Материалдар / Сөйлеуді дамыту "Киім дүкені"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлеуді дамыту "Киім дүкені"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2018
7435
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Киім дүкені»

Мақсаты:

Білімділік: балаларды киім дүкенімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу түрлерін дамыту;

Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ұл бала мен қыз бала бейнеленген сурет, қуыршақтың киімдері.

Сөздік жұмыс: киім.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-қозғаушылық

Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады.

-Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол!

Суретке көңіл аударып, ұл баланың киімдерін және қыз баланың киімдерін атайды. Ұл балада қандай, қыз балада қандай киім болатынын ажыратады.

-Балалар, қане, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын атайықшы.


Балалар тәрбиешінің көмегімен жақсы сөздер айтады.


Суретке қызығушылық танытады.

Балалар үстіндегі киімдерді қуанышпен жарыса айтуға тырысады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады. «Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып әперулерін өтінеді. Балалар дүкенге келіп;

-Мен мына киімді аламын,-деп сатып алады. Қандай киім сатып алғанын, оны не себепті алғанын және түстері туралы әңгімелейді.

Балаларды сұраққа жауап беруге, әңгімелесуге тартады.


Сергіту сәті.

Бір, екі, үш деп,

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.

Дидактикалық ойын «Бұл не?»

Шарты: киімдердің суреттерін көрсетеді.


Балалар қуыршақтарға және дүкенге баратындарына қуаныш танытады.

-Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағымыз қыз бала.Көйлегі әдемі.

-Мен шалбар кигіземін, өйткені менің қуыршағым ұл бала.

Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізетінін, аттарын, түстерін әңгімелеуге тырысады. Қимыл-қозғалыстармен орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге талпынғандарын бағалайды.

Балалар сөйлеп үйренеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: киімді сипаттай алуды;

Игереді: жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды;

Меңгереді: 2-3сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!