Шортанбай Қанайұлы "Зар заман" өлеңі. Көркемдік ерекшелігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шортанбай Қанайұлы "Зар заман" өлеңі. Көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Шортанбай Қанайұлының "Зар заман" өлеңі. Көркемдік ерекшелігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

2. Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» өлеңі. Көркемдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

А/И3. Көркем шығарманың тілі. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;

7.Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар тақырыпты меңгереді, шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды, шығармадан алынған үзінділер арқылы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын «Жылы лебіз» арқылы құру. «Рандомус» әдісі арқылы топқа бөлу.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

«Жылы сөз» арқылы мадақтау.


Оқулық, жұмыс дәптерлері, электронды тақта, бағалау фишкалары

Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин.

«Wordwall» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Cұрақ-жауап жүргізу.

Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім үй тапсырмасын қорытындылап, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Сұрақтарға жауап береді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, электронды тақта, слайдтар мен суреттер

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.


Тақырып бойынша кіріспе сөз. «Зар заман» өлеңіне байланысты бейнежазба көрсетеді. Әдебиет теориясына байланысты анықтама береді. Сөз маржанмен жұмыс

Тақырып бойынша берілген ақпаратпен танысады. Ш.Қанайұлының «Зар заман» өлеңін ұлттық киім киген автор образына енген оқушы мәнерлеп оқиды.

Сөздікпен жұмыс жасайды.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Оқулық, жұмыс дәптерлері, бейнежазба, слайдтар мен тапсырмалар




Тапсырмаларды орындатады, шарттарымен таныстырады, үлгі көрсетеді, қадағалайды.


Топтық тапсырмаларды орындайды.

1-топ. Жүйріктер

Өлең шумағына талдау (тақтамен жұмыс)

Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,
Мұның өзі — зар заман.

Шумақ саны

1

Тармақ

7

Буын

7

Бунақ

2

Ұйқас түрі

Аралас

Өлең түрі

Толғау


2-топ. Тапқырлар

Өлеңнен көркемдеуіш әдіс-тәсілдерді табу (Learning Apps. әдісі арқылы)


3-топ. Алғырлар

Үзіндідегі автор ойын анықтау (оқулықпен жұмыс, 2-тапсырма, 41-бет)

Берілген үзіндіде Шортанбай ақын үнемі шумақтың соңын қорқамын деген сөзбен аяқтап отырады. Ақын қорқыныштарының себебін анықтаңдар.

Дескриптор:

Жалпы – 5 балл.

-Тапсырманы дұрыс орындайды;

-Топпен белсенді жұмыс жасайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, электронды тақта, слайд, кестелер, бағдарлама

Тапсырмаларды орындатады, шарттарымен таныстырады, үлгі көрсетеді, қадағалайды.

Жұптық жұмыс «Бәйге» ойыны

«Learning Apps.» әдісі арқылы жүзеге асады.

QR-код арқылы кіріп, оқушылар тапсырма орындайды.

Кейіпкер әрекеттері мен автор берген мінездемелерді салыстыру

Дескриптор:

Жалпы – 2 балл.

-Тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіреді

Оқулық, жұмыс дәптерлері

https://learningapps.org/watch?v=pzrumof3522





Тапсырмаларды орындатады, шарттарымен таныстырады, үлгі көрсетеді, қадағалайды.

Қорытынды сөз.


Quizizz әдісі арқылы Білімленд платформасынан алынған тақырып бойынша шағын тест тапсырады.

Дескриптор:

Жалпы – 3 балл.

-Тест сұрақтарына толық дұрыс жауап береді.

https://quizizz.com/join?gc=39923187

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.


«Смарт-смс» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін параққа жазып, тақтадағы ватсап пен инстаграмм почталарына салады.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Үй тапсырмасы: «Бейбіт заман ұрпағымын» тақырыбында эссе жазу.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2024
1439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі