Материалдар / Сөйлем мүшесінен өткенді қайталау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлем мүшесінен өткенді қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлем мүшесінен өткенді қайталау туралы түсінік.Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімдеріне арналған сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
372
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері бойынша өтілгенді бекіту

Сабақтың мақсаты: білімділік – сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;

дамытушылық – өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;

тәрбиелік – мақал-мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аукцион (оқушыларды екі топқа бөліп, аукцион сабағын өткізу арқылы осы тоқсандағы өткен тақырыптарды қайталап қорытындылау).

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ – жауап, ізденушілік, талдау.

Көрнекілік: тірек сызбалар, жетондар, көмекші құралдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, әдеп.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеп, сабақтың мақсатын хабарлау, оқушыларды топқа бөлу, бір – бірінің жауабын тыңдауды, бағалауды ескерту.

Сабақтың барысы төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең: «Талдау – табыс кілті». Оқушыларды екі топқа бөлу, сөйлемдер беріп, талдату.

Бірінші топ – «Алғырлар». Оларға талдауға берілетін бастауышқа байланысты сөйлемдер.

  1. Құрмаш (кім?) бұл сөзге көнбеді. (зат есімнен жасалып тұр)

  2. Екеуі (кім?) қайтадан Қараадырға бет қойды. (сан есім)

  3. Бүгін бұлар (кімдер?) Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек. (сілтеу есімдігі)

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

  1. Ол – күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән. (бастауыш ІІІ жақтағы жіктеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).

  2. Бес жердегі бес – жиырма бес. (бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен жасалып тұр).

Қосымша қойылатын сұрақтар:

Бастауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.

Екінші топ – «Сайыпқырандар». Оларға талдауға берілетін баяндауышқа байланысты сөйлемдер.

  1. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. (етістіктен жасалған)

  2. Сиыр – төрт жүз, жылқы – мың үш жүз. (сан есімнен жасалып тұр)

  3. Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік. (сын есім)

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

  1. Қуаты – ақындық, үміті – халық. (бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалып тұр)

  2. Бұл – Бәкен. (бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).

Қосымша қойылатын сұрақтар:

Баяндауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.



Екінші кезең: «Кім көп біледі?» Мақал – мәтел айтудан жарыс.

Бірінші топқа

  1. Алып (анадан) туады. 2. Ұстазыңды ұлы әкеңдей (сыйла). 3. Гүл өссе жердің (көркі), қыз өссе елдің (көркі). 4. (Жақсы) ат - жанға серік. 5. (Отан үшін) отқа түс.

Екінші топқа

  1. Шешен кісі (сөз) бастар, адал кісі (ел) бастар. 2. Жақсының (ашуы) жібек орамал кепкенше. 3. Ат сүрінбей (жер) танымас. 4. (Әдепті) бала – арлы бала, (әдепсіз) бала – сорлы бала. 5. (Оқу) – білім бұлағы, (білім) – өмір шырағы.



Үшінші кезең: «Сұрақ – жауап». Сынақ өткізу.

  • Сынақ өткізу барысында сұрақтың екі жауабын, яғни «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіңдер. Бұл кезеңге тек екі топтың басшылары қатысады.





Сұрақтар

  1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ)

  2. Бастауыш кім?, не? деген сұраққа жауап береді. (иә)

  3. Анықтауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)

  4. Баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)

  5. ның, -нің ілік септігінің жалғауы. (иә)

  6. Мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдігі. (иә)

  7. ма, -ме, -ше сұраулық шылаулар. (иә)

  8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыш болып бөлінеді. (жоқ)

  9. Биылғы күз салқын. Бұл – құрмалас сөйлем. (жоқ)

  10. «У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (иә)



Төртінші кезең: «Аукцион». Сөйлемдерді сипаттап, талдау. Сөйлемдерді мағынасына қарай ажыратыңдар.

  1. Ей, сен бала, директордың шопыры емессің бе? Сипаты: сұраулы, негізгі

  2. Құлайды! – деп айқайлады. Сипаты: лепті, интонация арқылы жасалған.

  3. Сен енгізші, осы ұсынысты. Осыны да айта баршы. Сипаты: бұйрықты, -шы, -ші жұрнағы арқылы өтініш формасында жасалған.

  4. Кішіпейілдіктен қорлық көрген адамды естіген де, көрген де емеспін. Сипаты: хабарлы.

Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелерді тауып, қай сөз табынан жасалғандығын анықтаңдар.

  1. Рахима бұған бірнеше рет ескерту жасады. Рахима – дара бастауыш, зат есім; ескерту жасады –күрделі баяндауыш.

  2. Көмір қазушылар ауылда бір жұмадай жатты. Көмір қазушылар – күрделі бастауыш, жатты – дара баяндауыш.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылғанын ескере отырып, олар қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.

  1. Үлкен үйден дәм татып келу – борыш.

  2. Шетінен көшіріп жатқаны – кішкене молда жіберген «Татьяна хаты».







Қорытындылау.

  • Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы зерттейді екен? (синтаксис)

  • Сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (4-ке бөлінеді: хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты)

  • Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді? (3-ке: дара, күрделі, үйірлі)

  • Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін атаңдар. Бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі қызметі қандай?



Бағалау. Жетондардың басымдығы бойынша жеңімпаз топты анықтау. Сабаққа қатысулары бойынша әр оқушыны бағалау.

Үйге тапсырма. Адамгершілік, имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу. Оларға синтаксистік талдау жасау.







































«Қарағұр» жалпы орта мектебі















Ашық сабақ

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері бойынша өтілгенді бекіту

VІІІ сынып

























Пән мұғалімі: Шалтаева Айгүл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!