Материалдар / Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың отбасымен логопед жұмысының ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың отбасымен логопед жұмысының ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сөйлеу бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктер ата-аналарды педагогикалық ағартудың қалай ұйымдастырылғанына тәуелді болады. Логопедиялық топта ата-аналар педагогикалық білімнен басқа, үйде баламен жаттығу барысында қолдану үшін арнайы білімді де меңгеруі маңызды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
309
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың отбасымен логопед жұмысының ерекшеліктері


Аннотация

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сөйлеу бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктер ата-аналарды педагогикалық ағартудың қалай ұйымдастырылғанына тәуелді болады. Логопедиялық топта ата-аналар педагогикалық білімнен басқа, үйде баламен жаттығу барысында қолдану үшін арнайы білімді де меңгеруі маңызды.


Сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жұмыстар мектепке дейінгі мекеме, логопед-мұғалім және отбасы үш тағаны арасында өзара ынтымақтастық болған жағдайда ғана жемісті болады және түзету – тәрбиелеу жұмыстары белгілі нәтиже береді.

Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың отбасымен жұмыстың негізі бір-бірінің дамуына және жеке тұлғалық дамуға ықпалын арттыру болып табылады. Ата-аналармен үздіксіз байланыс ұжымдық, дербес және көрнекті жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. [3]

Отбасы мен бала бақшаның ынтымақтастығы – мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілеттерін толық дамытудың қажетті шарты болып табылады және ата-аналар мен логопед өзара белгілі бір келісіммен, уағдаластықпен жұмыс жасаған жағдайда үздік нәтижеге жетуге болады. «Отбасымен өзара әрекеттестік» ұғымын «ата-аналармен жұмыс» ұғымымен шатастыруға болмайды, себебі екіншісі біріншісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өзара әрекеттестік қатысушылары арасындағы бір мақсатқа жетуге бағытталған міндеттерді бөлісуді ғана білдірмейді. Өзара әрекеттестік барысында бақылау мен керіс байланыс та орын алады және бұл жағдайда бақылау салдарлы түрде болуы керек. [2]

Баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші сөзді қашан айтқаны және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағаны, одан әрі қарай сөйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың алдында оның сөздік қорының және грамматикалық құрылысының шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді ата-аналардан сұрай отырып жинау қажет. Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып, араласып жүрген адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары туралы, олардың арасында сақаулары және бірнеше ұлттың тілдерін араластырып сөйлейтіндерінің бар-жоқтығын, сонымен бірге, баланың сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптаспауына ортаның қандай ықпал тигізетіндігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала өзінің сөйлеу тілінің ақаулығын түсіне ме және оған баланың көзқарасы қандай, яғни уайымдамайма соны білу керек.

Коррекциялық оқыту нәтижелігі көп жағдайда логопед пен отбасы жұмысының сабақтастығы қаншалықты нақты ұйымдастырылуымен анықталады. Олар бір-біріне серіктес, әріптес және көмекші болып, ортақ міндеттерді бірлесе орындауы керек. Логопед мұғалімнің ата-аналармен өзара әрекеттестіктегі міндеттері 1 суретте берілген.

Ата-аналардың өздерінің сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасау барысындағы міндеттері:

  • отбасында баланың жалпы және тілдік дамуына жағдай жасау;

  • баланың жалпы және тілдік дамуы бойынша мақсатты бағытталған және жүйелі жұмыстар жүргізу;

  • мамандар нұсқауларына сәйкес кемшіліктерді түзету жұмыстарын сауатты ұйымдастыра білу.

Аталған міндеттердің тиімді шешімін табу үшін логопед-мұғалім сөйлеу бұзылыстары бар баланың отбасы туралы нақты мәліметтерді білуі керек, оның ішінде:

  • бала тәрбиесінде отбасының барлық мүшелерінің рөлін;

  • отбасындағы тәрбие типін;

  • ата-ананың балаға қатысты ұстанымдарын білуі тиісті.

Ата-аналардың сөйлеу бұзылыстары бар балаларға қоятын талаптары әр түрлі болады, кейбір балалар ұзақ уақыт бойы ата-әжесінің немесе аға-әпкелерінің қамқорлығында болуына байланысты ата-аналармен қарым-қатынастың жетіспеушілігі орын алады. Мұндай балалармен және отбасылармен жүргізілген жұмыстар нәтижесі негізінен төмен болып келелі. . [1]

Сөйлеу бұзылыстары бар отбасында ата-аналардың баланы тәрбиелеу мен дамытудағы қателіктер көп жағдайда келесі түрде болады:

  • баланың қызметін шектен тыс теріс бағалау;

  • баланың қандай да бір әрекетін теріс бағалауды оның жеке тұлғасына қатысты көрсету, осының салдарынан балада өзін-өзі толық бағалай алмау сезімі пайда болады;

  • сөйлеудің теріс эмоциялық сипаты (қатты айқайлау, қорқыту интонациясы);

  • баланы, оның іс-әрекеті мен қызметін құрдастарымен, әсіресе, сөйлеу қабілеті қалыпты балалармен салыстыру;

  • оң баға беруден теріс бағалауға, жазалаудан мақұлдауға күрт және кенеттен ауысу. [4]

Ата-аналар мамандардың көмегіне жүгінбестен сөйлеу бұзылыстары бар балалармен өз бетінше жұмыс жасау барысында көп жағдайда келесі қателіктер мен қиыншылықтарға душар болады:

- баланың дұрыс сөйлей алмауына бейімделу;

- жаттығулардың көп мәрте бірдей қайталануы;

- дыбыстарды дұрыс айтуды түзету және бақылау арнайы тәсілдерін білмеуі;

- салыстыру тәсілдерін жеткіліксіз қолдану;

- ойын тәсілдер, дидактикалық материалдарды қолданбау, бір қалыпты сабақтар жүргізу, көрнекіліктерді қолдана білмеу;

- орынсыз ұялту, сан мәрте түзету және баланың жетістіктерін бағалай білмеу, баланың психологиялық жай-күйін есепке алмау жиі кездесетін сөздерді түзетулер арқылы қолайсыздық туғызу;

- баланың жеке ерекшеліктерін білмеу.

Демек, ағартушылық жұмыс жүргізу қажет, баланың ата-анасының өз баласын дұрыс қабылдау мәселесіне назарын аудару, оларға көмектесуге, үйрету және баптауға арналған талаптар қоюға рұқсат етуді бірлесіп әрекет ететін, олардың бірдей ойдағыдай түзеу жасау керек болады.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәжірибесі ата-аналарда баланың тілдік даму мәселесінің шешімін табу үшін логопед- мұғалімнің тұрақты көмегі қажет екенін көрсетіп отыр. Отбасындағы тәрбиенің басымдылығын тану отбасы мен логопед-мұғалімнің өзара әрекеттестігінің өзара сенім мен серіктестікке негізделген инновациялық формаларын қолдануды талап етеді. Отбасы мен мұғалімнің серіктестігі – қазіргі кезде аса қатты талап етіліп отыр, педагогтар өзара әрекеттестік пен отбасымен жұмыстың инновациялық формаларын қарастыру үстінде.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Бородич А.М. Методика развития речи детей. М., 1981.

2. Жукова Н.С., Мастюкова Е.М., Филичева Т.Б. Преодоление общего недоразвития речи у дошкольников. Екатеринбург, АРД ЛТД, 1998.

3. Преодоление общего недоразвития  речи у дошкольников. Учебно-методическое пособие/ Под общ. Ред. Т.В.Волосовец. – М.: В.Секачев, НИИ Школьных технологий, 2008.

4. Программа обучения и воспитания детей в детском саду. (Под ред. Васильевой М.А.), 1985,



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!