Материалдар / Синтаксис сложного предложения. Общее понятие о сложном предложении. Сложносочинённые предложения
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Синтаксис сложного предложения. Общее понятие о сложном предложении. Сложносочинённые предложения

Материал туралы қысқаша түсінік
обобщить и систематизировать знания учащихся об общих признаках сложных предложений, усовершенствовать навыки восприятия, анализа и конструирования ССП, об их строении, о смысловых отношениях между частями ССП; автоматизировать навыки пунктуационного оформления ССП; воспитывать интерес к изучению языка; содержание текстов использовать в воспитательных целях. Прогнозируемые результаты: знают строение ССП и значение сочинительных союзов, умеют анализировать и конструировать ССП; умеют расставлять знаки препинания в ССП. Оборудование: таблица «Сложносочинённые предложения», раздаточный материал «Союзы».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
832
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: қазақ тілі Сынып: 8 Шарипова Г.А.

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты: берілген білімді пысықтау, оқушының білімін тексеру, бақылау; Түрі: өздік жұмыс Көрнекіліктер: тест тапсырмасы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Сыныпқа психологиялық ахуал орнату Тапсырмалар.

  1. Грамматика

1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз. А)Әдепті. В) * Әдемі. С)Сыпайы. D)Мықты. Е) Салмақты. 2. Буын түрін анықтаңыз. A) * Тұйық. В) Жалғау. С) Жалаң. D) Буын. Е) Тасымал.

3. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

А) Септік. В) Жіктік. D) Көптік. C) * Тәуелдік. Е) Етістік. 4. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз. А) Сен дегенде сөз бар ма? B) * "Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов. С) Балалардың соңғы ермегі -"Ақсүйек", "Соқыр теке". D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу. Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ. 5. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -... А) Ынтымақ күні. В) Конституция күні. С) Тәуелсіздік күні. D) * Республика күні. Е) Жеңіс күні. 6. Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз. А)Астана. В)*Орал. С) Ақтау. D) Отырар. Е) Атбасар. 7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз. А) Алаша, көрпе, төсеніш. В) Кесе, қасық, пышақ. С) Кітап, дәптер, қалам. D) * Шолпы, білезік, сырға, қапсырма. Е) Қару - жарақ, ер - тұрман, қоржын. 8. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз. А) Шахмат. В) Дойбы. С) Баскетбол. D) * Тоғызқұмалақ. Е) Лото. 9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз. А) Апта. B) * Қыс. С) Жаз. D) Күз. Е) Көктем. 10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз. A) * Қорқақ. В) Әлсіз. С) Салмақты. D) Батыр. Е) Күшті. 11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз. А) Іс, сапар. B) * Кінәлі, айыпты. С) Апару, әкелу. D) Жүмысшы, оқушы. Е) Мәртебелі, сыйсыз. 12. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз: А) Оқушылар. В) Көйлектер. С) Қонақтар. D) * Қайындар. Е) Дәптер. 13. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз. А)Сапар. В) * Айман. С) Алпыс. Б)Азат. Е) Аймақ 14. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын! А)Сілтеу, жалпылау. В)*Жіктеу, болымсыздық. С)Жіктеу,сілтеу. D)Жалпылау,белгісіздік. Е)Жіктеу, өздік. 15. Шартты райлы етістікті табыңыз. А) Ертең мектепке кел. В) Содан кейін мені сына. С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз. D) * Бір көрсем, арманым болмас еді. Е) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың. 16. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар А) 22 наурыз күні біз демаламыз. В) Табиғатты аялайық. C) * Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын. D) Табиғат адамға бәрін береді. Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады. 17. Баяндауышты табыңыз. Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді. А) Күзде. В) Жыл құстары. С) Жылы. D) * Ұшып кетеді. Е) Жакқа. 18. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батырды табыңыз. А) Тоқтар. В) Мәншүк. С) Бауыржан. D) * Райымбек. Е) Талғат. 19. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз. А) Шалаш. В) Кірпіш үй. С) * Киіз үй. D) Саман үй. Е) Коттедж. 20. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз. А) Ең, өте, тым. В) * Аш, ат, от. С) Есім, мысал, көп. D) Ал, жай, көр. Е) Ет, кет, аса.

Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Лексика

1. Мерекелер мен олардың болатын күнін жұптастыру.

1. 1қыркүйек                                                 а.Мұғалімдер күні                      1-...г

2. 1 қаңтар                                                     ә.Ұлттық валюта күні                 2-...б

3. Қазанның бірінші жексенбісі                  б.Жаңа жыл                                 3-...а

4. 16 желтоқсан                                             в.Жеңіс күні                                4-...ғ

5. 15 қараша                                                   г.Білім күні                                  5-...ә

6. 9 мамыр                                                      ғ.Тәуелсіздік күні                       6-...в



2. Төмендегі сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар.

гShape1 Shape2 үл шоқ гүл шо...

с

Ы

і

ыйлық сыйлы...

тShape5 Shape6 ілек тіле...

шуақ шуа...

3. Адасқан жұрнақтар.

Ақ дау

Жақсы тау

Көк лау

Боз рек

Жұқа леу

Ұзын ғылтым

Терең шіл

Кіші рек

Күшті шылтым

Суық ырақ

4. . р, л, м,н,ң дыбыстары қатаң ба?

5. «Әтір» сөзі духи деген ба?

6. Нұрын төккен маған

Шуағымсың –сен!

Айналайын, ана,

Туған күніңмен!

А. М.Шаханов В. Ә.Тәжібаев С. М.Мақатаев Д. Қ.Мырза Әли

7. Мағжан, добың, менің добымнан үлкен... екен. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңдар. А. лау В. дау С. деу Д. тау

8. Сәбидің дүниеге келу құрметіне жасалатын той қалай аталады?

А. тұсаукесер В. сүндет той С. бесік той Д. шілдехена

9. « Табиғат тамашасы »
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
1. Адам ненің ажырамас бөлігі? 
2. Қандай егіз ұғым қалыптасқан ? 
3. Жер шоқтығы не? 
4. Сондықтан не істеген? 

10. Табиғат аясында
Қоршаған орта – біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау керек. Кез келген жерге қоқыс тастама. Өзіңді қоршаған ортаны ластама, қағазды жыртып тастама.
Суға түкірме, қоқыс тастап, бүлдірме. Ағаштың бұталарын сындырма, гүлді жұлма.
Жаңбыр жауғаннан кейін ағаш жапырақтары шаңнан тазарады. Өсімдіктер жайқалып жап-жасыл күйге енеді.Жауыннан жиналған шалшықты кешпе.
Өзен-көлдерге қоқыс тастауға болмайды. Себебі ол – балықтардың тұрағы. Балық жаны – суда. Қала маңайының тазалығы мен әдемілігін сақтап қалу - әрбір адамның қолында. Серуенге шыққанда табиғатты ластамау керек.

Сұраққа жауап бер:
1.Қоршаған орта дегеніміз не?
2.Жаңбыр жауғаннан кейінгі табиғаттың көрінісі?
3.Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?
4.Адам табиғатты қалай аялайды?

Тыңдалым. 1. Алғашқы газеттер

Қазақ тарихындағы ең алғашқы газет — «Түркiстан уәлаяты». Ол 1870-1882 жылдары Ташкент қаласында шыққан. Одан кейін «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері шыққан. Қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» 1911 — 1915 жылдары жарық көрген. 1913 жылы қазақ тілінде 11 газет шығып отырған. Газеттерде сол кездегі қазақтың зиялылары қызмет еткен. Саясат, дін, әдебиет пен мәдениет мәселелері осы газеттерде өз көрінісін тапқан. Кейде белгілі, кейде белгісіз себептермен газеттер жабылған. «Айқап» журналы «Ай, қап!» деген екі сөзден құралған, яғни, өкіну мағынасын береді. Уақыт өтіп, білім мен ғылымнан артта қалып «Ай, қап!» деп өкініп қалмайық деген мақсатты ұстанған журнал да осылай аталған. Ол кезде қалың бұқара жазу-сызуды білмегенмен, көкірек көзі ашық азаматтар ел қамын, ұлт болашағын ойлап, елді білімге шақырған. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдарының бастауы, алғашқы қадамдарын біз осы газет пен журналдардан көреміз.

1.Ең бірінші қазақ газеті не деп аталған?

A) «Дала уәлаяты» B) «Қазақ» C) «Айқап» D) «Түркістан уәлаяты» E) «Қазақстан»

2. «Айқап» журналының атауы қандай мағына береді? A)реніш B)өкіну C)қуаныш D)қайғы

E) үрей

2. АҢЫЗ БОЛҒАН АБСЕНТ

Көзінің тірісінде ескеркіш орнатылған адамдар тарихта бірлі – жарым, ал жылқы баласында мұндай атақ – даңққа жеткен жалғыз Абсент қана. Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі оны әлемдегі ең таңдаулы спорт аты деп бағалап, қоладан ескерткіш орнатылды. Халықаралық ат спорты федерациясы Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады. Үш бірдей Олимпиаданың жүлдегері болған Абсент 1975 жылы өлгенде ежелгі дәстүр бойынша ноқта – жүгенімен, алтындаған жабуымен аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

Абсент бірінші рет Швейцарияның Сант – Гален қаласындағы жарыста озғанда итальян жылқы өсірушісі Федерико Тезио Абсентті 340 мың долларға сатыңдар деп қиылды. Ал Римдегі Олимпиадада Абсент алтын медаль алғаннан кейін сеньор Тезио чек кітапшасын ашып қалаған сомаңызды өзіңіз жазыңыз деп тағы қолқалады.

Бірақ қазақ жылқысы мен ахалтеке тұқымынан өсірілген, дүние жүзіне Қазақстанның даңқын жайып елдің мерейі болған Абсент өмір бойы өз жерімізде қалады. Одан талай ұрпақ тарады.

1.  Мәтінге сай дұрыс ақпаратты таңдаңыз.

А) Абсент 1975 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

В) Абсент 1971 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

С) Абсент 1965 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

D) Абсент 1999 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

  1.  Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Бірақ қазақ жылқысы мен ... тұқымынан өсірілген, дүние жүзіне Қазақстанның даңқын жайып елдің мерейі болған Абсент өмір бойы өз жерімізде қалады.

А) абсент В) араб жылқысы С) ахалтеке D) адассын

3. Ежелгі дәуір әдебиеті

Қазақ әдебиетінің тарихы үш кезеңге бөліп қарастырылады. Олар: ежелгі дәуір әдебиеті, орта ғасырлар әдебиеті және XIХ ғасырдан бергі әдебиет. Біз бүгін ежелгі дәуір әдебиеті туралы сөз қозғайтын боламыз. Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-V ғасырлардан бастап біздің заманымыздың ХІV ғасырын қоса 2000 жылдай уақытты қамтитын аралықта туған шығармалар осы ежелгі дәуір әдебиетіне жатады. Тарихи деректерге сүйенсек, ХV-ХVІ ғасырларда қазақтар халық болып қалыптасқан. Сонда осыған дейінгі әдебиет біздікі емес пе деген сұрақтар да туады. Халқымыздың төл әдебиеті ежелгі дәуір әдебиетінен бастау алады. Өйткені, бұл туындылардың барлығы – түркі халықтарына ортақ мұра. Атап айтсақ, Алып Ер Тоңа, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, Қорқыт ата кітабы, Әбу Насыр әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Рабғузи, Сәйф Сараи, Ахмет Йүгінеки т.б. Аты аталған шығармалар мен тұлғалар ежелгі дәуір әдебиетінің ең көрнектілері десек болады. Біздің заманымызға дейінгі VІІ-V ғасырларда өмір сүрген сақ бекзадасының алтын киімі мен қабірі Есік қаласының маңынан табылғаны мәлім. Бекзаданың алтын тостағанында жазылған сөздер мен Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздер бірдей екендігі ғылымда дәлелденген. Қазақтың эпостық және лиро-эпостық жырларының да тамыры осы ежелгі дәуір әдебиетінде жатыр. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде туған "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.

Бастыны еңкейтті,

Тізеліні бүктірді,

Бек ұлдары құл болды,

Пәк қыздары күң болды, – деген Күлтегін жырының үзіндісі «Алпамыс батыр» жырына өте ұқсайды. Жалпы сабақтастық пен бір халықтың шығармасы екендігі жырлардың өне бойы мен құрылымынан да байқалады.

Қорыта айтар болсақ, ежелгі дәуір әдебиетінсіз бүгінгі әдебиетті елестету мүмкін емес. Бұл дәуірде туған әдеби шығармалар сол уақыттағы халықтың өмірінен, тұрмыс-салтынан, тарихи оқиғаларынан көп мәлімет береді. Осыған сүйене отырып, бұл мұраларды әлемдік қазына деп атасақ да асылық емес.

1. Мәтінде есімі аталмаған тұлғаны табыңыз.

А) Сәйф Сараи В) Құт әл-Құлыб С) Ахмет Йүгінеки D) Жүсіп Баласағұн Е) Махмұт Қашқари

 2. Мәтінде қай жырдан үзінді берілген?

А) «Алпамыс батыр» В) «Кодекус куманикус» С) «Күлтегін» D) «Махаббатнама» Е) «Домбауыл»

4. Атаның ақылы

Аппақ шыңды Алатаудың аясындағы Алматы қаласының Орталық саябағы маусым айы кезінде жайқалып тұр. Бой түзеген күміс қылқанды шыршалар, жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар, жұпар иісі аңқыған аршалар гүлзарлы алаңдарды қоршап, қоңыр салқын самалмен тербеледі.

Бес жасар Бектай атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті, серіппеде секіріп ойнады. «Поезға» мініп, «жол жүрді», «зымыранға» мініп, зымырады. Бір кезде тәмпіш мұрны тершіп, қарақаттай көзі күлімдеп, ол:

- Ата, шөлдедім, - деді. Атасы ақ күмістей сақалын тарамдап, күлімдеді де:

- Шөліңді қандыр, жарығым, -деп, оған салқындаған алма шырынын сатып әперді. Бекжан құтыдағы салқын, тәтті алма шырынын құшырлана жұтып алды да:

- Ата, балмұздақ жегім келеді, - деп, ентіге сөйледі. Ақжарқын атасы Бекжанға балмұздақ сатып әперді де:

- Ботам, балмұздақтан көп жеме, тамағың ауырып қалады, деп ескертті. Бектай атасы алып берген балмұздақтан біраз жалады да:

- Ата, шоколад жегім келеді, деп, күлімдеді.

- Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар. Қанағат керек.

- Ата, қанағат деген не? – деп, Бекжан сұрақ қойды.

- Күнім-ау, «қанағат» деген – әр нәрсенің шама-шарқын біліп, соған риза болу, тамақ ішудің де шегін, ретін білу... Қанағат қылмай, не болса соны талғамай, іше берсең, ауырып қаласың – деп атасы ақыл айтты.

- Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бекжан бақта сергек сейілдеп, жақсы демалды.

1. Оқиға қай кезде болды?

A) мамыр айында B) шілде айында C) маусым айында D) тамыз айында E) күзде

2. Баланың көзі қандай? A) қоңыр B) қарақаттай C) көкшіл D) қой көзді E) бота көзді

5. Ғаламтор тарихы

Интернет сөзі ағылшынша «байланысқан желілер» деген екі сөздің туындысы. XX ғасырдың 50-жылдарының соңында АҚШ-тың әскери зерттеулер агенттігі соғыс болған жағдайда жылдам ақпарат алмасатын желінің қажет екендігін айтып, компьютерлер желісін құру жайлы ұсыныс жасайды. Мұндай желіні жасау 3 университет пен 1 зерттеу орталығына тапсырылады. Жобаны АҚШ қорғаныс министрлігі қаржыландырды. АҚШ-та жасалған желі ARPANET деп аталды. ARPANET желісіндегі алғашқы сервер 1969 жылы 1-қыркүйекте Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Ол оперативті жадысы 24 Кб болатын Honeywell DP-516 компьютері болатын. 1969 жылы желіні жасауға қатысқан төрт мекеменің арасында өзара байланыс орнатылды. Уақыт өткен сайын танымалдылығы артқан желіні басқа саладағы ғылыми қызметкерлер де пайдалана бастады. 1971 жылы алғаш рет желі арқылы электронды хабарлама жөнелту бағдарламасы жасалды. Бағдарлама бірден танымал болды. 1973 жылы желіге Атлант мұхиты арқылы өтетін телефон желісі қосылды. Телефон желісі арқылы Ұлыбританиямен және Норвегиямен байланыс орнатылды. Осылайша ғаламтор желісі халықаралық деңгейге жетті. 2008 жылғы статистика бойынша интернетті пайдаланатындар саны 1,5 млрд. адамды құрайды екен.

1. Желіні жасау неше университетке тапсырылды? A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E) 5

2. Алғашқы сервер қайда орнатылды? A) Ұлыбританияда B) Норвегияда

C) «НАСА» ұйымында D) Атлант мұхитында E) Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде

6. Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
1. Құмырсқа қандай қателік жасады? а) достарын сатып кетті ә) ескі достарымен бірге болды
б) үйінен алысқа кетіп қалды в) жазда дән жинамады
2.
 Мәтінде қандай антонимдер бар? а) қоңыз, ара ә) жаңа, ескі б) көмек, жұмыс в) сұрау, айту
3.
Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз. а) Нағыз дос дұшпан болмас ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз. б) Күлме досыңа, келер басыңа. в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. 
4. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды? а) Бірге көтерген жүк жеңіл.
ә)
«құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады? а) құстар ә) балықтар б) жәндіктер в) аңдар

7. Ертеде бір хан жауқазын гүлінің көктемде қалай ашылатынын көрсете алған адамға жарты патшалығын бермек болып, жар салдырыпты. 
Адамдар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылыпты. Ешкім де жауқазын гүлінің балбырап ашылған сәтін көрсете алмапты.
Хан патшалығында жас жұбайлар кішкентай сәбиін көтеріп, көздің жауын алып, қып – қызыл, сап – сары болып тауда өсіп тұрған гүлдердің жанына барыпты. Бала келген бетте – ақ құлпырған алқапты көріп, таңғы шықтай мөлдір күлкісімен рахаттана күліпті.
Сәби күлкісінен жауқазын гүлдері әп – сәтте түп – түгел жайқала ашылып, төңіректі кілемдей құлпыртып жіберіпті.
1. Баланың мінезі қандай болады? а) ашық, өткір, қатал, сараң ә) ашық, ерке, пәк, ойнақы
б) шығармашыл, кәсіпкер, мейірімді, ұқыпты в) іскер, жауапты, адал, еңбекқор
2. Мәтінде қазақтың қандай ұлттық қасиеті туралы айтылған?

а) еңбекқорлық  ә) балажандылық б) кеңпейілділік в) бауырмалдық

8. ЕКІ САУЫСҚАН

Бірде аңшының әкесі қатты ауырып қалады. Емшілердің бірі:

Егер де әкеңе сауысқанның өтін ішкізсең, ауруынан құлан таза жазылып кетеді, – дейді.

Аңшы емшінің айтқанын орындамақ болады. Сауысқандарды аңдыды. Бір кезде үйінің жанындағы ағаш қораның үстіне екі сауысқанның қатар келіп қонғанын байқайды. Екеуі шықылықтап, бірауық отырды.

Аңшы мылтығын көздеп, шүріппені баспақшы болғанда, мал айдап бара жатқан баланы көзі шалып қалды. Атудың ретін таппаған аңшы күтпеген кедергіге бола, қатты өкінеді. Әйтсе де, қос сауысқан ұшып кеткенімен, сәлден соң-ақ, баяғы орындарына қайта қонды.

Екеуін ажал айдап келді-ау шамасы, аңшы мылтығын оларға кезеп, шүріппені басып қалды. Сауысқанның бірі ағаш қораның арғы тасасына құлап түсті. Екіншісі ұзап ұшып кетпей, сол тұсқа айналсоқтап қайтадан ұшып келді.

Аңшы ағаш қораның арғы бетіне барғанда аман қалған сауысқанның оқ тиіп, жаралы болған сауысқанды тұмсығына іліп, ары қарай сүйрелеп, әкетіп бара жатқанын байқайды.

Апырым–ай, – дейді аңшы қайран қалып, – сауысқандарды өте сақ деуші еді. Ал мынаған не дерсің. Олар сонымен бірге бір-біріне өте мейірімді екен-ау. Жаралы серігін жолда қалдырғысы келмей, өлермен халде өзімен бірге әкетіп бара жатқанын қарасаңшы!

Аңшы сол күні алғаш рет емшінің айтқан сөзін орындауға шынайы пейіл танытпады.

  1. Аңшы мылтығын көздеп, шүріппені баспақшы болғанда, кімді көзі шалып қалды?

  2. Аңшы сол күні нешінші рет емшінің айтқан сөзін орындауға шынайы пейіл танытпады?

9. САРЫ САМАУРЫННЫҢ ШАЙЫ

Ерлан атасымен шөп жинауға жиналды.

Сары самаурынды ұмытпа, балам, деді атасы.

Шәйнекті, пиалаларды да алдым, ата, деді Ерлан.

Ерлан қоңыр тайдың үстіне мінген. Атасы ат үстінде. Оның қолында айыр. Тайдың екі

қапталының бірінде – сары мыс самаурын. Екіншісінде – аузы бекітілген бактың ішінде Жиделі

өзенінің мөлдір суы.

Жиде қалың өскендіктен, өзен аты – Жиделі атанған. Бұл өзеннің ауыл бойын қуалай аққанына

талай жылдар өткен. Өзен жағасының арғы шетінде қалың шөп өседі. Атасы екеуі мал азығы үшін

өткен аптада ат шаптырымдай жердің шөбін орды. Атасы шалғымен, Ерлан қол орақпен-ақ едәуір

іс тындырыпты.

Енді, мінеки, кепкен шөпті Ерлан мен атасы шөмелеуге кірісті. Күн түске таянды. Ауа ыси бастады.

Ерлан, самаурынды қайната ғой, – деп дауыстады атасы тер жуған бетін сүртіп.

Мақұл, ата, – десе де, Ерлан кепкен шөпті үйе түсті. Өзі үйген шөмелені

қатты нығыздап болған соң, самаурынға су құя бастады.Сіріңкені жағып, құрғақ отынды тұтатты. Сәлден соң, сары самаурын ішіндегі су ысылдай бастады. Үсті- үстіне жағылған оттың қызуынан лезде-ақ су қайнады.

1. Атасы немересіне не дейді? 2 Өзеннің аты қалай аталады?

10. СЫНЫПТАСТАР

Досхан, Сапар, Алданбек, Сәкен және Дүйсехан бір сыныпта оқиды. Дүйсехан каратэге қатысады. Әжептәуір спортшы. Аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүр. Қазірше бірінші орынға республикада қол жеткізген жоқ. Үшінші орынға табан тіреді.

Әттең, сол қолымды ауыртып алдым. Әйтпесе, бірінші орынды жеңіп алар ем, – деп Дүйсехан өкіне сөйледі.

Жарысқа қатысудың өзі үлкен жеңістік, – деді Алданбек үлкендерше ой айтып.

Алғашқыда үшінші орын алсаң, келесіде екінші, бірінші орынды сөзсіз аласың, Дүйсехан, – деді Сапар нық сөйлеп.

Жарайсың, – деді Сәкен.

Содан соң:

Ау, Дүйсехан, қолыңды абайламадың ба? – деді сақтықтың алдын алу керектігін ескерткендей.

Бұны спорт дейді. Спортта бәрі де болады, – деді олар бірін-бірі қостай Дүйсеханның алған жарақатын елемей. Сыныптастар республикалық жарыстан оралған Дүйсеханның үйінде едәуір отырды. Анасы оларға арнап дастархан жайды.

Айналайындар, рахмет. Сыныптастар деген осы. Ынтымақтарың ортаймасын, – деді.

Сыныптастар бірігіп жеміс шырынын ішті. Дүйсеханның анасы нан турады. Кесілген нан бетіне

қолдан пісілген сары майды жағып, әрбіріне ұсынды.

Жеңдер. Ұялмаңдар, – деді. Содан соң, олар Дүйсеханмен, оның анасымен қоштасып, үйлеріне

тарқады.

  1. Қандай балалар бір сыныпта оқиды? 2. Дүйсехан жарыстан нешінші орын алған?











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!