«Мұқым елдің мұзбалағы» атты
ақиық ақынға арналған әдеби- сазды кеш
1-жүргізуші:
Иә, өмір
өтті.Дәуірінде маңғаз саналған Мақатаев жоқ енді. Қысталақ тағдыр
қарқынды елдің, Мұзбалақ ақынды ақыры қыршын кетірдің. Ауыздық
салмай, жайдақ мінген пенденді сүйрей жөнелдің.Бірақ, Мұқағали
тірі.Тәңі қара жер қойнауында жатса да, жаны әр қазақтың жүрегіне
қонысы қонды. /Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы
баяндалады./
2-жүргізуші: Ақ
түтек боранның атой салып, адуын арттырған кезі. Бұл Қарасаздағы
қос бөлмелі қараша үйді қоныс еткен. Сүлеймен отбасында, шекесі
торсықтай шақалақтың шырылы естілген мезеттен тұспа тұс
еді.Жөргекке оратылған тұңғышын Сүлеймен қарт, азан шақырып, атын
Мұқаметқали қояды.
1-жүргізуші: Тұрпа түгел, тұрымтайдай ұл, әсіресе әжесіне тәтті
көрініпті. Сондықтан үй кейуанасы Тиын апа кішкене Мұқаметқалиді өз
тәрбиесіне алды. Ал, туған анасы Нағиман ақиық ақынға жеңгесіндей
болып, нақы аталып кеткен. «Сен қартайғанда дегенге», «Шеше , сен бақыттысың!», «Ақ
кимешек көрінсе», «Сөнбейді әже, шырағың»
2-жүргізуші: Марғасқа Мұқағали қазақ кеңірдегіне қайқы қылыш
тақалған шақта, дүние есігін ашқан. Алдымен қара таңдақ, артынша
саяси қуғын сүргін жылдары Есіл елдің қабырғасын қайыстырып,
Будандық бұғауына бас идірді. Соңын ала, момын жұртты сұрапыл соғыс
ағыны ағызып әкетті.Қиян кескі ұрысқа қош қуаттанған қазақ ішінде
Мұқағали әкесі де бар еді.Бірақ, сұм майданның ысқыра ұшқан жебесі
Сүлеймен қарттан қиыс кетпеді. Мақатаевтар отағасы 1941жылы
Калиниград түбінде жан
тапсырды.
«Соғыстың соңғы көктемі», «Қырқыншы жылдардағы бесік
жыры», «Менің әкем» өлеңдері
оқылады.
1-жүргізуші: Осылайша қалақтай жігіттің мойнына тағдыр ажырғысы
ертеден кейілді. Жарынан айырылған, зар жылаған Нағиман ана да,
артынан ерген қос інісі,Тоқтарбай мен Көрпеште бала Мұқағали
көмегіне мұқтаж болды. Сөйтіп, қазақ қара өлеңінің болашақ
мұзбалағы бұғанасы бекімей жатып, қара жұмысқа жегілді, ерте
есейді. «Мен таулықпын», «Үш бақытым», «Отан», «Тиме, намысыма»,
«Кең дүние», «Көңілді
жыр».
2-жүргізуші: Тіпті қу тіршіліктің қол байлау қылған кезі, бала
Мұқағалидің өлең жазуда, төселе түсуіне еріксіз серпіл берген.Қара
жұмысты қайыстыра білген қара бала, оқу жайында қарым қабілетінше
қамтитын. Орта білімді тамамдай сала, жоғарғы оқу орнына түсуге бел
буады. Алдымен сол кездегі Киров атындағы филология факультетіне
оқуға қабылданады. Бірақ, бір жылдан кейін оқуын тастап, Шибұт
ауылына қызметке кеткен. Бірер уақыттан соң өзінің жары Лашынға
жолығады.
«Тағдырмен», «Лашынға», «Күрсінбеші»,
«Махаббат»
-
жүргізуші:
Қарасаздан қоныс тепкенде, ақиық ақын өзге жерді
жатсынды. Алматыда пәтер жағалап, өзгенін қас- қабағын бағумен өтті
ғұмыры. Мұндайда балаң бейне Майгүлдің қапияда ажал құшуы,
Мұқағалиді мүлде есеңгіретіп тастады. Қаршадай қызың бақи пәнге
қимай, өмірінің соңына дейін өксік өмірге сүңги
берді. «Майгүлге» 1-өлең, «Майгүлге» » 2-өлең, «Тағы да
Майгүлге»
2-жүргізуші:
Түзу-түзу жыртылған
аңыздайын,
Аңызыма
неге нәр тамызбайын.
Қара
өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара
көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ақын
өлеңдеріне берейік.
/Ақын өлеңдерінен құралған әдеби монтаж
/
«Қайран Қарасазым- ай»,
«Отан»,«Поэзия», «Бақыт деген»,
«Адамзаттың ұрпағы», «Дәрігерге», «Халыққа хат»,
«Көшеде», «Жыл өтті», «Көрерміз», «Қап- қара ғажап», «Қазақстан»,
«Тау өзені», «Поэзия», «Қара
өлең»
Көрініс «Қария мен
Мұқағали»
«Жас
қайың» әні орындалады.
1-жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кейде өмірден безініп,
ол да өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез- келген адам
ақын жанын түсіне бермейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты.
Ақын ағамыз қазақтың ақын қызына арнап өлең
шығады.
«Фаризаға» өлеңі оқылады. Сағымбек
Нұрбек
1-жүргізуші:
Мұқағалидің маржан жырлары әр қазақтың жүрегінен ойып
тұрып, орын алды. Тілі де, жаны да қарапайым. Мұзбалақ шайыр мұрасы
кейінгі ұрпаққа да мирас етілді.
«Атамекен», «Бетховен», «Ұят болды -ау», «Арыз жазып
кетейін», «Елім
барда».
«Саржайлау» әні Хивалиева
Медина
2-жүргізуші: Иә, Мақатаевтың мол мұрасы, артынан ерген із
басарларына өмірлік азық болды.Қазақтың күпі киген, қара өлеңін
шекпен жауып өзіне қайырған тау тұлғаға арнап, талай жас саңлақ
өздерінің жырларын арнады. Ақын рухына тағзым етті. Айтылмаған
Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні
толы ғой армандарға
Шерте
білген мұңдарын жас қайынға
Дәл
Мұқандай қазақта ақын бар ма? Оқушылардың шығармашылығына кезек
берейік. «Мұқали ағаға» Серікбай Жұлдыз, Қажыбай Айжарқын, Серікбай
Ермек, Нұртазаева Гюзаль.
1-жүргізуші:
Ақ ұлпа
жерді жапқанда,
Ағаштар
сырға таққанда.
Бозарып
атқан ақ таңда,
Бозарып
тұрып ақпанда
Есіңе
мені алғасың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге
берейік.
«Есіңе мені алғайсың» әні
орындалады.
1-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым,
Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңдар деп
ойлаймыз.
2-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі
тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне
асыратын XXI ғасырдың жастары -
сендерсіңдер!
1-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан
-жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали - мәңгілік
өмір!
2-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған
«Мұқым елдің
мұзбалағы» атты
әдеби-сазды кешіміз
аяқталды.
1-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта
болайық.