Материалдар / Сөйлеу мәдениеті тақырыбында ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлеу мәдениеті тақырыбында ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
1390
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЯГӨЗ АУДАНЫ









Үйірме:«Қазақ тілі және әдебиеті»



Жоба тақырыбы: «Сөйлеу мәдениеті.»




Орындаған:Калибек Інжу Алтайқызы

2 сынып оқушысы

«С.Нұғыманов атындағы ЖББОМ»ҚММ


Жетекшісі: Тантибаева М.Н

«С.Нұғыманов атындағы ЖББОМ»ҚММ

Бастауыш сынып мұғалімі























Мазмұны:

Абстракт ------------------------------------------------------------------------------3

Кіріспе. ----------------------------------------------------------------------------- 5

I.Негізгі бөлім

1.1 Сөйлеу мәдениеті деген не?---------------------------------------------------8

1.2. Сауатты сөйлейміз бе?----------------------------------------------------------9


II.Негізгі бөлім.---------------------------------------------------------------------- 10-13

2.1. Сөйлеу мәдениетінің негізгі ережелері:

2.2.Қаншалықты мәдениетті сөздік қорға баймыз.

2.3.Сөйлеу мәдениетімізді достар арасында салыстыру

2.4.Мониторнг есебінде көрсеткіштермен көрсету


III.Қорытынды.------------------------------------------------------------------------ 14

IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.-------------------------------------------------15

V. Қосымшалар.-------------------------------------------------------------------------16


5.1. Суреттер


5.2. Презентация

































Абстракт


Осы жобалау жұмысымда бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған- қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде даму барысы жайлы сөз қозғамақпын. Сөйлеу барысында сөйлеу мәнерін қалыптастыру мәселелерін қамтиды. Тілдік жаттығулар арқылы оқушылардың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тұрғыда дами түсетіндігі туралы; пәнге деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары айтылады.


































3


I.Кіріспе.


Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына жетеді.
Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.
Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер жауапкершілікпен қараған дұрыс.

Сабақта оқушылардың сөйлеу қызметін ұйымдастыру барысында оларды өздігінен сөйлеуге итермелейтін - тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту дегеніміз - оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдырландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету болып табылады. Тіл дамытуда қазақ тіліне тән дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясы мен орфографиясын меңгерту жұмыстары жүргізіледі. Ал бұлар ауызша сөйлеу тілінің негізгі мәселесі болып табылады.






















5

Ал ендігі мәселе – сөз мәдениетіне келелік. Ашығын бірден айталық. Сөз мәдениеті бүгінде өз деңгейінде ме? Ия деуге де негіз бар. Біріншіден, білім беру мекемелерінде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, онда өтілетін дәрістерде, лекцияларда, семинарлар мен тренингтерде, түрлі пікірталастар мен сұхбаттар сәтінде сөз мәдениетіне еріксіз түрде, ішкі түйсікпен бойымызды, ойымызды жинап, талап деңгейінде көрінуге талпыныс танытамыз. Дұрыс сөйлеуге ұмтыламыз. Екіншіден, демей-ақ, ендігіде бүгінгі зәру мәселелерге ойысалық.

Сөйлеу, сөйлей білу қазірде мәдениет деңгейіне көтерілуі қажет. Өйткені, су жаңа киімді киюге аңсарың қатты ауғандай немесе киер киіміңді талғап, таңдап кигендей сөйлеу мәселесіне де дәл солай мән бере кіріскен жөн. Бұл жәйтті тек киіну жағдаятымен салыстыру аздық етер, бәлкім. Олай болса, тамақтану секілді, дос, жар таңдау сияқты тиісті мамандық иесі болу сипатындағы ой-қиялыңды електен өткізетіндей, сондай пейіл таныта кіріскен абзал.

Сөйлеу – жеке өзіңнің қажетің ғана емес. Қоғамдық сипаты мол қасиет бұл. Сөйлеу мәдениеті осыдан шығады десек, артық айтқандық емес. Сөз – қару, сөз – демеу, сөз – бағыт бағдар, сөз – іс-қимыл болған заманда өмір сүру өте күрделі һәм қиын. 


Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырғанда, жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Жаттығулар екіге бөлінеді: тілдік және сөйлесу жаттығулары. Тілдік жаттығулардың міндеті – тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту. Сөйлеу жаттығулары қарым - қатынас жасауға бағытталады. 

Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.

Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.

Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.



6

Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн  «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан

Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: «…аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің…», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» десе, үнді заңында «қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік.

































7



1.2. Ана тілің – арың бұл...Тіл-адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы адам баласы ғылым, білім, мәдениетпен танысып, парасаттылыққа ұмтылыс жасайды, болашақтың негізін қалап, таңдаған мамандығын игереді.Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, ұлттың жан дүниесі.Тілдің құдіреті — ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.Сол себепті,тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге бойға сіңіп, қалыптасатын, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, елдің ұлттық мақтанышы. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек.Тіл — ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қандастарымыз үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу

аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.

Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.









8



II.Негізгі бөлім.
Қазір оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды,оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым – қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс.

Оқушылардың дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді. Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылығын арттырудың негізгі жолы.

Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдерді пайдалануға болады:
- сөздік арқылы тіл дамыту;
- мәтінге байланысты тіл дамыту;
- көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
- үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.

Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:
1. Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
3. Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
4. Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
5.
 Шағын көріністер даярлату;
6. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

Осының ішінен ең басты орын алатыны – мәтінмен жұмыс.


Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі – берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды.

Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:



9


-Мәтінді өзгертіп баяндату.Мысалы: “Менің ойымша”, “Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып отырмын”, сияқты сөз тіркестерін қолдану.


-Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату. Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.

-Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.









































10

2.1. Сөйлеу мәдениетінің негізгі ережелері:

  • Кез-келген жағдайда көпсөзділіктен қашыңыз. Егер тыңдаушыға қандай да бір ойды жеткізгіңіз келсе, қысқа әрі нұсқа айтқан жөн.

  • Сөйлесер алдында араларыңызда не туралы сөз болатыны жайлы нақты мақсат қойыңыз.

  • Қашанда нақты, тура, қысқа сөйлеуге тырысыңыз.

  • Кез-келген адаммен тіл табыса біліңіз. 

  • Ешқашан дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеңіз. Өз беделіңіз бен дәрежеңізді түсірмеңіз. 

  • Сөйлскен адамыңызды мұқият тыңдауға үйреніңіз. 

  • Сөйлесу барысында эмоцияңыздың ақылыңызды жеңуіне мүмкіндік бермеңіз. Өзіңізді ұстай біліңіз. 



























11



2.2.   Бес жастағы баланың сөздік қорын байытуды өзін қоршаған дүниемен таныстырудан бастап, ол сөздің мағынасын түсіндіріп белсенді сөздік қорға енгізу қажет. Қоршаған заттар мен құбылыстардың барлығы да сөз арқылы жеткізіледі. Бала өзінің сөздік қорына енген сөздерді грамматикалық формада дұрыс қолдана білуі тиіс. Бала мәтіндегі заттың атын, белгісін білдіретін сөздерді ажыратып, зат есім, сын есім, етістік, антоним, синоним сөздерді қажетіне қарай қолдана білу арқылы сөздік қорын байытуға болады. Әрбір сабақ сайын бала кем дегенде екі-үш сөзді меңгереді. Осы меңгерген жаңа сөздерді күнделікті өмірде пайдаланады. Мысалы: “Отбасы” тақырыбында – аға, қарыңдас, інісөздерін,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!