен неге бұлай ойлаймын? Өйткені, драматизация – білім алушыға шет тілінде тілдік 4 дағдыны (Reading, Writing, Speaking, Listening) қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, драматизация оқушыларға рөлдік ойындарды сомдай отырып, бір-бірімен ұжымдық қарым-қатынас жасауға да дағдыландырады.

Мен енді драматизация атауының анықтамасына тоқталатын болсам, драма (грекше сігата — қимыл, әрекет) шындықты айрықша тәсілдермен шиеленіскен тартыстар желісі арқылы жинақтап, оқиғаны сипаттайтын кейіпкерлер сөзі және іс-қимылымен көрсететін сөз өнерінің күрделі жанры. Ал педагогикалық тұрғысынан қарайтын болсақ, драматизация – баланың сөйлеу мен қарым-қатынас дағдыларын белсендіретін, театр, музыка, сурет сияқты шығармашылық пәндерге қызықтыратын, шет тілі мен мәдениетін оқытудың кешенді әдісі.

Драма тек театрмен ғана шектелмейді. Ол бізді үнемі қоршап тұрады. Сондықтан да, драматизация арқылы оқыту – өзге әдіс-тәсілдерге қарағанда ерекше және де ұтымды әдіс деп ойлаймын. Себебі, бұл оқыту тәсілінің өзіндік педагогикалық мақсаты бар. Ол мақсат оқушылардың жеке және қоғамдық дамуына негізделеді. Білім беру процесінде драма театрдағы құралдармен, әдістермен жүзеге асады. Дегенмен театрдағы қойылымның негізгі мақсаты – көрермен көңілінен шығу болса, ал мектептегі драмалық қойылымның көздейтін мақсаты – білім алушыларға ағылшын тілі мен мәдениетін жетік меңгерту.

Драма аз уақытқа немесе ұзақ уақытқа да қойылуы мүмкін. Бұл әдіс сабақты түрлендірудің бір амалы болады. Білікті, тәжірибелі педагог драманы қолдана отырып, тілді үйрету мен оқушылардың қызығушылығын ұштастыра алады. Осындай сабақ түрі тиімді әрі ұнамды болары айдан анық.

Мектеп қабырғасында драматизация арқылы сабақ беру ең алғаш рет Англияда көрнекті тұлғалар Питер Слейд пен Брайан Уэй-дің басшылығымен қолға алынған болатын. Олар бұл үрдісті шет тілін драмаластыру арқылы үйрету деп есептеген. Олардың құрастырған жаттығулары оқушыларды елестетуге, сезімін дамытуға, дене қимылын, ым-ишараны қолдануға бағытталған. Ал тапсырмалар болса, өмірдегі коммуникативтік жағдайларды тілдік қарым-қатынас түрінде негізделеді.

Шетел тілін үйренудегі драматизацияның тиімді жақтары мынадай:

1. Бүкіл сыныпқа ортақ деңгейде болуы. Драматизацияның ерекше бір қасиеті – атақты ғалым Алдаверо айпақшы, ол оқушыларға шет тілін үйретіп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың сөздік қорын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың білім деңгейіне қарамастан, кез келген оқушыға ттиімді болады. Мысалы, ойы ұшқыр болсын немесе сабаққа үлгерімі нашар оқушы болса да, ағылшын тілінде алғаш рет сөйлеп тұрған оқушыға да тиімді. Бұл әдісті қолдану барысында олар барлық мүмкіндіктерді қолдана алады (есту, көру, іс-қимыл, т.б.) және сол тіл әр оқушыға ең дұрысы болып саналады.

2. Ынталандырушы және үміттендіруші. Филиппе: «Драма жаттығулары тілді үйренушілер мен үйретушілерді қызықты тәсілдермен ынталандырады» - дейді. Мен бұл ғалымның ойымен толықтай келісемін. Себебі, драма – әр адамның өмірінде елеулі орын алады, тілді меңгеруді белсенді үрдіске айналдырады. Сонымен қатар, Джемери Хармер ынталандыруды «адамды белгілі бір мақсат үшін итермелейтін ішкі қозғаушы күштің бір түрі» - деп атаған.

3. Оқушылардың ойлау және елестету қабілетін арттырады. Драма адамның елестетуін талап етеді. Бұл қабілет балалардың шығаршылық және елестету қабілеттерін дамытады. Өйткені, бұл әдіс оқушылардың күнделікті қолданып жүрген тілдік құралына жатпайды. Әртүрлі рөлдерге ену арқылы балалар ойлаудың биік деңгейіне жетеді, мысалы, ойдан шығару, толғану, қорытынды шығару, пікір айту, анализ жасау.

4. Балалардың ауызша сөйлеу дағдысын арттыруға, қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді. Драмалық рөлдік ойындарды ойнай отырып, шет тілінде ауызша сөйлеуге ынталандырады, грамматикалық ережелерді сақтай отырып, дұрыс сөйлеуге бағыттайды.

5. Сөздік қорды байыту мен грамматикалық құрылымды игеруге көмектеседі. Драма сөздерді, сөйлемдерді жаттауға, мәліметтерді бекіту мен қайталауға тиімді техника болып есептеледі. Біз драматизацияны шетел тілінде сөздік қорды байытатын бірден-бір әдіс деп атай аламыз. Сонымен бірге, ол грамматикалық ережелерді сақтай отырып сөйлеуге, стильдерді үйренуге ұмтылдырады.

Драмалық әдістер мен тәсілдерді сабақ мақсатын орындауға көмектесетін педагогикалық техникалар немесе құралдар ретінде қолданамыз.. Драмалық әдіс сабақтың мәнін ашуға және оны меңгеруге мүмкіндік береді. Ол рөлге бөліп ойнау, импровизация, талдау сияқты театрдың басты әдістерінің артықшылығын өзіне қабылдайды. Сонымен қатар, сұхбат алу, әңгіме-дебат, суреттеу секілді басқа да мектеп пәндерінің әдістерін қолданады. Драматизация шет тілін оқыту үшін таптырмайтын тәсіл. Менің бұлай дейтін себебім, ол мағыналы контекстте шынайы қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді. Мәселен, педагог-мұғалімдер өздерінің тәжірибелік жұмыстарында тек қана рөлге бөлу карточкаларын үлестіру, түрлі қоғамдық орындарындағы көріністер (әуежайдағы, теміржолдағы, т.б.) немесе басқада көріністерді қою сияқты сабақ беру үрдісіне енгізуі тиіс. Оқушылармен жеке жұмыс жасап қана қоймай, олардың қалай күрделі қиял-ғажайып, шытырман күйге енуі яғни әңгімеге беріліп, тақырыпты түсіне білуіне жол ашуы керек. Бұл әдіс ұстаздарға сабақты оңтайлы ұйымдастыруда шынайы драмалық тәжірибемен қамтамасыз ету керектігін көрсетеді.

Мектепте ағылшын тілі сабағында драмалық ойындар мен жаттығуларды қолдану кезіндегі жағдайлар талапқа сай болады. Сонымен бірге, рөлдік тапсырмалар әр оқушының деңгейіне сай беріледі. Драмалық ойындар оқушыларға олардың білім сапасы қандай дәрежеде болмасын ыңғайлы келеді. Осындай драмалық ойындар немесе әдістер түрлеріне мыналарды жатқыза аламыз:

- Мимикалық іс-қимылдар – тапсырмаларды түрлі қозғалыс әрекеттерімен көрсететін драмалық әдіс түрі. Мұндай жаттығулар белгілі бір дәрежеде драмалық әрекеттерді қамтиды. Мәселен, мен осы жаттығу түрлерін «Birds», «Animals», «Sport types», т.б. тақырыптарды өткен кезде көбірек қолдануды жөн санаймын. Өйткені, бұл атаулар қимыл-қозғалысқа тән болғандықтан, оқушылардың ойлау және еске түсіру қабілеттеріне пайдалы болып келеді.

- Warm-up – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятатын, көңіл-күйлерін көтеруге арналған жаттығулардан тұрады. Оның құрамында қозғалыс пен елестету ойындары бар. Бұл жаттығулар әрбір тақырыптың мазмұнына қарай таңдалады. Мысалы: «Sport in our life» тақырыбын алсақ, оған қимыл-қозғалыс жаттығуларыи пайдаланады. Ал «Discussing music», «Hobbies and leisure», «Entertainment and media», т.с.с. тақырыптарға әндер, би билеу секілді жаттығулар, тапсырмаларды қолдануға болады. Мен әр сабағымда Warm-up әдісін пайдаланып, оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп отырамын,

- Рөлге бөлу және сахналық көрініс – драманың негізін құрайтын әдістемелік ойынның бір түрі. Ағылшын тілі сабағында рөлге бөлініп ойнауда оқушылар өз ой-пікірлерін ұтымды қолдана алады. Берілген карточкалардағы мәліметтерді пайдалана отырып, кішігірім қойылымды сахналайды. Бұл берілген оқиғаларды рөлдермен сомдап, шынайы жағдай түрінде көрсету арқылы балалардың осы жағдаяттарға лингвистикалық тұрғыдан дайындығын сынау үшін өте керемет әдіс болып саналады.

- Ассоциация идеялар мен заттар арасындағы сана-сезімдік байланыс.

- Импровизация ойдан құрастыру деп те аталады. Ол берілген жағдайды немесе мәселені жоспарланбаған іс-әрекеттермен орындап, ұтымды шешім таба білуге негізделеді. Мұндай жаттығулар оқушылардың тұлғалық әрі қоғамдық дамуына қол жол ашады.

Оқушыға негізделген жарыс емеес, қойылымды көрсететін мақсаттарды анықтау үшін, келесідей сұрақтарды қою қажет:

1. Сабақтың жалпы мақсаты бойынша қойылатын сауалдар:

- Сабақтың мазмұны мектептің жаңартылған білім бағдарламасы мен сабақ жоспарына қалай қандай қатысы бар?

- Мен сабақ барысында оқушыларымның неге қол жеткізгенін қалаймын?

- Осы сабақтың мақсаты қандай?

2. Сынып атмосферасына қатысты:

- Мен оқушыларымның арасында қандай типтегі атмосфера құрғым келеді?

- Таза ортаны қалай құрастырамын?

3. Тақырыпқа байланысты:

- Таңдалған тақырып жасқа, қызығушылыққа және оқушылардың машықтарына сай келе ме?

- Оқушыларды осы тақырыппен таныстырудың ең тиімді жолы қандай?

- Мен осы тақырыппен жұмыс істей отырып, қандай жақсы нәтижеге қол жеткіземін?

4. Тілдік функцияларға (тілдік дағдылар, сөздік қор, грамматикалық құрылым) қатысты:

- Мен оқушыларымның қандай тілдік функцияларды үйренгендерін әлде қолданғандарын қалаймын?

- Менің оқушыларыма бұл әдістер керек бола ма? т.б.

Сөзімді қорытындылай келе, жоғарыда айтып өткенімдей, драматизация – оқу мен оқытуда, тілдік қарым-қатынас жасауда таптырмайтын құрал деп ойлаймын. Ол білім алушыға жаңа тілді табиғи және пайдалы жолмен үйренуге көмектеседі. Сөздік қор, грамматикалық құрылымдар, тілдік дағдылар мен функцияларды оңай білуге, оны тұрмыстық жағдайда жүзеге асыра білуге септігін тигізеді. Драмаға негізделген сабақ жоспарларында оқушылар тарапынан мақсат қою, жаттығуларды қиыстыру, уақыт өлшемін бақылау басты талап болып табылады. Драма арқылы сабақты жоспарлау көп дайындықты, энергияны, төзімділікті, шығармашылықты және тәжірибені талап тееді. Алайда бұдан шығатын қорытынды әлдеқайда үлкен. Бұл әдіс сабақты жоспарлау мен көп уақытты қажет етсе де, оқытушылар үшін нәтижелі болмақ. Осындай әдіс-тәсілдерді негізге ала отырып, драматизация арқылы шет тілін оқыту ұтымды әрі тиімді шешім болары сөзсіз.

«WELCOME TO GREAT BRITAIN» АТТЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ

12.04.2022ж мен Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы, «Боранқұл жалпы білім беретін мектеп» КММ, 7 «а» сынып оқушылары арасында «Welcome to Great Britain» атты сыныптан тыс шара өткіздім. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; театр, драма, сахналық қойылым туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Шара драмалық қойылым жанрында өтті. Екі саяхатшы Ұлыбританияға саяхатқа шығып, ол елдің керемет жерлерін, атақты тұлғаларымен, салт-дәстүрлерімен танысады. Ең бірінші саяхатшылар Букингем сарайына тоқтап, құнды мағлұматтар алады. Оқушылар Букингем сарайындағы жағдайды сахналауда бірі – Патшайым Елизаветта II рөлін сомдаса, екінші бірі – Англиялық әскердің рөлін атқарды.

Екінші қойылымда Уильям Шекспир туралы болды. Саяхатшылар жүре келе, У.Шекспир атындағы драмалық театрға тап болады. Бұл жерде театр сахнасында Шекспирдің өлеңін оқып жатқан адамдарды және оларға басшылық жасап тұрған жетекшіні көреді. Саяхатшылар жетекшіден өлеңнің атауын, авторын сұрастыра келе біршама мәліметермен таныс болады.

Ал үшінші қойылымда ағылшындардың «шәй дәстүріне» қанық болады. Қала тұрғындарының кешкі сағат 17:00- де қолдарына шәйнек пен шыныаяқтарын ұстап, үйлеріне жүгіріп бара жатқандары баяндалады. Бұған таңырқай қараған қазақстандық екі саяхатшы олардан мән жайды сұрайды. Қала тұрғыны оларды қонаққа шақырып, шәй ішу дәстүрімен таныстырады. Екі ел бір бірінің әдет-ғұрыптарын салыстырады. Осылай әңгіме өрбіп, оқушылар сахналайды.

Менің бұл шараны ұйымдастырудағы басты міндетім – оқушыларға, қатысқан көрермендерге Ұлыбритания елінің тарихын, салт-дәстүрлерін, әсем жерлерін таныстыру.

Бұл драмалық қойылым менің дипломдық жұмысымның эксперименттік кезеңін жүргізуіме зор үлесін қосты. Өйткені, менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Шет тілін оқытуда драматизация ынтаны арттыру құралы ретінде». Міне, оқушылармен жұмыстана отырып, драмалық қойылымның оларға ағылшын тілін үйренуде жаңа бағыт болғанын ұқтым. Осылайша, өзімнің дипломдық жұмысымды оқушыларға практикалық түрде эксперимент жасап, драматизацияның баланың өмірінде қаншалықты рөл атқаратынын байқадым.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қасенова Д.А. Шетел тілін оқыту әдістемесінде коммуникативтік біліктілік ті қалыптастырудың артықшылықтары мен принциптері. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал «Мектептегі шет тілі»- 2010. №1.-17б.

2. Fleming, Mike. Drama and language teaching: The relevance of Wittgenstein’s concept of language games. -2006.-p.69.

3. Абдуллаева Ұ., Тіленбаева М. Драматизация әдісінінң ағылшын тілі сабағында қолданылуы.-2005.-№9.-27б.

4. Белянко Е.А. Драматизация в преподаваниианглийского языка. Ростов: Феникс.-2013.-с.93.

5. Gomez I.D. Using drama to improve oral skills in the ESL classroom. International school journal.-2010.-p.29-31.

6. Hamilton D. Emsyleod A. Drama in English language teaching. London: Oxford university press.-2003.-p.5.

7. Dougill J. Drama Activities for language learning. London: Macmillan.-2004.-72p.

8. Ахметова Н.К., Хайдаров Н.Ж. Драматизация как процесс обучения. Алма-Ата. Знание.-1995.-с.48.

9. Станиславский Е.В. Театрализованные уроки и внеклассные мероприятия на английском языке: Книга для учителей и воспитателей. М.,-2006.-с.184.

10. Құлжанова Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні. Қазақстан мектебі.-2001.-1.-74б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!