Материалдар / Шет тілінде оқушылардың дайындықсыз сөйлеу қабілетін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шет тілінде оқушылардың дайындықсыз сөйлеу қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Шет тілінде оқушылардың дайындықсыз сөйлеу қабілетін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2020
672
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Шет тілінде оқушылардың дайындықсыз сөйлеу қабілетін дамыту

Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түріндеемес,өзарахабар
алысатын саналы əрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің
əртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің
коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мəтіндердің коммуникативтілігіне
негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытудаберілетінбілім
мазмұны мен оқыту əдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.
Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өзойларынеркінжеткізіп
қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебіжалпығабілім
беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты - оқушының шеттілінде
дайындықсыз сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Біз шетел тілін оқыту туралы айтқанда, оны еңалдыменқатынасқұралы
ретінде оқимыз. Шет тілінде сөйлеудің негізгі мағынасы-адамныңəлеммен
қарым-қатынасы, адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің негізгі
объектісі - адамның шыншыл өмірмен байланысы. Биляевтің ойынша, шетел
тілін игеру – бұл басқа тəсілдермен жəне жолдармен санадағы ойды шығару.
Сөйлеудің құрылымына тоқталатын болсақ, оны психологтар былай
көрсетеді. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады.
Шет тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда шет тілінде өз ойын
жеткізу қажеттілігі туады. Ол қарым-қатынас жасап отырған қимыл
іс-əрекет негізінде көрінеді. Мысалы: бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру,
өтінішті орындау, сондай-ақ қаламды əперу, есікті ашу, тақтаны сүрту, т.б.
Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты - күтілетінқорытынды.Бұлбөлімдесөйлеу
мынадай қызметтерді ғана атқарады. Атапайтсақ,неүшін,негежəнене
айту керек деген сияқты. Сөйлеуді қалай жүзегеасырусөйлеудің2-ші
бөлімінде, яғни аналитика - синтетикалық бөліміне қатысты.Бұлбөліміндетіл
арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді. Шет тілінде ойды жеткізу
кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ), оны ойды жеткізу үшінсөйлеу
бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бірнəрсемен
қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық жəне синтагматикалық
бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса, оқушының сөйлей алу қабілеті
жоғары болады. Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді əртүрлі белгісіне
қарап есте сақтай алады. Жазу кезіндегі бірдейдыбысталу«two-tooone-won,
see-sea»- мағына жақындығына байланысты. Мысалы: «small-little» -
мағынасының қарама-қарсылығына байланысты-«answer-ask».Cөйлеукезінде


Page 2

синтагматикалық байланыс та үлкен рөл атқарады.Яғни,басқасөздермен
сəйкес келу негізінде, мысалы: «order» деген сөз келесісөзтіркестерінде
қолданылады. Оrder-something (order dinner, order breakfast, a new coat, etc.),
order to do something (order to stand up, to close the door, to stay inbed),giveanorder
to do something (to stand up, to stay after classes).Осысөздердіңтаңдалынып
алынуына сөйлеушілер арасындағы қарым-қатынас лексикалықсөздікқорлары
қатысты құралдарды таңдап алу процесінде мынадай жағдайлар іске асады:

1. Күнделікті қолданылатын шет тіліндегі бірліктер:«Goodafternoon»,
«Тhank you», «Мy name is», «I am on duty», «Мay I come in?».

2. Сөздердің орнын ауыстыру жəне құрылымын өзгерту.Мысалы:«My
name is» деген дайын тіркестен «name is» бірлігі өзгеріссіз қалып,«my»түрін
«his, her немесе my sister’s» деп ауыстыруға болады.
Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден, ойлаутікелейменарқылы
жүзеге асып, 2-ші жағдайда, грамматикалық құрылымы іскеасады.Шет
тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны біріншіойлап
алады, ал ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу құрылымының 3-ші бөлігіойды
жүзеге асыру бөлімі: Сөйлеу тыңдау, оқу жəне жазумен тығыз байланыста.
Тыңдау мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз
байланысты. Сөйлеу бұл тікелей оқумен байланысты. Яғни, сөйлеу мен
дауыстап оқудың қарым-қатынасын дəлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де
байланысты. Мысалы, оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.
Қазіргі кезеңде пəн мұғалімдерінің кеңінен қолданыпжүргентілдік
жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады.Тілдік
жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу.Тілдік жаттығу
барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдыналаойластырылып
тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағыжақсы
қарым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нəтижесін жоғарылата түседі.
Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілдітусіну,сөйлеу
қабілеттерін арттырып қана қоймай əр баланың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5
минуттық жазу ретінде өткізу əбден мүмкін немесе үй тапсырмасына беруге
болады. Баланың іздену қабілеті дамиды. Тексеру кезінде баланың жіберген
қателеріне көңіл бөлмей, оның идеясына, өмірлік тəжірибесін сипаттай білу
қабілетіне, өз бетінше жұмыстанан мəтіннің құрылымына көбірек назараударған жөн.
Сөйлеу монологтық жəне диалогтық түрде жүзеге асырылады. Ол
методикалық мақсат негізінде де жүзеге асады, яғни əрбір сөйлеу


Page 3

формаларының лингвистикалық ерекшеліктерін көрсету негізінде. Монологтық
ойлауға ойды толық жеткізу жəне бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме
тəн. Диалогтық сөйлеу сөйлеу клишелерін жəне элиптикалық сөйлемдерді
қолдану негізінде жүзеге асады. Мысалы, сөйлеу практикасында жалпы
сұрақтарға «иə, жоқ» деген қысқа жауап ала аламыз. Оқушыларкөбінесемұндай
жауапқа қанағаттанбай, толық жауап сұрайды. Мысалы,«Іsittuesdaytoday?»
деген сұраққа «Үes, it is» немесе «Үes, it is already Тuesday today» деп жауап
беруге болады. Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай
мысалдар келтіре аламыз. «Is it an English bookorRussianone?»сұрағына«Itisa
Russian one» немесе «a Russian one» деген жауап ала аламыз. Арнайы
сұрақтарға мынадай жауап ала аламыз«Whatisred.Thefloweriswhowillgoto
the cinema. My brother will» деген сияқты жауап алуға болады. Монологтық
сөйлеуге «хабарлау» деген мінездеме бере аламыз. Оларға мынандаймысалдар
көрсете аламыз. Мысалы, оқушылар «Қайда оқимыз?» немесе «Бүгінқайкүн?»
деген сөздерді ағылшынша жеткізе алу қажет.
Шет тілін оқыту кезінде оқушылар сөйлеуге ұмтылады.Тіптіоқушылардың
лексикалық сөздік қорлары минималды дəрежеде болсада,олартілдің
коммуникативтік қызметін сезіне бастайды. Шет тілін оқытудың алғашқы
жылдарында оқушыға сұрақтарды қою, оған жауап беру, т.б. сияқтыұсақсөйлеу
бірліктерін оқытушы сұрайды. Сөйлеу кезінде оқушы кем дегендеүшсөйлем,
монологтық сөйлеуде сөйлеу дайындықсыз іске асады, яғни тілдің тіл
материалының көлемі бес сөйлемнен кем болмау керек. Оқытудың екінші
жылында диалогтық сөйлеу кезінде əңгімені жүргізе алу қабілеттілігі болу
керек, ол сұрақ пен жауап, ұсыныс, бұйыру негізінде жүзеге асады. Ол тікелейтілдік
мəтіннің бағдарламасына қатысты болуы керек жəне ол төрт сөйлемнен кем
болмауы қажет. Кейбір монологтық сөйлеу күрделірек, яғни оныңкөлеміжеті
сөйлемнен жоғары болуы керек.
Сөйлеудің оқытудың мазмұны кезінде 3 компонентті бөліпалааламыз.
Олар: лингвистикалық, психологиялық жəне əдістемелік. Лингвистикалық
бөлімнен бастасақ, бұл кезде сөйлеу оқу бағдарламасы негізінде жүзегеасырылады.
Бұл тілдік бірліктермен тікелей қатысты: сөз, сөз құрылысы, лексикалық
мəтін, лексикалық минимум т.б. Таңдалып алынған тілдік мəтін сөйлеудіңалғашқы
сатыларында-ақ жүзеге аса бастайды. Оқушылар тілдік материалды сөйлеу
бірліктері негізінде жүзеге асырады. Олар мына түрде жүзеге асады. Олар:«Hereis
the book» немесе «There is a lot of booksontheshelf»немесе«Whatisonhappy
birthday to you» немесе диалогты түрде келе алады. «Please,givemethatbook.»,
«Here you are», «Thank you», «You are welcome» немесе бір-бірімен қатысты сөйлеу
түрінде кездеседі. Мыс: «Mr.John Whitelivesatsixteen,forestroad,greentown,


Page 4

England. His house is not very large, but it is not small either. It has a ground
flower». Сөйлеудің лингвистикалық бөлшегін айту кезінде сөздің
экстралингвистикалық бөлімшесін ұмытпаумыз қажет, дəлірек айтсақ,ым,қол
сілтеу, бас шайқау, т.б. құралдар. Мысалы, шет тілінде кейде мұндай
ым-ишараларды оқушылар көп қолданбайды. Бұл қате құбылыстар,
мысалы, 1,2,3 деп санау кезінде қазақтар саусақтарын бүксе, шетдар саусақтарын
жаяды. Сөйлеуді оқытудың мазмұнының 2-шікомпоненті-психологиялық
компонент, яғни экспрессивті сөйлей алу қабілеттілігімен дағдылану. Ол, мысалы,
белгілі бір мəтінді оқытушыдан есту кезіндегі репродукция операциясы арқылы
іске асады. Психологияда неғұрлым оқушы кішкентай болса, соғұрлым бұл
операция жеңіл өтеді. Мыс: 2-ші сынып оқушылары жеке сөздер, сөз тіркестері
тұрмақ, белгілі бір мəтінді қағып алу қабілеттіліктері жоғары. Репродукция
толық жəне бөлшектік болады. Мыс: толық репродукция«Wespeak,readandwrite
in the lesson». Бөлшектік репродукция оқушы өз ойын жеткізунегізіндежүзеге
асады. Мыс: «This is a blue pencil». Оқытушы (көк қарындашты көрсетіп
тұрып айтылатын сөз тіркесі). Сөйлеудің келесі бір маңызды құбылысы -бұл
сөздердің грамматикалық құрылымын өзгерту.Мыс:«IliveinAstana.Armanlives
in Astana» деген сөзде «I» - «to be» етістегі «Arman»-ға өзгерді.Олтікелей
етістіктің өзгеруіне əкеліп соғады: «live-lives». «Nick is reading a book. Nick
reads a lot». Бұл сөйлемде «Present Progressive» –«PresentSimple»-ғаайналады.
Грамматикалық құрылымды өзгерту кезінде сөйлеу, өз ойынжеткізужəне
лексикалық дағдылар да қалыптасады. Сөзді жеткізе алу құбылысы сөздердің
мағыналарын кеңейтумен де байланысты. «I have got a book. IhavegotanEnglish
book. I have got an interesting English book. IhavegotaninterestingEnglishbookat
home». Бұл құбылыс грамматикалық құрылымды өзгертумен дебайланысты.Ол
сондай-ақ жадыдағы лексикалық сөздік қорға сөзді айту дағдысына ритмға,
мелодияға қатысты. Психологиялық бағдарламада экспрессивті сөйлеуге
мынадай мінездеме бере аламыз:

1) Сөйлеу əрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген,бұлмінездемешет
тіліндегі экспресcивті сөйлеуді жүзеге асыру, сөйлеудіңалғашқысатыларына
тəн. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру оқушының «сөйлегісікелу»арманына
қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей қатысты, мысалы,бұлқұбылысты
жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқушының қайырымды қарым-қатынасы,
т.б. Мысалы, оқушы «my pet» деген тақырыпқа қызыға талқылама жасайды.
Олар өздерінің сүйікті үй жануарының суретін, ойыншығын алып келіп,
сыныпта əңгіме жүргізе алады.


Page 5

2) Сөйлеу аудитория үшін арналған жəне тыңдаушығабағытталғантүрде
бола алады. Яғни, біз сөйлеу кезінде сөзімізді белгілі бір адамға бағыттап, ойды
бөлісіп, дəлелдеп сұрай аламыз. Мысалы, оқушыбелгілібірнəрсеніайту
кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым-қатынас жасап отырған адамға
қатыстыруы қажет.

3) Сөйлеу əрқашан эмоционалды боялған түрдеболаалады.Яғни,
сөйлеуші айтып тұрған объектіге өзінің сезімін, қатысын білдіреалады.Сөйлеудің
бұл мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты. Мыс: «my pet»
деген тақырыпта «I like my dog very much» дегенсөйлемде«like»дегенсөзді
белгілі бір екпінмен айта алады.

4) Сөйлеу арқашан алдын ала келісу негізінде жүзегеасады.Мыс:
оқытушы оқушылардын белгілі бір нəрсені сұрау алдында оқушылардыңбұл
тақырыпқа қатысы бар ма, лексикалық қорлары жете ме, оқушы санасынасайма
деген сұрақтарға жауап беріп алу қажет.

Сөйлеудің психологиялық бағдарламасында да лингвистикалық
мінездеме секілді екі түрлі жүзеге асыру бар: монологтық жəне диалогтық.
Монологтық сөйлеу логикалық құрылған сөйлемдері, бір-бірімен қатысты
белгілі бір мақсатқа бағытталған бір адамныңсөзі.Монологтысөйлеудіжүзеге
асыру үшін оның мынадай сатылары бар.

1) не жайлы айту. Алғашқы сатысында заттың атынайту,оныңтүсін
көрсету, мөлшерін, орналасуын, қатысын, өзінің сол затқа қатысынкөрсету
т.б.
2) жаңағы сөйлеу бірліктерін жинақтап, қайсысын айту керегін таңдау.
3) Жадыдағы тілдік бірліктерді құрастырып, оларғаэмоционалдыанық
бояу беру.
Диалог - бұл екі не одан да көп адамдардың сөйлеукезіндегіқарым
қатынасы. Біреуі - тыңдаушы, біреуі - сөйлеуші бола алады. Диалогтықсөйлеуге
бағдарлама жасау мүмкін емес. Монологтық сөйлеуден айырмашылығы
диалогтық сөйлеуде ым-шараларды қоса қолданамыз. Мыс: «Are you going
home?», «Does Pete live far from school?», «Yes», «Whereareyougoing?»,«I’m
going home.», «You will stay after classes, won’t you?» «I can’t.», «Can you play
football or hockey?», «Let’s play» немесе

К: Hello, Mike?


Page 6


М: Hello ,Kate it’s nice to see you!

К: Are you glad to be back to school again?

М: I’m, but it was nice to have holidays. I was out-of-doors all day long.Ihada
lot of fun and what about you?

К: I had a very good time too. I often went to the stadium and played withmy
friends.

Сөйлеудің үшінші компоненті - əдістемелік компонентінекелерболсақ,
сөйлеу - бұл қиын процесс. Шет тілінде сөйлеуді оқытуда əртүрлі
құбылыстарға қатыстыра аламыз. Ол көру жəне есту, вербальды немесе
вербальды емес құбылыстар. Оқытушы осы құбылыстарды жақсы қабылдауды
іске асыру қажет. Қарапайым сөзбен айтқанда, оқушы тапсырманың негізгі
мағынасын түсінуі қажет. Мысалы, «agree ordisagree»жаттығудыкөрсете
аламыз. Оқытушы белгілі бір сөйлемдерді айтып отырады.Оқушыоғанкелісіп
немесе келіспеуі керек. «Teacher: You usually have got a cup ofteaforbreakfast».
Егер оқушы келіссе, «Үes» деген карточканы алады да, артқы сөйлемін өзі
жалғастырады. «Pupil: Yes, I usually have got a cupofteaforbreakfast».Тағыбір
мысал келтірсек, сөйлеудің алғашқы сатыларында суреттерді қолданукеңжүзеге
асады. Суретті көре тұрып, оқушы шет тілінде бұл жайлы не айту керектігін
ойланып алу қажет. Есіне түсіре алмай қалған жағдайда көмеккемұғалім
келеді.
«Бұл үш компонент бөлек-бөлек емес, керісінше өзаратығызбайланыста
болады» деп пайымдайды Г.Нойнер. Қазіргі кезде мұғалімүшіносыүш
компонентті пайдалану оқушылардың дайындықсыз сөйлеу қабілеттерін
дамытуға тиімді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!