Материалдар / Сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығулардың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығулардың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың дефетологтарға пайдасы тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

40 «Болашақ» бөбекжайы








Баяндама

Тақырыбы: «Сөйлеу тілін дамытуға арналған артикуляциялық

жаттығулардың маңызы»













Логопед: Г.А.Гайсина










Орал қаласы

2020-2021 оқу жыл



«Сөйлеу тілін дамытуға арналған артикуляциялық жаттығулардың маңызы»


Артикуляциялық жаттығулар балалардың дұрыс сөйлеуге, тілдерін жаттықтыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға, анық сөйлеуге көмегін тигізеді. Сондықтан жаттығуларды балалармен бала-бақшадағана емес, үйде де жасатқан дұрыс. Балаларға күнде жаттығуларды 3-5 минуттан, 3-4 реттен, күніне 2-3 жаттығудан жасау керек. Жаттығуларды жасағанда бірінші күн ерінге, екінші күн тілге алмастырып отырған қолайлы болады.

Артикуляциялық жаттығуларды орындықта отырып жасату тиімді. Отырғанда баланың дене мүшелері бос, арқасын түзу ұстап, қол- аяқтары бұлшық еттерін бос ұстау керек. Бала жаттығу жасағанда үлкендердің бет-әлпетін жақсы көріп отыру қажет, сондықтан біз оған қабырғаға ілінген айнаны немесе қолға ұстайтын (9х12 см) айнаны қолданамыз. Қол айнаны қолданған жағдайда үлкен адам бет әлпетімен балаға қарама-қарсы қарап отыру керек. Сонда айнадан өз бет әлпетін жақсы көріп, бала жаттығуларды дұрыс орындай алады.


  • Үлкендер артикуляциялық жаттығуларды балаларға ойын арқылы көрсете алады;

  • Көрсетіп қайталап жасата алады;

  • Үлкендер баланың жаттығуларды дұрыс жасауын кадағалап отырады.


Артикуляциялық жатығуды жасағанда ең алдымен ауыз қуысының мүшелері қозғалысының шиеленісі қадағаланады. Біртіндеп ол шиеленіс жоғалады да, бала жаттығуларды емін-еркін жасай алады. Артикуляциялық жаттығу-дұрыс дыбыстауға қажетті артикуляциялық мүшелердің (еріндер, тіл, төменгі жақ) жаттықтырылуына арналған жаттығулар. Балаға күрделі дыбыстарды [с], [з], [ш], [ж], [л], [р] дыбыстап үйрету үшін оның еріндері және тілі күшті және иілгіш болып, қажетті қалыпты ұзақ уақыт ұстап тұруы, қиындықсыз бір қозғалыстан екіншісіне бірнеше рет ауыса алуы керек, осының барлығына үйренуге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.


Артикуляциялық жаттығуларды жасаудың қажеттілігінің себептері:


  • Артикуляциялық жаттығуларды және есту қабілетін дамыту жаттығуларын дер кезінде бастау нәтижесінде кейбір балалар маманның көмегінсіз ақ таза және дұрыс сөйлеуге үйренеді.


  • Дыбысты айтудың күрделі бұзылулары бар балалар олармен логопед сабақты бастаған кезде өздерінің сөйлеу тіліндегі ақауларын неғұрлым тезірек алады. Олардың бұлшықеттері дайын болады.

  • Дыбыстарды дұрыс, бірақ түсініксіз дыбыстайтын балаларға да артикуляциялық гимнастикалар өте пайдалы. Дыбыстарды анық айтуға, жазуға үйретудің бастапқы кезеңінің негізі екенін есте сақтау қажет.

  • Артикуляциялық жаттығуларды орындау балаларға да, ересектерге де, дұрыс анық және әдемі сөйлеуге үйренуге мүмкіндік береді.

Үй жағдайында ата-анаға жаттығуды жасауға ұсыныстар:

  • Жаттығуды алдымен баяу, айнаның алдында орындалады, себебі бала өз-әрекетін көріп бақылауы қажет. Бала үйренгеннен кейін айнаны алып қоюға болады. Балаға сілтеме сұрақтар қойған пайдалы. Мысалы: еріндер не істеп жатыр? Тіл не істеп жатыр? Ол қайда тұр? (жоғарыда және төменде).


  • Кейін жаттығулардың қарқынын ұлғайтуға және оларды санап орындауға болады. Дегенмен, жаттығулардың нақты және жай орындалуын қадағалаңыз. Әйтпесе, жаттығулардың мағынасы болмайды.



  • Баланың жасына және шыдамдылығына байланысты жаттығуларды 5-7 минут көлемінде, күніне 2 рет (таңертең, кешке) жасаған абзал.


  • 3-4 жастағы балалармен жұмыста олардың негізгі қозғалыстарды меңгеруіне көңіл бөліңіз.


  • 4-5 жастағы балаларға талап күшейеді: қозғалыстар неғұрлым анығырақ және жай , артық қозғалыссыз болу керек.


  • 6-7 жастағы балалар жаттығуларды жылдам қарқында орындайды және тілдің қалпын бірнеше уақыт қозғалыссыз ұстап тұра алады.


Баланың тілі дірілдесе, аса тырысып тұрса, бір жағына қарай ауытқып кетсе және бала тілін қысқа уақытқа да қажетті қалыпта ұстап тұра алмаса, міндетті түрде логопедтің көмегіне жүгініңіз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!