Қарастырылды:
Бастауыш сынып бірлестігінің
жетекшісі
|
Тексерілді:
Директордың
оқу жөніңдегі
орынбасары:
|
Бекітемін
Мектеп
директоры:
|
_________C.C.Корпетаева
«_____
»
_______
2018ж.
|
________Г.О.Сагандыкова
«_____
»
_______2018ж.
|
_________Л.М.Алпысбаева
«_____
»
_______
2018ж.
|
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің
Атығай
жалпы
орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
«Сөз
мергені» курсының
бағдарламасы
(4
сынып)
Құрастырушы: бастауыш сынып
мұғалімі
Карамсакова Айгуль
Тайбопеновна
Түсінік
хат
Негізгі жалпы орта білім
беретін мектебінің бастауыш 4 - сыныбына арналған
«Сөз мергені» арнайы курс бағдарламасы. Бағдарлама мемлекеттік
білім стандартының негізіне сүйене отырып
жасалған.
Оқу жоспарында көрсеткендей
бастауыш буында «Қазақ тілі» курсын оқытуға бөлінген уақыты ( 4 –
сыныпта, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат) ескере отырып,
дайындалған бағдарлама. Оқу материалдардың мазмұны маусымдық –
тақырыптық принципке құралған. Бастауыш сынып қазақ тілі пәні
бүгінгі талапқа сай «Қазақ тілі» курстарына қосымша білім беруге
бағытталған.
Бағдарлама бастауыш сынып
оқушылардың алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландырып, тіл
арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін жəне
олардың ақыл-ойын дамытады.Оқушылардың дұрыс, түсініп және
мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастырады; тілдік қарапайым
түсінік, орфографиялық, пунктуациялықбіліктерін
қалыптастыру; алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде
меңгертеді, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау
дағдыларын қалыптастырады; тілдік материалдар негізінде
теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін
дамытады;оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіреді;ой
- өрісін кеңейту, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту,
оқытудың өмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы
әдістемелік тәсіл ретінде
ұсынады.
Бағдарламаның
мақсаты:
Сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен
жүйесін,оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу
тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу,
сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен
дамуына мүмкіндік жасау.
Бағдарламаның
міндеті:
-
Оқушының қабілетті,қызығушылығын арттыратындай
білім үрдісін ұйымдастыру;
-
тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді
иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге
тəрбиелеу;
-
ауызекі жəне жазба тілде қарым-қатынас жасау
дағдыларын жетілдіру;
-
тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік
білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мəнерлеп
оқу жəне сауатты, көркем жазу) қалыптастыру жəне
дамыту;
-
алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан
ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау жəне ажырату
дағдыларын қалыптастыру;
-
оқушының өзіндік іс-əрекеті арқылы оның белсенді,
креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.
Күтілетін
нәтиже:
-
Оқушылар жылдам әрі жүйелі талдау дағдысына
қалыптасады.
-
Грамматикалық тапсырмалардың мағанасына қарай
дұрыс,әрі қатесіз орындауға
үйренеді.
-
Оқушылардың сатылай кешенді талдау түрлерін
талдауын өздері мұғалімнің көменгінсіз еркін талдай алатын
болады.
-
Сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға
дағдыланады
-
оқушының бойында адами
құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты,
имандылықты дамиды;
Оқушының дайындығының міндетті
(минимум)
деңгейіне қойылатын
талаптар
1) Дыбыс және дыбыс
түрлері
2) тасымал
3) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, олардың тыныс
белгілерін;
4) сөз тіркесін;
5) буын жəне дыбыс
үндестігін;
6) сөз мағыналарын, олардың бір-бірінен
айырмашылығын;
7) күрделі сөздерді жəне оның түрлерін (біріккен
сөз , қос сөз);
8) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен
өзгешелігін, құрмалас сөйлемнің тыныс
белгісін;
9) сөз таптарын жəне түрлену
жүйесін.
10) мəтіндегі тірек сөздерді табуды жəне олармен
мəтін құрауды;
11) сөз таптарын ажырату, талдау жəне оларды
топтастыру, өзара салыстыруды;
12) жіктеу есімдіктерін табуды жəне оларды
септеуді;
13) мəтіннен қаратпа жəне қыстырма сөздерді
табуды;
14) жай сөйлемге синтаксистік талдау
жасауды;
15) өз ойларын еркін жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс
құрастыруды;
16) берілген мəтінге жоспар
құруды;
17) қоршаған орта мен мақсатқа сəйкес орынды
сөйлей білуді;
Тұлғалық нəтижелер
оқушылардың:
-
Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы
түсінігі болуы жəне оны
құрметтеуінен;
-
өз Отанына деген мақтаныш
сезімінен;
-
өз ана тілін білуі жəне құрметтеуінен, өз
халқының жəне Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың
салт-дəстүріне жəне басқа құндылықтарына құрметпен
қарауынан;
-
өз елінің, туған өлкесінің табиғатын аялауға жəне
қорғауға ұмтылуынан;
-
үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен
қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілділігінен
көрінеді.
Бағдарламаның күнтізбелік
жоспары
/Аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағат
/
р/с
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Мерзімі
|
|
1 тоқсан
8сағат
|
|
|
|
Дыбыс және әріп
|
8
|
|
1
|
Фонетика Тіл дыбыстары. Қазақ
әліпбиінің тарихы
|
1
|
|
2
|
Дыбыс және дыбыс
түрлері
|
1
|
|
3
|
Дауысты және дауыссыз
дыбыстардың емлесі.
|
1
|
|
4
|
Буын.
Буын
түрлері
|
1
|
|
5
|
Тасымал
|
1
|
|
6
|
Буын үндестігі
|
1
|
|
7
|
Дыбыс үндестігі
|
1
|
|
8
|
Фонетикалық
талдау
|
1
|
|
|
2
тоқсан
8
сағат
|
|
|
|
Cөйлем
|
8
|
|
1
|
Сөйлем. Сөз тіркесі
|
1
|
|
2
|
Сөйлемнің дара
жəне күрделі мүшелері
|
1
|
|
3
|
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
|
2
|
|
4
|
Жай сөйлем жəне құрмалас сөйлем; құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі
|
1
|
|
5
|
Қыстырма сөз, олардың тыныс белгісі.
|
1
|
|
6
|
Синтаксистік талдау.
|
2
|
|
|
3
тоқсан
10сағат
|
|
|
|
Сөз және оның
мағынасы
|
6
|
|
1
|
Сөз жəне оның
мағынасы
|
1
|
|
2
|
Сөздердің мағыналық топтары.
Омоним. Синоним. Антоним.
|
1
|
|
3
|
Күрделі
сөздер
|
1
|
|
4
|
Біріккен сөз. Қос сөз.
Қысқарған сөз
|
2
|
|
5
|
Морфологиялық
талдау
|
1
|
|
|
Сөз
таптары
|
12
|
|
1
|
Сөз таптары Зат есім. Зат
есімнің септелуі
|
2
|
|
2
|
Етістіктің жіктелуі Етістіктің
шақтары
|
1
|
|
3
|
Дара және күрделі сын
есім
|
1
|
|
|
4тоқсан
8
сағат
|
|
|
4
|
Дара және күрделі сан
есім
|
1
|
|
5
|
Жіктеу есімдіктері
|
1
|
|
6
|
Үстеу. Мезгіл үстеу
|
1
|
|
7
|
Мекен үстеу. Сын-қимыл үстеуі
|
1
|
|
8
|
Синтаксистік талдау
|
1
|
|
9
|
Шылау
|
1
|
|
10
|
Одағай
|
1
|
|
11
|
Шығармашылық диктант.
Қорытынды сабақ.
|
1
|
|
Пайдаланған
әдебиеттер:
-
Қазақ тілі
оқулығы / Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова Алматыкітап баспасы 2011– 200 бет, суретті.
-
Қазақ тілі
дидактикалық материалдар / Ж.Қ. Балтабаева – Алматыкітап баспасы - 2011 – 56 бет, суретті
3.
Қазақ тілі
оқулығына түсіндірмелер / Әубәкірқызы қ
Наурызбайқызы
Ә Кеңесбайқызы С, Мұхамбетқызы С – Алматы, Рауан,
- 2011 – 48 бет.
-
Қазақ тілі оқытудың тиімді әдістері
/Ж.Б.Жеткізген – Алматыкітап баспасы
-2011жыл/
-
Қазақ тілі әдістемелік құрал /Ф.С.Лекерова,
М.К.Солтангазина, Ж.К.Балтабаева-Алматыкітап баспасы
-2011жыл/
Бағдарлама
мазмұны.
І- бөлім. «Дыбыс және әріп»
- 8 сағат.
-
дыбысқа байланысты берілген
білімді қайталау. Фонетика туралы түсінік беру. Фонетикалық талдау
жасау;
-
буын үндестігі туралы ұғым
қалыптастыру: дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан-жіңішкелігіне
қарай үндесіп айтылуы және жазылуы;
-
дыбыс үндестігі туралы
түсінік. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын
қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы
дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші
дыбысы да ұяң не үнді болып сәйкестенуі;
-
дауысты дыбыстың әсерінен
түбірдің соңындағы қатаң дыбыстың ұяң не үнді болып
өзгеруі.
ІІ- бөлім. «Сөйлем» - 8
сағат.
-
синтаксис туралы түсінік беру.
Синтаксистік талдау жасауға үйрету;
-
сөйлемнің дара және күрделі
мүшелері;
-
сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөйлемдегі сөз тіркестерін табуға
жаттықтыру;
-
жай сөйлем және құрамалас
сөйлем;
-
құрмалас сөйлемнің тыныс
белгісі;
-
қыстырма сөз, олардың тыныс
белгісі.
ІІІ- бөлім.
«Сөз және оның
мағынасы» -6
сағат.
-
сөз мағыналары туралы білімді
еске түсіру;
-
мағынасы бір-біріне жуық
сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, көп мағыналы сөздер туралы
түсініктерін кеңейту;
-
тұрақты сөз тіркестері туралы
түсінік беру.
-
күрделі сөз туралы жалпы
түсінік;
-
біріккен сөз. Біріккен сөздің
жасалуы және оның жиі кездесетін түрлері;
-
қос сөз және олардың жасалуы.
Қос сөздердің мәні және емлесі;
-
қысқарған сөз. Қысқарған
сөздердің жасалуы және олардың емлесі.
ІV- бөлім.
« Сөз
таптары» - 12
сағат.
-
морфология туралы түсінік.
Морфологиялық талдау жасау;
-
зат есім. Зат есімнің
септелуі. Септік жалғауының аттары мен септелуі. Септік жалғауының
емлесі;
-
тәуелденген сөздердің
септелуі;
-
көптік жалғаулы сөздердің
септелуі. Зат есімнің жіктелуі;
-
жіктік жалғаулары, олардың
жекеше, көпше түрлері;
-
етістік, оның жіктелуі. Жекеше
және көпше жіктеу үлгілері;
-
етістіктің шақтары: осы шақ,
өткен шақ, келер шақ;
-
сын есім. Сын есімнің дара
және күрделі түрлері, олардың емлесі;
-
қарсы мәндес сын
есімдер;
-
сан есім. Дара және күрделі
сан есімдер, емлесі;
-
есімдік туралы жалпы түсінік.
Жіктеу есімдіктері, олардың септелуі;
-
үстеу туралы
түсінік;
-
шылау туралы түсінік, олардың
мәні;
-
шылау мен шылау тұлғалас
қосымшалардың жазылуы;
-
одағай сөздер және олардың
емлесі;