Сабақтың тақырыбы:
Спортпен айналысу дене
пайдасы
Сабақтың мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының
қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін
ұғындыру.
Қимыл – әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге,
елін, жерін қорғауға күш – қуатын молайту, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін
маңыздылығын ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы, мәдени
дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ – жауап,
вен диограммасы, эссе,
Көрнекілігі: суреттер, жол
белгілері.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану,
қазақ тілі.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
(залға кіру, жылы тілектер
айту)
-Мен бейбітшілік тілеймін.
-Мен денсаулық тілеймін.
-Мен отанымды сүйемін.
-Қазақстаным гүлдене берсін.
-Дені сау ұрпақ болсын.
-Қазақстан көркейе берсін!
т.с.с.
I Қызығушылықты ояту.
-Денсаулық дегенді қалай
түсінеміз?
-Денсаулық ел дамуының басты арқауы. Жеке
адамның басты байлығы - денсаулық. Адам денсаулығы өмір
тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
II Мағынаны тану.
(Блиц турнир сұрағы, ой ашу)
1.Ол судан қорқады, одан кір қорқады.
(сабын)
2.Тіс тазартатын құралдар. (тіс щеткасы
мен пастасы)
3.Адам өміріне ең қажетті заттар. (ауа,
су, жылу, жарық, тамақ)
4.Жалқаудың досы. (еріншектік немесе
ұйқы)
-Балалар осы айтылғандар туралы қандай
өлеңдер білеміз?
1.Тазалық сақшысы,
Иіс сабын, орамал.
Шөтке мен пастасы.
Соларға пара – пар.
Айнаға қараймын,
Шашымды тараймын.
Жасасын тазалық.
Деп мен жар саламын.
2.Еріншектен – салақтық,
Салақтықтан - надандық.
Бірін-бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Еріншек таза жүре алмас.
Кір - қолын да жуа алмас
Қаракет жоқ, ғылым жоқ,
Өз бойынан ұялмас.
-Балалар, жеке бас гигиенасын сақтау
дегенді қалай түсінесіңдер?
(оқушылар пікірлері тыңдалады)
-Жеке бас гигиенасын сақтау - таза жүру,
таңертең тұрып әр түрлі жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну. Тырнақты
өсірмей уақтылы алып жүру. Күн тәртібін сақтау.
-Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз
қажет. Тісімізді жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды
ұстамау.
-Жеміс-жидектерді жуып жеу. Тамақты
асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналысу, таза
жүру.
-Әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып
таза жүрсе ауру жоламайды. Адам еңбекке қабылетті болып өсіп, дене
құрылысы сымбатты болады. Мысалы, тісті таңертең және кешке жуып,
таза ұстаса, тісі бұзылмай жақсы сақталады.
Үнемі таза жүрсең денеңе жаман жаралар
шықпайды.
-Ал, балалар, «Денсаулық – зор байлық»
деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
(
байлық- машина, мал, ақша, денсаулық, табиғат, білім,
саябақ.)
-Балалар, ең үлкен байлығымыз
денсаулық.
-Денің сау болса, білім аласын, еңбек
етесің. Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі қайсар
да
қайратты, ұқыпты да әдемі азамат болу үшін
адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
табиғи күш тазалық
дене шынықтыру тамақ
-Балалар, денсаулықтың достары мен
қастарын атап жазайық.
денсаулық
Еңбек, дұрыс тамақтану
ауа, су, дұрыс ұйық-
тау, күн, жеміс-жидек.
Денсау- ластық
лық темекі,
насыбай,
арақ,
1. Сергіту сәті.
Ойын «Мақал-мәтелді жалғастыр»
1.Тазалық саулық - негізі,
Саулық байлық – негізі.
2.Дені саудың жаны сау.
3.Ауру аздырады,
Суық тондырады.
4.Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.
5.Ұйқы тынықтырады,
Жұмыс шынықтырады.
6.Ерте тұрғанның бір ісі артық.
7.Денсаулықтың жаңасын,
Ақшаға қайдан аласың.
8.Денің сау болса,
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
9.Ауру батпаңдап кіріп,
Мысқылдап шығады.
10.Емнің алды еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
11.Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
12.Денсаулық – зор байлық.
-Балалар, өте жақсы бүгінгі сабағымызға
қатысты мақал – мәтелдерді білеміз екен.
-
Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ деп отырмыз, ендеше деніміз сау
болу үшін, қандай зиянды заттардан қоғануымыз қажет?
(оқушылар өз ойларын жазып,тақтаға ілу
керек)
(«Дені саудың – жаны сау» оқушыларға тірек
заттарын бере отырып, олардың зиянды және
пайдалы жақтарын айту.)
1.Алма 2.Стақан су 3. Айран 4. Бәліш
5.Спорт киімі 6. Доп 7. Темекі қорабы 8.Ине
(медициналық)
(әр топ оқушылары өз ойларын
айтады)
III.Ой толғаныс.
-Балалар, «5 минуттық эссе» жазамыз.
Оқушылар сынып сағатынан алған әсерлеріңді дәптерлеріңе
жазыңдар.(Эсселер оқылып,
тыңдалады)
-Денің сау болса, білім аласын, еңбек
етесің. Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі қайсар
да
қайратты, ұқыпты да әдемі азамат болу үшін
адам денсаулығына қажетті жайлар туралы
әңгімелестік.
-
Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ дегендей, ендеше деніміз сау
болып, Қазақстанның
болашағы көбейіп, көркейе
берсін!
-Балалар, енді мынадай анкетелық сұрақтарға жауап
берейік.
1.Сен жыл бойы тіс дәрігеріне неше рет
барасың?
-1
рет -0 ұпай
-тіс ауырған кезде -1 ұпай
-ешқашан барған емеспін -15
ұпай
2.
Тырнағыңды жиі күтесің бе?
-аптасына 1 рет немесе ешкім айтпай – ақ жиі -0
ұпай
-анам айтқан кезде -5 ұпай
-айына 1 рет - 10 ұпай
3.
Сен басыңды жиі жуасың ба?
-аптасына 1 рет немесе ешкім айтпай-ақ жиі –
0ұпай
-анам айтқан кезде – 5 ұпай
-айына 1 рет – 10 ұпай
4.
Бет қимылмен жұмыс істейсің бе?
-күн сайын – 1 ұпай
-кейде -2 ұпай
-ұмытып кетемін -10 ұпай
5.
Стресті, жүйке қажуын қалай кетіресің?
-бәрін сындырамын, айқайлаймын, жылаймын -10
ұпай
-жағымды музыка тыңдаймын – 2
ұпай
-билеймін – 3 ұпай
6-7
ұпай – денсаулықты сақтау ережелерін бұлжытпай орындайды екенсің,
денсаулығың жақсы
болады.
7-20 ұпай салауатты өмір салтының ережелерін
орындап, аурулардан сақтануға көңіл бөл.
20-55 саған гигиена ережелерін, яғни аурулардан
сақтандыру жолдары жайлы ойлану керек.
-Әр
топ оқушылары ,
мына берілген ұйқастарға өлең
құрастырайық.
боламыз жоямыз
толамыз ұрамыз
құрамыз қоямыз