Материалдар / Сөйлемдегі сөздердің байланысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сызба бойынша сөйлемдер құрау. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету. Сөйлемнің дұрыс құралуын бақылау және сызбаға түсіре білуге дағдыландыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
751
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келісемін:

Мерзімі: 09.12.2016.

Сыныбы

2 «Г»

Пәні:Қазақ тілі

Пән мұғалімі:Тулендинова.Б.А.

Тақырыбы

Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Мақсаты

Сызба бойынша сөйлемдер құрау. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету. Сөйлемнің дұрыс құралуын бақылау және сызбаға түсіре білуге дағдыландыру.

Міндеттері


Білімділік: Оқушыларға сөздер бір-бірімен байланысты болатыны туралы түсінік беру. Олардың байланысын сұрақ қойып білуге болатынын түсіндіру. Дамытушылық: Оқушының сауаттылық деңгейін арттыра отырып, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін нығайту. Тәрбиелеушілік:Оқушыларды таза жазуға, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс –тәсілдер

сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі

Қазақ тілі оқулығы, жеке сюжетті суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 216-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрап жазу) Ережелерді пысықтау ІІ.Жаңа сабақ: 217-жаттығу (көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)

Біздің үй ТАУҒА жақын. Тау аласалау. Таудың бетіне ну ҚАРАҒАЙ өскен. Ағаш арасында неше түрлі ҚҰСТАР болады. Олар ЗИЯНДЫ жәндіктерді теріп жейді. Құстарға тимеу керек. Құстар АДАМҒА пайдалы.

218-жаттығу (үш сөзді сөйлемге айналдыру) Асыл мектептен келді. Апам тамақ пісірді. Сиыр өрістен қайтты. Апам сиыр сауды. Сергіту сәті. Орманның бiз емшiсiмiз, 
Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады). 
Құрт бiткендi жоқ етемiз, 
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi). 
Тоқ, тоқ, тоқ, 
Жоқ, жоқ, жоқ. 
219-жаттығу.Берілген сөздерден сөйлем құрастыру.Сөйлем соңына тыныс белгілерін қой.

1.Ағам жылқы бағады.

2.Мен досыма көмектестім.

3.Біз құстарға жем дайындаймыз.

4.Қыстыгүні қар далада борайды.

Қортындылау: 220-жаттығу.Берілген сөйлемдерді сызбаға түсір және байланысын сызып көрсету. Мәлік доппен ойнады.Мал жайылды.Әсия төсекті әдемілеп жинады. Үйге тапсырма: 221-жаттығу «Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құрап жазу. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бес, төрт,үш бағаларымен бағалау.



































Келісемін:

Мерзімі: 09.12.2016.

Сыныбы

2 «Г»

Пәні:Музыка

Пән мұғалімі:Тулендинова.Б.А.

Тақырыбы

Халықтың мақтанышына айналған домбыра

Мақсаты

Оқушылар қазақ халқының негізгі ұлттық музыкалық аспабы домбыра туралы түсінік беру.Оның құрлысымен танысу,аңыздарға тоқталу.

Міндеттері


Білімділік: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру. Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.  
Дамытушылық:
Оқушылардың музыкаға деген ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту 
қабылеттерін қалыптастыру, дамыту. 
Тәрбиелік: Музыканы түсінуге,ұлттық өнерді қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс –тәсілдер

сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу музыка тыңдау,

Көрнекілігі

Оқулық, аспаптардың суреттері,домбыра аспабы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. . Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 1.Сырнай аспабы қазақ жерінде қалай пайда болды?

2.Орыс халқы сырнай аспабын қалай атайды?

3.Сырнайдың қазіргі түрі қалай аталады?5

4.Баян аспабы қашан пайда болды?

5.Баян аспабының ерекшелігі неде?

6.Қандай ән үйренген едік?(Дауыс жаттығуын орындау)

«Төрле ,төрле жаңа жыл!»

Қанеки балалар енді ойынға кезек берейік.Кім тапқыр ойыны.

Сурет бойынша аспапты сипаттау.Дабыл,сыбызғы,шертер,қобыз т.б Ең соңында домбыра көрсетіледі.

Екі ішектің бірін қатты

Бірін сәл сәл кем бұра

Нағыз қазақ,қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра деген өлең жолдарында айтылғандай,бүгін біз ең ежелгі ұлттық музыкалық аспап домбырамен танысатын боламыз.

Кімнің үйінде домбыра бар?

Домбыра аспабы жайлы не білесіңдер? Оқушы жауабын тыңдау,толықтыру.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған қос ішекті шертіп ойнайтын аспап.Домбыра негізінен балқарағай, қызыл ағаш, жаңғақ, емен ағаштарынан жасалынады.Шерткен кезде үні таза болу үшін ағашты суға қайнатады. Ішегін қойдың,ешкінің ішегінен иіріп жасайды.Оның шанағы мен көлемдері де әртүрлі болып келеді.Кейбір домбыра сопақша болып келсе,кейбіреуі қалақша,үшбұрыш тәрізді жасалынады. Домбыраны әшекейлеп түрлі ою өрнек те салады.(Суреттерін көрсету.)

Домбыра Қазақтың атақты әнші күйші ақындарының да жан серігі болған. Олар домбырамен ән салып,күй тартып,айтысқа түскен.(Суреттерін көрсету.)

Халқымыздың көне аңыздарында домбыра талай жанды өлімнен құтқарып,өмір сыйлаған.Сондай аңыздардың бірі «Ақсақ құлан»аңыз күйі. Әңгімелеу «Ақсақ құлан» күйі тыңдау.

Балалар аңыз күйді тыңдай отырып нені түсіндіңдер?

Күй деп нені айтады?

Күйші дегеніміз кім?

Қандай күйшілерді білесіңдер?

Домбыра аспабында тек күй емес,ән мен терме де айтуға болады екен.Қане балалар айтып жіберіңдерші: Домбыраны қолына алып ән айтатын қандай әншілерді білесіңдер?

М.Беспаев,М.Жүнісова,Ж.Айжанова,А.Қосанова т.б

Домбыра тарту арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Кел ойнайық ойыны

Әр әріптің астына жазылған сандарды ретімен қойса,аспаптың атауы шығады ДОМБЫРА

IV.Бекіту

1.Домбыра қандай аспап?

2.Домбыра қандай ағаштардан жасалынады?

3.Домбыра туралы қандай аңыз күйді тыңдадық?

4.Күй дегеніміз не?

5.Күйші деп кімдерді айтады?

6.Домбыра аспабын өзіне серік еткен әнші күйшілерді ата.

Өзінен әсем әуен қалықтаған

Қос ішектен аққу күй шарықтаған

Ескі көзден қалған мұра сен едің

Аялап ертеңдерге алып барам, деп сабағымызды әсем әнмен аяқтайық.

Ән «Домбырасыз сән қайда?»

V.Үйге тапсырма: 1.Домбыра туралы оқып, түсінгенін әңгімелеу. Құрлысын жаттау.

2.Дәптерге домбыраның суретін салу.

Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бес, төрт,үш бағасымен бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!