Материалдар / Сөйлеу тілі бұзылған балалардың артикуляциялық сөйлеу органдарының жұмысын белсендіру

Сөйлеу тілі бұзылған балалардың артикуляциялық сөйлеу органдарының жұмысын белсендіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада сөйлеу тілі бұзылған балалардың артикуляциялық сөйлеу органдарының жұмысын белсендіру бойынша логопедиялық кеңестер және жұмыс түрлері көрсетілген. Тірек сөздер: Логопедия, логопедиялық ықпал, артикуляция, каппацизм, ламбдацизм, ротацизм, сигматизм.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
657
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сөйлеу тілі бұзылған балалардың артикуляциялық сөйлеу органдарының жұмысын белсендіру

АСАНОВА А.Қ.

«Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша» КММ Ақтөбе қ.

aknura_a98@mail.ru

Аннотация:

Мақалада сөйлеу тілі бұзылған балалардың артикуляциялық сөйлеу органдарының жұмысын белсендіру бойынша логопедиялық кеңестер және жұмыс түрлері көрсетілген.

Тірек сөздер: Логопедия, логопедиялық ықпал, артикуляция, каппацизм, ламбдацизм, ротацизм, сигматизм.

Аннотация:

В статье приведены логопедические советы и виды работы по активизации артикуляционной речи детей с речевыми нарушениями.

Ключевые слова: Логопедия, логопедический эффект, артикуляция, каппацизм, ламбдацизм, ротацизм, сигматизм.

Abstract

The article presents speech therapy tips and types of work to activate the articulation speech of children with speech disorders.

Key words: Speech therapy, speech therapy effect, motor skills, graphomotor skills, graphomotor skills, fine motor skills, writing skills, dysgraphia.


Қоғамның қазіргі заманғы дамуында, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің гуманистік бағытына көп көңіл бөлінеді. Сөйлеу тілі бұзылған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, оқыту мен әлеуметтендірудің қажеттілігі осы балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мәселесі өзекті бола бастады. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңында дамуында психофизикалық ауытқуы бар балаларды медициналық түзету және оңалту міндеті бекітіліп көрсетілген[1].Осы заңға сүйене отырып қазіргі кезде елімізде арнайы ұйымдар жұмыс істеуде және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қажетті техникалық көмек көрсетіліп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің көптеген әдіс – тәсілдері бар болғанымен сөйлеу тілі бұзылған балалардың арттикуляциялық сөйлеу органдарының жұмысының белсенділігін арттыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту)– жеке тіл дыбыстары мен олардың қосындыларын айтқанда қажет сөйлеу мүшелерінің іс-әрекеті. Бұл дыбыс шығаруына бағытталған сөйлеу тілінің перифериялық мүшелерінің жұмысы.

Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны.

Артикуляциялық жаттығу дыбысты қою мен машықтандырудың дайындық кезеңі болып табылады.

Артикуляциялық жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру.

Артикуляциялық жаттығуларды жасау не себепті керек?

Артикуляциялық  және тілдік есту қабілетін дамытатын жаттығуларды уақытында жасау кейбір балаларға өздігінен, мамандардың көмегінсіз, дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.

Тілі шорқақ балалар үйде жаттығуларды жасаса, мамандармен жұмыс істегенде тезірек жетістіктерге жетеді, себебі олардың тіл бұлшық еттері дайын болады.

Артикуляциялық жаттығулар барлық дыбыстарды дұрыс айтатын, бірақ сөйлеу кезінде тілі күрмеленетін балаларға да пайдалы.

Артикуляциялық жаттығулар балаларға да, ересектерге де дұрыс, әдемі және айқын сөйлеуге көмектеседі. Сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айту жазуға үйрету кезеңінің негізін құрайды.

Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.

-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

 Баланың артикуляциялық аппараты

Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту)– жеке тіл дыбыстары мен олардың қосындыларын айтқанда қажет сөйлеу мүшелерінің іс-әрекеті. Бұл дыбыс шығаруына бағытталған сөйлеу тілінің перифериялық мүшелерінің жұмысы.Сөйлеу тілі бұзылған балалардың артикуляциялықсөйлеу тілін дамыту мақсатындағы жұмыстарды жүргізуде мына міндеттерді атауға болады:

  • сөйлеу әрекетінің онтогенезіне зерттеу жүргізу;

  • сөйлеу тілінің түрлі бұзылымдары кезіндегі сөйлеудің дамуын зерттеу;

  • сөйлену тілінде кемшілігі бар балаларды ана тіліне оқытудың принциптеріне талдау жасау;

  • сөйлеу тілінде кемшіліктері бар балалардың сөйлеуін дамыту;

  • арнаулы балабақшалардағы сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының мазмұнын және оның ұйымдастырылуын анықтау;

Көрсетілген міндеттердің мазмұны сөйлеуді дамыту жұмыстарында қолданылатын арнайы әдістеменің теориялық және практикалық бағыттарын анықтайды. Бұл міндеттерді шешуде сөйлеуді дамыту әдістемесін басқа ғылымдармен (тілді зерттеу; психология; лингвистика; психолингвистика; жалпы педагогика; мектепке дейінгі және арнайы педагогика; логопедия) байланысты анықтайды. Берілген міндеттерді шешуде ең басты міндет – сөйлеу тілін дамыту әдістемесі теориясының мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мамандар тәжірбиесімен ұштастырылуы.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте – мөте қарқынды дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді меңгереді. Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Жасының екінші жылының соңында шамамен 300 сөзге дейін, үш жас қараған шағында 1000 сөзді, 5 – 6 жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді.

Сөйлеу тілі бұзылуының түрлерін түзетумен және сауықтандырумен ойдағыдай айналысу үшін сөйлеу тілі бұзылуының белгілерінің симптоматикасын, себептерін және механизмін білу қажет. Бұл логопедияның басқа ғылымдармен тығыз байланысты екендігін анықтайды.

Олардың ішінен педагогиканы /жалпы және арнайы педагогиканы/, медицинаны, лингвистиканы атауға болады.

Медицина ғылымының ішіндегі логопедиямен тығыз байланыстылары: патофизиология, анатомия, физиология және есту мен сөйлеу тілі мүшелерінің патологиясы, олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия.

Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге, баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуын да зерттейді.

Сонымен И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналды жүйесінің өзара әсерлесіп әрекет жасауы туралы ілімі, шартты – рефлекторлық байланыстың қалыптасуының заңдылығы туралы [2], П.К.Анохиннің функционалды жүйе туралы, психиатриялық міндеттің қозғалмалылығын жойылтпауы туралы ілім және сөйлеу тілінің әрекеттері туралы осы заманғы нейропсихолингвистикалық ілімі логопедияның психофизиологиялық табиғи–ғылыми негізі болады [2].

Логопедия үшін аса маңыздысы И.П.Павловтың І және ІІ сигналды системасының өзара көмектесіп әрекет жасау туралы ілімі.

Біздің сезімімізді қабылдауымызды И.П.Павлов бірінші сигнал деп атады. Олар арнайы физиологиялық механизмдердің, анализаторлардың арқасында пайда болады.Адамның ең зор дәулеті оның сигнализациясының ерекше жоғарғы түрі–екінші сигналды системасы деп аталады. Адамның сөзі мен сөйлеу тілін қосқанда екінші сигналдың сигналы немесе сигналдың екінші тәртібі деп аталады.

Осы орайда тіл кемістігін туғызатын аномалияларды атап өтсек:

Каппацизм туғызатын анамолия – қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды.

Ламбдацизм-тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хирургиялық операция туралы шешім де қабылданады.

Ротацизм- тіл асты желбезегінің қысқалығы, биік және жіңішке шектен тыс үлкен немене жіңішке икемі кем тіл.

Сигматизм – тіл ұшын таңдайға көтере алмайтындықтан болады[3,б.68-77].

Тіл-дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды[3].Артикуляциялық жаттығу балалардың дыбыстарды дұрыс айта білуіне көмектесетін жаттығу түрі. Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады.Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарының қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әр түрлі атпен аталады.Жүргізілген артикуляциялық гимнастика тиімділіг төмендегідей жүйе сақтаған жағдайда ғана оңтайлы нәтиже береді.

1)Тіл қозғалыстарын дағдыландырғаннан кейін логопед, баланың қандай дыбыстарды айталмағаннан тәуелділігіне қарай комплекстерді таңдап алып өткізеді.

2) Артикуляциялық аппарат мүшелерінің, - С, З, Ц –дыбыстарын дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарын және қалыптарын дағдылануға мүмкіндік жасайтын жаттығулар.

3)Артикуляциялық аппарат мүшелерінің, - Ш, Ж, Щ, Ч- дыбыстарын дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарын және қалыптарын дағдылануға мүмкіндік жасайтын жаттығулар.

4) Артикуляциялық аппаратты –Л- дыбысын дұрыс айтуына дайындайтын жаттығулар.

5) Артикуляциялық аппаратты –Р- дыбысын дұрыс айтуға дайындайтын жаттығулар.

Барлық жастағы топтарда бірдей комплекстерді қолдануға болады, бірақ артикуляциялық гимнастика жұргізу тұріне және жасы бірдей емес балалар жасайтын жаттығулардың қоятын міндеттері әртүрлі.Ересектер және мектеп алды даярлық тобында балалар дыбыстарды дұрыс айтып үйренгенде, артикуляциялық гимнастикасына әртүрлі дыбыстардың жіктеуіне арналған жаттығулар алынады:

А) дауысты дыбыстар: И-У, Э-О, И-О, Э-У, И-Э, У-О;

Б) соноржәнеұяндауыссыздар: М-Б, Н-Г;

В) үндідауыссыздар: М-Л, Н-Л;

Г) ұян және қатандыбыссыздар: Б-Д, Ф-Х;

Д) ұян және қатандыбыссыздар: Б-В, К-Х;

Е) ұянжәнеқатандыбыссыздар: С-Х, Д-Г;

Сабақ күн сайын жүргізілу керек. Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен міндетті түрде балалар мен ерінге арналған жаттығулар жасау керек.

Жаттығулар 15 минуттан аспау керек.

Жаттығуларды отырған қалыпта орындау керек. Себебі бұл қалыпта баланың арқасы түзу, денесінің бұлшық еті босаңсыған, қолы мен аяғы жайлы қалыпта болады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын көріп, сонымен қатар ол тапсырманы орындау барысында өз ернімен тілін көру керек. Жаттығулар қол айнасымен немесе үлкен айна алдында орындалады. Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс.Ысқырық дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығу түрлері: Піл, тәтті тосап, сағат, тарақ.Ызың дыбыстарға арналған: Түтікше, жымию, тісімізді тазалаймыз, ашуланған мысық.Діріл дыбыстарға арналған: Әткеншек, сылақшы, ат шауып келеді, күрекше.Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады[4] .

Қорыта келесөйлеу тілінде кемістігі бар балалардың үзбей кунделікті артикуляциялық жаттығулар арқылы балалардың тілін дер кезінде дұрыс дамуына бағыт беруіміз қажет.

Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Н.Ә.Назарбаев жолдауынан (2012). Егемен Қазақстан газеті. Алматы, 2012ж.

2. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. А.,1982ж.

3. ӨмірбековаҚ.Қ., Оразаева Г.С.,ТөлебиеваГ.Н., Ибатова Г.Б. Логопедия. –А., 2011.-Б.68-77.

4. Абилова О.А.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар. Әдістемелік құрал. Атырау, 2011










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ