Материалдар / Шөл және шөлейтті аймақтарда өсетін өсімдіктердің мал азықтық құндылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шөл және шөлейтті аймақтарда өсетін өсімдіктердің мал азықтық құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мал азығының қоректілігі олардың түріне, өсірілу жағдайына, өсу фазасына, ору мерзімі мен дайындау технологиясы сияқты көптеген факторларға байланысты. Мал азығының желінуі, қорытылуы, зат алмасуы олардың сапасына тікелей байланысты және одан мал өнімділігі мен сапасы байланысты болатыны белгілі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2018
1661
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Т. Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейі











Шөл және шөлейт аймақтарда өсетін өсімдіктердің мал азықтық құндылығы





Ғылыми жетекшісі:Жолтай Лаура

10хб сынып оқушысы: Идоят Эсмира























Шолаққорған 2018ж.

АННОТАЦИЯ


Мал азығына сапасын анықтау малдарда толыққұнды азықтандыруды ұйымдастыру, оларға тиімді рацион құрау арқылы өнімділігін арттыру үшін қажет.

Қазіргі уақытта бұрын жұмыс істеген агрохимиялық қызмет көрсететін ұйымдардың тарқап кетуіне байланысты өндірілетін жемшөптің құрамы мен қоректілігі туралы мәлімет болмағандықтан қолда бар мал азығы тиімсіз пайдаланып, қажетті мөлшерін анықтау мүмкін болмай қалды.

Жемшөп сапасының жоғары болғаны малға қажетті азық мөлшерін нормалап, олардан мол өнім алудың негізі екені белгілі.

Дүние жүзіне белгілі ғалым М.Ф. Иванов «Азықтар мен азықтандыру дәрежесі мал ағзасының сыртқы және ішкі кұрылысына, оның өнімділігіне зор әсер етеді. Мал азығы мен азықтандыру мал организміне олардың шыққан ата-тегінен де анағұрлым күшті әсер етеді» деп жазған.

Мал азығының қоректілігі олардың түріне, өсірілу жағдайына, өсу фазасына, ору мерзімі мен дайындау технологиясы сияқты көптеген факторларға байланысты. Мал азығының желінуі, қорытылуы, зат алмасуы олардың сапасына тікелей байланысты және одан мал өнімділігі мен сапасы байланысты болатыны белгілі.




















МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ



1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ



1.1. Табиғи жайылымдарға қысқаша сипаттама



2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ




2.1. Табиғи шөл жайылымдарының малазықтық сипаттамасы




2.2. Әртүрлі шөл жайылымдары отының жыл маусымдарындағы химиялық құрамы, қоректік заттарының мөлшері мен малазықтық сыйымдылығы




2.3.Мал азығының биологиялық құнарлылығы: химиялық құрамы, желінуі мен қорытылуы; энергетикалық, протеиндік, көмірсулық, минералдық және витаминдік құнарлылығы





3.ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


ҚОРЫТЫНДЫ



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



















КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі. Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбімен жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету – малға берілетін азық мөлшері мен сапасына тікелей байланысты. Осыдан қолдағы мал басын ғылыми тұрғыдан дұрыс азықтандыруды ұйымдастыруда жемшөп түрін мөлшерлеу, яғни нормалаумен қатар, оның сапасына қатаң талап қойып, қадағалау қажеттігі туындайды.

Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен анықталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.

Өсімдікті немесе жануар, микроб тектес азықты дайындағаннан бастап малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер жүреді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып келгенде қоректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ең алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялық өзгерістер барысында азық сапасы жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік заттары ыдырап, ал екінші жағынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.

Қазіргі кезде жемшөп құрамын тек зоотехникалық зерттеумен жүргізу жеткіліксіз. Ол азықтың сол кездегі құрамын ғана көрсетеді. Ал мал өнімділігін арттыру үшін азықта өтетін биохимиялық өзгерістерді мал организмінде жалғастырып, зат алмасуына қажетті бағытта ықпал еткізуді көздеу қажет. Ол үшін азық құрамындағы жалпы және қорытылатын протеинді біліп қана қоймай, оның аминқышқылдарын, ақзатының түрлері мен дисперсілігін, түрлі қызмет атқаратын топтарын анықтайды. Ірі жемшөптегі құрылыстық және энергетикалық көмірсулар арақатынасын, олардың физико-химиялық қасиеттерін зерттейді. Мал маманына малға берілген азықтағы жалпы каротинмен қатар оның игерімді түрі – бетакаротиннің қаншалықты екенін білу қажет. Сондай-ақ, дайындалған азықтың ферменттік, ингибиторлық, фитогормондық және де басқа маңызды биологиялық пәрменді қасиеттеріне жете үңіліп, анықтау керек.

Жұмыстың мақсаты. Шөл және шөлейт аймақтарда өсетін өсімдіктердің мал азықтық құндылығы анықтау.

Жұмысты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • мал азықтарының құрамы бойынша қоректілігін анықтау;

  • мал азықтарын зоотехникалық талдау;

  • мал азығының химиялық құрамы мен қоректілігін анықтау;

  • мал азықтарының қоректік заттарын анықтау методикасын үйрену.

Зерттеу болжамы. Азық сапасын бағалаудағы зертханалық талдау жұмыстарын жүргізуді меңгеру.

Жетекші идея. Қазақстан оңтүстік аймақтарының жайылым отының құрамы мен қоректілігін зерттеп, мал азықтық құндылығын анықтау.

Зерттеу әдістері. Құрамы мен қоректілігін анықтау үшін лабораторияға жеткізілген жайылымның табиғи өсімдіктерінен тұратын жайылым оттары жалпы қабылданған ретпен талдау жұмыстарын жүргізуге даярланады. Олардың химиялық құрамы зоотехникалық талдау әдістемелеріне сәйкес және жекелеген қоректік және минералдық заттарды анықтаудың мемлекеттік стандарттары бойынша анықталады [1,2,3,4,5,6]. Жайылым отының азық бірлігі түрінде көрсетілетін жалпы қорекілігі азықтың нақты анықталған химиялық құрамы мен қоректік заттарының қорытылу коэффициенттерін пайдалану жолымен олардың май байлану көрсеткіштері бойынша, айналу энергиясы ВАСХНИЛ формуласы (1985) арқылы анықталады.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Қолданылатын мал азықтарының сапасын бағалаудағы зертхналық талдау жұмыстары жүргізіліп, жергілікті мал азықтары түрлерінің құрамы мен қоректілігі анықталды.






















ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ


1.1 Табиғи жайылымдарға қысқаша сипаттама


Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, халық шаруашылығының көптеген салаларын шикізатпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін және ұқсататын еңбеккерлердің әл-ауқатын жақсарту мен тұрмысын көтеру бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып отыр. Оларды шешуде мал шаруашылығының алар орны ерекше.

Қазақстанның оңтүстік-батыс аумағы мал шаруашылығы қатты дамып келе жатқан өлке. Осы өңірде орналасқан Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының табиғи жайылым көлемі 29 миллион гектарға жуық. Оның басым бөлігі шөл және шөлейт аймақта орналасқан. Жайылым көлемі мол бола тұрса да, шығымдылығы мен өнімінің төмендігі және жылма-жыл өзгеруі мал шаруашылығын тұрақты дамытуда көп қиындықтар туғызады. Оның үстіне шөл аймақтың топырақ қрамы мен құнарының нашарлығы, құмақ және құмшауытты алқаптардың басым екендігі, күшті өкпек желдердің жиі соғатыны және ауа райының құрғақ екені көп жағдайда ескерілмей оларды жүйесіз пайдалану етек алды, сақтау мен пайдалану арасындағы теңестірілген қатынас сақталмады, нәтижесінде жайылымдардың өнімділігі азайып, тоза бастады. Соңғы келтірілген мәліметтер (А.С.Сапаров, Р.Х.Рамазанова, 2002) бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тозған жерлердің көлемі 3,1 миллион, Қызылорда облысында 2,7 миллион гектарға жеткен.

Бетпақдаланың оңтүстік өңірге жақын жатқан алқабында жусанды және сортаңды өсімдіктер түрі басым. Жусанның негізгі түрлері сұржусан мен ақжусан, ал сортаңды өсімдіктерден бұйырғын, көкпек, сарсазан, изен, қаратамау жиі кездеседі.

Мойынқұм шағылында жусанды-еркекшөпті, жусанжы-сексеуілді жайылымдар кең тараған. Мұнда бағалы мал азғындық өсімдіктерге жататын жүзгін, баялыш, теріскен, изен, еркекшөп, құм жусаны, қызылша, шытыршық, таспа түрлері көп өседі.

Шу аңғарындағы көптеген жерді галофитті-жусанды, негізінен алғанда кейреуік-жусанды жайылымдар алып жатыр.

Қаратаудың теріскей беткейіндегі жазықтаа жусанды және оқта текте жусанды-баялышты жайылымдар кездеседі. Мұнда, сондай ақ, теріскен, изен, раң және басқа да өсімдіктер өседі.

Қызыққұм шағылында раңды-сексеуіл-жүзгінді, сексеуіл-қоянсүйекті, жусанды-сексеуіл-жусанды, жүзгін-селеу-раңды жайылымдар кеңінен таралған. Өсімдік арасында қызылот, қияқөлең, ақселеу, түйесіңір, таспашөптің кейбір түрлері, құм ебелегі, құм құмаршығы көптеп өседі, сондай-ақ эверсман теріскені, қылша өсімдіктері аракідік кездеседі.

Сырдария аңғарының бас жағында сораңды-жусанды, ал төмен қарай бұйырғын арааласқан сексеуілді-жусанды жайылымдар жатыр. Құмды аралдарда теріскен, ср жерлерде – қараматау, сор ажырығы, жусан өседі. Бұл алқапта кең таралған бағалы мал азғындық өсімдіктерге кейреуік, баялыш, тамыржусан, шоған, көкпек, тасбұйырғын жатады. Аса жұғымды изен, шеркез түрлері өте сирек.

Қазіргі кезде жайылымдық мал шаруашылығы саласын тұрақты дамыту үшін табиғи жайылымды сақтау және оның өнімділігін көтеру жүйесін дұрыс қолдана білу әрбір меншік түрінің маңызды міндеті болуы тиіс.

Табиғи жайылымды сақтау және өнімділігін көтеру жүйесі мына шаралардан тұрады:

  • жайылым экологиясы туралы сауаттылықты дамыту;

  • жайылымды суландыру және тиімді пайдалану;

  • жайлым шығымдылығы мен өнімділігін арттыру;

  • мал азықтық өсмдіктердің тұқым шаруашылығын қалыптастыру.

Жайылым типтері. Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймақтарын, жайылымдарын шартты түрде Арыс-Түркістан, Қызылқұм (Отырар), Қаратау (Созақ), Мойынқұм экологиялық аудандарға бөлуге болады.

Жоғарыдағы экологиялық аудандардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне, жайылым типтеріне, малды сумен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай малды күтіп-бағу технологиясының өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.

Жайылым типтерінің сипаттамасы [10]. Ақ жусанды жайылым тегіс және қыратты, сазды және құмдақ жерлерде кездеседі. Аралас өсімдіктер ішінде раң, бетеге, қоңырбас, сораң жиі кездеседі. Ақжусанды жайылымның орташа өнімділігі: көктемде – 1,5-2,1, жазда 2,5-3,0, күзде – 2,2-2,8, қыста – 1,5-2,1 ц/га. Ақжусанды жайылым негізінен күзде және қыста пайдаланылады.

Еркекті (шөл бидайықты) – ақжусанды жайылым сұр, құмдақ, сирек-сазды топырақты жерлерден орын алады. Аралас өсетін өсімдіктер ішінде бетеге, раң, арпаған, қоңырбас үлесі басым болады. Олардың өнімділігі көктемде – 1,7-2,5, жазда – 2,6-3,3 күзде – 2,6-3,2, қыста – 2,0-2,8 ц/га. Қолайлы жылдары жайылым шабындығынан 6 ц/га пішен орып алуға болады.

Қаражусанды жайылым шөл аймағының сұр, сұр-қоңырқай, сортаң топырақты жерлерінде көптеп кездеседі. Кей жерлерде ол ақжусанмен аралас ландшафт түзеді. Оның араларында раң, бетеге, қоңырбас, т.б. түрлі масақты өсімдіктер кездеседі.

Бүйіргенді-қаражусанды сортаң, сұр, қоңырқай топырақты жерлерге таралған. Мұндай жайылымда теріскен, изен жиі кездесіп, өсімдік қауымдас-тығына раң, боз, күйреуік араласады. Жайылымның өнімділігі көктемде – 1,3-1,8, жазда – 2,2-3,2, күзде – 2,5-3,7, қыста – 1,5-2,1 ц/га. Қолайлы жылдары шабындық жерлерден 6 ц/га пішен орып алуға болады.

Бозжусанды жайылым шөл аймақтың барлық жерлерінде кездеседі. Оның ішінде жусанның басқа түрлері, еркек, қоңырбас, раң, бетеге көптеп таралады. Жайылымның өнімділігі көктемде – 1,6-2,8, жазда – 2,83,3, күзде – 2,5-3,5, қыста – 1,7-2,0 ц/га. Бұл жайылымда мал тез қоңданып, күйекке дайындалады. Жаылымның өнімділігі: көктемде – 2,3-3,0, жазда – 2,8-3,5, күзде – 2,6-3,2, қыста – 1,5-2,5 ц/га.

Қоңырбасты-бозжусанды жайылым шөлде сұр, құмдақ, кейде сазды топырақты жерлерде таралған. Оның ішінде ақ жусанмен бірге раң, еркек, т.б. түрлі майда өсімдіктер болады. Жайылымның өнімділігі көктемде – 2,0-3,0, жазда – 2,5-3,3, күзде – 2,6-3,2, қыста – 1,5-2,3 ц/га. Жайылым негізінен күздік деп есептелгенмен кез-келген маусымда пайдалануға болады.

Күйреуікті-бозжусанды жайылым сұр-қоңырқай, қоңырқай, құмдақ және тақыр жерлерде кездеседі. Мұндағы аралас өсімдіктер жусанның басқа түрлерінен, сораң тұқымдастарынан, раң, бетегелерден тұрады. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,5-1,8, жазда – 2,2-3,2, күзде – 2,2,-2,7, қыста – 1,5-1,7 ц/га.

Теріскенді-бозжусанды жайылым сұр, сұр-қоңырқай құмды жоталы рельефті жерлерде кездеседі. Оның құрамында жусандардың басқа түрлері, теріскен, изен, еркек, т.б. майда шөптер өседі. Жайылымның өнімділігі; көк-темде – 1,9, жазда – 3,0, күзде – 2,2, қыста – 1,7 ц/га. Жайылым негізінен көк-темде – жаз маусымдарда пайдаланады. Ол қыстық жайылымға да жарайды.

Сексеуілді-бозжусанды жайылым жалды құмда, сұр-қоңырқай, тақыр жерлерде болады. Жайылымның өсімдіктері сексуіл, сораң туыстары (шеркез, шоғон), раң, қоңырбас, бетеге. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,8-1,9, жазда – 2,9-3,0, күзде – 2,5-2,7, қыста – 1,8-1,9 ц/га. Жайылым күз және қыс айларында пайдаланылады.

Боялышты-жусанды жайылым құмдақ, сазды және сортаң жерлерде кездеседі. Өсімдіктер қауымдастығында боялыш, әртүрлі жусандар, сораң туысты өсімдіктер, еркек, эфемерлер мен эфемероидтар орын алады. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 2,0, жазда – 3,0, күзде – 2,5, қыста – 1,8 ц/га.

Жусанды-кейреуікті жайылым сазды, құмдақ, қоңырқай, тақырлау топырақты жерлерден орын алады. Аты айтып тұрғандай, бұл жайылымда түрлі жусан мен сораң туыстары басым болып, раң, қоңырбас, бидайық сияқты өсімдіктер көптеп кездеседі. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,8-2,0, жазда – 2,0-2,4, күзде – 1,9-3,0, қыста – 1,3-2,4 ц/га. Жайылым көктем-күз аралығында пайдаланады. Бұл жайылым өсімдіктер түрінің басымдылығына қарай сексеуілді-кейреуікті, бозжусанды-сексеуілді топтарына бөлінеді. Олардың өнімділігі жусанды-кейреуікті жайылымның көрсеткіштеріне шамалас болады.

Бүйіргенді жайылым сазды, қиыршық құмдақ, сортаңды жерлерде кездеседі. Өсімдіктер қауымдастығында жусанды, ағаштәрізді сораң туыстыра басым болып, араларында жалпы шөл аймақтарына тән көптеген өсімдіктер түрлерінен тұрады. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,7-2,0, жазда – 2,8-3,3 күзде – 2,6-3,0, қыста – 1,8-2,5 ц/га. Жайылымды жыл бойы пайдалануға жарайды.

Қара жусанды-бүйіргенді жайылым сортаң топырақты жерлерге тән. Мұнда негізінен жусанның әр түрінен және бүйіргеннен, сораң туыстарынан тұратын өсімдіктер қауымдастығы орын алады. Жайылым өнімділігі көктемде – 1,5, жазда – 3,2, күзде – 3,7, қыста – 2,0 ц/га. Ол күз және қыс айларында пайдаланылады.

Теріскенді, еркекті-теріскенді жайылым құм, құмдақ, сазды топырақты алқаптарда кездеседі. Өсімдіктер қауымдастығын теріскен, шытыршық, жантақ, таспа, құм акациясы, т.б. құрайды. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 2,7, жазда – 3,0, күзде – 2,7, қыста – 2,1 ц/га.

Изенді-теріскенді, жусанды-теріскенді, раңды-сексеуілді, еркекті-боз-жусанды-сексеуілді жайылымдар негізінен жалды құмды топырақта кездеседі. Олардың өнімділігі жыл жағдайына қарай – 1,5-2,8, жазда – 2,8-3,0, күзде – 2,6-3,1, қыста – 1,5-1,9 ц/га аралығында болады.

Жусанды-жүзгінді-сексеуілді жайылым жалды құмда болады. Мұндағы өсімдіктер қауымдастығында жүзгін, шытыршық, таспа, раң, қоңырбас, т.б. басым. Жайылымның өнімділігі көктемде – 2,2-4,0, жазда – 2,5-3,8, күзде – 2,3-3,8, қыста – 1,8-2,6 ц/га.

Маусымдық жайылымның өнімділігі мен ботаникалық құрамы. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша шөл аймақтары жайылымының өнімділігі табиғи климаттық, маусымдық және мал жаю технологиясына байланысты өзгеріп тұратыны анықтаған. Т.И. Сарбасов, С.А. Абдраимов, Т.К. Рисимбетовтің [11,12] зерттеулерінде жайылымның өнімділігі қолайлы жылы қуаңшылық жылмен салыстырғанда 2,5-3,0 есе жоғары болғандығы туралы жазады. Қай жылы болмасын, жайылымның өнімділігі маусымдық өзгерістерге де ұшырап отырады.



















НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Табиғи шөл жайылымдарының малазықтық сипаттамасы


Шөл деп атмосферадан түскен ылғалдан булану нәтижесінде жоғалатын ылғал мөлшері әлденеше рет (2-3 еседен 20-дейін) артық болатын ауасы құрғақ та ыстық аймақтарды атайды. Республика көлемінде шөл аймағы солтүстік-батысында Нарынқұмнан басталып, Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау таулары, Үстірт, Бетпақдала, Тұран ойпатын қоса оңтүстігінде Қаратау жоталарымен аяқталаатын орасан зор жер көлемін алып жатыр.

Жалпы республика шөл аймағы солтүстік және оңтүстік подзоналарға бөлінеді. Табиғи жағдайларға байланысты шөл аймағының басым бөлігі солтүстік подзонада орналасқан, ал оңтүстік бөлігіне негізінен Қызылқұм өңірінің құмды шөлі кіреді.

Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарындағы шөл жайылымдарын шағыл топырақты құмдағы бұталы-ұшпатүршөпті (эфемерлі), сұрқай қоңыр гипстелген (тастақ) топырақты жерлердегі жартылай бұталы-ұшпатүршөпті, саздақ және тастақ шөкпетопырақты жерлердегі ұшпатүршөпті (эфемерлі) және сор топырақты жерлердің қараотты жайылымдар тобы деп бөлу қабылданған. Көрсетілген жайылымдар тобының әрқайсысы бір-бірінен табиғи өсімдіктерінің ботаникалық құрамы бойынша, сондай-ақ оларды құрайтын өсімдіктердің сандық қатынасы бойынша әртүрлі болып келетін көптеген жайылым түрлерінен (типтерінен) тұрады. Дегенмен жайылымдар тобына кіретін шөл жайылымдары түрлерінің малазықтық өнімділігі мен отының қоректілік құндылығы жөнінен айтарлықтай айырмашылығы болмайды.

Бұталы-ұшпатүршөпті жайылымдар тобы негізінен шағыл топырақты құмдағы шөлде тараған. Мұндай шөл жайылымдары республиканың оңтүстігіндегі Қызылқұм шөлінің 2 млн. га үлкен бөлігін алып жатыр. Мұнда өсетін табиғи өсімдіктердің алуан түрлілігіне қарамастан, барлық жайылым түрлеріндегі өсімдіктердің ең басты өкілдері ақ сексеуіл мен үрмебас раң болып табылады. Бұталы-ұшпатүршөпті жайылымдар басқалармен салыстырғанда ең көп мөлшерде көк масса береді. Мысалы, жаз мезгілінде сексеуілдің ине тәрізді бұтақтары жақсы жетіліп гектарына 6-7 ц дейін өнім береді.

Көрсетілген шөл жайылымдары жағдайында осынша мол өнімнен қойлар небәрі гектарынан 15-2,5 ц ғана шамасында құрғақ малазық массасын пайдаланады. Бұл бір жағынан сексеуілдің көк бұтақшалары қойдың бойы жетпейтін биікте болғандықтан, екінші жағынан сексеуілдің көк бұтақшаларын қойлар көктем мен жаз маусымдарында іс жүзінде азық ретінде пайдаланбайтығында.

Шөл жайылымдарының көрсетілген тобы түрлерінде ұшпатүршөптер (эфемерлер) мен құмда өсетін түрлі малазықтық өсімдіктер қаулап өсетін көктем мезгілінде қойлар негізінен раң, қоңырбас, келіншекбоз, тарақбоз, т.б. түрлі көк шөптермен қоректенеді. Ауа райы орташа шаруашылық жылдары осындай жайылымдардың көктемдегі барлық өнімділігі гектарына 4,62 ц құрғақ азық шамасында болса, жедірімділігі 35-40% шамасында болатындықтан қойлар нақты пайдаланатын жайылым отының орташа мөлшері гектарына – 1,65 ц болатыны анықталған.

Жаз мезгілінде – қойлар азығынан негізін құрғақ «хас» (жайылым өсімдіктерінің сынған, жерге түскен жапырақтары, бөліктері мен сабақтары) раңдар мен түршөптердің түрі ағарып қурағанмен, сабағында тұрған біршама бөліктері құрайды. Соынмен қатар жаз мезгілінде көгеріп тұратын жүзгін, сүттіген сияқты өсімдіктер қосымша азық ретінде пайдаланылады.

Бұл мезгілде жайылым отының негізгі бөлігін құрайтын ақ сексеуілдің иен жапырақтары мен бұтақшаларын қой жемейтіндіктен, жаз мезгіліндегі мал пайдаланатын жайылым оттылығы орта есеппен гектарына 1,37 ц құрғақ азықтан аспайды.

Күзде құм жайылымдары түрлілер тобының көпшілігінің мал пайдаланатын оты жартылай бұталар (дәндеген бұталар – сексеуіл, шоған және жартылай бұталы өсімдіктер – теріскен, сіңірен, т.б.), раңдар мен ұшпатүршөптердің қалдығынан құралады. Сондықтан көрсетілген жайылымдардың мал пайдаланатын малазықтық өнімділігі біршама жоғарылап (1,92 ц/га), барлық өнімділігінің (4,20 ц/га) жартысына жуығын құрайды.

Негізінен бұталы өсімдіктердің майда сабақтары, жартылай бұталардың жоғарғы ұшы мен жайылымның селеу сияқты ірі сабақты өсімдіктерін пайдаланатындықтан, қойлардың қыс мезгіліндегі жайылым рационы күз мезгіліндегіге ұқсас болады.

Жартылай бұталы-ұшпатүршөпті (эфемерлі) шөл жайылымдары негізінен сорлы жерлердегі (тұзды) жайылымдар мен құмды шөлден басқа жерлерде көптеп тараған. Көптеген жайылым түрлері республиканың оңтүстігі мен батысындағы шөл аймақтарының өте үлкен жер көлемін алып жатыр.

Қоршаған орта, ауа райы жағдайлары мен өскен топырағының айырмашылықтарына байланысты көптеген жайылым типтері мен комплекстерінен тұрады.

Бұл жайылымдардың басым бөлігінің малазықтық массасының негізін боз жусан құрайтындықтан, малазықтық өсімдіктердің басқа түрлерінің үлес салмағы 15-20%-дан аспайды, кейде көктемде ғана шөл раңының мөлшері 35-40% дейін жоғарылауы мүмкін. Жалпы ұшпатүршөпті жайылым оттарының ең жоғарғы өнімділігі көктемде, жусанды жайылымдар жаз бен күзде мол өнімді болатыны анықталған.

Жартылай бұталы-ұшпатүршөпті шөл жайылымдары түрлерінің ең жоғары өнімділігі оларды пайдаланудың жаз кезінің басында байқалып, орташа жылдық азық өнімділігі гектарына 5,77 ц құрғақ масса құрайды. Көрсетілген жайылым түрлерінің ең жоғары мал жейтін оттылығы көктемнің соңына таман болатыны анықталған. Сондай-ақ бұл жайылымдар өнімділігі жыл маусымдарында айтарлықтай көп өзгеріске ұшырамайтындықтан мал жыл бойы пайдалануға жарамды.

Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде ауа райы орта шаруашылық жылдарында мұндай жайылымдардың жалпы малазықтық өнімділігі гектарына 4,51 ц құрғақ азық, оның ішіндегі мал пайдаланатын өнім мөлшері 2,48 ц құрайтыны анықталған. Жалпы боз жусан көптеген шөл жайылымдарының қыс мезгіліндегі мал азығының негізі болып есептеледі.

Ұшпатүршөпті шөл жайылымдары негізінен онша көп болмағанымен шөл аймағы жартылай шөлге айналатын және тау етектерінің көп аймақтарында кездеседі.

Бұл жайылымдардың негізгі малазықтық өсімдіктері күн жылып көктем шыға салысымен ерте көктеп, жазғы ыстық басталысымен вегетациясын аяқтап, көпшілігінің қурай бастайтындығымен ерекшеленеді.

Жайылым отының негізін құрайтын көпжылдық өсімдік түрлеріне қарабас раң, қоңырбас жатады.

Келіншекбоз, тарақбоз, эгилопстар мен вульпиялар жайылым отының біршама бөлігін құрайды.

Кейбір жылдары малазықтық құндылығы жоғары болып есептелетін бұршақтектес астрагалдар тобына жататын нохетек көптеп кездеседі. Ұшпатүршөпті өсімдіктердің көктемгі вегетациясы шөл жайылымдарының басқа түрлерінен ерте, наурыз айының басы мен ортасынан басталады.

Алдымен қарабас раңдар мен қоңырбастар көктейді.

Мамырдың ортасына таман бұл жайылымдардың жасыл түсі өзгеріп, ерте шығатын өссімдіктер қурай бастайды. Мамырдың екінші жартысынан ары қарай ұшпатүршөпті өсімдіктердің қурағандары сынып, желге ұшып жайылым отының құрамынан шығып қалса, кейбірі сабағында қалып, мал азығы ретінде жаз бойы қалуға бейімделген.

Жалпы біржылдық өсімдіктер тез бұзылса, астықтектес өсімдіктер қысқа дейін сақталады, бұршақ тұқымдас біржылдық өсімдіктер қурағаннан кейін бір ай шамасында малазығы құрамынан шығып қалады.

Сондықтан мұндай жайылымдардың өнімділігі үздіксіз төмендей береді. Жалпы көрсетілген жайылымдардың ең мол өнімділігі көктемнің соңы мен жаздың бас мезгілінде барлық түрлі жайылым өсімдіктері өсіп жетілген маусымда болады. Бұл кездегі жалпы өнімділігі гектарына 6,70 ц құрғақ жайылым отын құрайды. Егер көктем мезгілінде жайылым отының 70% ерте көктемде өсетін эфемерлер құраса, жазға қарай 75% дейін ірі шөптерден тұрады. Ірі шөптердің массасы жоғары болатындықтан жазғы өнімділігі де біршама көтеріліп, гектарына 7,62 ц жетеді. Одан әрі қарай күзгі жайылым оттылығы күрт төмендеп, гектарына 3,08 ц шамасынан аспайды.

Бұл жайылымдарды қыста пайдалануға болмайды, себебі қар бетінде қылтиған ірі сабақтар мен қураған бұтақтардан басқа ешбір қой жейтін өсімдік таабу қинға соғады.





2.2 Әртүрлі шөл жайылымдары отының жыл маусымдарындағы химиялық құрамы, қоректік заттарының мөлшері мен малазықтық сыйымдылығы


Жайылымдағы қойларды толыққұнды азықтандырудың ең бірінші де қажетті шарты әртүрлі жайылымдардың табиғи өсімдіктері топыраққа өсетінін есте сақтай отырып, шөл жайылымдары кластарын кешенді малазықтық бағалау болып табылады. Бұл үшін жайылым отының құрамын, түрлі жайылым кластарында өсетін өсімдіктердегі қоректік заттар мөлшерін анықтап, оны малдардың қоректік заттармен қамтамасыз етілу нормасымен салыстыру қажет. Тек қана осындай жағдайда ғана шөл аймағында жұмыс жасайтын шаруашылық субъектілері шөлде өсірілетін ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттырып, өндірілетін өнім сапасын арттыруға мүмкіндік туады.

Жайылым оттарының барлығы да көктемнің соңына таман оттылығы барынша жетілген мезгілде ботаникалық құрамына байланысты ылғалдылығы 60,8-68,7% болады. Одан әрі қарай жайылым оты құрамындағы ұшпатүршөптер мен майда өсімдіктер қурауына байланысты жайылым оттарының ылғалдылығы күрт төмендеп, орта есеппен 31,5-35,7% шамасын құрайды. Жаз мезгіліндегі жайылым отының ылғалдылығы құрамындағы сөлді қараоттар мен күзгі-қысқы маусымдарда түскен атмосфералық ылғалға тікелей байланысты болады. Көктем мезігілінде барлық түрлі жайылым кластары оттарының құрамында протеин мөлшері мол болып (6,2-8,9%), одан кейінгі маусымдарда біртіндеп төмендей бастайды.

Жайылым отының көпшілігінің құрамындағы май мөлшері керісінше көктемгі мезгілмен салыстырғанда (1,5-2,0%) жаз және күз маусымдарында біршама көтеріліп 2,5-3,4% құраса, қысқа қарай 1,0-1,6% дейін төмендейді.

Көктемдегі жас көк шөптің құрамында клетчатка өте аз (6,8-8,3%) болып, шөп қатайып пісуіне байланысты жаз және күз мезгілінде 20,24% құраса, қысқы жайылым отының құрамындағы клетчатка мөлшері 35% жетеді. Көктемгі жайылым отының барлық түрінің құрамындағы азотсыз экстрактивті заттар мөлшері 12-15% аспайды. Себебі бұл кезде олардың құрамында азотты заттар жеткілікті болады. Жайылым оты пісуіне байланысты олардың мөлшері де молайып, 30-40% дейін жетеді.

Шөл жайылымдары отының құрамындағы күлді элементтер мөлшері 5,9-6,5% шамасында болса, таза эфемерлі өсімдіктерден тұратын шөл жайылымдары отының құрамында небәрі 1,6% мөлшерінде болатынын ескеріп, мұндай жайылымдардағы малдарға қосымша минералды заттар қажет екенін ескерте кету керек.





Шөл жайылымдары негізгі кластары оттарының химиялық құрамы мен олардың маусымдық динамикасы, % есебімен


Шөл жайылымдарының кластары мен типтері

Жыл маусымдары

Табиғи ылғалдылықтағы жайылым

оттарының химиялық құрамы, %

су

протеин

май

клетчатка

АЭЗ

Күл

І.Шағыл топырақты жал-бұйратты құмдағы шөл жайылымдары (бозжусанды-раңды сексеуілді жайылым оты)

көктем

64,7

6,2

0,6

7,8

14,8

5,9

жаз

31,5

7,9

2,9

20,1

31,5

6,1

күз

20,3

6,5

2,2

23,0

43,5

4,5

қыс

21,4

4,9

1,8

34,9

33,6

3,4

ІІ.Жазықтағы сұрқай қоңыр топырақты гипстелген (тастақ) шөл жайылымдары (бозжусанды-күйреуікті-түрлішөпті жайылым оты)

көктем

61,7

8,1

1,3

8,2

14,5

6,2

жаз

34,4

10,3

2,0

17,9

32,0

3,4

күз

32,5

10,0

3,4

23,2

27,0

3,9

қыс

29,7

5,1

1,6

28,5

32,9

2,2

ІІІ.Жазықтағы тақыр тектес топырақты саздақ шөл жайылымдары (жусанды қараотты-түрлі шөпті жайылым оты)

көктем

60,8

8,2

1,5

8,3

14,7

6,5

жаз

35,7

10,6

2,1

17,5

30,2

3,9

күз

31,3

10,3

3,5

22,2

27,9

2,7

қыс

33,6

5,2

1,7

27,3

29,5

2,7

ІV.Тау бөктеріндегі сұрғылт топырақты шөл жайылымдары (қоңырбасты-раңды түршөпаралас жайылым оты)

көктем

68,7

8,9

2,0

6,8

12,0

1,6

жаз

32,8

7,7

2,3

23,2

29,3

4,7

күз

26,7

5,2

2,0

24,1

39,2

2,8

қыс

35,3

3,0

1,0

21,6

37,1

2,0


Мал азықтандыру тәжірибесінде пайдалануға тиімді болу үшін жайылым кластары мен типтері отының жыл мезгілдеріндегі химиялық құрамы мен қоректілік құндылығы табиғи ылғалдылықта келтіріледі (5-кесте).

Көктем мезгілінде жайылым кластары мен мен типтеріне байланысты табиғи ылғалдылықтағы 1 кг жайылым отының қоректілігі 0,29-0,38 кг малазық бірлігі, 3,20-4,61 МДж АЭ және 37-53 кг қорытылатын протеин мөлшерінде болады.








Жайылым кластары отының жыл маусымдарындағы пайдаланылатын малазықтық өнімділігі, қоректік заттар шығымы мен азықтық сыйымдылығы


Көрсетілген жайылым кластары алғашқысының орташа маусымдық малазықтық сыйымдылығы гектарына 1,42 бас, кейінгісі 1,64 бас қой болса, осындай жайылымдар көп жағдайда жыл бойы пайдаланған жағдайда олардың малазықтық сыйымдылығы әлдеқайда төмендеп, гектарына сәйкесінше 0,35 және 0,40 бас шамасында ғана немесе әр бас қой үшін 2,85 және 2,50 га жайылымдық жер қажет болатынын ескеру қажет.


2.3 Мал азығының биологиялық құнарлылығы: химиялық құрамы, желінуі мен қорытылуы; энергетикалық, протеиндік, көмірсулық, минералдық және витаминдік құнарлылығы


Химиялық құрамы. Мал азығының химиялық құрамындағы жануарлар тіршілігіне қажетті физиологиялық қызмет атқаратын, энергетикалық, қоректік (органикалық, минералдық, биологиялық әсерлі заттар) заттардың мөлшерін анықтаудың зор маңызы бар.

Мал тіршілігін жан-жақты қамтамасыз ететін қоректік заттарды төмендегі сызба бойынша анықтайды.

Азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар түзілуіне жұмсалады. Мал организміндегі барлық биохимиялық процестер судың қатысуымен өтеді [16, 17, 18, 19, 20, 21, 22].

Су (ылғал) өсімдік пен мал денесінде, біріншіден олардың түріне, вегета-циялық кезеңіне, қоршаған орта факторларына байланысты болса, екіншіден малдың түріне, жасына, т.б. факторларға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, көктемдегі жайылым шөбінінің ылғалдылығы 80-85% болса, өсе келе оның құрамындағы су 50-60% дейін азаяды. Кептірілген пішеннің ылғалдылығы 15-17%. Жас малдың денесіндегі су 70-80%, есейгенде 50-60% төмендейді.

Организмдегі судың басым бөлігі физикалық тұрғыдан бос су, ал қалғаны коллоидті ақуызбен, иондармен және молекулалармен байланған түрінде кездеседі.

Протеин тіршілікке аса қажетті қоректік зат тобына жатады. Ол жануарлар денесінің 45%, ал кейбір мүшелердің 85% құрайтын негізгі құрылымдық қосынды.

Өсімдіктер протеині негізінен дәнде, гүлде, жапырағында жиналады. Бұршақты дәндерде протеиннің мөлшері 35-45%. Жоңышқа жапырағында ол 24%, сабағында 10%-ға дейін болады.

Протеин мал организміне азықпен, үздіксіз жеткізіліп тұруы қажет. Өйткені ол денедегі белок алмасуын қамтамасыз етіп, жас малдың өсуіне, ал ересектерінің белогын жаңалап, сүт, жүн, т.б. өнімдердің түзілуіне керек. Белоктар негізгі құрылымдық қосынды болумен қатар ферменттер, гормондар мен иммундық заттар құрамында зат алмасуын реттейтін қызмет атқарып, биохимиялық үрдіске белсенді әсер етеді.

Белок аминқышқылдардың полипептидтік қосындылары. Химиялық құра-мы жағынан протеиндер мен протеидтерге бөлінеді. Протеиндер пептидтік байланыспен қосылған табиғи (альфа) аминқышқылдарының қалдықтарынан құралған қарапайым белоктарға жатады. Протеинді суда және тұзда ерігіштігі бойынша альбуминдер, глобулиндер, т.б. тобына бөледі. Протеидтер қарапайым белоктар, протеиндердің басқа да простетикалық тобының қосындылармен біріккен белоктар.

Амидтер «шикі» протеиннің ішіне кіреді. Оларға нуклеин қышқылдары, азотты глюкозиттер, органикалық негіздер мен аминдер, нитраттар, пуриндер, т.б. жатады.

Аминқышқылдардың молекуласы органикалық қышқыл мен амин тобынан тұрады. Қазіргі таңда 200 амин қышқылы белгілі болса, олардың 20 ғана белок құрамын кіреді. Мал организмінде тек олардың жартысы түзілетін болғандықтан, қалған жартысын міндетті түрде желінген азықпен жеткізілуі шарт.

Нуклеин қышқылдары азық құрамындағы биомассаның жалпы азотының 10-13% құрайды. Олардың мал организміне көп түскенінің пайдасы жоқ. Сондықтан құрама жемдегі өзіндік салмағын 8-10% асырмау керек.

Майлар жануарлар организмінде протоплазмалық және қорлық болып бөлінеді. Көк шөп протоплазмасында липидтер 0,1-0,3%, астық тұқымдастар дәнінде қорлық липидтер – 2-3% болады. Биологиялық тұрғыдан маңызды болып келетін фосфолипидтер немесе фосфаридтер жасушаның белок құрамына кіріп, басқа майлармен бірге жасуша қабығының майлы қабатын құрастырады.

Көмірсулар өсімдіктің органикалық затының 80% құрайтындықтан, жемшөптегі негізгі энергетикалық қуаттылықтың көзі болып табылады. Көмірсулар майлар мен протеиндер алмасуы мен месқарын микрофлорасының санының көбеюіне ықпал етеді. Месқарынан қанға энергия және сүт түзуіне қатысады. Олардың мөлшері желінген жемшөпке байланысты өзгереді. Көмірсулардың химиялық құрамы мен зат алмасуындағы қызметі алуан түрлі. Мысалы, полисахаридке жататын целлюлозаны («шикі» жасұнық) қорытатын фермент асқазан сөлінде болмайтындықтан, оны микрофлора ферменттері ыдыратады. Қой мен сиыр желінген жемшөп жасұнығы месқарында 50-90% қорытылады.

Азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) өсімдіктердің бір-екі молекулалы қанттары және көп молекулалы крахмалдармен тез еритін декстрин, пектиндер жатады. Мысалы, арпа дәнінің 70,0% АЭЗ болса, оның 51,0% крахмалдың, 3,1% қанттардың үлесіне тиеді. Крахмал жылы суда еріп, гидролизденгенде оның 1 грамы 17,56 кДж энергия бөліп шығады.

Минералды заттардың құрамында шаң, тозаң сияқты қалдықтар болғандықтан, «шикі» күл деп аталады. Минералды заттар макро- және микроэлементтерге бөлінеді.

Биологиялық маңызды макроэлементтерге – Cа, F, Na, Mg, P, S, Cl, микроэлементтерге – Fe, Cu, Mn, Zn, Co, I жатады.

Кальций минералды заттардың ішіндегі мал денесінде көп шоғырланады (сүйек пен тісте 99%). Кальций сүйектің қалыптасуына, сүт түзілуіне, қан ұюына ықпал етумен қатар көптеген физиологиялық үрдістерге қатысады. Кальцийдің мал организміндегі алмасуы фосформен тығыз байланысты. Мал азығында фосфор жетіспеген жағдайда сүйек минералсызданып, остео-маляция, рахит ауруларына душар болады.

Калий, натрий, хлор элементтері организмдегі биологиялық сұйыктықтың осмостық қысымын, қышқылдық-сілтілік қатынасын қалыптастырады.

Күкірт метионин, цистин, цистеин сияқты аминқышқылдардың құрамында түрлі метаболизмдік процестерге қатысады.

Магнийдің алмасуы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты. Ол көптеген ферменттердің қызметін күшейтіп, көмірсулардың алмасуына, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті ұстауында маңызды рөл атқарады.

Темірдің организмдегі физиологиялық маңыздылығы оның гемоглобин-мен байланыстылығының арқасында жасуша алмасуына оттегі жеткізеді.

Мыс, кобальт, марганец, мырыш, йод, т.б. микроэлементтері жеке өзіндік және ұқсастық функцияларымен ерекшеленіп, организмдегі зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады.

Витаминдер мал азығында өте аз мөлшерде болғанымен, жануарлардың тіршілігін қамтамасыз ететін биологиялық активті заттарға жатады. Витаминдер организмде түзілмейтіндіктен желінген азықпен жеткізілуі тиіс. Оларлың жетіспеушілігінен мал түрлі ауруларға шалдығып, жас малдың өсуі тежеліп, салмақ қосуы азаяды. Олар биологиялық катализатор есебінде организмдегі зат алмасу процесіне әсер етеді.

Мал азығының құрамында витаминдерден басқа бірқатар биологиялық әсерлі заттар болады. Олар қорытылған қоректік заттардың тотығуына жағдай туғызып, зат алмасу процестерін оңтайлатады (гормон тәрізді заттар, ферменттер, антибиотиктер).

Мал азығының желінуі, қорытылуы. Мал азығының химиялық құрамындағы қоректік заттар қорытылған соң, қанға сіңіп тіршілік қажеттілігі мен өнім өндіруге пайдаланылады. Мал азығының өнімділік потенциалы оның желіну мөлшеріне қарай өзгереді.

Г. Богдановтың [23] пайымдауынша, азық өнімдік потенциалының 70% желінуіне, ал қалған 30% қорытылуына тәуелді келеді.

Азықтың желінуі мен оның қуаттылығы арасында тығыз байланыстылық байқалады. Малға берілген азық құрғақ затындағы энергия деңгейінің өсуі оның желіну көлемін шектейді. Құрғақ заттың қоректілік құндылығының жоғарылауы малдың энергияға мұқтаждығын қамтамасыз етуге жұмсалатын көлемін азайтады.

Жайылымда шөптің желінуі өсімдіктердің ботаникалық құрамына, өнімділігіне, маусымдық жағдайға, малдың жасына, салмағына, жайып-бағу, ас қорыту режимдеріне, т.б. байланысты өзгеріп отырады. Өз кезегінде азықтың жалпы энергиясының алмасу энергиясына айналуы оның көлемін анықтап, желінуіне тікелей ықпал етеді [24, 25].

Мал азының желінуі өнімдік потенциялын айғақтайтын негізгі фактор болғанымен, ол азықтың мал денесіндегі жалпы пайдаланымына тікелей коррелятивтік ықпал етпейді. Оған қоректік заттардың қорытылуымен қатар басқа жағдайлар әсерін тигізеді. Г. Богдановтың мәліметі бойынша малдың тіршілігіне, өніміне жұмсалатын алмасу энергиясының мөлшері оның желінген құрғақ затының жоғарылану дәрежесіне тәуелді өзгереді [23].

Мал азығының құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесі өскен сайын оның күйісті мал тіршілігін қамтамасыз етуге пайдаланымы 66%-дан 78% дейін, дене салмақ қосымына 33%-дан 66%-ға жоғарылайтыны, ал сүт өндіруге азық құрғақ затындағы алмасу энергиясының 10-12 МДж болуы тиімді болғанын көрсетеді.

Қоректік заттардың қорытылуы. Желінген жемшөп қоректік заттары-ның қорытылуы ауыз қуысында шайналып, сілекеймен ылғалданып, оның құрамындағы амилаза ферменті крахмалды ыдырата бастайды. Жұтылған массаға қарында протеинді ыдырататын ферменттер әсер етеді. Қарын сөлінің және микрофлоралар әсерінен бөртіп-борсыған азық (химус) он екі елі ішекке өтерде панкраттық сөл бауыр өтімен араласа майлы ыдыратуға қатысады. Ащы ішекте протеиндер – аминқышқылына, майлар – май қышқы-лы мен глицеринге, көмірсулар – глюкоза, фруктозаға дейін ыдыратылып, олар қан мен лимфаға сіңіріледі. Толық ыдырамаған қалдықтар тоқ ішекке өтіп, сыртқа шығарылады [24].

Ас қорыту процесі барысында химусты көптеген физиологиялық және биохимиялық өзгерістер өрістейді де, малдың өзі қорыта алмайтын өсімдік жасұнығы жеңіл қорытылатын көмірсулардың ашытылуынан күйісті малдың негізгі энергия көзі болып табылатын сүт, майлы, пропион сияқты ұшпалы май қышқылы пайда болады (ҰМҚ). Олар қарыннан тікелей қанға сіңіріліп, энергетикалық алмасу мен өнім түзуіне жұмсалады.

Мал азығын құрамындағы қоректік заттардың қорытылуы арнайы физиологиялық тәжірибелермен анықталады. Тәжірбеде желінге азық пен шыққан тезектің үлгілерінен сынама алып, химиялық құрамын анықтайды. Олардың  желінген жемшөбінің және тезегінің салмағын білген соң, химиялық құрамын есепке ала отырып малдың жеген қоректік заттары (ҚЗ) мен қорытылмай шыққанының айырмашылығын бойынша қорытылу коэффициен-ті есептеліп шығарылады.

Азықтың энергетикалық құндылығын энергия сақталу заңдылығы негізінде қарастырылып, ыдыратуға жұмсалатын жылу оның түзілісінде пайда болған жылуға тең келгендігі энергия балансы түрінде есептелінеді. Мұнда қоректік заттардың макроэнергетикалық қосындыларының жылу өндіру мен өнімге айналуы (конверсияланғандығы) ескеріледі.

Ас қорыту барысында азықпен енген энергияны жалпы немесе брутто  (ЖЭ, БЭ) энергия, ал одан қорытылмаған энергияны алып тастағанда қоректік заттар энергиясына (ҚЭ) тиесілі болады. Қорытылған энергиядан ішекгаздары мен термен шығатын энергиясы (АЭ) қалады.

Азықтандыру деңгейінің толыққандылығы, мал тіршілігін қамтамасыз ету мен өнім түзуіне толық жететін болуы керек. Бірінші кезекте қорытылған протеин жеткілікті болғаны абзал. Жалпы мал өнімділігіне АЭ мен ЭПҚ әсері 80-90% аралығында, ал қалған 10-20% азықтандырудың минералдық, витаминдік құнарлылығына тиесілі болады.

Азықтың протеиндік құнарлылығы желінген жемшөптің азотты қосындылары мал денесі мен өнімдерінің азотты қосындыларына айналу дәрежесімен бағаланады. Желінген азық протеиннің 98% қанға аминқышқылдар түрінде сіңіріледі. Алмастыруға болмайтын аминқышқылдар көбірек сіңірілсе протеиннің құндылығы жоғарылай береді. Протеиннің биологиялық бағалау үшін стандарт (100%) ретінде сиыр сүті мен тауық жұмыртқасы белогының аминқышқылдары салыстырады. Протеин құрамындағы аминқышқылдар белок түріне қарай өзгереді.

Қорытылған протеиннің бір салмақтық өлшеміне қорытылатын азотсыз заттар қосындысының (көмірсулар мен майдың) 6-8 салмақтық бөлігі келсе протеиндік қатынасы орташа, яғни нормалық деп есептелінеді. Жоғарыда-ғылар қатынасы 6-дан аз болса – тар, ал 8-ден артса кең деп аталынады. Протеиннің ара қатынасы бұзылып, организм энергетикалық мұқтаждығы қорытылған азотсыз заттар арқылы қамтамасыз етілмеген жағдайда қорытылған протеин энергетикалық мақсатқа тиімсіз жұмсалып, одан түзілетін белок (өнім) азаяды.

Азық көмірсулық құнарлылығын азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) мен  «шикі» жасұнық тобына кіретін химиялық құрамы, қорытылуы мен қуаттылығы жағынан бір-бірінен өзгешеленетін түрлі қанттар, крахмал, лигнин, т.б. бойынша бағаланады.Көп молекулалы қанттар ас қорыту барысында тез еріп, жылдам ыдырап қанға сіңіріліп, энергия көзі ретінде пайдаланады. Қант түрінде байланған энергия ас қорыту барысында босатылып, малдың тіршілік қажеттілігіне: дене жылуын сақтауға, бұлшық еттердің жұмыс атқаруға, өнім өндіруге, т.б. жұмсалады. 1 г қант ыдырағанда 17,17 кДж энергия босайды да, мал ас қорытуының физиологиялық қажеттілігіне жұмсайды.

Мүйізді ірі қара мал азығының құрғақ затында 15-20% жасұнық болғанда ғана ас қорыту жолдары толып, желінген азық белгілі жылдамдықпен өтіп, микробиологиялық үрдістің өрістеуін қамтамасыз етеді. Месқарын микро-организмдері тез өсіп, көбейіп, ыдыраған аммиак азотын жақсы игеруі үшін қант-протеиндің қатынас (ҚПҚ) 0,8-1,2;1 аралығында болғаны оптималды деп есептелінеді.Азықтың липидтік құнарлылығы азық майларының энергетикалық қуаттылығы жағынан басқа қоректік заттардан анағұрлым (2,25 есе) жоғары болады. Көмірсулар мен протеиннің 1 г тотыққанда 17,1 кДж энергия бөлінсе, майдың 1 г тотыққанда 38,96 кДж энергия бөлінеді. Азық майы мал тәбетін ашып, ас қорытуын жақсартып, ішекте қоректік заттардың сіңімділігін арттырады. А. Емельяновтың дерегі бойынша мал азығының 1 кг құрғақ затында шамамен 4-5 г май жеткізіліп, жемшөп алмасу энергиясының 4-5% құрайды.

Ас қорыту барысында майлар энергияға айналғанмен, оның біраз бөлігі май түрінде жеткізілуі керек.

Малдың майға мұқтаждығы өмірінің алғашқы күндері өте жоғары болса, өсе келе төмендей бастайды.Азықтық минералдық құнарлылығы организмге олар қажетті мөлшерде және оңтайлы арақатынаста болатын жоғарыдағы айтылған макро- және микроэлементтер.

Минералды заттар организмде құрылымдық және алуан түрлі физиологиялық-биохимиялық қызметтер атқарады.

Малды дұрыс азықтандырмаудан зат алмасуы бұзылып, рН көрсеткіші 7,43 жоғарылауы алкалаз, ал 7,78-ден төмендеуі ацидозға ұшыратады. Желінген азық реакцияның мал денесінде қан, лимфа, сілекей секілді сұйықтардың реакциясына сәйкес рН=7,2-7,4 аралығында болуы керек. Қышқылдық-сілтілік қатынасы организмдегі элементтердің арақатынасын қадағалайды. Айталық, су алмасуында натрий мен калийдің ара қатынасы 0,4 : 0,5, ал сүйек қалыптасуына қатысатын кальций мен фосфор ара қатынасы 2:1 аралығында болуы тиіс.Оңтайлы арақатынастары бұзылған жағдайда олардың сіңіріліп, пайдалануы нашарлап, желінген азықпен, қоспалармен артық жеткізілгенмен олардың жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Сондықтан төл рахитке, сақа мал – остеопороз бен остеомаляцияға жиі шалдығады.

Азықтың витаминдік құнарлылығы зат алмасу барысында бүкіл тотығу-тотықсыздану реакцияларды реттеу арқылы қоректік заттардың қосындыларын ыдыратуға зор әсер етеді. Малды витаминдермен қамтамасыз етудің ыңғайлы жолы минералды-витаминді, белокты-витаминді-минералды қосындылар мен премиксті пайдаланған жөн.

Витаминдер ферменттердің химиялық әсерлілігін жоғарылататын коферменттердің құрамына кіреді. Қажетті коферменттердің дер кізнде құрылмауынан витаминдердің белсенділігі нашардап, организмдегі зат алмасуы тежеліп, мал организмінде алиментар мен гипо- және автоминоздар дамып, түрлі ауруларға шалдығады.

Азықтық биологиялық әсерлі заттар гормондар мен ферменттердің құрылымына кіріп, организмдегі буферлік тепе-теңдік сақтауға және метаэнзимдер қызметіне қатысып, белсенділік функциялар атқарады.Мал шаруашылығында көп жағдайда ірі жемшөптің қоректілігін жоғарылатуда микробтық қоспалар қолданылады. Олар ыдыратушылық қасиеттеріне қарай амилолитикалық, протеотикалық, целлюлозалық топтарына бөлінеді.

Азықтың қоректілігін кешенді бағалауда мал азығының биологиялық тұрғыдан сапалық көрсеткіштері болып табылатын энергетикалық, протеиндік, майлық, көмірсулық, минералдық, витаминдік және биологиялық құнарлы-лығымен пайдаланады. Азықтың жоғарыда келтірілген сапалы көрсеткіш-терінің жетіспеушілігінен түрлі ауруларға ұшыраған малдың сыртқы, клиникалық белгілері әбден нашарлағанда ғана белгілі болатындығын ескеріп, жемшөптің құндылығы мен сапасын мұқият қадағалау қажет.Қоректік заттар мен минералдық элементтердің, витаминдердің мал азығындағы мөлшерін қанның құрамын тексеру арқылы білуге болады.

Малды дұрыс азықтандырылғанын оның сыртқы белгілерінен байқауға болады. Бұл әсіресе биогеохимиялық, эпизоотиялық аймақтарда туындайтын эндемикалық аурулардан сезіледі.

Малға желінген азық қосындыларын өнімге айналдыру (конверсиялау) үшін азықтың жалпы, яғни энергетикалық қуаттылығымен қатар сапалық көрсеткіштерін жете қадағалап, қоректік заттардың тиімді игерілеуіне ықпал етуге болады.

Малды азықтандырудың тиімділігі өндірілген өнім (сүт, ет, жұмыртқа, төл, жұмыс секілді) бірлігімен өлшенеді. Неғұрлым аз азық шығынымен мол және сапалы өнім өндірілсе оның өзіндік құны азайып мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі артады.




































3 Зерттеу нӘТИЖЕЛЕРІ


3.1 Жайылым отының малазықтық өнімділігі, химиялық құрамы мен қоректілігі


Шөл жайылымдары отының малазықтық өнімділігін көлемі белгілі алаңшаның ішіндегі табиғи өсімдіктерді орып алу әдісімен анықтайды. Ол үшін алдымен жайылым типін анықтап алып, жері бірқалыпты да тегіс болса тексерілетін жайылым түрін толық сипаттайтын ені 2 м, ұзындығы 200 м (аумағы 400 шаршы метр) трансект салу қажет. Егер жайылымдық жер ойлы-қырлы, өсімдігі ірі бұталы болған жағдайда салынған трансект өлшемінің ені 4 м, ұзындығы 300-400 м (1200-1600 шаршы метр) кем болмауға тиіс. Трансект ішіне енген барлық бұта түптерін ірі, орта, кіші, жас бұта, қураған, қурамаған, т.б. бөліктерге жіктеп, есепке алынады. Әр кластан үш түп бұтаның мал жейтін өнімін бір қалтаға салу қажет. Жайылым өнімділігін анықтау үшін салынатын трансект саны онда өскен жайылым отының біркелкілігіне байланысты болуы керек. Салынған трансект ішінен таңдаусыз, кез келген жерден 10 шаршы м жердің шөбі орылып алынуы керек. Бұл жағдайдағы өлшенетін жердегі алаңшаның көлемі 1м х 1м болса 10 алаңшаның өнімділігі, 2,5м х 1м болса 4 рет өлшенуі керек. Орып алынған жайылым отының бастапқы ылғалдылығын анықтау үшін оның салмағын орып алысымен өлшеп, анықтау қажет.

Негізінен жайылым оты өсімдік түрлеріне жіктеліп, соңынан барлық топтардың жалпы салмағын қосып, жайылымдық жердің жалпы малазықтық өнімділігі гектарынан алынатын центнер малазықтық құрғақ зат түрінде анықталады. Жусан, күйреуік, жантақ сияқты ірі сабақты жартылай бұталы табиғи жайылым өсімдіктері 8-10 см биіктіктен, шөптесін ұшпатүршөпті (эфемерлі) өсімдіктер жерден 1-2 см жоғары қырқылып алынуы керек.

Шөл жайылымдарының негізгі кластары мен типтерінің жыл маусымдары және орташа жылдық пайдаланылу деңгейінің көрсеткіштерін (7-кестені) қолдану арқылы құрғақ жайылым отының мал нақты пайдаланатын өнімділігін анықтайды.

Жайылым отының химиялық құрамы мен қоректілік құндылығын анықтау үшін лабораторияға жіберілетін шөп үлгісін (мөлшері орта есеппен 1,5-2 кг) даярлау үшін жалпы алаңшадан орылып алынған барлық шөптерді брезент төсеніштің үстіне жазып, жақсылап араластыру қажет. Осы шөптің 10 жерінен 150-500 граммнан жинап, лабораториялық талдау жасалатын үлгі даярланады. Шөп үлгісін жұқа матадан, дәкеден жасалған қалтаға салып, қай жерден, қашан алынғанын, жайылым отының типін, бастапқы салмағы көрсетілген қағаз жазылып, лабораторияға жөнелтіледі.

Лабораторияға жеткізілген табиғи өсімдіктер мен жалпы жайылым отының үлгілері негізінен қандай өсімдік түрлерінен тұратынына байланысты жеке фракцияларға жіктеліп (астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, түршөптер, раңдар), ботаникалық құрамы анықталады (1,2-сурет). Өсімдіктер фракцияларының массасы (салмағы) құрғақ заты бойынша есептелінеді.


Құрамы мен қоректілігін анықтау үшін лабораторияға жеткізілген жайылымның табиғи өсімдіктерінен тұратын жайылым оттары жалпы қабылданған ретпен талдау жұмыстарын жүргізуге даярланады. Олардың химиялық құрамы зоотехникалық талдау әдістемелеріне сәйкес (Методические рекомендации по изучению состава и питательности кормов СССР. – ВАСХНИЛ. –М.: 1985; Зоотехнический анализ кормов. –М.: Колос, 1982; Справочник лаборанта-химика по анализу кормов. –М.: Россельхозиздат, 1986) және жекелеген қоректік және минералдық заттарды анықтаудың мемлекеттік стандарттары бойынша анықталады. Жайылым отының азық бірлігі түрінде көрсетілетін жалпы қорекілігі азықтың нақты анықталған химиялық құрамы мен қоректік заттарының қорытылу коэффициенттерін пайдалану жолымен олардың май байлану көрсеткіштері бойынша, айналу энергиясы ВАСХНИЛ формуласы (1985) арқылы анықталады.

Мал азығына сапасын анықтау малдарда толыққұнды азықтандыруды ұйымдастыру, оларға тиімді рацион құрау арқылы өнімділігін арттыру үшін қажет.

Қазіргі уақытта бұрын жұмыс істеген агрохимиялық қызмет көрсететін ұйымдардың тарқап кетуіне байланысты өндірілетін жемшөптің құрамы мен қоректілігі туралы мәлімет болмағандықтан қолда бар мал азығы тиімсіз пайдаланып, қажетті мөлшерін анықтау мүмкін болмай қалды.

Жемшөп сапасының жоғары болғаны малға қажетті азық мөлшерін нормалап, олардан мол өнім алудың негізі екені белгілі.

Дүние жүзіне белгілі ғалым М.Ф. Иванов «Азықтар мен азықтандыру дәрежесі мал ағзасының сыртқы және ішкі кұрылысына, оның өнімділігіне зор әсер етеді. Мал азығы мен азықтандыру мал организміне олардың шыққан ата-тегінен де анағұрлым күшті әсер етеді» деп жазған.

Мал азығының қоректілігі олардың түріне, өсірілу жағдайына, өсу фазасына, ору мерзімі мен дайындау технологиясы сияқты көптеген факторларға байланысты. Мал азығының желінуі, қорытылуы, зат алмасуы олардың сапасына тікелей байланысты және одан мал өнімділігі мен сапасы баланысты болатыны белгілі.

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау лабораториясында республиканың оңтүстік аймақтарында өндірілген әр түрлі мал мен азықтарының сапасына байланысты құрамы мен қоректілігі анықталды.

Лабораториялық талдау жасау үшін жеткізілген малазық түрлері Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Отырар аудандарының далалы аймақтарынан және шаруашылықтарынан алынған. Жасалынған химиялық талдаулар жалпы кабылданған әдістемелермен жүргізіледі.

Жұмыс бағдарламасына сәйкес Қызылқұм аймағы (ОҚО Отырар ауданы), солтүстік шөл аймағы (ОҚО Созақ ауданы) мал азықтық өсімдіктері мен жалпы жайылым түрлері оттарының химиялық құрамы мен қоректілік құндылығы анықталып, азық кестесі түрінде рәсімделеді.

Лабораторияның жұмысы ауыл шаруашылығы малдарының өнімдерінің химиялық құрамын анықтау арқылы оның сапасын анықтау болып табылады. Өндірістік практиканы өткізу үшін «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау лабораториясына жолдамамен өз уақытында келіп, жалпы ғылыми мекеменің жұмысымен, оның ішінде орталық лаборатория жұмыс тәртібімен таныстық.

Сонымен қатар лабораторияның басты жұмыстарының бірі ауыл шаруашылығы дақылдарының құрамы мен құндылығын анықтау.

Ғылыми-өндірістік Орталықтың лабораториясы қазіргі заманғы лабораториялық қондырғылармен толық жабдықталған. Мал азықтарының химиялық құрамы FOSS NIRS DS2500 (Швеция) № 91714226 сериялы (2011 жылы шығарылған) анализаторы құрылғысымен зерттелді (3-сурет).

Алдымен лабораторияда жұмыс істеудің адам өмірі үшін қауіпсіздігі ережелерімен таныстық.

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Отырар аудандарының далалы аймақтарынан және шаруашылықтарынан алынған малазық түрлерінің химиялық құрамы мен құндылығы анықталды (6-кесте).

Кестедегі мәліметтерде келтірілгендей Отырар ауданынан 25 жайылым өсімдік түрлері, Созақ ауданынан 23 жайылым өсімдік түрлері жиналып алынды. Әр өсімдікке сипаттама жасылып, олардың вегетациялық кезеңін анықтадық.

Зертханалық талдау жүргізу барысында жайылым өсімдіктері арнайы құрылғымен ұсақталып, оларды анализаторға салу үшін арнайы қалталарға салынып, этикетка дайындалды (2-сурет).

Алынған үлгілер жеке-жеке FOSS NIRS DS2500 (Швеция) № 91714226 сериялы (2011 жылы шығарылған) анализаторы құрылғысымен зерттелді.

































2-сурет. Табиғи өсімдіктер мен жалпы жайылым отының үлгілері
















ҚОРЫТЫНДЫ

Мал азығының қоректілігі олардың түріне, өсірілу жағдайына, өсу фазасына, ору мерзімі мен дайындау технологиясы сияқты көптеген факторларға байланысты. Мал азығының желінуі, қорытылуы, зат алмасуы олардың сапасына тікелей байланысты және одан мал өнімділігі мен сапасы баланысты.

Шөл жайылымдарының көрсетілген тобы түрлерінде ұшпатүршөптер (эфемерлер) мен құмда өсетін түрлі малазықтық өсімдіктер қаулап өсетін көктем мезгілінде қойлар негізінен раң, қоңырбас, келіншекбоз, тарақбоз, т.б. түрлі көк шөптермен қоректенеді.

Мал азығының химиялық құрамындағы жануарлар тіршілігіне қажетті физиологиялық қызмет атқаратын, энергетикалық, қоректік (органикалық, минералдық, биологиялық әсерлі заттар) заттардың мөлшерін анықтаудың зор маңызы бар.

Мал азығының химиялық құрамындағы қоректік заттар қорытылған соң, қанға сіңіп тіршілік қажеттілігі мен өнім өндіруге пайдаланылады. Мал азығының өнімділік потенциалы оның желіну мөлшеріне қарай өзгереді.

Шөл жайылымдары отының малазықтық өнімділігін көлемі белгілі алаңшаның ішіндегі табиғи өсімдіктерді орып алу әдісімен анықтайды.

Орып алынған жайылым отының бастапқы ылғалдылығын анықтау үшін оның салмағын орып алысымен өлшеп, анықтау қажет.

Негізінен жайылым оты өсімдік түрлеріне жіктеліп, соңынан барлық топтардың жалпы салмағын қосып, жайылымдық жердің жалпы малазықтық өнімділігі гектарынан алынатын центнер малазықтық құрғақ зат түрінде анықталады. Жайылым отының химиялық құрамы мен қоректілік құндылығын анықтау үшін лабораторияға жіберілетін шөп үлгісін (мөлшері орта есеппен 1,5-2 кг) даярлау үшін жалпы алаңшадан орылып алынған барлық шөптерді брезент төсеніштің үстіне жазып, жақсылап араластыру қажет. Осы шөптің 10 жерінен 150-500 граммнан жинап, лабораториялық талдау жасалатын үлгі даярланады. Шөп үлгісін жұқа матадан, дәкеден жасалған қалтаға салып, қай жерден, қашан алынғанын, жайылым отының типін, бастапқы салмағы көрсетілген қағаз жазылып, лабораторияға жөнелтіледі.

Лабораторияға жеткізілген табиғи өсімдіктер мен жалпы жайылым отының үлгілері негізінен қандай өсімдік түрлерінен тұратынына байланысты жеке фракцияларға жіктеліп (астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, түршөптер, раңдар), ботаникалық құрамы анықталады. Өсімдіктер фракцияларының массасы (салмағы) құрғақ заты бойынша есептелінеді. Мал азығына сапасын анықтау малдарда толыққұнды азықтандыруды ұйымдастыру, оларға тиімді рацион құрау арқылы өнімділігін арттыру үшін қажет.

Қазіргі уақытта бұрын жұмыс істеген агрохимиялық қызмет көрсететін ұйымдардың тарқап кетуіне байланысты өндірілетін жемшөптің құрамы мен қоректілігі туралы мәлімет болмағандықтан қолда бар мал азығы тиімсіз пайдаланып, қажетті мөлшерін анықтау мүмкін болмай қалды.

Лабораторияның жұмысы ауыл шаруашылығы малдарының өнімдерінің химиялық құрамын анықтау арқылы оның сапасын анықтау болып табылады. Өндірістік практиканы өткізу үшін «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау лабораториясына жолдамамен өз уақытында келіп, жалпы ғылыми мекеменің жұмысымен, оның ішінде орталық лаборатория жұмыс тәртібімен таныстық. Сонымен қатар лабораторияның басты жұмыстарының бірі ауыл шаруашылығы дақылдарының құрамы мен құндылығын анықтау.

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Отырар аудандарының далалы аймақтарынан және шаруашылықтарынан алынған малазық түрлерінің химиялық құрамы мен құндылығы FOSS NIRS DS2500 (Швеция) № 91714226 сериялы (2011 жылы шығарылған) анализаторы құрылғысымен анықталды


































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Методические рекомендации по изучению состава и питательности кормов СССР. / Под ред. Томмэ М.Ф. – М.: Изд. ВИЖа, 1975. – 43 с.

2. Методические рекомендации по изучению состава и питательности кормов СССР. – ВАСХНИЛ. Отдел животноводства. – М.: 1985.–42 с.

3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве. – М.:Колос, 1976. – 304с. с илл.

4. Методические рекомендации по химическим и биохимическим исследованиям в зоотехнии. (Составители Раецкая Ю.И., Дрозденко Н.П., Липман С.И.) – ВИЖ, Дубровицы, 1975. – 90 с.

5. Методические указания по разработке типовых рационов для крупного рогатого скота, свиней и овец. (ВАСХНИЛ, Отделение животноводства), - М., 1970. – 89 с.

6. Методические указания по унификации исследования в области кормления с.-х. животных с использованием детализированных норм. ВАСХНИЛ. –М.: - 1987. – 36 с.

7. Кириченко Н.Г. Динамика урожая и химизма основных пастбищ Бетпак-Далы //Геоботанические особенности и производительность пастбищ Казахстана. –Алма-Ата, 1966. –С.3-6.


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!