Сөз және оның мағынасы 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз және оның мағынасы 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қысқа мерзімді жоспар бөлімі

Мектеп: «№124 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 13.12.17

Мұғалімніңаты-жөні: МадибековаА

СЫНЫП: 3 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөз және оның мағынасы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Сөздердің омоним,антоним,синоним екендігін анықтау

Сөйлемнің сөздерден тұратынын еске түсіру, сөздің белгілі бір мағынасы болатынын, ал сөйлем құрамындағы сөздерді сол мағыналарына сай түзу

Сабақтың мақсаттары

Сөздердің омоним,антоним,синоним екендігін анықтау

Сөйлемнің сөздерден тұратынын еске түсіру, сөздің белгілі бір мағынасы болатынын, ал сөйлем құрамындағы сөздерді сол мағыналарына сай түзу

Көптеген оқушылар

Сөздердің омоним,антоним,синоним екендігін анықтау

  • Берілген сөзге сәйкес сөйлемді әр түрлі мағынада ұсыну.

Кейбір оқушылар

  • Сөздерге салыстырмалы анализ жасау.

Сөйлемнің сөздерден тұратынын еске түсіру, сөздің белгілі бір мағынасы болатынын, ал сөйлем құрамындағы сөздерді сол мағыналарына сай түзу


Бағалау критерийлері

Сөздердің омоним,антоним,синоним екендігін анықтайды

Сөйлемнің сөздерден тұратынын еске түсіріп, сөздің белгілі бір мағынасы болатынын, ал сөйлем құрамындағы сөздерді сол мағыналарына сай түзе алады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

омоним,антоним,синоним

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

«Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда»

Пәнаралық байланыс

Сурет,дүниетану

Мектеп құндылықтары

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.

Бұрыннан бар білімдері

Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5минут




5минут




Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.
Топқа бөлу. Тақпақтарды құрастыру
І топ: «Аяз»
ІІ топ: «Қар»
ІІІ топ: «Мұз» Әр топ өзін қорғайды «Пирамида» стратегиясын пайдалану
- Бүгін ерекше күн. Ендеше сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.
Психологиялық дайындық.
Арың, жаның – тіліңде,
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
5 - жаттығу.
/әр топтан 1 - 2 оқушыдан құраған сөйлемін оқиды/

Тірек - білімді еске түсіру.
/Үлестірме қағаздармен жұмыс.
1 - тапсырма: Сөйлемдерді қаратпа сөзге айналдыр.
2 - тапсырма: Жалаң сөйлемдерді оқы. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, жайылма сөйлемге айналдыр.
3 - тапсырма: Нүктенің орнына бастауышты қой.

Кесте

Тақпақтарды құрастыру


Пирамида кестесі

Жұмбақтар айту

Сабақтың ортасы





15 минут



























10 минут
























Соңы

5 минут





















«Галереяда ой шарлау».

Сынып қабырғасына түрлі суреттер ілінеді. Оқушылар берілген суреттерді бойынша жұптық формада талдайды.

- Суреттер қандай тақырыпқа арналған?

- Суреттерде адамдардың қандай әрекеттері байқалады?

- Осы суреттер арқылы туралы не айтасыз?

ДЖИГСО әдісі
Балалар, сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние, әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.
- Балалар, бұл хатты оқыған соң қандай түйінге тоқталуға болады?
Сөз мағынасының түрлері жайлы не айтуымызға болады?
Сөз мағынасының түрлері:
Мағынасы мәндес, жуық сөздер.
Мағынасы қарама - қарсы сөздер.
Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер. Ү. Жаңа білімді меңгерту кезеңі./
2 - жаттығу. Топтық жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жаз.
/тақтада жазбаша орындалады/
І топ:
Жарық - қараңғы, биік -..., жақын -..., кең -..., жылы -..., жаңа -....
ІІ топ:
Сұлу – әдемі, ана -..., ақылды -..., мөлдір -..., батыр -..., мұғалім -....
ІІІ топ:
Жаз: хат жаз, жаз айы, ауруды жаз.
Тура:...,...,....
Жас:...,...,....
Түс:...,...,....
3 - жаттығу.
Суретке қарап әңгіме құрастыр. Әңгімеде мағынасы жуық, қарама - қарсы мағыналы және айтылуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерді қатыстыр.

«АКРОНОМ» әдісі

Оқушылар қасында отырған жұбымен бірге берілген сөзден сабақ тақырыбына қатысты сөйлем немесе мақал\өлең жазады (ауызша орындауға да болады)

С-

Ө -

З -

Мысалы:

Сен

Өмірді түсіну үшін

Зерттей біл

Оқушылар өз нұсқаларын сыныпқа таныстырады.

Кері байланыс:

Тапсырманы орындау қаншалықты жеңіл\күрделі?

Сергіту сәтін өткізу.
4 - жаттығу.
Суреттерге қара. Суреттегілердің әрқайсысын ата. Бұлардағы ортақ нәрсе не? Сөздерді тіркестіріп жаз.
Суреттегілер әр түрлі болғанымен, олардың бәрін бас сөзі біріктіреді. Бұл сөзде қанша мағына бар?
Білгішбектің ережесі.
- Екі немесе одан көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады.
Яғни, айтылуы мен жазылуы бір, мағынасы бөлек сөздер.
- Балалар, осы сөз мағынасының түріне мысал келтіріп айтайық.
Оқушыларға қағаз таратылады. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды.
1 - топ. ара
2 - топ. қой
3 - топ. мақта
Жаңа білімді бекіту кезеңі.
5 - жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Мағыналарына назар аудар.
1. Шыңғыс басына тақия киді.

2. Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты.

3. Бас бәйгені бермедің.
Әр топ өздерінің жазған сөйлемдерін оқиды.

Топтық жұмыс. Постер құрату.
Берілген сөздерді тиісті жерге орналастыру.
1 - топ. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер.
2 - топ. Мағыналары қарама - қарсы сөздер.
3 - топ. Жазылуы, айтылуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздер.
Оқушылар жұмыстарын қорғап, дәлелдейді.


«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, «барлықтарыңда болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар».

Өзара топтық бағалау және мұғалімнің критерийлер арқылы бағалауы.


Бағалау критерийі

Бағалау дескрипторы:

Жаттығудағы сөз түрлерін түсінеді, анықтайды.

Жаттығуды жазады.

Мағынасы жуық сөзді табады

Қарама-қарсы сөзді табады

Мағынасы бөлек сөзді табады


Бағалау критерийі

Бағалау дескрипторы:


Сөйлемнің сөздерден тұратынын еске түсіріп, сөздің белгілі бір мағынасы болатынын, ал сөйлем құрамындағы сөздерді сол мағыналарына сай түзе алады

Сөз құрамын анықтайды


Негізгі сөздің мағынасын анықтай алады


Сөздерді ң құрамын анықтай алады


Сөйлем құра алады


Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы


  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.


Үйге тапсырма беру: Мағынасы жуық сөздерге сөйлем құрастыру.

Суреттер

Сөз оның мағынасы

Проектор





i.mektep


bilimland










Саралау – оқушыларға қалай көбірекқолдау көрсетудіжоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Саралау мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі


Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


«Білім ағашы» әдісі арқылы кері байланыс алу

Бағалау
/Топ басшылары мен мұғалім өз бағаларын біріктіріп, ортақ баға шығарады./


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Партада дұрыс отыру ережесі және көз бен кітап арасындағы арақашықтықты сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Оқушылардың жас ерекшелектерін және қабілеттерін бақылай отырып, қабілетті оқушыларға қолдау көрсетемін.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл болу қажет?










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1805
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі