Материалдар / Сиқырлы үйшік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сиқырлы үйшік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды үйшік ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін қалыптастыру. Ертегіні сахналауға, достық қарым-қатынасты бағалай білуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2022
333
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Драма

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі

Мақсаты: Балаларды үйшік ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін қалыптастыру.

Ертегіні сахналауға, достық қарым-қатынасты бағалай білуге баулу.

Көрнекіліктер: тышқан, бақа, түлкі, қоян, аю суреттері және үйшік.

Блингвальды компонент: үйшік-теремок

Сөздік жұмыс: үйшік

Жүрісі:Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады.Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.(4-сурет)

Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп,

тоқтап айқайға салады:

Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.

Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!

(5-сурет )

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі кейіпкерлерін тани біледі.

Игереді: сахналау арқылы мазмұнын игереді.

Меңгереді: ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл-күйін меңгереді.


Picture 5











4-сурет

Picture 6













5-сурет





























6-сурет



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!