Материалдар / Сөйлеуді дамыту "Ұшады-ұшпайды"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлеуді дамыту "Ұшады-ұшпайды"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тех карта
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
6852
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карта.

Тәрбиешінің аты-жөні: Тасқараева А.Т 16.11.2017 ж

Білім беру саласы: Қатынас.

Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Ұшады-ұшпайды».

Мақсаты;

білімділік: заттардың қасиеттеріне қарай талдауға,олардың аттарын атай білуге үйрету;

дамытушылық: табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекілігі: үй құстарының суреттері, дорбаға салынған ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: қаз,үйрек.


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық

Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз,

Жоғары-төмен қараймыз,

Топылдатып басамыз-дей отырып, қимыл-қозғалыстар жасату.

Үй құстарының суреттерін көрсетіп,олардың аттарын атайды, қайталатқызады.

-Бұлар-үй құстары. Себебі оларды адамдар күтеді,бағады. Олардың жұмыртқасы, еті-тағам, жүнін жастыққа салады.

-Әтеш қандай?

-Тауықтың түсі қандай?

-Қаздың түсі Қандай?

Қаз туралы өлең оқиды.

-Қазым,қазым,қаңқылда,

Суда жүзіп салқында!

Жем шашайын жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?

-Жоқ, жоқ!

Кәмпит тәтті болмайды, ас

Арпа менен бидай шаш!


Балалар шаттана,қуана қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін құрады.



Балалар суретке қызыға қарап, тәрбиешіні тыңдап,қайталайды.


Балалар сұрақтарға жарыса жауап береді.

Балалар қызығып тыңдайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Ұшады-ұшпайды» дидактикалық ойыны.

Шарты: тәрбиеші дорбаға салынған ойыншықтарды үстел үстіне шашып қояды. Ішінен біреуін алып:

-Ұшады-ұшпайды?-дейді.


Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды жаямыз.

Құстарға ұқсап,

Ұшып-ұшып аламыз.


Қаз,үйрек сөздерін айтқыздырып, үйретеді.

1. «Топтастыр» дидактикалық ойыны.

2. «Не ұшпайды?» тапсырмасын орындау. Суреттен ұшатын,ұшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу.

-Қуыршақ ұшпайды,-деп қолдарын көтермейді.

-Торғай ұшады,-деп қолдарын көтереді.

Қимыл-қозғалыстар жасайды.


Ойыншықтары бір бөлек, құстарды бір бөлек топтастырады.

-Үй ұшпайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін бекітеді.

Сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын;

Игереді: ұшатын,ұшпайтын заттарды топтастыруды;

Меңгереді: үй құстарының аттарын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!