Материалдар / Шетел тілі сабағында пән мен тілді кіріктіре оқыту негізінде танымдық – академиялық құзіреттілікті қалыптастыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шетел тілі сабағында пән мен тілді кіріктіре оқыту негізінде танымдық – академиялық құзіреттілікті қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдері мен оқушылар үшін жаңаша тәсіл, бағдарлама болмақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2021
375
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МРНТИ: 09.10.2020


Шетел тілі сабағында пән мен тілді кіріктіре оқыту негізінде танымдық – академиялық құзіреттілікті қалыптастыру

Балмуханова С.Н. – ғылыми жетекші ф.ғ.к., доцент , ҚазҰПУ.

Күзембай М.Д. ҚазҰПУ 2 курс магистранты.


Аңдатпа


Берілген ғылыми мақалада шетел тілі сабағында пән мен тілді кіріктіре оқыту барысында білім алушының танымдық – академиялық құзіреттілігі тиімділігі қарастырылады. Қазіргі уақытта CLIL тәсілінің теориялық негіздеріне , сонымен қатар екі немесе көп тілдік оқытуға баса назар аударылуда.Заман талабына сай көпмәдени әлем танымы жағдайында тіл академиялық, кәсіби және де әлеуметтік табыс құралы болып табылады. Пәндік-тілдік немесе контекстік-тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесі (CLIL) лингвистикалық емес мамандықтар студенттерінің шет тілдерін оқытудың ең перспективалық әдістерінің бірі болып саналады. Бұл әдістіі меңгеру шетел тілі мәдениетін және шет тілдік қарым-қатынасқа түсу сапасын арттырудың қайнар көзі болып табылады.

Тірек сөздер: тілді түсіну , контекстік – тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесі , танымдық – академиялық құзіреттілік жіне көптілдік оқыту.


Формирование когнитивно – академической компетенции на основе интегрированного обучения предмету и языку на уроке иностранного языка .

Аннотация


В данной статье рассматривается эффективность когнетивно – академических компетенций обучающихся при интегрированном обучении предмета и языка на уроках иностранного языка. В настоящее время большое внимание уделяется теоретическим основам метода CLIL , а также двум или многоязычному обучению.В условиях поликультурного мира, отвечающего современным требованиям, язык является инструментом академического, профессионального и социального успеха. Предметно-языковая или контекстно-языковая интегрированная методика обучения (CLIL) является одним из наиболее перспективных методов обучения иностранным языкам студентов нелингвистических специальностей. Овладение данной методикой является источником повышения культуры иностранного языка и качества владения иностранным языком.

Ключевые слова: понимание языка, предметно-языковая интегрированная методика обучения, когнетивно-академическая компетенция и полиязычное обучение.


Formation of cognitive – academic competence based on integration of content and language at a foreign language lesson

Аnnotation


This article deals the effectiveness of students ' cognitive and academic competencies in integrated teaching of a subject and language in foreign language lessons. Currently, a lot of attention is paid to the theoretical foundations of the CLIL method, as well as two or multi-language learning.In a multicultural world that meets modern requirements, language is an instrument of academic, professional and social success. Subject-language or context-language integrated teaching methodology (CLIL) is one of the most promising methods of teaching foreign languages to students of non-linguistic specialties. Mastering this technique is a source of improving the culture of a foreign language and the quality of foreign language proficiency.

Keywords: language comprehension, subject-language integrated teaching methods, cognitive-academic competence, and multilingual learning.


Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру мазмұнының енгізілуімен педагогикалық кадрларды даярлауға және түлектердің білім дәрежесіне қойылатын талаптар түбегейлі өзгеруде. Жұмыс берушілер мамандардан жаңа кәсіби және жеке қасиеттерін – жүйелі ойлауын, құқықтық, ақпараттық, байланысқа бейімділік мәдениетін және тілдерді білуін талап етеді. Курстарда бәсекелестікке қабілетті дүниетанымы кең, құзіретті маман, білікті педагог кадрларды дайындау барысында кәсіпкерлік дағдыларын дамытып отыруда жаңашыл инновациялық әдістерді түрлендіре алып отырады. Міне, жедел қарқынмен жүріп жатқан біліктілік арттыру курстарында көптеген инновациялық әдіс-тәсілдер алынып, тәжірибеге енгізілуге ықпалын тигізіп жатса, сондай жаңашыл әдістердің бірі ретінде – кіріктіре білім беруді — үштілділікке оқытуды жүзеге асырудың тиімді әдісі ретінде алып қарастырсақ болады. Кіріктіріп оқыту (CLIL) дегенде ең алдымен сабақтарда пәнаралық байланыстарды қалыптастыруды қарастыру маңызды екені ескеріледі, яғни CLIL технологиясы шетел тілін басқа пәндерді оқытудың қажетті құралы ретінде қарастырылады. Егер дәстүрлі сабақ оқушыларды біліммен қаруландыруға және негізінен түсіндіру-көрнекілік жұмыстарын жүргізу арқылы құрылатын жалпы білім беру міндеттерін шешуге бағытталған болса, ал кіріктірілген сабақтар оқытудың түрлі әдістерінің және құралдарының үйлесуі негізінде құрылып, сонымен қатар ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндері мен ағылшын тілі пәнінің көптеген міндеттерін шешуге ықпал етеді.

Кіріктіру барысында түсіндіру-көрнекілік, іздеу, зерттеу әдістері, пікірталас, білімнің түрлі дереккөздері, теледидар бағдарламалары, кино үзінділері, мультимедиа курстары, интернет-технологиялары, оқыту мен бақылаудың басқада техникалық құралдары қолданылады. Сонымен қатар жеке, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері кеңінен қолданылады. Бұндай сабақтарда танымдық міндеттер жүзеге асырылып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп мүмкіндік беріліп, жағдай жасалады [3].Тіл мен пәнді кіріктіріп оқытудың тағы бір ұтымды тұсы — тілдік іс-әрекеттің төрт түрін де(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған. Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде Қазақстандағы мақсатты тіл – ағалшын тілі болып саналатынын ескере келсек, кіріктіріп оқытуда негізгі орынды  ағылшын тілі сабақтары алады, яғни қандай пәндерді болмасын кіріктіре оқыту барысында ағылшын тілі маңызды болып саналады. Тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі деген ұғымды ескерсек, CLIL шетел тілі сабағы емес, шетел тілінде өтетін пән сабағы, яғни кәсіби бағытталған шетел тілі/ ағылшын тілі. Жалпы, тіл мен пәнді үйлестіре отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асырып оқыту когнитивтік дамуды жүзеге асыруға көп жағдай жасайды. Ал үйренушінің білімді меңгеруге ұмтылудың алғашқы қадамы танымдық қабылетін қалыптастырудан бастау алады.
Оқыту үрдісіне кіріктіре оқытуды енгізу — ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған [2]. Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды  ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, терминдерді ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білімін дамытуға болады. Сонымен бұл әдіс оқушылардың тіларалық қарым-қатынас қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасап қана қоймай, бір мезгілде екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілін жаратылыстану бағыты пәндерімен  кіріктіріп оқыту барысында қолданылатын жұмыс түрлерін атап көрсетер болсақ, олар:

  • психологиялық атмосфера» қалыптастыру — кез келген сабақта, үйренушілердің жаңа тақырыпты меңгеріп, сабақта белсенділік танытып отыруларына оңды ықпал ететін жағдай – олардың көңіл-күйлеріне позитивті әсер етіп, ынталарын арттыратын жаттығу түрлерін алу. 

  • жеке немесе топтық жоба арқылы студенттердің бір-бірімен тілдесуін дамыту бойынша жаттығулар орындау;

  • жаңа мәтіндермен жұмыстар жасау;

  • түрлі жарыс түрлерін ұйымдастырып отыру

Ағылшын тілін кіріктіре оқыту әдісі арқылы үйренудің және үйретудің басты артықшылығы, тілді тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, кәсіби бағытталған тіл ретінде меңгеруде маңызы зор болып отыр [1].

Бұл  оқушылардың немесе студенттердің  халықаралық  жобаларға  қатысуын қалыптастырып, кеңейтуге,  шетелдік  əріптестермен  ғылыми  байланыстар жасап,оларды  нығайтуға,шетел  тілдеріндегі  ақпарат көздеріне  қол  жеткізіп қана қоймай, оларды еркін пайдалана алатындай жағдайға қол жеткізулеріне мүмкіндік  береді. Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде. Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі – CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы.

CLIL әдістемесі – пән мен тілді кіріктіре оқытуға үйрету. Пән мен тілді кіріктіре оқыту әдістемесімен айналысатын мұғалімдер әр түрлі сараптамаларды жасауға дайын болуы тиіс: пәннің мазмұнын, тілін, сабақ берудің және оқытудың үздік тәжірибесін, пәннің, тілдің және әдістемелік тәсілдің бірігуін, оқу орнында CLIL енгізуді және т.б. CLIL мәні мазмұндық пәндер білім алушылардың ана тілі емес тілде оқытылады және оқытылады. Тілді білу оқыту мазмұнының құралы болып табылады, Тіл кең оқу бағдарламасына біріктіріледі, оқыту мотивацияны арттыру және табиғи контекстуалданған тілді оқыту есебінен жетілдіріледі, ал тілді меңгеру принципі орталық болып табылады. Кең мағынада CLIL тілдің мазмұнына, сондай-ақ үйренуге практикалық және ақылға қонымды көзқарасты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мәдениетаралық түсінуді жақсартады, қазіргі уақытта ол түрлі білім беру контекстінде екі тілді білім беруге ұқсас бірқатар тәсілдерді қамтитын ортақ термин ретінде қабылданды. CLIL эволюциясы батыру бағдарламалары (Солтүстік Америка), азшылық тілінде немесе ұлттық тілде білім беру (Испания, Уэльс, Франция) және "шетел" тілінде білім берудің көптеген нұсқалары сияқты прецеденттерді қамтиды[5] .

Үздіксіз білім беру жүйесінде анықталған құзыреттер негізгі білім, біліктерді және қарым-қатынасты сипаттайды , олар сыни ойлауға, ынтаға, мәселелерді шешуге, тәуекелдерді бағалауға, шешімдер қабылдауға және сезімдерді сындарлы басқаруға назар аудартады. Еуропалық сегіз негізгі құзыреттілік мыналарды қамтиды: ана тілінде тілдесу, шетел тілдерінде қарым-қатынас жасау, ғылым мен техникадағы математикалық және базалық құзыреттер, АКТ-құзыреттілігі, жалпы оқу дағдылары, әлеуметтік және азаматтық құзыреттіліктер, ынталылық және іскерлік сезімі, басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу және өз мәдениетін білдіру. Көптілді білім беруде педагогтарды даярлаудың шетелдік тәжірибесін зерделей отырып, көптілділікті іске асырудың бастапқы кезеңінде эксперимент ретінде CLIL teaching methods жүйесін енгізу ұсынылады. Бұл – оқытудың ең озық әдістемесін, сондай-ақ озық мультимедиялық оқыту, бағдарламалық қамтамасыз етуді және жаңа педагогикалық ресурстарды қамтитын шет тілін кешенді оқытудың кіріктірілген жүйесі. Басты мақсаты оқытушылар мен студенттерге оқу үдерісінде аса маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы оқу материалдарының, технологиялардың кең ауқымын ұсыну болып табылады.

Аудиториялық және зертханалық сабақтардан басқа студенттер қашықтық режиміндегі мультимедиялық бағдарламамен өзіндік жұмысқа елеулі уақыттарын бөледі. CLIL тек пәндік және тілдік оқытуға көзқарас ретінде ғана емес, сонымен қатар түсіну мен түсінудің құралы ретінде кең білім беру және тіпті саяси контекстерде қарастырылғандықтан, CLIL жақтастары оның екі тілділікке қол жеткізу тұрғысынан да, сондай-ақ мәдениаралық түсіністікті жақсарту тұрғысынан да артықшылықтарын көрсетеді. CLIL мазмұны тұрғысынан әртүрлі көзқараспен зерттеуге, мақсатты тілдің пәндік терминологиясына қол жеткізуге, демек, болашақ оқуға және / немесе еңбек өміріне дайындалуға мүмкіндік береді.

Білім беру жоспарында CLIL аудиториялық практиканың қазіргі әдістері мен формаларына әртүрлі және икемділігін қоса отырып, жекелеген оқушыларды оқыту стратегияларының кең спектрін толықтырады. CLIL әдістемесінің маңыздылығы студенттердің одан әрі тілді пайдалану үшін емес, үйрену үшін пайдаланылатынында. Сонымен, пәндік тілді біріктірілген оқыту төрт компонентке негізделеді: мазмұн, яғни пәннің өзі; байланыс танымдық қабілет, яғни оқыту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту; туған елге және мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін дамыту, сонымен қатар оның маңыздылығы мен басқа мәдениеттермен өзара әрекеттесуі туралы мәдени компонент.

Осы саладағы зерттеушілердің пікірі бойынша О.Б. Бурдакова, А.А. Джамайлова және Н.П. Рауд, оқытудың 3 моделін ұсынады:

1) пән мен тілді қосымша кешенді оқыту;

2) көптілді білім беру;

3) тілдік қолдауды ескере отырып, пәндік курстар;

CLIL (content and language integrated learning) - бұл мектеп пәндері екінші (үшінші/төртінші) тілде оқытылып, оқытылып, үйреніп жатқан оқыту мен оқытуға деген көзқарас. CLIL-да "шет тілі мен пән бірлескен рөл атқаратын тілдік емес пәнді оқытудың құралы ретінде қолданылады" (Marsh 2002) [4]. Осылайша, CLIL шет тілін оқытудан ерекшеленеді, өйткені CLIL-да шет тілі пәндік оқыту нысаны үшін құрал болып табылады. Басқаша айтқанда, тіл және пәндік оқыту CLIL екі мақсат болып табылады, ал, оқытудың негізгі бағыты тіл емес, пән.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Самойлова Е. В. Актуальные проблемы и перспективы преподавания иностранного языка студентам неязыковых специальностей вузов в рамках интегрированного подхода / Е.В. Самойлова, О.В. Назарова, Н.С Корнилецкая // Интеграция образования. – 2014. – №2. – С.117-123.

  2. Яроцкая Л. В. Иностранный язык и становление профессиональной личности (неязыковой вуз) / Л.В. Яроцкая // Монография. – М.: Издательство ТРИУМФ, 2016. – С. 258.

  3. Coyle D. CLIL: Content and Language Integrated Learning / D. Coyle, Ph. Hood, D. Marsch // Cambridge University Press, 2010. – P. 182.

  4. Marsh, D. CLTL / EMILE – the European Dimension: Actions, Trends and Foresights Potential [Electronic resource] / D. Marsh // Brussels: The European Union. – 2002.

  5. Воног В. В. Компетентностный подход в обучении иностранным языкам в аспирантуре / В. В. Воног, О. А. Прохорова // Вестник ТГПУ. – 2015. –  № 12 (165). –  С. 25-29.




2


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!