АШЫҚ САБАҚ
ЖОСПАРЫ
Өтетін күні:
___________
Топ №
________________
Пәні: ЕЖ
бағдарламамен қамтамасыз
ету
Сабақ №
______________
Тақырыбы: COREL DRAW БАҒДАРЛАМАСЫ
ТАРАУЫН
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Сабақ
мақсаты: жобалау шығармашылық жұмысы
туралы білім қалыптастыру; жобаны таңдау; оқушылардың бағдарламамен
жұмыс жасау мүмкіндіктері мен икемділіктерін
бағалау.
Білімділік: CorelDraw бағдарламасы бойынша
алған білімдерін бекіту
және практика жүзінде қолдана білуге
үйрету;
Дамыту: Оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру;логикалықойлауқабілетіндамыту; шығармашылықпенжұмысістеуге
дағдыландыру; ой өрісін
жетілдіру.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын
қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытын үнемдеуді
дағдыландыру, оқушыларды ақпараттық
технология саласындағы мамандыққа қарай
бейімдеу.
Сабақ
түрі: дәстүрлі
сабақ.
Сабақ өткізу
әдістері:
а) ) нұсқама; практикалық жұмыс; өз бетімен орындалатын
тапсырмалар;
ә) жеке
іздестірушілік;
Техникалық
жабдықтар: Презентация, Интерактивті
тақта, CorelDraw бағдарламасы, мультимедиялық проектор, компьютер,
easyQuizzy тесттік бағдарламасы, тесттік
тапсырмалар.
Пән аралық
байланыс: Ағылшын тілі, информатика,
математика, сызу
Қолданылған
әдебиеттер:
САБАҚ
БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру
бөлімі:
-
Топ оқушыларымен
амандасу;
-
Оқушыларды түгелдеу
және сабаққа әзірлегін
тексеру;
-
Сабақ тақырыбын және
тақырыпшасын жариялау;
-
Сабақтың мақсатын
жариялау.
Бүгінгі сабақтың
мақсаты өткен сабақтарда алған білімдерімізді пысықтап, оны
практика жүзінде қолдана білуге
үйренеміз.
ІІ. Өткен сабақты бірнеше тапсырмалар арқылы
қайталау:
Қойылатынсұрақтар:
1) Графика деген не? Графиканың
түрлері?
К
Компьютерлік
графика
омпьютерлік графика
– әр
түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды)
компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды
саласы.
Фракталды
графика
Векторлық
графика
Растрлық
графика
Растрлық
графика:
Растрлық кескін дегеніміз – түрлі
түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Растрлық кескінді
құрайтын әр бір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр
пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол
кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің
саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді
болады .
Өңдеу редакторлары:
AdobePhotoshop,
CorelPhoto Paint
Векторлық
графика.
Векторлық кескіндер, бұл - сызық,
доға, шеңбер және тік бұрыш сияқты геометриялық объектілер
жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы
объектілерді сипаттайтын мәліметтер
жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын
жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге
болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW,
Adobeillustrator секілді векторлық графикалық
редакторларда жасалады.
Фракталды
графика.
Фракталды графиканың
жасалу әдісі програмалауға
негізделеді. Егер растрлық графикада растр
(пиксель), ал векторлық графикада сызық
базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі
базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында
ешқандай объект сақталмайды, кескін тек
қана теңдік бойынша
салынады деген сөз
.
2) Растрлық графика мен векторлық графиканың негізгі элементі?
Пиксель, растрлық кескіннің базалық
(негізгі) элементі болып табылса,
ал векторлық кескінде – сызық болып
табылады.
Фрактальдық
графика математикалық есептеулерге
негізделген. Кескіндердің негізгі элементі -математикалық
формула.
3) Растрлық және векторлық
графиканы салыстыру.
Растрлық графиканың
артықшылықтары:
Пикселдер өлшемі кішкене болған кезде
растрлық сурет жай суреттен кем
көрінбейді.
Растрлық суреттер принтермен оңай
шығарылады.
Растрлық графиканың
кемшіліктері:
Растрлық суреттерді сақтау үшін жадының көп көлемі қажет. Растрлық
суреттердің масштабталу мүмкіндіктері шектеулі, мысалы айналдыру
және басқалай ауыстырулар.
Векторлық графика
артықшылықтары:
Векторлық бейне жадыдан көлемді емес орын алады.
Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және
басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге
болады.
Векторлық графика кемшіліктері:
Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.
Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып
бейнеленіледі.
Фрактальдық графика - Виртуалдық кеңістікте обьектілердің
көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді (3D)
графика жеке пән болып саналады.
Компьютерлік графикада фрактальдар
табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және
т.с.с. күрделі кескіндерді салу үшін
пайдаланылады.
CorelDraw бағдарламаның терезесінің элементтерін
көрсетіңіз.
Тақырып жолы, Мәзір қатары, Стандартты құралдар панелі, атрибуттар
панелі, аспаптар панелі, түстер (палитра), басып шығаратын бет,
жұмыс аймағы, қалып-күй қатары, анықтама.
1. Программада обьект деген не? Олармен не
істеугеболады?
Объект – құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысу,
бір-біріне үстіне жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті
мәтіндердің комбинацияларды, суреттерді жасауға болады.
2. Программада қанша құралдар бар? Интерактивтілік деген
не?
/ Интерактивтілік – басқарылатын режім. Интерактивті құралдар өте
қарапайым және қолдануға тиімді.
Құрал-саймандар
панелі
4.CorelDrawбағдарламасының кеңейтілуі
қандай?
CDR
5. PowerClip командасының қызметі? Контейнер
деген не? /PowerClip командасы арқылы тұйықталған
фигураға растрлық суреттерд і кірістіруге болады. Сурет фигура
формасына сәйкес орналасады.
«Эффекты-
PowerClip-Разместить внутри контейнера» командасы. Контейнер барлық
тұйықталған фигуралар бола алады.
ІІІ. Сіздердің бағдарламаны қалай
меңгергеніңізді анықтау мақсатында мынадай
«Адасқан
сөздер» тапсырмасын
орындайық. /Оқушылар интерактивті тақтада
easyQuizzy бағдарламасымен адасқан сөздерді сәйкестікке
қояды/
ІV.
Компьютерде easyQuizzy бағдарламасы арқылы тесттік
тапсырмалар орындау. Тестке қойылатын талаптар: (
тақтада)
Барлығы 16 сұрақ. 1-10
сұраққа «3» бағасы; 1-14 сұраққа «4»; 1-15 сұраққа «5» бағасы
қойылады.
V. Компьютерде жобалық
жұмыс орындау.
Білімімізді теория жүзінде тексердік енді
практика жүзінде
қолданайық.
Әрқайсысыңа жеке әр түрлі Corel draw
бағдарламасында орындауға жобалық тапсырмалар берілген. Практикалық
дағдыларыңызды пайдаланып, жобалық тапсырманы оқып
орындаңыздар.
/Әр оқушыға
тапсырма/ /Берілетін уақыт 25
минут/.
Тапсырмаға қойылатын талаптар
:
• Мазмұнды болуы
қажет
• көркемдеу дизайны қазіргі заман талаптарына
сай болуы қажет
• Тапсырманың өзіндік стильдік ерекшелігі
болуы қажет.
• Тапсырмада қолданылған суреттер, сызбалар
бір-бірімен үйлесімді болуы
керек
• Тапсырма толық орындалуы
қажет.
Жоба
тақырыптары:
Жоба№1. Парақтары
ашылып жатқан
кітап жасау.
Жоба№2. Жердің көлемді суретін салу.
Жоба№3.
Әйнектің
сынығын жасау.
Жоба№4. Жанып тұрған фитиль
жасау.
Жоба№5. Жаныптұрған майшамды
жасау.
Жоба№6. Шық түйіршігін
жасау.
Жоба №7.
Шынжыр
жасау.
Жоба №8. «Оқулық
мұқабасын жасау»
Жоба№9. «Эмблема»
жасау.
Жоба№9. «Еркін тақырып»
Оқушылардың жасаған
жобалары интерактивті тақтадан көрсетіледі. Кімнің жұмысы ұнады?
Кім өз пікірін айтқысы келеді?
Оқушылар
шығармашылықтарын өздері бағалайды.
Жоба жұмыстары баспадан шығарылып,
үлестірілген практикалық тапсырмалар мен оқушылардың жасап шыққан
жұмыстарынан «CorelDraw бағдарламасынан практикалық тапсырмалар және
оқушылардың жобалық жұмыстары» деген пән бойынша оқу нұсқаулық
дайындалады.
V І. Нәтижелер мен
қорытындылар: Оқушылар практикалық
тапсырмаларды орындап, жасаған жобаларын көрсетеді, жиналған
ақпаратты талқылап, қорытындылар жасайды. (Оқушының іс-әрекеттері
оқытушының бақылауында
болады.)
VI І.
Қорытынды.
Жоба жасау-бұл жеке тұлғаны өз қажеттіліктерін сезінуге,
бағдарламамен жұмыс істеп өзін-өзі көрсетуге бастайтын
жол.
Шығармашылық жұмыс процесінде оқушыларорындалғанжұмыстан толық және
терең қанағаттанушылыққа ие болады, олардың шығармашылық
белсенділігі дамиды.
VIIІ. Сабақты
қорытындылау және
бекіту:
-
Оқушылардың білімін
бағалау және жариялау.
-
Үйге тапсырма
беру.
Үйге тапсырма:
Тарауды қайталау.