Материалдар / Спорт құрылыстарының жіктелуі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Спорт құрылыстарының жіктелуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық құрылыстар, спорттың әр түрінен жарыстарды және оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді қамтамасыз ететін әдейі салынып, жабдықтаған құрылыстар
Авторы:
17 Қаңтар 2024
103
6 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Қоғамдық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы













Тақырыбы: Спорт құрылыстарының жіктелуі.







Орындаған: Мұхсин Аманжол Маратұлы

ДШжС білім беру бағдарламасы 3-курс студенті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Макашев Шынтас Амангельдиевич











Орал 2024

Жоспар



1.Кіріспе

Спорт құрылыстарының жіктелуі.

2.Негізгі бөлім

1. Қазіргі спорт стадиондары.

2.Жаттығулардың жүйелері мен қағидалары.

Қолданылған әдебиеттер.









































Кіріспе

Спорттық құрылыстар, спорттың әр түрінен жарыстарды және оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді қамтамасыз ететін, әдейі салынып, жабдықтаған құрылыстар. Алғашқы спорттық құрылыстар деп ежелгі грек стадиондарын, палестраларды, стадиодромдары есептелінеді, олар Олимпия, Милет, Афины және өзге де қалаларда б.д.д. VIII гасырда салынған. Таң-ғажайып спорттық құрылыстар. Ежелгі Римде (КолизейИпподром және т.б.) өткеннің бұл сәулет ескерткіштерді және қазіргі уақытта да өзінің көлемі мен және әдемілігімен таңдандырады. Мысалы, Колизейдегі тастан жасалған трибуналарға 50 мың шамасындағы адам сыйып келеді, ал екі доңғалақты күймемен жарысуға арналған Ипподромның трибуналары 250 мың адамды сыйғызуы мүмкін. Колизей трибуналарының сопақша болып келуі қазіргі Еуропа стадиондары трибуналарының түп бейнесі секілді. Орта ғасырда католик шіркеуі Олимпиядалық ойындардың өткізілуіне рұқсат бермеді. Спорттық құрылыстар қиратылып және ұзақ уақыт бойы олардың құрылысы тоқтап қалды. Еуропаның әртүрлі елдерінде спорт құрылыстарын салуды қолға алу ісі, халықаралық спорттық байланыстардың дамуымен, қоғамдар мен спорттық құрылыстардың пайда болуымен байланысты, тек XIX ғасырдың аяғында ғана басталды. Спорттық құрылыстардың көбеюі мен жетілдіруі бәрінен бұрын олимпиядалық спорт ғимараттарын салуға әсер етті. Спорт құрылысын спорттың бір ғана түрімен шүғылданып және жарыс өткізу үшін жекелеген түріне және бірнеше спорт түрімен жаттығып және жарыс өткізу үшін қарастырылды. Көлемін жоспарлау құрылымы бойынша ашық және жабық деп бөлінді. Спорттық құрылыстың табиғи және жасанды жарық беру, оңтайлы микроклиматты, тиімді желдету үшін қажетті жабдықтарды болуы тиіс, жаттығу ететін орын мен өзге де бөлме, ғимараттардың санитарлық жағдайда ұсталуы, сондай-ақ құрал- жабдықтарға қойылатын талаптардың сақталуын қарау да қажет. Жүзу үшін судың айналуы, тазаруы және залалсыздандыру, сондай-ақ бөлменің дезинфекциялануы бойынша шаралардың орындалуы ерекше маңызға ие. Бұдан бөтен де дене тәрбиесі және спортпен шұғылданушылардың, қызмет көрсететін адамдардың да, жеке гигиенаның ережелерін сақтауы бақылауға алынады.





















Негізгі бөлім

1. Қазіргі спорт стадиондары.

Қазіргі спорт стадиондары, сұрыпталуына сәйкес: а) негізгі; ә)қосалқы; б) көрермендер үшін орынға бөлінеді. Негізгі құрылыстарына: 1. Ашық (кешенді және жеке). 2. жабық (кешенді және жеке) стадиондар жатады.

1. Ашық кешенді спорт құрылысына стадиондар (үлкен, орташа және кіші), спорт алаңдары және жүзу-есу стансалары жатады. Ашық жеке спорт құрылысына футбол алаңы, регби, қашақ,бейсбол, гандбол, ат поласы, допты хоккей, лақтырулар, гольф үшін, дене тәрбиесі шерулері, гимнастикалық өнер керсету және басқалар үшін алаңдар; волейбол, баскетбол, акробатикабокскүрес, ауыл атлетика, семсерлесу, атпен шабу, конькимен мәнерлеп сырғанау үшін, шайбалы хоккей, лапта, крикет, бадминтон, медицинбол, теннис және басқалар үшін алаңдар; жеңіл атлетикалық жүгіру жолдары, секірулер мен лақтыру үшін орындар, жүзу үшін жазғы бассейндер (табиғи және жасанды), өсу стансалары яхт-клубтар, жел- кенді және буэр, моторлы су стансалары, велотректер, велостансалар, мотоцикл тректері, автодромдар, атыс орындары, қалқандар, нысананы көздеп атуға арнайы жабдықталған орындар, шаңғы тұғыр-серіппелері (жаттығу және спорттық), шаңғы базаларын, альпинистік, туристік лагерлер, таудағы паналар, құтқару стансалары, мұз айдындары, коньки тебу жолда¬ры, шанамен сырғанау (скелтон және бобслей) жолы, көпшіліктің конькимен тебу үшін мұз айдын¬дары, шаңғы жолдарын, шаңгышылар үшін таудағы аспалы жолдар жатады.

2. Жабық кешенді спорт құрылыстарына спорт сарайлары мен залдары жатады. Қосалқы құрылыстар мен ғимараттарда дене тәрбиесі мен спорт бойынша жаттығулар, сондай-ақ спортшылар мен көрермендерді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өткізіледі. Сондай ғимараттар мен бөлмелерге жататындар: вестюбильдер, гардеробтар, спортшылар мен нұсқаушылар үшін киініп-шешінетін бөлмелер, спортшылар мен бапкерлер үшін душ бөлмесі мен әжетхана, жалпы көпшілік пайдаланатын, сылап-сипайтын, дәрігерлік кабинеттер, бапкерлер мен нұсқаушылар бөлмесі, төрешілер белмесі, буфеті бар демалу белме¬лері, көрермендер ушін буфеттер мен мейрамханалар, жабдықтарды, снарядтар мен спорттық құралдарды сақтайтын қоймалар, спорт құрал-жабдықтарын жалға беретін, әкімшілік- шаруашылық ғимараттары, ди¬рекция, комендатура, полиция, кассалар, күзет, шеберханалар, гараждар, қазандықтар, сорғылар, телефон стансасы, радио торабы, радиотелехабарлар тарату үшін ғарышпен байланыс жасау арнасы, монтаждау бөлмесімен байланысқан комментаторлар кабиналары, трансфор¬матор орналасқан, шаруашылық жабдықтарын сақтау үшін бөл¬мелер (жабық жене жартылай жабық) санитарлық-техникалық жабдықтар сақталатын қоймалар және басқалар (хлораторлық, фильтрлер, кондиционерлер және т.б.), көрермендер үшін орын (трибуна). Барлық спорт ғимараттары пайдалануы бойынша олар негізгі төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. мектеп жасына дейінгі балалар үшін дене тәрбиесі ғимараттары; 2. мектеп спорт құрылысы; 3. жоғары оқу орындарының, колледждердің, гимназиялардың, мектептердің, оқу орындарының; 4. өндірістік гимнастика үшін фабрика-заводтардың спорт құрылыстары; 5. клубтық-спорттық; 6. жалпы қалалық және муниципальдық; 7. шаруашылықтардың, фирмалардың; 8. ар¬найы спорт ғимараттары; 9. емдеу-дене тәрбиесі ғимараттары (жағажайлар, санаторийлер, курорттар, демалыс үйлері және т.б.). Жаңа қаланы жобалап, құрылысын салғанда және ескі қалаларды жаңартқанда жалпы қалалық маңыздағы спорт құрылысын салу қарастырылуға тиіс. Бұрыннан бар және жаңадан салынатын жекелеген барлық адамдарда қарапайым дене шынықтыру және ойын алаңдарын, 1 тұрғынға 0,5 - 2 м. келетін есеппен мектепке дейінгі бала¬лар үшін алаңдарды орналастыруды қарастыру талап етіледі. 25-30 мың халық тұратын түрғын аудандарда клубтар мен іргелес етіп стадион, сондай-ақ жүзу үшін ашық жүзу әуездерін салу керек. Әрбір қалалық ауданда, саябақпен көршілес етіп аудандық стадионның, ал ірі аудан¬дарда жүзу үшін жабық жүзу әуезі қарастырылуға тиіс. Балалардың спорт алаңдарын әрбір мектеп пен колледждер немесе аудандық саябақтарда, бауларда және балалар саябақтарында орналастыру қажет. Мектептер жанындағы тиісті мектеп алаңын жасау арнайы нұсқаулармен реттеледі. Осы нұсқауға сәйкес кез келген мектептің жер телімі осы телімнің көлемі мен шамасына байланысты 0,7-га дейін мектеп спорт алаңын оқушылардың өздерінің күшімен жасады. Әрбір осындай мектеп спорт алаңында ұзындығы 175 м-ден 333,33 м-ге дейінгі жеңіл атлетикалық жүгіру жолымен қоршалады доп ойнау үшін (волейбол, бас¬кетбол, футбол, лапта) орын бо¬лады. Осында секіретін және лақтыратын орындар, сондай-ақ гимнастикалық қалашық орналасады. Қыста спорт алаңына су құйылып, мұз айдыны қатырылады, мұздан кішігірім тау тұрғызылып мектептің спортзалы жаңа мектептің ғимаратында тұрғызылады

Спорт құрылысын салу үшін орынды таңдауға санитарлық- гигиеналық талаптарды сақтау және олардың дұрыс орналасуы өте маңызды. Әсіресе ашық түрдегі спорт құрылысы үшін ылғалды бойына жеткілікті сіңіре алатын жене қақ тұрмайтын, өзге ғимараттардың көлеңкесінде қалмайтындай, спорт құрылысы шаңнан, түтіннен, өндірістік кәсіпорындардың зиянды көздерінен және атмосфераның өзге де зиянды әсерлерінен қорғай алатын, қажетті санитарлық- қорғаныс аймағы бар телімдерден тұрақты жер таңдалып алынады. Спорт құрылысын салу үшін көгалы, жас көшеттері көп жерлердің артықшылығы бар. Ашық спорт құрылысы шекаралары ағаштардың және бұталардың көгалдандырылған алап стадион алып жатқан барлық аумақтың 30 % -дан кем болмайды. Спорт құрылыстың бағытталуы экваторлық (құрылыстың ұзын белдегі осі батыстан шығысқа қарай өтеді) және меридианға солтүстіктен оңтүстікке қарай өтеді. Жабық спорт құрылысын экваторлық етіп бағыттау ұсынылады. Бұл шұғылданатын негізгі ғимаратқа күн сәулесінің тура түсуіне кедергі келтіреді, көзді қарықтыратын жарықтан, сондай-ақ ауаның шамадан тыс қыздыруынан сақтайды. Бұл ретте солтүстік ендіктен 50° солтүстікке қарай орналасқан ғимараттың жаттығуға арналған негізгі бөлмелерінің терезесін оңтүстікке қарай, солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай 50° солтүстікке қарай бағытта орналастырған тиімді, ашық спорт құрылысының (стадиондар, алаңдар) үлкен осі меридианға бағыттаған жөн. Бұл кешкі уақытта шұғылдану мен жарыс өткізуге жақсы жағдай туғызады. Тұрақты жел соғатын жерлерде ашық спорт құрылысы, олардың ұзын осі жел соғатын бағытқа қарай перпендикулярлы болатындай етіп орналастырған тиімді. Спорт құрылысының жарығы - организмнің жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін және зақымданып, жарақат алудан сақтандыратын маңызды фактор. Жабық спорт құрылысқа табиғи жарық түсуі тиіс. Бұл ретте жаттығуға арналған негізгі бөлмелер терезелерінің әйнектелген жалпы жоғарғы беті еден аумағының бөлігінен кем болмауы тиіс. Спорт құрылысының жылыту, бәрінен бұрын, оларда шұғылданатын спортшыларды қалыпты температурамен қамтамасыз ететіндей микроклимат туғызу үшін, бөлмені бірқалыпты жене жеткілікті қыздыратындай болуы керек.[





















2. Жаттығулардың жүйелері мен қағидалары.

Жаттығулардың жүйелері

Жаттығулардың жүйелері, осы жүйелер арқылы әдістік, тәсілдік психологиялық дайындықты дамытуға болады. Оның салалық жүйелері бір- бірлерімен тығыз байланысты. Бұлар былайша жіктеледі: 1. Жарыста өнер көрсететін жаттығуларға, мысалы ауыр атлетикада зілтемірді жұлқи және серпи көтеру, қайық есуде, байдарка, каноэ, академиялық қайық есу, атлетикада секіружүгіру түрлері және т.б. Мұны спорттық жаттығулардың яки айналысатын "түрі" деп атауға болады. 2. Арнайы дайындық жаттығулары, мұны белгілі спорт түрлерінен нәтижелерге жетуге дайындық жаттығулары деп атауға болады. 3. Жалпы дайындық жаттығулары, мұны белгілі спорт түрлерінде нәтижелерді жақсартуға көмектесетін жан-жақты жаттығулар тобы.

Медицина-биологиялық жүйе

Медицина-биологиялық жүйе, бұл жүйені пайдаланбай спортта үздік нәтижелерге жетуге болмайды. Олар: спортшының күнделікті режимді сақтауы, жеке басының гигиенасы, спорттық құрал-жабдықтармен жаттығу орындарының гигиенасы және оларға қойылатын талаптар, тамақтану, биологиялық заттарды, дәрі-дәрмектерді пайдалану, таза ауа (оттегі, иондалған ауа), су процедуралары, физиотерапия, сылау (массаждар, пневмомассаж, гидромассаж, вабомассаж) және т.б.

Психологиялық әсер ету жүйесі

Психологиялық әсер ету жүйесі, мұның түрлері кептеген идеимоторлық жаттығулар (қимыл-қозғалыстарды қиялдау арқылы ойда бекіту), бұлшық еттердің реалекциясы), ұйқы, бұлшық еттерде аутогендік жаттығулармен әсер ету, музыка таңдау, көркем және арнайы әдебиеттерден оқу, психоги- гиенаның талаптарын орындау.

Педагогикалық тәрбие жүйесі

Педагогикалық тәрбие жүйесі, ең алдында спортшының бойында елжандылықты, Отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Әнұранын жатқа білу, айту, халықтың салт-дәстүрлерін сақтау, орындау, мемлекеттік мерекелерді, заңдарды қастерлеу, республикада тұратын басқа ұлттар өкілдерін де құрметтеу.

Материалдық-техникалық жүйе

Материалдық-техникалық жүйе, бұған жаттығатын жарыстар ететін спорт құрылыстары, құрал-жабдықтар, тренажерлер, ақпарат құралдары, киім-кешектер эстетикасы, техникалық, байланыс аппараттары жатады. Кұрылыстар мен құралдардың заман талабына сай, сапасының жоғары болуы, жоғары спорттық нәтижелерге жақсы әсер етеді. Спортшы киген киімдердің, пайдаланатын құрал-жабдықтары ыңғайлы, әдемі, жазда терлетпейтін, қыста тоңдырмайтын болуы шарт. Сонымен қатар спортшы өзінің өнерін қайталап көріп, қарсыластарының нәтижелері туралы мәліметтер алып отыруға тиіс. Олардың өнер көрсетуі теледидардан көрсетіліп, газеттерге жарияланып, олардың спорттық жолдары туралы кітаптар жазылып, фотоальбомдар шыгарылып отырса құба-құп. Соңғы уақытта барлық елдерде компьютерлік диагностика кеңінен пайдалана бастады. Бұл арқылы спортшы ішкі дене мүшелерінің қайсысына күш түскенін, спорттық бабының деңгейін біле алады. Сонымен қатар спортшы жасайтын қимылдардың дағдысын қалыптастыруда тренажерлердін де маңызы зор. Мысалы, жүзгіштердің, ауыр атлеттердің, ескекшілердің, жеңіл атлеттердің қимылдарында бұлшық еттерге нағыз жаттығу кезіндегідей күш түсіретін изокенетикалық тренажерлер қазіргі жаттығуларда кеңінен қолданыла бастады. Жаттығу жүйелерін жақсы білу спортшы үшін уақыттың да негізгі талабы.

Жаттығу қағидалары

Жаттығу қағидалары, бұл қағидалар спорт саласында бұрыннан қалыптасқан барлық спорт түрлерімен айналысушылар үнемі орындап отыруға тиісті заңдылықтар. Бұл қағидалар талай рет тәжірибеден өткен, олар жаттығуларды өткізудің негізі, талабы, заңдылықтары болып табылады. Бұл қағидалар белгілі педагогикалық қағидалармен бірлесіп, қабысып жатады. Осы негізгі талаптарды өзінің іс-тәжірибесінде бұлжытпай орындаған жаттығушы ғана үлкен табыстарға жетеді. Бұл қағидаларға мыналар жатады:

Біртіндеп үйрену қағидасы

Біртіндеп үйрену қағидасы, педагогикада "қарапайымнан күрделіге" деген қағида бар. Бұл спорт жаттығуларында үнемі қолданылады. Қимыл-қозғалыстың алғашқы қарапайым түрі бірте-бірте күрделеніп үлкен шеберлікке ұласады. Бұған айлап, жылдап уақыт кетеді, тамшылап талай тер төгеді. Содан барып спортшы Олимп биігіне кетеріледі.

Жан-жактылық қағидасы

Жан-жактылық қағидасы, адам ағзасы дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып дене және жан дамуының ең жоғары сатысына кетерілу, бұл арада ми мен жүйке тығыз байланысты болады.

Жекешілдік қағидасы

Жекешілдік қағидасы, үйреткен жаттығуларды спортшылардың барлықтары бірдей қағып алып сол бойда орындап кетеді деп ойлау қате. Бұл әр спортшының бейімділігіне, қабілетіне, дене мүшелерінің ерекшеліктеріне байланысты нәрсе. Жаттығушы үйреткен кезде осы айырмашалықтарды ескеріп әр спортшыға оны бейімдеу керек. Шын мәнінде осы негізгі қағидалардың барлығы өзара байланысып жатады.

Көзбен көру қағидасы

Көзбені көру қағидасы, ұстаз қандай жаттығулар үйрететінін шәкірттеріне көзбен көрсетуі керек. Мұнда алдымен қажет қимылды өзі орындайды, басқаларға орындатқызады, суреттер, сызбалар, кинопленка арқылы көрсетеді, оның санасында бекуіне жағдай туғызады.

Қайталау қағидасы

Қайталау қағидасы, бір рет орындағын жаттығу сол күйінде жатталып қатып қалмайды. Әрбір жаттығу санада әбден бекігенше сан мәрте қайталанады. Орындалатын жаттығу неғүрлым жеңіл болса, ол соғүрлым жиі кайталанады, сосын барып әбден бекіп дағдыланғаннан кейін барып басқа одан да күрделірек қимыл-қозғалыстарға көшу керек. Қайталаулардың жиілігі мен олардың арасындағы уақыт кеңістігі (демалу) бір- бірлеріне тығыз байланысты. Шеберлік ескен сайын қайталаулар да жиілеп жаттығулар арасындағы уақыт та азая түседі.

Саналылық қағидасы

Саналылық қағидасы, жаттықтырушы мен спортшылар өздерінің алдарына қойған мақсаттарын айқындай білуге тиіс. Әрбір жаттығуға саналы түрде қарап оны спорттың ілімі мен тәсілдеріне тығыз байланыстыра білген ұстаз жақсы нәтижелерге жетіп езінің тәжірибесін басқаларға үйрете алады.

























Қолданылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9

  2.  Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

  3. Құрманбаевва С.К. «Алматы» 2004 жыл,209 б.

  4. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003жыл,198 б.

  5. Атабаев А.С. «Кітап» 2006 жыл, 275 бб.

  6. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995 жыл, 98б.

  7. http://moodle.nci.kz/mod/resource/view.php?id=2214

  8. http:www.info-tses.kz/red/article

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!