Материалдар / Спорттан химияға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Спорттан химияға

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныптар үшін химия пәнін денешынықтырумен кіріктіріліп өткізілген сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ордабасы ауданы

Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі





Shape1









8 сыныптар арасында

Химия пәнінің мұғалімі: Д. Ауелбеков















2015 – 2016 оқу жылы

«Спорттан химияға» эстафеталық ойын

Мақсаты: оқушыларға химияны спортпен байланыстыра отырып, пәнге деген қызығушылығын, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру және ойын кезінде логикалық ойлауын, салыстыру, сараптау, қорытынды жасау дағдысын дамыту.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,

- деп Абай атамыз айтқандай уақытында химия сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда химия ғылымымен әрі қарай сырласып, түсіну үшін өткізгелі отырған эстафеталық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгін сайысқа түсіп, өз білімдерін химиядан сынайтын 8 сынып оқушыларына, қонақтарымызға, әділқазылар мүшелеріне құрмет көрсетейік!

Өсиеттер: «Білімділер мен дос бол – тарыққанда ақыл береді», «Білгіштермен дос бол –  адамшылығыңды біледі»


Химия мен медицина дамыған
Өндірісте химияны таныған
Химиясыз кірмес жердің құнары
Мұндай ғылым әркез биік тұрады деп бүгінгі сайыстың жоспарымен (кезеңдерімен ) таныстырып өтейік.

  Ойын жүрізу жоспары:

  1. Жылдам жүгіру, мәреге барып қызықты сұрақтарға жауап беру.

  2. Қаппен секіру, адасқан химиялық формулаларды табу.

  3. Кедергілерді доппен айналып жүгіру, күрделі заттардың молекулалық массасын табу.

  4. Кедергілерден бір аяқпен секіріп жету, химиялық раекцияларды аяқтау.

  5. Капитан командалар сайысы, химиялық реакциялар жазу.

Мықтылары ортаға шықсын енді
Химияны оқу парыз әркімге
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияны оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде, - дей отыра ортаға сайысқа қатысушы командаларды шақырамын. Сайысқа 3 команда қатысады.

Бүгін келген сайысқа 
Қатысқандар шетінен 
Өнерлі де білімді 
Таныстырып әрқайсы 
Өтсін бүгін өздерін 
Танысайық, білейік 
Құлақ соған түрейік.

Сәлемдесу, командалар өздерін таныстырады. Эмблемаларын қорғайды.

Ең қиыны жарыстың Бәйге келді
Мықтылары ортаға шықсын енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Осы ойыннан көрейін ерен ерді,

Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын,- деп бірінші кезеңімізді (тур) бастаймыз.

І. Жылдам жүгіру, мәреге барып қызықты сұрақтарға жауап беру.

«С» әрпі

1.Химиялық эелемент(сутегі,скандий)

2.Күрделі зат (су,сіркеқышқылы)

3.Металл (сынап)

4.Қышқыл (сірке қышқылы)

5.Әмбебап еріткіш( су)

6.Сілті (суда еритін негіз)

7.І валентті элемент (сутек)

8.Физикалық құбылыс (судың қатуы)

9.Натрий гидроксиді (сілті)

10.Судың агрегаттық күйі (сұйық)

«К» әрпі

1.Жай зат (күкірт)

2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.

3.Тұз (карбонаттар,калий хлориді)

4.Бейметалл (көміртек,күкірт)

5.Сілтілік металл (калий)

6.Екі валентті элемент (кальций)

7.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)

8.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)

9.Лакмус сілтіде (көгереді)

10.Химиялық байланыс (ковалентті)

«М» әрпі

1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)

2. ІІ валентті элемент (магний)

3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)

4.Атомдар нені құрайды (молекула)

5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)

6.Шалшық газы(метан)

7. Калий перманганаты (марганцовка)

8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)

9.Индикатор (метилоранж)

10.Темір (металл)


Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып, - дей отыра ойынымыздың келесі кезеңіне көшеміз.

ІІ. Қаппен секіру, адасқан химиялық формулаларды табу

«Адасқан формулаларды» табыңдар.

Оксидтер

CaO


HCL

CaCO3

Zn(OH)2

Na3PO4

Қышқылдар

BaO

Ca(OH)2

H3PO4

Ba(OH)2

Na2O

Негіздер

H2SO4

K2O

KNO3

MgCO3

HNO3

Тұздар

NaOH

MgCL2

AL(OH)3

H2CO3

Al2O3

Асып тасып, асықпа,қалыспа сен.
         Уақыт деген зымырап , зулап жатыр,
        Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
        Жоғары, жоғары, жорғала
        Шапшаңдыққа таң қал ма.
        Ойын деген нарталас
        Жеңілемін деп ойлам, - деп келесі кезеңін жалғастырамыз.

ІІІ. Кедергілерді доппен айналып жүгіру, күрделі заттардың молекулалық массасын табу.

  1. Mr (Na2CO3)= 7. Mr (Zn(OH)2)= 13. Mr (Na3PO4)=

  2. Mr (CaCO4)= 8. Mr (Mg(CO3))= 14. Mr (CaCl2)=

  3. Mr (H3PO4)= 9. Mr (Al(NO3)3)= 15. Mr (Ba(OH)2)=

  4. Mr (Al2 (CO3)3)= 10. Mr (Al2(SO4)3)= 16. Mr (Ca(NO3)2)=

  5. Mr (Ca3 (PO4)2)= 11. Mr (NaHCO3)= 17. Mr (NaNO3)=

  6. Mr (HNO3)= 12. Mr (KMnO4)= 18. Mr (Fe2(SO4)3)=

Тағы келді сыналар шақ айналып
Тереңіне білім теңіз байланып
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр
Реакция жазар кезегі де келіп тұр, - деп ойынымыздың келесі кезеңін бастаймыз.

IV. Кедергілерден бір аяқпен секіріп жету, химиялық раекцияларды аяқтау.

  1. CaCO3 = 7. Ba(OH)2 + H2SO4 = 13. Li + O2 =

2. Zn + HCI= 8. Zn + H2SO4 = …… 14. HCl + …= NaCl + H2

3. Na + H2O = …… 9. Mg + Br2 ... 15. Al2O3 + НCl ...
4. Cu+ Н
2SO4 ... 10. BaCl2 + Н2SO4 ... . 16. ... + НСІ = АICI3 + H2

5.BaO + HNO3 = … + H2O 11. Mg(OH)2 + … = MgSO4 + H2O 17. Fe(OH)2 = … + H2O

  1. Na + … = NaCI + H2 12.AI2O3 + H2SO4 = AI2(SO4)3 + … 18.) CaCO3 + HCl =





Ал, оқушылар, ұстаздар

Ортаға назар салайық

Капитандар шықпақ сайысқа,

Қол соғып қарсы алайық

V. Капитандар сайысы «Капитан сенің реакцияң!»

«Кім зерек» ойыны

1.Қышқылдық оксид +су→ қышқыл

2.Тұз+қышқыл→ жаңа тұз +жаңа қышқыл

3.Сутек газы + бейметалл → қышқыл


3  команда капитандары шығып, жасырылған реакция теңдеулерін тандап, сол реакцияларға сәйкес реакция теңдеулерін жазу керек (Реакция типтері). Реакция теңдеулерінің дұрыс жазылуы, жылдамдық ескеріледі.


 

Қорытынды: Қазылар алқаларының қорытындысы бойынша сайыскерлердің жинаған ұпайлары есептелініп, жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағаздарымен марапаттау. Қатысушы оқушыларға көп рахмет!  

Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!  


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!