Спорт - денсаулық
кепілі
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз
білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі
шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз «Тәні саудың – жаны
сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның
қабілетіне байланысты болады.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің
бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға
бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты
дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған
деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның
шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты
белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір
сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі - барлық тәрбие атаулының бір
саласы. Оның түп қазығы - қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ
емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір
мақсатқа бағыттаса, оның берері көп.
Атам қазақ бірінші байлық - денсаулық деген, ал
сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене
тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы
баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты
болмақ.
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл
бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына
ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық
ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық
атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен
жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз. Қазақ
халқы «Тәрбие басы - тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат
әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал
одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу
орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз
қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда
салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Салауатты өмір салты дегеніміз - адамның
тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек
ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және
материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық
өмірге белсене қатысуы. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене
тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың
салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады.
Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі
болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру
керек.
Қазақстанның 2030 жылға
дейінгі даму стратегиясына орай Тұңғыш Елбасымыз «Еліміздің
болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4 - ші
бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны
белгілі. Яғни, Елбасымыз «Салауатты өмір салтын
ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді,
темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария
шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған» деген жолдарынан
байқауымызға болады.
Біздің мектепте де Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру тәрбие тұжырымдамасы аясындағы
«Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты
бойынша оқушылардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында
түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтар болсақ,
таңертеңгілік дене жаттығуларын орындау; Түрлі спорт секцияларын
ұйымдастыру (баскетбол, волейбол, футбол т.б) Қазақтың ұлттық
ойындарын насихаттау (аударыспақ, тоғызқұмалақ,) Бұл ойындар бала
қозғалысын арттырып, қызығушылықтарын
дамытады.
Қорыта айтқанда, өмір өлшемі — салауаттық,
салауаттық - өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе
қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс
құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған.
Өнердің, спорттың сан - салалы түрімен айналысуға болады. Өзімде
жас маман бола тұра жастарға үлгі боларлық спорт
түрімен айналысып,
қосымша
Алматы облысы,
Текелі қаласы, «№7 ОМ МДШО»
КММ
Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі
Ахметбай Нурбол
Ерболғанұлы