«Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледж»
мекемесі
(білім беру ұйымының
атауы)
Орта білімнен кейінгі,
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың
сабақ жоспары
Ш. Мұртаза. «Бесеудің хаты»
драмасы
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Қазақ
әдебиеті
Дайындаған педагог Бахытбекова
Малика Бахытбекқызы
20_ жылғы "_10_"
__12_
1.Жалпы
мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ __1курс
2020 жыл 1 ВС-5.
Сабақ типі: аралас
сабақ
2. Мақсаты,
міндеттер
10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау
жасау арқылы идеялық мазмұнын
түсіну
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау
мен даралау
10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау
жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс
(эссе, әңгіме,
өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма)
жазу
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби
біліктердің тізбесі
2.2
Оқыту нәтижесі: Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау
жасау арқылы жанрлық ерекшелігін айқындау.
-
Бағалау өлшемдері:
-Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы
идеялық мазмұнын түсінеді
-Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап,
даралайды
-Көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау
арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс
(эссе, әңгіме,
өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма)
жазу.
2.4. Сабақты жабдықтау:
презентация,видео
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық
әдебиеттер:
1.Ақтанова А.С,Жүндібаева
А,Жұмекенова Л,Қазақ әдебиеті 10 сынып.2019
Алматы,Атамұра
2.Зайкенова Р.,Нұрланова Л.Н
Қазақ әдебиеті 2019
3.Қасқабасов С Қазақ әдебиеті
10 сынып 2019 ж
4.Г.Орда, С.Дәрібаев,
А.Сатылова. Қазақ әдебиеті. Хрестоматия . 10-сынып
жаратылыстану-математикалық бағыт. – Алматы:
Мектеп,
2019
5.Р. Әлімханов, Е. Раушанов, Е.
Омарханов. Қазақ әдебиеті. 11-сынып жаратылыстану-математикалық
бағыт. – Алматы:
Жазушы,
2020
6.С.Қасқабасов, Р.Әлмұханова,
Е.Раушанов, Қ.Қайырбай, Д.Оспан. Қазақ әдебиеті. Хрестоматия.
10-сынып жаратылыстану-математикалық бағыт.
–Алматы:
Жазушы,
2019
Сабақтың
мазмұны/
Элемент
№
|
Сабақтың элементтері, оқу
мәселелері оқыту әдістері мен
формалары
|
І
|
Ұйымдастыру кезең: (2
мин)
Сәлеметсіңдер ме құрметті
студенттер? Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: Ш.Мұртаза «Бесеудің
хаты» драмасы.
Қызығушылықты ояту. “Миға
шабуыл”
Суреттен не
байқадыңдар.
-
Ашаршылық дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
Қалай ойлайсыңдар, бұл
қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады?
-
Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы?
Болжаңыз.
XX ғасырдағы еліміздің
тарихындағы екі алапат ашаршылық қазақ халқының жадында мәңгіге
сақталған қаралы күндердің бірі десе де болады.Оның алғашқысы
1921-1922 жылдардағы ашаршылық болса,екіншісі екі миллион екі жүз
мың адам өмірін жалмап ұлт тағдырына үрей әкелген 1930-1933
жылдардағы ашаршылық.Ш.Мұртазаның “Бесеудің хаты” атты драмасына
арқау болған-ел басына түскен азапты күндер,қолдан жасалған
аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Бесеудің хаты жас
ұрпаққа қандай қасіретпен келген ұғындырар сүбелі
туынды.
|
ІІ
|
Үй тапсырмасын
сұрау.
1-тапсырма.
«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша
Шерхан Мұртазаның жазушылық портретін жаз.
Пікір.Жазушы туралы мәліметті
жинақтап,ол туралы пікірді бір сөйлеммен
жеткіз.
Дәлел.Мәтіннен үзінді келтіре
отырып,өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал.Пікіріңді қазақ әдебиеті
тарихымен байланыстырып,мысал келтір.
Қорытынды.Жазушы туралы
қорытынды шығар.
|
ІІІ
|
Жаңа тақырыпты
түсіндіру:
Лекция (15
мин)
-
Ш.Мұртаза «Бесудің хаты»
драмасының негізгі идеясы
-
«Бесеудің хаты» драмасының
сюжеттік - композициялық құрылысы
-
«Бесудің хаты» драмасының
кейіпкерлері
Ш.Мұртазаның “Бесеудің хаты”
атты драмасына арқау болған-ел басына түскен азапты күндер,қолдан
жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың
тағдыры. Шығарманың жанрлық
ерекшелігіне тоқталып өтейік. «Бесеудің хаты» драмасы -драмалық
шығармалардың ішінде трагедия,тарихи трагедияға
жатады.Шығарманың құрылымына келетін
болсақ,прологті,эпилогті,екі бөлімді
шығарма.
Прологта автор Сталинмен
Т.Рысқұловтың сұхбатын береді.Сол кезде қазақ халқының басына
түскен ауыртпашылықты айтып жеткізген Тұрарға Сталин:Сенен басқа
бұл жағдайды айтатын адам жоқпа?- деген кезде...Жоқ,бұл хат сізге
жазылған.Бірақ,өкінішке орай,Голощекиннен аспады деп айтудан
басталады.
Енді шығарманың негізгі екі
бөліміне тоқталсақ:Бірінші бөлімі. 5 сурет.Екінші бөлім,13 суреттен
тұрады.
Сталинге жолданған хат
Голощекиннің қолына түсе салысымен,бірден шұғыл түрде бюро отырысын
шақырады.
Әсіресе,шығарманың екінші
бөлімінде қақтығыстардың өрбіп дамуы,бес қайраткердің
табандылығы,бодандықтың бұғауынан шығу үшін жанталасқан айбарлы
жүрегі,өр рухы суреттеледі.
Ал,шығарманың эпилогіне
келетін болсақ,автор тірілер мекенінен өтіп өлілер мекеніне аяқ
басады.Өлілер мекенінде жқмақтың төрінде шығарманың басты
кейіпкерлері Т.Рысқұлов пен Ғ.Мүсіреповті кездестіреді.Өзара сұхбат
құрып жүрген екеуі тамұқта жүрген
Голощекинді,Сталинді,Жантоқовты,Құрамысовты заманның зұлмат
пенделерін көреді.Сол сәтте Ғ.Мүсірепов “Гүл өскен жерде,тікенекте
өседі.періште жүрген жерде ібіліс те жүреді” деген сөзі есіңе
оралады.Мінеки, шығарманың нақты өзегі ашаршылық жылдардағы бес
қайраткердің өз бастарын өлімге тігіп,халық үшін жанын салғанын
көрсетеді.
Жеке
жұмыс.
Бейнематериал
қосамын. https://www.youtube.com/watch?v=0vbnNYBDzM4
1-тапсырма.Драманың идеясын ашудағы
негізгі тартысты табыңдар.Оның сюжеттік - композициялық құрылысына
талдау жасаңдар.
Топпен
жұмыс
1-топ:
2-тапсырма.
«Үш жақтама күнделік»
әдісі. Тарихи драманы
тыңдап,1-бөлімдегі оқиғалар шиеленісіне мән беріңдер. 1-бөлімдегі
кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.
2-топ:
3-тапсырма.
"Семантикалық карта" әдісі
арқылы қай кейіпкердің сөзі екендігіне тоқталып, оны
талдайды.
-
Дескриптор:
|
Драма идеясын
анықтайды
|
Сюжеттік – композициялық
құрылымын талдайды
|
Кейіпкерге мінездеме бере
алады
|
Драмадан дәлел келтіре
алады
|
Шығармашылық
жұмыс.
4-тапсырма. Тарихи драманың идеясын
негізге ала отырып, “Тар заман сүрлеулері” тақырыбында әңгіме
жазыңдар.
|
ІV
|
Сабақты бекіту:
(3мин)
Дұрыс,бұрысын
белгілеңіз?
-
Драманың оқиғасы II
дүниежүзілік соғыс кезінде өтеді
-
Филипп Голощекин Қазақстан
Компартиясы орталық комитетінің хатшысы қызметін
атқарған.
-
«Бесеудің хаты» шындыққа
негізделмей жазылған шығарма
-
Аштық ұжымдастыру саясаты
салдарынан болды.
|
V
|
Сабақты қорытындылау,
бағалау: (2 мин)
Сабаққа белсенді қатысқан
студенттерді бағалау.
Заманымыздың заңғар
жазушысы,шындықтың нағыз наркескен алдаспаны Шерхан Мұртазаның
1930-1933 жылдардағы ашаршылықты арқау еткен “Бесеудің
хаты”драмасын аяқтаймыз. Ғ.Мүсіреповтің “Ей,
Голощекин,Құрамысов,Жантоқов қажет десе атыңдар.Біз,халық қырылып
жатқандықтан атыламыз.Ал,сендер керісінше халық қайтадан тіріліп
кеткендіктен атыласыңдар.-деген сөзімен аяқтағым келеді.Бұдан нені
көреміз.Сөнгеніміз қайта жанып,өлгеніміз қайта тірілген заманда
осындай ардақтыларымыздың ғұмыры мен танысып,оқып,зердемізге
тоқып,ұлт болашағы үшін кірпіш болып қалануға
шақырамын.
|
VІ
|
Үй тапсырмасы: (3
мин)
1-тапсырма. Драманың идеясын негізге ала
отырып,адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, «Арда туған Алаш
арыстары...» тақырыбында әдеби эссе
жазыңдар.
|
VІІ
|
Рефлексия (2
мин)
|
Оқытушының қолы/ Подпись
преподавателя_________________________